Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) біртұтастық педагогикалық үрдісінде қолдануы.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан – жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып,қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.Адамның үнемі ізденіске,жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс.
«Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық. Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді; АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады
1. Сабақта АКТ қолдану моделі:
- компьютерлік презентациялар көрсету;
- жауаптарды таңдаумен тест жүргізу;
- электрондық оқулықтарды қолдану;
2. Сабақтан тыс жерде АКТ қолдану моделі;
- интернеттен және басқа ақпарат көздерінен ақпарат іздеу;
- қоршаған әлем туралы ақпаратты жазу және бекіту;
- презентацияларды қолдануымен сөз сөйлеуді дайындау және аз сөйлеу.
Ақпараттық технологияны барлық сабақтада қолдану тиімді.
Ақпараттық технологияны қолданып өткен сабақтың құрылымы:
- Айқындылық;
- Логикалық үйлесімділік;
- Ақпараттық сыйымдылық; Сонымен , қазіргі ақпараттану заманында оқытуды ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз етудің мәні зор екені даусыз. Сондықтан да мен сабақтарымда осы технология негіздерін қолданамын. Оның мүмкіншіліктері: Activ Studio бағдарламасында сабақтың әдістемелік құрылымын сақтай отырып, флипчарттар дайындау,оқушылардың ғаламторға еркін кіріп , ақпаратпен қамтылу мүмкіндігі , сабақтың аудио-видео технологиясымен жаблықталуы, ең бастысы , оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып,креативтік іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік ала алады.
Ақпараттық технологияның сабақ үрдісінде қолдану нәтижесі: 1. Ғылым негізін түсіну, ғылым жүйелігін жүзеге асырудың басты шарттарының бірі екендігіне көз жеткізеді; 2. Дүниеге ғылыми, диалектикалық, материалистік көзқарасты қалыптастыру, оқу мазмұнының бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді. 3. Оқушының жалпы ақыл-ой , дене қимылы,көңіл күйінің үйлесімді дамуына әсер етеді. 4. Қазіргі өндірістің ғылыми негізін меңгеру , техникалық процестер мен құрылымы, оның негізгі принциптерін түсіну жүзеге асады. 5. Тәрбиенің барлық түрлеріне әсер етеді және адамгершілік , саяси- идеялық , эстетикалық, еңбек тәрбиесінің бірлікте болуына бағытталады, оқушылардың еңбегінің мазмұнынан байқалып,олардың алған білімінің жүйелеуіне негіз болады.
6. Оқу мерзімін тиімді пайдалануда артық қайталауды болдырмауға педагогикалық ықпал береді. Осының негізінде оқу тәрбиелік процесін беруді басқару жүйесі қалыптасады. Сонымен , ақпараттық технологияны қолданып, сабақты ұтымды жүргізу оқытушыдан терең білімділікті, оқу үрдісін шеберлікпен ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай сабақ материалдары әр алуан ғылымдағы өзара байланыстарды оқушылардың зерделеуіне,олардың білімін арттыруға мүмкіндік береді.