Сынылған әдебиеттер тізімі

Курсты оқытудың маңыздылығы және қажеттілігі

Оқу жоспарымен сәйкес «Сөйлеу тілді зерттеу әдістемесі» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын 3 курс білімгерлеріне арналып жасалған. «Сөйлеу тілді зерттеу әдістемесі» пәнінің дефектолог-мамандар дайындаудағы ролі өте зор. Пәннің ғылыми-теоретикалық негіздерін игеру; сөйлеу бұзылысының құрылымын, симптоматикасын, қалыпты және патология жағдайдағы сөйлеу тілдің онтогенезде дамуын анықтау; олигофрения, психикалық дамуы тежелген, аутизм балаларды біріншілік сөйлеу бұзылыстардан шеттеп алуын игеру; сөйлеу бұзылыстарын тексеру әдіс тәсілдерін игеру түрлі мекемелерде логопед атқаратын жұмыстың ерекшеліктерінің толық ақпаратын алуға мүмкіндік береді.

Курсты оқыту мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тәжірибелік және теориялық білімдерді меңгерткенде қажет болып табылады.

Пәннің мақсаты және міндеті

Мақсаты – біріншілік сөйлеу тілібұзылыстары бар адамдардың сөйлеу тілі дамуының әдістері мен қағидалары туралы білімін қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету жүйесін белсендендіру үшін сөйлеу тілі бұзлыстарын диагностикалаудың негізін меңгерту.

Пәннің негізгі міндетіболып табылады:

- пәннің ғылыми-теориялық негіздерін меңгеру;

- сөйлеу тілі дамуының қалыпты және патологиясы, белгілерін, сөйлеу тілі бұзылыстарының құрылымын анықтау;

- алғашқы (біріңшңлік) сөйлеу тілі бұзылыстарын олигофрения, психикалық дамуы тежелген, есту қабілеті бұзылған, ерте балалық шақ аутизммен зардап шегетін балалардан ажырата алу;

- түрлі сөйлеу тілі бұзылыстарындағы сөйлеу тілін тексерудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар

Білімгер таныс болу керек:

пәннің ғылыми-теориялық және әдіснамлық негіздері туралы; сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы; мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеруіне қойылатын әдістемелік талаптары;

Білімгер білуі қажет:

балалардың вербальдыға дейінгі және ерте вербальды заңдылықтарын; түрлі сөйлеу тілінің бұзылыстары барбалаларды тексерудің ерекшеліктерін; балалардың сөйлеу тілін тексерудің әдістері мен тәсілдерін; диагностикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың жеке және жалпы талаптарын.

Білімгер жасай алуы қажет:

ұқсас сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалармен жеке диагностика жүргізу; диагностикалық іс-шаралардың әдіс-тәсілдерін және оларды өткізу жолдарын анықтау; сөйлеу картасын толтыру, алынған мәліметтерді дұрыс интерпретациялау; құрал-жабдықтарды дайындау, сөйлеу тілді тексеру барысында техникалық құралдарды қолдану.

4. Пререквизиттер және постреквизиттер:

Пререквизиттер: сөздік бойынша жұмыс дағдысы, әдеби материалдарды талдау ептілігі, «Физиология және анатомия», «Гигиена», «Жалпы психология», «Арнайы психология», «Педагогика», «Арнайы (түзету) педагогика», «Логопедия негіздері», «Фонетикалық және логопедиялық ритмика».

Постреквизиттер: «Ақыл есі кем оқушылардың психологиясы», «Дыбыс шығару қабілетін түзету жұмыстың әдістемесі», «ҚР логопедиялық жұмысты ұйымдастыру».

Курсты суреттеу

Курс мектепке дейінгі және мектептік түзету мекемелердің жағдайында әр түрлі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін зерттеуін ұйымдастыру мәселелерін, яғни дыбысшығару қабілетінің, лексико-грамматикалық жағынан бұзылыстарын, және жазу мен оқу процесіндегі бұзылыстары; алғашқы (біріңшңлік) сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тіллін тексеру принциптері мен әдістері туралы, сөйлеу бұзылыстардың дифференциалды диагностикалаудың негіздерін игеру туралы қарастыратын 15 сағаттық лекциядан тұрады. 30 сағат семинар сабақтарында сөйлеу бұзылыстардың психолингвистикалық және клинико-физиологиялық аспектілері қарастырылған; балардың сөйлеу тілі бұзылыстарын анықтауда кәсібилік білім мен іскерлікті қалыптастыруы, дифференциалды диагностикалау, түрлі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілі тексеру барысында негізгі бағыттарын анықтап алуы туралы мағлумат.

Курсқа білімгердің аудиториядағы (СРСП) және аудиториядан тыс (СӨЖ) орындайтын жұмыстары кіреді.

Білімгердің аудиториядағы өзіндік жұмысы (СРСП) реферат жұмысы түрінде, рейтингтік және басқа да тапсырмаларды орындау түрінде жүзеге асады.

СӨЖ - бұл білімгердің СРСП сабақтары мен лекцияларға дайындық мақсатында және оқытушы берген тапсырмаларды орындау үшін Жоғарғы оқу орнының кітапханаларында орындайтын жұмысы.

Білімгердің үй тапсырмаларын орындауға және лекциялар жазуға арналған бір қалың дәптері болуы қажет. Онда оқытушының түсіндіргендері, лекция конспектілері және білімгердің дайындығы үшін қажетті әдебиеттер жазылатын болады.

Сондай-ақ, білімгерге жеке тапсырмалар мен глоссарий жүргізуге арналған жұқа дәптер, қызыл және қара қаламсап керек.

Курстың мазмұны

6.1 Лекцияның календарлы-тақырыптық жоспары

күні Лекция тақырыбы, модуль атауы, нөмірі және қысқаша мазмұны. Сағ.саны Танымдық әрекетті белсенден діру әдіс- тері. Білімгерде қалыптасатын білім мен іскерлік.
1 апта Лекция № 1-1 Кіріспе «Сөйлеу тілді зерттеу әдістемесі» пәнінің нысаны, мақсаты, міндеті және мазмұны. Қалыптымен салыстырғандағы сөйлеу тілі бұзылысының медициналық-психологиялық негізі Сөйлеу тілінің дамуы және пайда болуының әлеуметтік жағы. Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері. Көрнекі материал. Диспут. Пәннің негізгі міндеттері. Зерттеудің жолдары мен әдістері. Баланың психикалық дамуындағы сөйлеу тілінің қызметі.
2 апта Лекция № 1-2 Баланы ерте комплексті тексеру шегінде сөйлеу тілі бұзылысын ерте диагностикалау Баланың вербальды және вербальдыға дейінгі даму заңдылықтары.Сөйлеу тілінің онтогенетикалық және дизонтогенетикалық процесінде ана тілін меңгеру Баланың сөйлеу тілінің қалыпты және оның бұзылысы кезіндегі жалпы сөйлу тілінің даму заңдылықтары. Дидакти калық материал. Диспут. Сөйлеу тілі дамуының кезеңдері. Баланың сөйлеу тілі бұзылысындағы ана тілін меңгеру ерекшелігі.  
3 апта Лекция № 1-3 Сөйлеу тілін тексерудің жалпы нұсқаулары. Логопедиялық тексерудің қағидалары. Логопедиялық тексерістің мазмұны. Тексерудің әдістемелік нұсқаулары. Дидакти калық материал. Диспут. Тексерудің әдістемелік тәсілдері.
4 апта Лекция № 2-4 Логопедиялық тексерудің схемасы Логопедиялық тексерістің негізгі бөлімдері. Бала сөзінің (А.Н.Гвоздевтің материалы бойынша) «Қалыптының белгіленген эталоны». Көрнекі материал. Диспут. Бала сөзінің (А.Н.Гвоздевтің материалы бойын ша) «Қалыптының белгіленген эталоны». Баланың жалпы даму зандылықтары.
апта Лекция № 2-5 Тексерудің бастапқы кезеңіАнамнез: жалпы анамнез; ерте психомоторлық даму; сөйлеу тілінің анамнезі. Дидакти калық материал. Тексерудің әдістемелік тәсілдері.
6-7 апта Лекция № 2-6 Тексерудің негізгі кезеңіДыбыс айтуын, фонематикалық қабылдауын, сөздік қорын, сөздің грамматикалық құрылымын тексеру. Дидакти калық материал. Дыбыс айтуын, фонематикалық қабылдауын тексеру. Бала сөзінің бағалау және талдауға арналған нұсқаулар.
8-9 апта Лекция № 2-7 Сөзді түсінуін тексеру Әдістемелік нұсқаулар. Сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзді түсіну деңгейлері. Дидакти калық материал. Сөздің грамматикалық формасын түсінуін анықтау.  
10-11 апта Лекция № 3-8 Байланысты сөйлеу тілінің жағдайын тексеру Байланысты ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру. Тексерудің әдістемелік тәсілдері. Дидакти калық материал. Диспут. Сөйлеу тілін тексеруге арналған дидактикалық материалдарға қойылатын талаптар.
12-13 апта Лекция № 3-9 Сөйлеу тілінің экспрессивті жағын тексеру Әдістемелік нұсқаулар. А.Н.Гвоздев бойынша сөйлеу тілі дамуының кезеңдері. Көрнекі материал. Тексеруді өткізуге арналған жалпы нұсқаулар. Тексеру тәсілдері мен материалдары.
14-15 апта Лекция № 3-10 Түрлі сөйлеу тілі бұзылыс кезіндегі тексерудің ерекшеліктері Дислалия кезіндегі тексерістің ерекшелігі. Дизартрик балаларды тексеру. Көрнекі материал. Диспут. Дифференциалды диагностикалау.
Барлығы:  

6.2 Семинар сабақтардың календарлы-тақырыптық жоспары

Күні Сабақтың тақырыбы және модуль атауы, номері Сағ.сан. Сабақты өткізу түрі Бақ. түрі Білімгерде қалыптасатын білім мен іскерлік
1 апта Семинар 1-1Кіріспе Пәннің басқа пәндермен байланысы: анатомия және физиология, арнайы психология, арнайы педагогика.Қалыптымен салыстырғандағы сөйлеу тілі бұзылысының медициналық-психологиялық негізі. Ауызша сұрау Блиц-опрос Пәннің негізгі міндеттері. Зерттеудің жолдары мен әдістері. Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері.
2 апта Семинар 1-2 Баланы ерте комплексті тексеру шегінде сөйлеу тілі бұзылысын ерте диагностикалау Баланың вербальды және вербальдыға дейінгі даму заңдылықтары.Сөйлеу тілінің онтогенетикалық және дизонтогенетикалық процесінде ана тілін меңгеру Баланың сөйлеу тілінің қалыпты және оның бұзылысы кезіндегі жалпы сөйлу тілінің даму заңдылықтары. Дискуссия Кесте құру Сөзді түсінуді бағалау кезеңдері. Сөйлеу тілі дизонтогенездің негізгі кезеңдері.
3 апта Семинар 1-3 Сөйлеу тілін тексерудің жалпы нұсқаулары Сөйлеу тілін тексеруге арналған дидактикалық материалға қойылатын талаптар. Сөйлеу карталары.   Тақырып бойынша баяндама және реферат Блиц-опрос Сөйлеу тілін тексеруге арналған дидактикалық материалға қойылатын талаптар. Сөйлеу карталары.
4 апта Семинар 2-4 Логопедиялық тексерудің схемасы Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуын бағалау. Тексерудің нәтижесін талдау. Салыстырма талдау Сұрақ-тарға жазбаша жауап Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуын бағалау. Тексерудің нәтижесін талдау.
5 апта Семинар 2-5 Тексерудің бастапқы кезеңі Сөйлеу тілдің просодикалық жағын, артикуляциялық аппаратын, сөйлеу моторикасын, жалпы және ұсақ моторикасын зерттеуі.     Салыстырмалы талдау Сұрақ-тарға жазбаша жауап Сөйлеу тілдің просодикалық жағын, артикуляциялық аппаратын, сөйлеу моторикасын, жалпы және ұсақ моторикасын зерттеуі.
6-7 апта Семинар 2-6 Тексерудің негізгі кезеңі Дыбыс айтуын, фонематикалық қабылдауын, сөздік қорын, сөздің грамматикалық құрылымын тексеру.   Ауызша сұрау Блиц-опрос Дыбыс айтуын, фонематикалық қабылдауын, сөздік қорын, сөздің грамматикалық құрылымын тексеру.
8-9 апта Семинар 2-7Сөзді түсінуін тексеру Баланың ата-анасымен әңгімелесу барасында анамнез жинау. Сөздің грамматикалық формасын түсінуін анықтау. Сөзді түсінуді бағалау кезеңдері. Дидактика-лық материал Блиц-опрос Баланың ата-анасымен әңгімелесу барасында анамнез жинау. Сөздің грамматикалық формасын түсінуін анықтау.
10-11 апта Семинар 3-8 Байланысты сөйлеу тілінің жағдайын тексеру Сөйлеу тілін тексеруге арналған дидактикалық материалдарға қойылатын талаптар. Диспут Сұрақтарға жазбаша жауап Логопедтің документациясы
12-13 апта Семинар 3-9 Сөйлеу тілінің экспрессивті жағын тексеру Тексеруді өткізуге арналған жалпы нұсқаулар. Көрнекі материал Блиц-опрос Баланың сөйлеу тілін бағалауына мен талдауына ұсыныстары.
14-15апта Семинар 3-10 Түрлі сөйлеу тілі бұзылыс кезіндегі тексерудің ерекшеліктері Ринолалия кезіндегі дыбыс айту жағын тексеру. ЖТК тексеру. Жазу мен оқу процесін тексеру. Дидактика-лық материал Сұрақ-тарға жазбаша жауап Жазу мен оқу процестерді тексеру.
Барлығы:  

6.3 СӨЖ және СРСП бойынша білімгерлердің тапсырмалар тізімі

Модуль бойынша СӨЖ тақырыбы мен мазмұны СӨЖ-на тапсырма Ұс.әдебиеттер Бақ. түрі Мерзімі, апта № Жұмыстың безендірілу шарты және көлемі
Қалыптымен салыстырғандағы сөйлеу тілі бұзылысының медициналық-психологиялық негізі Баланың психикалық дамуындағы сөйлеу тілінің қызметі. 1, 2, 3, 4 Ауыз-ша сұрау Жазбаша қысқа жауаптар дайындау және тапсырар алдында ауызша жауап беру
Баланы ерте комплексті тексеру шегінде сөйлеу тілі бұзылысын ерте диагностикалау   Баланың вербальды және вербальдыға дейінгі даму заңдылықтары. 3, 4, 5, 7, 11. Реферат   Жазбаша қысқа жауаптар дайындау және тапсырар алдында ауызша жауап беру
Сөйлеу тілінің онтогенетикалық және дизонтогенетикалық процесінде ана тілін меңгеру Баланың сөйлеу тілінің қалыпты және оның бұзылысы кезіндегі жалпы сөйлу тілінің даму заңдылықтары. 3, 4, 5, 7, 11. Жазбаша жұмыс Жазбаша жауап беру
Логопедиялық тексерудің схемасы Бала сөзінің (А.Н.Гвоздевтің материалы бойынша) «Қалыптының белгіленген эталоны». 1, 2, 3, 4, 9, 13, 14. Схемаларды құру Жазбаша қысқа жауаптар дайындау және тапсырар алдында ауызша жауап беру
Тексерудің бастапқы кезеңі   Анамнез: жалпы анамнез. 1, 2, 3, 4, 7. Жазбаша жұмыс Көлемі 3-4 беттен аспайтын реферат дайындау және оны қорғау
Тексерудің негізгі кезеңі   Дыбыс айтуын, фонематикалық қабылдауын тексеру. Сөздік қорын, сөздің грамматикалық құрылымын тексеру. 1, 2, 3, 4. Жазбаша жұмыс 6-7 Жазбаша қысқа жауаптар дайындау және тапсырар алдында ауызша жауап беру
Сөзді түсінуін тексеру   Сөйлеуді түсінуін тексеруге арналған әдістемелік нұсқаулар. 1, 2, 3, 4. Жазбаша жұмыс 8-9 Жазбаша қысқа жауаптар дайындау және тапсырар алдында ауызша жауап беру
Байланысты сөйлеу тілінің жағдайын тексеру   Байланысты ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру. 3, 8, 9, 10, 11, 12, 15. Материалдарды талдау 10-11 Материал тауып хабарлама дайындау  
Сөйлеу тілінің экспрессивті жағын тексеру Тексеру тәсілдері мен материалдары. 3, 8, 9, 10, 11, 12, 15. Жазбаша жұмыс 12-13 Жазбаша қысқа жауаптар дайындау және тапсырар алдында ауызша жауап беру
Түрлі сөйлеу тілі бұзылыс кезіндегі тексерудің ерекшеліктері Дифференциалды диагностикалау 3, 4, 5, 7, 11. Материалдарды талдау 14-15 Материал тауып хабарлама дайындау

Ескерту. Білімгерлердің өзіндік жұмысы оның оқу жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Өзіндік жұмыстың интенсивтілігі мен сапасы білімгерлердің бағдарламалық материалды өз бетінше игере алу қабілетіне, логопедиялық ритмика курсын оқып-үйренудегі жетістігіне байланысты.

Сіздер сабаққа нақты сұрақтарды талқылап және біз шешетін мәселелерге сыншылдықпен қарау үшін дайындалып келу керексіздер. Сіздер сабақтан өздеріңіздің арықарайғы оқуларыңызға және болашақ кәсіби әректіңізге керектілерді жазып алуларыңыз қажет. Сонымен қатар, барлық курс уақытында біз өзара қарым-қатынаста және түсіністікпен жұмыс істеуіміз үшін өзь оқуларыңызға жауапкершілік алуларыңыз керек.

Материалды конспектілеу және керекті ойларды, тезистерді, сандарды және фактілерді жазып алу аса маңызды.

өзіндік жұмыстың бір түрі баяндамалар мен рефераттарды дайындау болып табылады.

Бұл жұмыс білімгерге әртүрлі ағым көздерінен жаңа мәліметтерді іздеп-үйренуге мүмкіндік береді. Баяндамалар мен рефераттарды дайындау библиографиялық ізденіске, талдауға және материалды жалпылауға үйретеді, өз ойын қысқаша, нақты жеткізу қабілеттілігін дамытады; дүниетанымын кеңейтеді; өзіндік білім алуға қызығушылық пен танымды дамытады. Сонымен қатар, бұл жұмыс ғылыми-зерттеу жұмысына икемділікті қалыптастырады.

Білімгердің өзіндік жұмыс процесінде глоссария жүргізуі коррекциялық педагогика мен психологияның негіздерін, оның ғылыми-категориялды аппартын, яғни базистік терминалогиясын иемденуге көмектеседі, бұл тест жазғанда, тапсырманы орындағанда, жазбаша жұмыс пен коллоктивум тапсырғанда жоғарғы балл алуға мүмкіндік береді.

Білімгерлердің дискуссия, ойын, тренинг, тапсырмаларды шешу және рейтингтік тапсырмаларға дайындалуы мен қатысуы, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға және болашақтағы кәсіби іс-әрекетінде іскерлікті меңгеруге және көмуникативті байланыстарды дамытуға көмектеседі.

Әртүрлі тапсырмаларды білімгер оқытушы айқын уақыты толық көлемді және сапалы өткізсе, оған жоғары балл алуға мүмкіндік бар.

сынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

Қосымша әдебиеттер

1. Ефименкова Л.Н. Формирование речи у дошкольников. – М., 1981г.

2. Ефименкова Л.Н. Методы обследования нарушений речи у детей. – М., 1982 г.

3. Жалмухамедова А.К. «Оказание ранней коррекционно-развивающей помощи детей с ограниченными возможностями». / Под. ред. Сулейменовой Р.А. – А., 2008. – 60 с.

4. Иншакова О. Б. Логопедическое обследование. – М., 1999.

5. Калягин В.А., Овчиникова Т.С. Энциклопедия методов психолого-педагогической диагностики лиц с нарушениями речи. – С.Петербург, 2004г.

6. Каше Г.А Подготовка к школе детей с недостатками речи. – М., 1985 г.

7. Лалаева Р. И., Серебрякова Н. В. Коррекция общего недоразвития речи у дошкольников. – СПб., 1999.

8. Мастюкова Е.М. Лечебная педагогика (Ранний дошкольный возраст: Советы педагогам и родителям по подготовке к обучению детей с особыми проблемами в развитии). – М., 1997 г.

9. Преодоление задержки речевого развития. Н.С.Жукова, Е.М. Мастюкова, Т.Б.Филичева. – М, 1973 г.

10. Преодоление общего недоразвития речи у дошкольников. Н.С.Жукова, Е.М. Мастюкова, Т.Б.Филичева. – М. , 1990 г.

11. Словарь-справочник. Дефектология. Под ред. Пузанова Б.П. – М., 2005г.

12. Филичева Т.Б., Чевелева Н.А., Чиркина Г.В. Основы логопедии. – М., 1989г.

13. Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения. – М., 1989 г.

14. Фотекова Т.А. Тестовая методика диагностики устной речи младших школьников. – М., 2000г.

8. Рефераттардың, баяндамалардың

Наши рекомендации