Лмембеттің үшінші баласы Шоңай. 2 страница

Қожаназар уәде бойынша Қонай батырға құда түседі. Қонай батыр Бегеш деген баласымен туыс жалғыз қызын Сәркенге береді. Қожаназардың өзінен туған Тағанға Есенқұл Есек батырдың қызын алып береді. Қосайдың Байболы.

Қожаназардың екінші әйелінен (біреулер інісі Көтен өлгеннен кейін келін алғаны дейді) Түнғатар мен Шонты туады. Орта жүзден шыққан бір жігіт келіп Қожаназардың jмалын бағады да бала болып кіреді. Оның аты Есберді.

Қожаназар 80 жасқа келгенде Әлімнің бір байына (аты есімде жоқ) қонаққа барыпты. Екеуі дос екен. Сонда қонақ болып жатып ойлаған көңілін айтыпты. Ол байдың Ақшолпан деген айдай ару қызы болады, соны сұрапты. Бай мен Қожаназар ренжіспеген дос адамдар екен. Бай ел-жұртын жинап ақылдасады. Ақылдасқандары малдан қашыралық деп жас сайын бір өңнен 80 бие қалың мал сұрайды. Сұраған малын түгел береді. Кейбіреулер 80 торы дейді. Ақшолпан шешемнен Қожаназар 81 жасында бір ер бала табады. Аты Қошан қояды. Басқа бала болған жоқ. Бір кісі айтыпты-мыс:- әйбай бұдан 5-6 жыл бұрын алғанда 3-4 бала болатын еді, оған бірінші 81 айыпты, екінші жайдақ атпен қашағанды көп қуып едің, соныңда әсері болуы керек дейді. Енді болмайды-мыс депті.

Шомақтан бес бала - Есбай

Қосбай

Жанбай

күң қатыннан - Көшетер

Қабыл

Сәркеннен үш бала - Бесімбай

Досбай

Меңдіқара

Тағаннан жалғыз Көпжасар.

Көпжасардан төрт бала - Өтек

Шоңқы

Бектұрған

Ноғай

Қожаназар туралы тағыда бір-екі ауыз сөз. Адай түркпенмен бітім жасап, ел араласқанда түркпеннің Абдал деген руындағы Әжнияз деген бегімен Қожаназар дос екен. Ол байға малың көп деп Қаратаудың Онды деген жеріндегі Қызылтам деген бұлағын беріпті. Өзі теңіз жағасында балық аулап отырады екен. Әжнияздың ауылы Қолтық деген жағаны (қазіргі Шевченко қаласы тұрған жер) мекендеген. Бір жылы Қожаназар қой, түйесімен ерте көшіп, Тағанды малшыларымен қосып досының ауылында жылқымен қалдырып кетеді. Маңғыстауда көктемде жүнін тастасын деп. Таған жас жігіт, әрі байдың баласы, әйеліде бар. Бірақ бектің үйінде қалмақтан келген сұлу қыз болады. Бек ол қызды бір баласына алып бермек болып жүргенде, ол қыз Тағанмен көңіл қосады. Таған жылқыны елдің соңынан жіберіп, өзі тәуір деген ат-айғырды таңдап алып қаңтарып қойып, бірнеше күннен кейін сұлуды алып қашады. Арада бір қонып, ат жайып, дем алады да жүретін болады. Көшкен елден қалған бір еркек қой сайға кептеліп тұрады. Көңілі өсіп келе жатқан жігіт қойды ат үстінен көтеріп алатын болып, еңкейіп ала алмай жатқанда, дәретке кеткен қыз оны көріп, қой арам өліп қалады ғой, шықса иесіне, шықпаса арам, аштан өлтірмелік, алып кетелік дейді. Қыз атына мініп тұрып Тағанның жүр дегеніне қарамай қойды еңкейіп көтеріп алады. Тағанның осы әйелінен бес бала туады - Қарабай

Мара

Қолыш

Досы

Барақ (Барақ жастай өледі)

Олар өздерін бес Қалмақ деп атайды. Олар бәріде денелі, ірі, қайратты жігіттер болады. Қалмақ қызы шешеміздің аты Сұқсыр екен. Сірә Сұқсыр деген сөз қалмақ тілінде сұлу деген сөз шығар.

Қыз Маңғыстауға келгеннен кейін Қожаназар досы Әжниязға кісі жібереді. Осындай жағдай бар. Бек не айтса да разымын депті. әжнияз бек олай болса күйеу бала мен қызымды жіберсін, өзім қолымнан ұзатамын депті. Бай мұны мақұл деп келіні мен баласын жібереді. Бек жүз қарамен отаулап ұзатады.

Әжнияз бектен Жаналыбек, одан Қарабек, одан Нәубетбек, одан Өтеш. Өтеш 1964-1965 жылдардың бірінде үйіме келді. Бектің баласы Өтеш аға асықпа, жат қонақасы же дедім. Сонда Өтеш былай деп жауап берді. Мына жиендеріме келіп едім, дем алдым, жаттым. Енді еліме қайтам деді. Жиендерім дегені Қарабай палуан тұқымы Құлынтай Азубаев пен Қибас Батырбаев. Бес-алты атаға келді, достығы айырылмаған.

Әжнияз өлгеннен кейін соңы жарлы болады. Әжнияз бектің баласы Жаналы жас қалады. Үйленейін десе қайыны бай, малды (қадені) көп сұрайды. Бектің әйелі баласына былай дейді: Атаңның Қожаназар деген досы қазақ байы болған. Сол кісі әлі бай, соған жайыңды айт дейді.

Жас жігіт Қожаназардың ауылы қырдан құлап келе жатқанда алдынан барады. Жөн сұрасады, жігіт жүрген жайын айтады.

Ертесіне қонған жерінде астына ат, соятын соғымын және үйге жабатын киіз қанша керек десе, бала ұялып үндемейді. 40 еркек қой, 40 өре киіз сауын түйе беріп, қасына жолдас қосып, жігітті ауылына жібереді.

Қайынына адам жіберіп, сұраған малын беріп, ол шаруасында бітіреді. Ол шаруада бітеді. Ел аузындағы аңыз Қожаназарды осылай дейді.

Руы Беріш Ожақай деген кісі Адай елін аралап көп жүріпті. Ол кісі сыншы екен. өзі киімді әртүрлі киетін адам екен.

Адайдың Құдайке деген баласынан тараған Қосайдың Арық деген баласынан туған Құдайбергеннің немересі Тоқбан деген бай (Құдайбергеннен Бекболат, сол Бекболаттың Сарша деген әйелінен Төлеп пен Тоқбан туады) Ожақайға былай депті: Шоңайдың Жарығы (Жарық Тоқсанбайдың баласы) Сарының (Еділбай) баласы Наурызғалимен құда болдым. Зорбайдың Жаңайының баласы Қожаназардың балаларына құда болайын деп едім, соған сенен ақыл сұрайын деп едім, ел қыдырған сыншысың депті. Сонда Ожақай былай депті:

Шомаққа құда болсаң құдай жолы, тойға,

Сәркенмен құда болсаң уақ-түйек дауға,

Тағанға құда болсаң бие кәрі, құлын жас,

Қалар жылы қолың бос, таусылмайтын жайға тап боларсың,

Ал, Шонтыға құда болсаң ұтылып қаларсың,

Түнғатарға құда болсаң бергеніңді аларсың.

Сонда Тоқбан бай ұтылсам ұтылайын деп Шонты бидің немересі Ермембет Қалдыман баласына құда болыпты. Кейін көп жылдар өткеннен соң Тоқбан бай жұтап қалады. Құдасы Ермембеттің ауылына келеді. Ермембет орта дәулетті кісі екен, айран-шалап бар ғой бес-он күн демалып жат деп өзі қыдырып кетіпті. Ол Жаңайдың Әлісінің баласы Айтқа келіп жайын айтыпты. Сонда Айт тұрып апаңа бардың ба деп сұрапты. Апа дегені Әлінің Алдаберген деген баласының Рыс деген қызы екен. Бармасаң соған барып кел дейді. Ермембет Рысқа келіп жайын айтқанда Рыс апасы бір боталы мая және қайып тұрған тайлақты екі нар мая бота-тайлағымен беріп отырып, құдаң жұтап қалса биыл көжесінің көбігін басар депті. Ермембет қайтадан Айт ағасына келеді. Бұл он қозылы қой, бір қошқар және қызылсырап отырған шығар деп 4-5 еркек қой беріп тұрып:

Қой анасы оннан,

Түйе анасы бірден,

Жылқы анасы бестен,

Өсейін десе астан-кестең депті. Ермембеттің өзі бір айғыр үйір жылқы беріп құдасын жөнелтіпті.

Тағы бір ауыз сөз.

Шонты би үлкен болып отырғанда Жаңай болатын елдің үлкен-кішісі барып, үлкен болдың, артыңа айтып кететін нең бар депті. Сонда нем болсын, тыңдасаңдар бір ауыз сөзім бар еді, соны айтайын деп басын көтеріп, былай депті:

Көш билігін Көпжасарға бер,

Түз билігін Тілепіге бер,

Досыбай от басында айтқан билігін қойсын,

Қоспай көтен өкпесін қойсын,

Қожаназарға түскен жұмыстың түйіні Қошан ауылынан,

Жаңайға тірелген әңгіме Айт ауылынан шешілсін, депті.

Жалпы Қожаназар қатарынан кем болған жоқ. 1930-1931 жылдары салыққа көбірек ілікті. Кейін жастар теңелді. Оқығандары аз емес. Алматы қаласында тұратын жазушы Әбіш Кекілбаев Қожаназардың Тағаны. Тағаннан Көпжасар, одан Өтек, одан Жаманқұл, оның Қоқымы. Кекілбай осы Қоқымның баласы.

Жаңайдың екінші баласы Әлі (Ғали).

Әліден тоғыз бала - Шопан

Алдаберген

Молдаберген

Әжен

Байыт

Айыт

Саназар

Ерназар

Есенгелді

Шетпе кентінен 15-20 км жерде Қамысбай деген үлкен қауым бар. Сол қауымда Әлінің тамы бар. Салынғанына 200 жылдай уақыт болған. Тамды салған Дорал баласы Жылқыбай. Тамның қалыңдығы бір метр. Үстірттің үстіндегі Сисем ата қауымындағы Қожаназардың тамы мен Әлінің тамын салған бір адам. Сырт құрылысы жаңа тамдардан сұлу емес, бірақ мықты.

Әлі атамның баласынан да уақытында тәуір адамдар шыққан. Мысалы Шопан Әліұлы, одан беріректе өмір сүрген күй мен ән шығарушы Өскімбай Қалмамбетов шыққан. өксембай күйді әрі тартқан, әрі шығарған. Тазы салып, бүркіт ұстаған адам. Сал кісі болған. Өскімбайдың балалары Жұмағұл, Хамит, Мұратта шетінен әнші, домбырашылар. Мұраттың аты Алматыға белгілі. Ол кісі Қазақ филармониясында көп жылдар жұмыс жасап, қазір қарттық пенсияда Шевченко қаласында тұрады.

Шопан бидің тұқымы Әбдіров Асан жоғары білімді, саналы жастың бірі.

Қожаназардың бір ұрпағы туралы айтуды ұмытып кетіппін:

Шонтының Қалдаманы, Қалдаманның Ермембеті, Ермембеттің Азанғұлы. Азанғұлдың Пана деген баласының баласы Мырзағұл үлкен домбырашы. Ол қазір Алматы қаласында Масанчи көшесіндегі 9 үйде тұрады. Филармонияда домбырашы болып жасайды. Мырзағұлдың кәрі әкесі Азанғұл, оның інісі Садық, Азанғұлдың балалары Алақаз, Әжімәмбет, пана, Назар түгелдей зергер, етікші, тамшы, бармағынан бал тамған шеберлер болған.

Жаңайдың үшінші баласы – Тасым.

Тасымнан алты бала - Тілепі

Қайпы

Бегім

Қарлыбай

Жидебай

Қарқұс

Тасымның Тілепі деген баласы заманында палуан және бай кісі болыпты. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың бір әйелі Әлмембеттің Табынайының Табылды деген баласының қызы екен. Аты Бопай. Сол Бопайдан туған Әбілхайыр ханның балалары Нұралы, Ералы, Айшуақтар Адайдың жиендері дейді қариялар. Хан балалары, әсіресе Айшуақ нағашым деп кезінде Тілепімен жекжат болыпты. Көш билігі Көпжасарда болсын, түз билігі Тілепіде болсын дегеннің жағдайы содан болар.

Бұл жерде бір айтатыныанмыз Әбілхайыр хан көп әйел алды дейді, басбасына білмеймін, мүмкін төре тұқымында хандар туралы шежіре болуы. Әбілхайырдың Адай қызы әйелі Бопайдан үш бала туды дейтіндерде бар.

Бөкей, Ералының баласы, сонда Бопайдан туғандар- Нұралы

Ералы

Айшуақ- дейді

Кейбіреулер Қаратайды Нұралының Калмақ қызы әйелінен туғызады.Жаңылмасам Бақытжан Қаратаев қарт былай деген еді, жесір Калмақ қызын Әбілхайыр хан Қаратайға алып, содан кейін біз Қаратай атанып кеттік. Адай нағашылары сендерге айтып қояйын мен және біздер Қаратай Қалмақ екені анық, Қаратай тұқымдары Әбілхайырданбыз деп, Нұралыдан болсын, Әбілхайырдан болсын бұл сөздің бұл жерде кірісу Тілепі жайында шығып отыр.

Жаңайдың Тасым – атасынан талай-талай майталман жандар шықты. Әсіресе там салу жөнінде олар өте шебер болған. Там салуда бізден өткен кім бар дегендей Қалмамбет қарт оның балалары Борамбай, Тұрамбай жоғарыда айтылған. Қамысбай қауымында Қалмағанбет пен оның балаларының қолымен салынған төбелі немесе кереге тамдардың не сұлулары бар.

Тұрамбай қарт жасы 83-84 тер шамасында /1964 жылы қайтыс болды. Олкісі Сам жеріндегі Ноғайты деген жерге жерленді. Тұрамбайдың баласы Азамат совхозда малшы. Тасымның тағы бір ұрпағы Есбол Өмірбаев деген мұғалім. Ол жігіт Форт- Шевченко

қаласындағы Т. Г. Шевченконың мемориалды музейінде директор болып жасады, жазушылық, ғалымдық жұмыспен шұғылданады.

Тілепінің өз тұқымынан сол Форт- Шевченко қаласында тұратын азамат соғысына қатысқан Өтесбай Юнусов деген кісі тұрады, пенсионер.

Жаңайдың Қалмақ қызы әйелінен жоғарыда Рысбай мен Тоян туады дедік. Сол Рысбайдан үш бала туады- Сағындық

Егдір

Шәудір.

Сағындықтан бес бала – Жақсылық

Жақып

Есенбеу

Пыштан

Ізбас

Бұлар бұтағы жайылып өскен атаның бірі. Сағындық балалары 100 үй шамасындай.Сүйектен ер жасаған шеберлер шықты. Сондай-ақ Пыштан балалары Тағанияз,Есенияз т.б. жасаған ерлерінің іздері әлі күнге ел ішінде кездеседі. Жақсылық тұқымынан шыққан Социалистік еңбек ері Тұржан Құлыбеков бар.

Жақып тұқымынан шыққан Төлес Еркеғұлов еліміз үшін еңбек еткен ердің

бірі. 1936-1937 жылдары Монғол Халық Республикасынан түйе малының тұқымын әкеліп,

елімізге түйе малының тұқымын асылдандыруға еңбек еткен ардақты азамат. Ол қазір пенсияда, 80-жасты алқымдап қалған кісі, балалы-шағалы жігіт. Оның баласы Шайқы Еркеғұлов Алматыдағы Қазақтың Педагогикалық институтында мұғалім филика-матема-

тека ғылымдарының кандидаты.

Жаңайдың Тоян деген баласынан бес бала – Кеніш,

Деніш,

Қалыш,

Амандық,

Түгелбай.

Тояннан да кезінде жақсы көп шығады. Тоянның Нұрла Исаұлы деген кісі өзінен

кішілерге – тату болыңдар, жат деп адам баласын бөтенсіремең, жаман болса өзінен өзі

жаман болады, сен ешкімге жамандық я қиянат жасама,арамға жолама, адалдыққа, игілікке үйір бол. Қайырлы бол дейді екен. Бұл кісінің орны бар ма, жоқ па білмеймін,1920ж бері хабар жоқ..

Осы Тояннан Асар Берниязұлы деген кісі болыпы Асар заманында ерші және сынықшы болған.Осы Асардың сүйектен жасаған ерлері балаларында әлі күні бар. Оның

Баласы Жанқұл қартта Асар жасаған ері бар. Осы Асардың балалары Сисенбай,Айдарбай,

Жанқұл,қызы Төлеп шетінен сынықшылар. Бұл не қасиет екенін білмеймін? Тоян атанып

балаларында бірнеше оқыған жастар бар. Шәкенбай, Жұбаназар,Шүренбай,Жанбоз,Жам-

был т.б. Бұл ауылда басы жағынан кешегі 1931жылдары тозған ауыл еді. Қазіргі өсуі жақсы,70-80 үй шамасында.

Зорбайдың бәйбішесінен туған кенже баласы-Төлеке.Төлекеден Қамысбай.

Қамысбайдан 11 бала бәйбішеден- Жамансары

Нияз

Меңдібай

Қаражігіт

Өтеуіл

Жұма

Аршок

Нұрлы.

Күмісбек тоқалынан 3 бала болған.Бұлар 400-500 үйдей болды.1929-1930ж көпшілігі бай болып колхоздастыру кезінде тозып кетті. Қамысбайдан Маңғыстауда аз, 100 шамалы үй

оқып,білім алған жастар бар болар, білмеймін.Ертеректе Жамансарыдан шыққан Балқасым би Есекенов, Күмісбек тоқалдан шыққан Қолат деген қадірлі адамдары болған. Сол Қолаттың тоқалынан туған баласының тұқымынан шыққан Ершора Қайболдиев деген жігіт Маңғыстау совхозында инженер.

Қамысбайдың озі Шетпеден 15 км жердегі кауымда.Бұл қауымның Маңғыстау-

дан түркпендер кеткесін, Адайлар адамдарын көмген.Ескі моланың бірі деп есептеді. Қа-

мысбайдың үлкен баласы Жамансарыдан бері 8-9 атаға келді.Содан бері 225-230ж өткен

деп жорамалдаймыз. Сол Қамысбайдың ескі жобамен салған тамы бар. Қасында кіші әйел

Күмісбекке салынған кереге сағана там бар.

Осы Қамысбай Келімберді , одан Тобыш, одан Ораз,одан Жайык,одан Әлмембет

болатын руларға Маңғыстауда салынған 1-ші қауым. Ел өсіп, көбейгеннен кейін Әлмембеттің рулары әркім өзінің қоныс еткен жерінен мола салып кеткен . Бұл бейіттегі

жазулар осыны аңғартады.

Күмісбайдан жеті бала, бәйбішеден- Аңдау

Тыңдау

Үргешбай

Кінішбай

тоқалынан- Нысанбай

Төрткілбай

Көшкімбай

Күмісбай өспеген ауыл , небәрі 100 үйдей. Күмісбайдың бәйбішесі Ақтаудан Түркістан туады, одан Аққұлы ишан туған. Аққұлы ишан жасында Хиуада оқып, білім алған. Аққұлы ишанның баласы Білал патша заманында би болған. Болыстық правитель. Өмір деген жыршы Білал би қанағатшыл қары жорға , кім барса сол адаммен тайпарлайды деп Білал адаммен сөйлесе алатын болуы мүмкін. Білалдан – Жұмағали туады.

Жұмағалидан – Төлесін деген адам білімді, тәуір орында жұмыс жасайтын еді, арақтың зардабынан бұзылып , семьясынан айырылып тозып кетті.

Төлекеннің Қаржау деген баласы бар.

Қаржаудан алты-жеті бала - Сералы

Ералы

Алтыналы

Қараман

Досалы

Қарайдар.

Қарайдар , Қаржаудың баласының ең кенжесі . Бұл жерде Жетібай мұнай өндірісі тұрған Жетібай туралы бірер сөз айту керек – Қарайдар бай және мырза, соның кіші баласы бай Амандық бір жылы Маңғыстау жайлап қалады. Бекі, Сәубет деген жерлер ата қонысы, мол сулы жайылыстар. Сонда жайлап отырғанда Қарағия аталатын таудың үсті жалпақ тегістік әсіресе қыс та үш түлікке бірдей жақсы жайылым, қыс айында қар жауғанда барады. Адайлар үш түлік деп қой, жылқы, түйені айтады. Сиыр ұстамаған малы сондықтан оны түлікке есептемейді. Бір тентек Адай айтыпты-мыс: Сиыр көрсең салып өт деп, Маңғыстау Адайы сиырды әлі ұстамайды. Егер ұстасада тіпті аз. Маңғыстаудың жер жағдайыда сиырға қолайлы емес. Сол жазықта бір ой күн жауып суға толады. Адайларша ылди жерге су тұрса көл болмаса-да ой деп аталады. Соған Амандық бай көшіп барып кемді күн отырып көл таусылған соң қайта Бекі-Сәубетке қонады. Күзге қарай қой күнара,тіпті күн қағу болса екі асып жата береді. Қағу деген салқын деген мағынада. Амандықтың немере інісі Жетібай Ералы баласы Амандықтың қойын бағады. Бір күні көл орнында (шұқанақта – малдың балшықта жүрген ізінен қалған шұңқыр) су бар ма екен деп, шұқанақтан су тауып, атын суарып тұрғанда атының артқы аяғы шойырылып аты жүрмейді. Қойшы атынан түсіп қараса бір қақпақ тастың шетіне атының артқы аяғы кіріп тұр екен. Толарсақтан бекітуін тұзақтап салып, аяғын шығарып алып қараса ішінде суы бар тастан ойған шымырау (Адайлар оны усба деп атайды?) Көлден ішіне су толған. Жаңбырда құдыққа су құйылса мұны әуез дейді. Бұл жер күнара малдың өрісі, Бекі, Сәубеттен 24-30 км жер. Амандық бай мұны көріп, басына арық-тұрақ малдарын қондырып, күз Хиуаға қалашы (базаршы) болып тамақ, киім-кешек үшін жіберілген керуен болып кеткен. Керуен келгенде ауылға шешек ауруы жайылып, ауылда бірқатар адам өледі. Амандық байдың немере інісі Жетібайда осы шешектен өледі (шешек шыққан адамды Адайлар әдетте жалғыз қояды). Ойдың ортасында төбе бар. Оны Адайлар төрткіл деп атайды. Жетібайды сол төрткілдің басына жерлеп, басына шамалылау там салады. Адайдың сол маңды мекендеп жүрген бірқатар төменгі рулары құдық қазып, кейін бұл жерде құдық саны 30-40 шымырауға жетті. Көлді он-он бес ауыл жайлады. Құдық қазып, қоныс еткен мына рулар: Зорбайдың Тоқабайы, Жаңайы, Қаржауы, Бәйімбеттің Байбозы, Қырымқұлы, Жаманадайдың Мырзасы, Жарының Бектемісі, Жүзбайы, Орысбайы, Шоңайдың Даңы Құлыш деген кісінің ауылы. Содан бұл жер Жетібай атанып кетіпті.

Адай ішінде Бәйімбеттің Әнет дейтін атасы тәуір адамдар шыққан ауылдың бірі. Осы Әнеттің Қырымқұл деген атасынан белгілі Қалби би шыққан. Сол Қырымқұлды паналап, аз рулы Жетіру Табыннан 5-10 үй, Байұлы Жаппастан Бурабай, Жетібай дегендер Қалби биге кіріп, қоныстанады. Жетібай мен Бурабай өледі. Бурабайды Масат атаға қойып, оған төбелі там салады. Жетібай Жетібайда отырғанда өліп, сол жерге қойылады. Оларға да құлпытас, қойтас қойылды.

Осыдан ел аузында Жетібай осы деген лақап тарап кетуі де мүмкін. әңгіме Жаппас, я Адайлығында емес, тарихи шындықта. Мұны бұдан 40 жыл бұрын өлген кәрі құлақ Кенжеш Жақсылық баласы айтқан сөз. Сөзді сөз қуады ғой, 1927-1928 жылдары қыста Адайлар мекендеген Маңғыстауда үлкен жұт болды. Жұтпен күресетін Адай уездінің жауапты өкілі осыны жазып отырған Кенжеш қарттың үйіне Кендірліден келіп, қонып отырып сұрағанымда айтқаны. Жетібай адам аты ма? Бұл кім дегенде, ол кісі бұл Қаржау деп жауап берген болатын. Менімше сол Кенжеш ақсақал шамалаған болуы керек. Сол Амандық байдың тұқымы Ерниязда сол әңгімені осылай айтады.

Найзабек Қуанышұлы Амандық байдың немересі. Жасында бай баласы мырза, әрі шығарып айтатын суырып салма жыршы болған. Кейін жырды айтпай кетіпті. Бұда біздің атамыздың малын баққан, жарлы кісілері Жетібайды сол жерге қойды депті.

Менің атым Найзабек,

Екі кісі бас қосса,

Шақырады қайда деп,

Мен қазағыңдай алмаймын,

Ат-шапанды пайда деп.

Есейе келе жырды айтпай тастап кеткен екен. Осы Қаржаудан Қараман деген атасынан белгілі зергер Сарбай деген кісі шықты. Алтын мен күмістен алуан түрлі бұйым жасаған. Оның баласы Ноғайда әкесінің мұрасын ұстады. Бұлардың тұқымы Түркменстанға 1930 жылдары көшіп кетті.

Қаржаудың Алтыналы деген баласынан Ізімберді палуан шыққан. Ол Орынборда губернатордың үлкен палуанын жыққан кісі. Жауырыны жерге тимеген. Жас кезінде көрдім. Арық, қара, ұзын бойлы кісі еді. Өте жарлы болған. Тұқымы бар ма, жоқ па білмеймін. Өзі 1910 жылы 70 жас шамасында Форт-Шевченкода өлді.

Төлекеннің төртінші баласы Дорал. Бұл Төлекеннің асырап алған баласы. Доралдан төрт-бес бала болған - Жылқыбай

Аңдау

Қыстау

Есқара, біреуін ұмыттым.

Бұлардың ішінен Жылқыбай шебер тамшы. Оның ертеректе ескі жобамен салған тамдары Қамысбай, Сисем ата қауымдарында кездеседі

Ақшолпан сұлудан (Қожаназарға қосымша) Қошан, одан - Алданепес

Әбіл

Бұлар өспей қалған ата, 20-30 үй. Қарттар былай дейді: Қошан антқа көп ұсталған. Анттың ағы да, қарасы да бар ғой.

Қожаназардың Есбердісінен Ақтау зергер шыққан.

Мұңал туралы.

Мұңал Келімбердінің кенже баласы. Одан төрт бала. Кейбіреулер бес бала дейді - Жаулы

Шоғы (Қырықмылтық)

Наши рекомендации