Лекция. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту
Жоспары:
1. Дидактика зерттейтін негізгі мәселелер.
2. Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктерімен қызметі.
3. Оқыту процесінің психологиялық-педагогикалық әдістемелік негізі. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері, оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары.
Негізгі ұғымдар: Дидактика оқыту процесі, оқыту функциясы, заңдылықтар оқыту ұстанымдары.
Педагогикада оқыту теориясы-дидактика деп атайды. Дидактика-грек тілінен алынған (dіdasko) оқытамын деген мағынаны береді.
Дидактика «нені оқытуң, «қалай оқытуң керек деген сұрақтарға дәйекті жауап беруді іздейді, оқытудың негізгі мазмұның бағыты мен негізін белгілейді және әдісін, ұйымдастыру түрін анықтайды.
Бүгінгі педагогикада «Дидактика ң - білім беру мен оқытудың теориялық негіздеріне зерттейтін, пелагогика ғылымның саласы. Дидактика білім берумен оқытудың мазмұның, оқыту ұстамдарын, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және түрлерін қарастырады, сонымен бірге дидактика жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттейді.
Дидактика деген терминді тұнғыш енгізген неміс педагогі В. Радже (1571-1635). Ал дидактиканың берік ғылым ірге тасын қалаған яех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол өзінің 1632 жазған «Ұлы дидактикаң деген еңбегінде оқытудың мақсаты, әдістері мен ұстанымдары және сынып сабақ жүйесі туралы баяндаған.
Одан кейінде көптеген педагогтар ХҮІІІ ғ. Швейцар педагогы Иогани Генрих Песталоццы (1746-1827), ХІХ ғ. Неміс педагогі Фридрих Адольф Дистерверг (1790-1866), орыс педагогы К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин дидактиканың өсіп-өркендеуіне жол ашты, оны шығармашылықпен дамытты.
Дидактиканың негізгі категориялары білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту проуесі.
Оқыту теориясы ретінде дидактика мынадай мәселелері қарастырады. Білім берудің алғы шарттарын, заңдылығын зерттейді, оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттыруды қарастырады.
Педагогикада «процессң деген ұғым жиі кездеседі. Мысалы, оқу процесі, тәрбие процесі, еңбек процесі, оқыту процесі т.б.
Процесс – ілгері қозғалыс, жетістікке жетуге бағытталған бір ізділік әрекет.
Оқыту процесі дегеніміз – оқушылардың мұғалімнің басшылығымен бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттің нәтижесі арқылы оқушыға білім беру міндетін шешу. Оқу процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі, дағдыны қалыптастырады.
Оқыту екі жақты мақсатты іс-әрекет. Оның өзіне тән функциялары – білім беру, тәрбиелік, дамыту. Оқытудың білім беру функциясы-оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Оқытудың тәрбиелік функциясы оның негізгі мақсаты. Оқыту арқылы білім алуға тәрбиелейді, ақыл – ойдың қабілетін дамытып, тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығын арттырады. Оқытудың дамыту функциясы-оқыту, тәрбиелеу барысында тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, қабілеті дамиды.
Психологтар Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн-адамның дамуы тәрбие мен оқыту процесінде жетілуі, оқыту арқылы ойды дамыту керек дейді.
Оқыту процесі бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің мынандай құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Оқыту процесінің педагогикалық құрылымын – мақсат, принцип – мазмұн - әдіс – құрал – түрлері.
Мақсат ұстазбен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынас-тардың нәтижесі.
Мазмұн – мақсатқа жетуде оқушыларға берілетін тәжірибе.
Әдістер-мұғаліммен оқушының жетілдіру – қабылдауға арналған іс - әрекет.
Құралдар – материалдық тәсілдер мен әдістер.
Оқыту процесінің психологиялық құрылымына қабылдау, ойлау, есте сақтау, оқуға қызығушылық, қуат.
Оқыту процесінің психологиялық құрамын логикалық бір ізділікпен былай жазуға болады.
Нақты аңғару – түйсік, қабылдау. Абстракты ойлау – ұғыну, мәнін түсіну. Практика – бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің компоненттерін тексеру, бағалау.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Олар сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді.
Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайдан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңлыдықтар оқытудың мақсат мен әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланысты сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтып, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің жеке бөліктерін қамтиды.
Жалпы заңдылықтарға мыналар жатады:
1. Оқушының білімге ынтасы оқытушы әсерінің сәйкестігі.
2. Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекетіне оқытушы әсерінің сәйкес болуы.
3. Оқушының танымдық ақыл–ой және басқада мүмкіндіктеріне оқытушы әсерінің сәйкестігі.
4. Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін қазіргі таңдағы өмірмен іс-әрекеттің қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу.
5. Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі.
Оқыту ұстанымдары (принциптері). Принцип – (латын сөзі) басшылыққа алатын идея, қағида. Оқыту ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтардан тарайды, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы оның тұлғаға тәуелділігі. Сонымен бірге олар әлеуметтік жағдайларға да байланысты өзгеріп отырады. Оқыту ұстанымы оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бір-бірімен өзара байланыста болады.
Ең негізгі ұстанымдарға мыналар жатады.
· ғылымылық;
· саналық пен белсенділік;
· көрнекілік;
· жүйелілік пен бірізділік;
· беріктілік;
· тиімділік.
СОӨЖ-ның тақырыбы:
Жоспар
1. Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін педагогика саласы.
2. Оқыту процесі – мақсатты, жоспарлау процесі.
3. Оқыту заңдылықтары.
4. Оқыту ұстанымдары(принцип) туралы түсінік.