Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстардеп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар:1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыдар.
1.Қатаң дауыссыз дыбыстар салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяңдауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з– салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақболады.
3. Үн мен салдырдыңқатысынан жасалып, салдырдан үнбасым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыздыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұпқұрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж.Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстарболып табылады.
Рпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды.В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.
Қазақтың төл сөздерінде л, рдыбыстарының алдынаны, ідыбыстары айтылады, бірақжазылмайды.
АЙТЫЛУЫ | ЖАЗЫЛУЫ |
Ыриза Ырақат Ырас Ірең Ірет Іреніш Ылайық Ылақ Ылажсыз Ылаңкес Ілебіз Ілезде | Риза Рақат Рас Рең Рет Реніш Лайық Лақ Лажсыз Лаңкес Лебіз Лезде |
Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздергеқосымшақатаң дауыссызданбасталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;
кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздергеқосымша ы, ідәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;
4
лл, мм, сс, тт, зд, ст,дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғандасоңғы қосымшатүсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т. б.;
щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тұщы, кеще;
Х дыбысына біткенбасқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.
У дыбысы дауыссызболады:
1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.
2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.
3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.
Ьбіткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады. Мысалы,табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.
Буын түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Тасымал
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.
Дауыстыдыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыздыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қаншадауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы,қарлығаштардың деген сөзде бес дауыстыдыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
Бір дауысты дыбыстан құралған жәнедауыссыз дыбыстанбасталып, дауысты дыбысқа аяқталған буынашық буындеп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.
Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буынжалаң ашықбуын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
Тұйық буын дауысты дыбыстанбасталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқааяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбысболып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
Тасымал. Екпін.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымалдауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б.Санаулы сөздердауысты дыбыстанбасталып тасымалданады. Мысалы, ау-ыл, бу-ын, қи-ыр, жи-ын,т.б.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт,т.б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г.Дулатова, т.б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г,т.б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ,т.б.
Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпінсөздіңсоңғы буынынатүседі.
Екпін 1) сөз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпініболып бөлінеді.
Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалықсұлулығын бұрын байқамапты.
Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесебаяндауыштыңалдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектіңәкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.
Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпінідеп аталады. Мысалы, ар-ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т.б.
Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.
Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың, т.б.Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті, т.б.