Кәсібилік дамуының акмеологиялық факторлары
Кәсібилік – акмеологияның мазмұны жағынан кең тараған категориясыЕгер «кемелдену» ӛмірдегі әрекеттің келесі кезеңіне дайындық болса, ал кәсібилік сол дайын болуды тиімді деңгейде жүзеге асыра алу. Оны шешімдер қабылдаумен байланысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға жеткілікті тәжірибенің, білім,білік және дағдылардың деңгейінен бейнелейтін мамандардың іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің интегралды сипаты ретінде түсінеміз. Кәсіби құзырлы педагог – кәсіби білім мен біліктерді игерген; тек қана ӛз іс-әрекетін жобалауға қабілетті ғана емес, сонымен бірге білім беру үдерісінің кез-келген ӛзгерістеріне жауап беретін, педагогикалық үдерісті басқара білетін маман. Н.В. Кузминаның (1990) пікірінше, педагог іс-әрекетінің кәсібилігі педагогтың оқушылардың мәселені ӛнімді шешуге дайындығын қалыптастыру ӛнерін меңгеруімен, ӛзінің оқу пәнінің кӛмегімен және ӛзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушы тұлғасын дамыту, келесі педагогикалық жүйеге табысты енуге дайындау біліктерін игеруімен сипатталады. Жалпы айтқанда, педагогтың кәсібилігі оның оқушыларды оқуға қалай үйретуді, қалай тәрбиелеуді білетіндігімен, оларды оқығандығығының, білімділігінің, тәрбиелілігінің бір деңгейінен екінші деңгейіне тез және ұтымды тәсілдермен ауыстыра алуы. «Акмеологиялық тұрғыда іс-әрекеттің кәсібилігі еңбек субъектісінің жоғары біліктілігі мен құзырлылығын бейнелейтін сапалық мінездемесі, оның қасиеттері, тиімді (шығармашылықты шешімдерге негізделген) кәсіби дағдылары мен біліктерінің әрқилылығы, белгілі бір іс-әрекетті жоғары және тұрақты ӛнімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келелі мәселелерді шешудің заманауи алгоритмдері мен тәсілдері; дамытуға тән сипаттамалар».Акмеологияға адам дамуының тетіктері мен тәсілдерін зерттейтін ғылым ретінде әрине, психология өте жақын тұр. Жалпы және қолданбалы психологиядан жинақталған білімдер нақты акмеологиялық зерттеулерде адамның психикалық мүмкіндіктері жайлы фрагменттік деректерде қолданылады. Дегенмен психологияның дифференционалдық және жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық, сондай-ақ еңбек және шығармашылық психологиясы, ойлау мен рефлексия, түсіну мен басқару, дарындылық пен даралық сияқты салалары акмеология үшін аса маңызды болып табылады.Акмеология үшін негізгі ұстанымдардың бірі тіршілік әрекеттері- адамның өмірінің мәні жетілу, алға ұмтылу үрдісі деген құнды ойға негізделеді. Осы ойға өзінше К.А.Абульханова кей адамдар бұл жолда жаяу жүрсе, кейбірі поезбен, ал енді біреулері ұшаққа мінеді деген образды түрдегі сипаттама береді. Таңдау әр адамның өмірлік стратегиясына байланысты деген пікір білдіреді . Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасына мыналар жатқызылады:
- кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
- жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
- инновацияға бейімділік;
- жалпы және кейбір арнайы интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы;
- ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік;
- жақсы дамыған елестете алушылық;
- мінез-қүлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлілік;
- дербестік;
- өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік.
Акмеология бағыттары:
Жалпы акмеология негіздері (А. А. Бодалев, Ю. А. Гагин, А. А. Деркач, Н. В. Кузьмина, Г. И. Хозяинов).
Кәсіби акмеология (А. А. Бодалев, Н. В. Кузьмина, К. Е. Перепелкина) оған:
Педагогикалық акмеология (А. А. Бодалев, А. А. Деркач, В. Н. Тарасова);
Әскери акмеология (В. Г. Михайловский, Л. Г. Лаптев, В. Н. Новиков);
Әлеуметтік акмеология (А. И. Лященко, Г. П. Филиппова);
Мектеп акмеологиясы (В. Н. Максимова);
Медициналық акмеология (В. П. Андронов, А. Г. Васюк, С. Н. Толстов).
Басқару акмеологиясы (А. А. Деркач, В. Г. Зазыкин)
Креативті акмеология (Н. Ф. Вишнякова, А. А. Деркач, К. Е. Перепелкина).
Білім беру акмеологиясы (Н. В. Кузьмина, А. А. Деркач, Н. П. Фетискин и др.).
Коррекциялық акмеология (В. Н. Тарасова).
Этникалық амеология (В. П. Бранский).