Жұмыстың өзектілігі
Мүмкіншліктері шектеулі балаларға жалпы білім беруді жақсарту, оларды сапалы әлеуметтендіру мәселелері қазіргі кездегі педагогикадағы негізгі міндеттердің бірі.
Дамуында ауытқушылығы бар оқушыларды еңбекке баулу, оқыту және тәрбиелеу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу олардың жадысын, еске сақтау, танымдық қабілеттерін, тұлғалылқ қасиеттерін дамытуда негізгі құрал болып саналады.
Жұмыстың болжамы:
Егер, бастауыш сынып жасындағы мүмкіндіктері шектелген оқушылардың танымдық қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамытуда арнайы құастырылған әдістемелер арқылы еңбекке баулу әр баланың түрлі ерекшеліктерін байқап, оларға тиімді жұмыс түрлерін іріктеуге болады. Қазіргі кезде жергілікті және ұлттық ескере отырып, кәсіптік бағдарын анықтау арқлы балалардың болашақтарына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Сондықтан еңбекке баулу сабақтарында олардың нәтижелі еңбек етуіне дұрыс жағдай жасай отыра, әр баланың жеке басының даму ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылған әдістемелермен оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы кейбір психикалық және физикалық кемістіктерін орнын толықтыруға болады – деп ойлаймыз.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты:
Кемақыл оқушылның өміріне қажетті тәрбиені және маңызды мәселелерді еңбекке машықтандыру арқылы ерікті түрде еңбек етуге үйрету, еңбекті сүюге баулу арқылы олардың ой-өріс, дүниетанымдық, қабілеттілік қасиеттерін жетілдіру және әлеуметтік бейімдеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- ақыл ойы кем оқушылардың дамуы мен жан жақты қалыптасуындағы еңбектін ролі туралы ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу;
-қолеңбегі сабағында ақыл-ойы кем балармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін зерттеу;
- ақыл –ойы кем балаларды еңбекке баулу сабағында жаңа технологиялар мен тиімді әдіс тәсілдерді пайдалану және істелген жұмыс сапасын арттыру;
- әр оқушының даму ерекшеліктеріне байланысты жеке әдіс –тәсіл қолдану арқылы олардың қолеңбегіне қызығушылығын және кейбір психикалық әрекеттерін (есте сақтау, ойлану, қабылдау) қалыптастыру;
-эксперимент кезінде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдердің нәтижелерін талдап, сараптама жасау;
Зерттеу объектісі – Қарағанды қаласының дамуы шектелген балаларға арналған №3 мектеп-интернатының 3 сынып оқушыларының қолеңбегі сабағын жүргізудің әдәстәсілдерін талдау.
Зерттеу әдістері: Бақылау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, үлгі бойынша көрсету, үйрету, перфокарта және еңбек сабағын оқытудың әдістемелік құралдарын қолдану.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: еңбек сабақтарында қолданбалы қолөнер элементтерін қолдана отырып, арнайы тақырыптық сабақтарды өткізу үрдісінде бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілер қолдана алатын тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Жаңалығы: қазіргі өмір талабынан туындап отырған негізгі мәселе, бүгінгі мектеп оқушысының ой-қиялын ғылыми –техникалық прогресстің элементтерімен толықтырып, жаңартуын талап етеді.
Осыған байланысты, кемақыл балалармен өткізілетін еңбек пәнінің дәрежесінің, білім сапасының, нәтижелерінің неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз теу- өте маңызды педагогикалық және әлеуметтік мәселе.
Зерттеу базасы: Ғылыми -әдістемелік эксперименттік зерттеулер дамуы шектелген балаларға арналған №3 мектеп –интернатының 3 сынып оқушылармен жүргізілді.
Жұмыстың құрылымы: 3 тараудан тұрады:
- бірінші тарауда ақыл-ойы кем оқушылардың дамуындағы еңбектің ролі, еңбекке баулу сабағы кезіндегі ақыл-ойы кем балалардың физикалық –психикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жұмыс принциптері, әдістері мен пән аралық байланыс мәселелерінің теориялық негіздері қарастырылады.
- екінші тарауды – еңбекке баулу сабағында қолданылатын кейбір қолөнер элементтерін игеру арқылы жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктеріне сәкес әдістемелер құрастырып, оқытып үйрету эскперименттерінен алнған нәтижелерді талдау қарастырылған.
Қорытынды мен қосымшалар келтірілген.
Еңбек - адам әрекетінің басты түрі болып саналады. Еңбек – материалдық және рухани байлықтардың көзі.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиеніің қайнар көзі. өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен. өзінің іс-әрекетімен, күнделікті өмірдегі тіршілік әрекеттерімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасы тиеді.
Қазақ халқы еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән берген, сондықтан «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұпас», «Өнерліге өріс кең», «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» сияқты мақал-мәтелдерді өмірде жиі қолданады.
Кемақыл оқушылар бастауыш сыныптарда ермексазбен, қағазбен және қатырма қағазбен, түсті қағазбен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарын дұрыс пайдалануы, заттың материалдық құнын, сапасын білуі, одан бұйымдар жасағанды ғана үйрету ғана емес, оларды қажетке жарату мақсаттарын да көздеуі керек. Бұл үшін оқушылар жаратылыстануды да , математиканы да біліп, сурет сабағынан оның сызбасын өзі жасап алатындай болуы тиіс.
Осындай пәнаралық байланыста болатын еңбекке баулу сабақтарының басты міндеттері:
- біріншіден, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
-екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
- үшіншіден, болашақта қажетті мамандықты таңдауға даярлау.
Кемақыл оқушыларды еңбекке баулу үрдісін дұрс қарастыру үшін, мұғалімге олардың дамуын жалпы психологиялық –педагогикалық-клиникалық заңдылықтарын зерттеп, білумен қатар, олардың еңбек әрекеттерінің ерекшеліктерін де білуі қажет.
Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Ал істеуін көрсетіп берсең, үйреніп аламын.» Осы принцип біздің оқушыларымызға арналған сияқты. Яғни, бұл баланы қызықтырып, ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген мағынаны білдіреді.
Көмекші мектептің төменгі сыныптарында жүргізілген еңбекке баулу сабақтарынынң үрдісі кемақылды балалардың психикалық-физикалық кемшіліктерін толықтыруға немесе төмендетуге, жағымды тұлға сапасын қалыптастыруға, әлеуметтік ортаға бейімдеп, келешектегі өмірге дайындауға бағытталған. Осы міндеттердің сәтті шешілуіне еңбекке баулу пәне де өз үлесін қосады, өйткені кемақылды балалардың іскерліктері мен дағыдылары, интелектуалдық операциялар кешені түрінде қарастырылады.
Қарағанды қаласының №3 арнайы мектеп –интернатының 3 сынып оқушыларымен өткізілген эксперименттік –тәжірибелік жұмыстардың негізгі мақсаты: еңбекке баулу сабақтары арқылы кемақыл оқушылардың физикалық-психикалық дамуын қалыптастырып, ой өрісін кеңейтіп, дүниетанымын дамытып, ойлау, бақылау және сезім мүшелерінің әрекеттерін қалыптастыру үшін оқытудың үйлесімді әдіс- тәсілдерін балалардың кемістіктерін түзету бағытында қолдану.
Еңбекке баулу сабқтарының бағдарламаларында мынандай еңбек түрлері қаралған:
-саз және ермексазбен жұмыс;
- табиғи материалдармен жұмыс;
- қағаз және қатырма қағазбен жұмыс;
- тоқыма материалдармен жұмыс.
(Рсалдинова А.К. құрастырылған көмекші мектепке арналған ебекке баулудың бағдарламасы, Алматы, 2004)
Экспериментке қатыскан №1 топ оқушыларының клиникаоық-педагогикалық –психологиялық зерттеулернінің нәтижесі кестеде көрсетілгендей: оқушылардың барлығында кемақылдықтың әртүрлі дәрежедегі клиникалық белгілері анықталған. Педагогикалық-медициналық –психологиялық комиссияның тұжырымында көп оқушылардың зақымдауының негізгі себеп-салдары анықталмаған. Сондықтан этиопатогенетикалық түзету, қалыптастыру әдістері толық нәтиже бере алмайды. Бұл оқушыларға кешенді емдеу сауықтыру әдістерістерімен қатар, еңбекке үйрену әдістерін меңгеру көп қиыншылықпен қабылданады. Бірақ, арнайы әдістемелрді қолдану, қолеңбектеріне қызығушылқтарын оятып, жүре келе дүние танымын, ақыл ойдың дамуына септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының алдына қойылған міндет, мақсаттарын орындау үшін бірінші және екінші жартыджылдық барысында балалардың жеке басымен және жалпы топпен бірнеше рет оқу –зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Эксперименттік зерттеу жұмысының тапсырмалары 2 сыныптың еңюекке баулу пәнінің бағдарламасы бойынша құрастырылып, төрт кезеңге бөлінді:
Бірінші кезең – анықтаушы зерттеу жұмыстары. Мақсаты: әр оқушының еңбек сабағын меңгеру деңгейін анқықтау. Олардың әр түрлі еңбек материалдарын таңдай білуі, құрал жабдықтарының атын атап, қауіпсіздік ережесін ақтай отырып жұмыс істей алуы,, жұмыс орнын пайдалана білуін анықтау.
Екінші кезең – бірнеше жалпы сабақ өткізіліп, оқушылардың біліміндегі және жұмыс істеу дағдыларының кемшіліктері анықталып, толықтырылды. Мысалы, қағазды бүктеу және қию техникасы, кеңістікті дұрыс бағдарлап, бөліктерді орналастыру, геометриялық пішіндерді тану және атау, желіммен, қайшымен, ермексазбен қауіпсіз жұмыс ітеу ержелерін сақтау.
Үшінші кезең – білім беру, үйрету, дамыту және түзету кезеңі. Зерттеу жұмысының бұл кезеңінде үлгі бойынша ою қию, мүсіндер жасау (көкөністердің, жануарлардың) әр түрлі жапсыру жұмыстарымен айналысып, шығармашылық жұмытсармен шұғылданды.
Төртінші кезең – констациялау )белгілеу), яғни 3 сынып оқушылыраның жалпы еңбекке деген көзқарасының, білімділігі мен біліктілігінің даму дәрежесін анықтау және кейбір психикалық қабілеттерінің қалыптасу динамикасын қорытындылау.
Бұл кезеде оқушылардың жауаптарына қарап, олардың дағды, қабілеттеріндегі өзгерістер қарастырылды.
Жүргізілген экперименттік зерттеу жұмыстарын сраптай отырып, кемақылды балаларға тән кешліктерді түзету мақсатымен, арнайы оқытуды тиісті әдістермен, түсінікті мазмұнымен қамтамасыз ету қажет болды. Сондықтан, кемақылды балалардың ақыл-ой дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек сабағында олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргіздік.