V. Рефлексиялық-бағалау бөлімі

· практика бойынша атқарылған жұмыстар толық қамтылған кең мазмұнды есеп;

VI. Бағалау қорытындылау бөлімі

· студентке берілген мінездеме (практика өткен орыннан);

· педагогикалық кеңестің хаттамасынан көшірме;

· практикадан өткендігі туралы анықтама;

· практиканың қорытынды бағасы.

VII.Портфолионы жасақтауға қойылатын талаптар:

· әрбір бөлім (жоғарыда көрсетілген 6 бөлім) бойынша жасақталған материал сауатты, бір түсті сиямен, түзетусіз, А4 форматта, құжаттар атауы, бөлім атауы жазылып жинақталуы тиісті;

· портфолио жинақтауда студент-практикантың сауаттылығы, шығармашылығы, іс-қағаздарын жүргізу деңгейі, шеберлігі көрініс табуы керек;

· құрылымы және ұйымдастырылуы (материалдың бірреттілігі және бірізділігі);

· мазмұны (материалдың сапасы мен ауқымы );

· кәсіби біліктілігі;

· әртүрлі оқу құралдары мен ресурстарды таңдау, дайындау және қолдану сияқты ерекшеліктері;

· өзіндік қолтаңбасының болуы (өзгеден көшірмеу, қайталамау т.б.).

ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ

Бақылау мазмұны Бақылау түрі
Практика базасы анықталғандығы туралы мәлімет Күнделік
Мектептегі педагогикалық процесі туралы мәліметтер Күнделік,кесте
Жоспарланған мектептегі педагогикалық процесін ұйымдастыру мен бақылау материалдары Күнделік
Топ ұжымын зерттеу диагностикасының материалдарымен таныстыру Ұжым мінездемесі
Баланың жекедаралық ерекшеліктерін диагностикалау материалдарымен таныстыру Балаға бөлек мінездеме  
Әріптік жүйе бойынша бағалау Балл % - дық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

Практика қорытындысын бағалау критерилері

№п/п Студент-практиканттың аты-жөні Жинақ балл Қорытынды балл
Мектептегі практика жетекшісінің бағалау критерийлері (максимальды балл 40) ЖОО әдіскердің бағалауының критерийлері (максимальды балл 50) ЖОО комиссиясы бағалауының критерийлері (максимальды балл 10) % әріпті Сандық эквивалент
               

ПРАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Курс компоненттері Баға салмағы Максимальдық балл
1. Мекемедегі практика жетекшісінің қорытынды бағасы а)жеке тұлғаның дара қасиеттерімен психикасының қалыптасу деңгейі:жауаупкершілікті,педагогикалық бағыттылық, еңбексүйгіштік,ептілігі т.б б)мектеп ұжымымен,ата-аналармен,оқушылармен өзара қарым-қатынас пен түсінушілік. в)практика бағдарламасына сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастыруды жобалай білу икемділігі г) педагогикалық процесті талдау ,сын-пікірлерді қабылдау икемділігі д)алдынғы іс-тәжірибелер мен инновациалық оқыту  
Педагогтардың ,психологтардың әдіскерлердің,практика жетекшісінің қорытынды бағасы 1.Педагогикадан теориялық білімі 2.Педагогикалық ойлауын дамыту 3.Психологиядан теориялық білімі 4.Рефлексиялық білімі (өзін анализ, өзінтәрбиелеу, өзінбағалау) 5.Дидактикалық білімімен икемділігі (оқу материалдарын оқыту,бағдарламаларды оқу,оқу-әдістемелік материалдар мен сабақты талдай білу икемділігі) Жобалау икемділігі(жоспарлар құру, жұмыстың жүргізілу жүйесін,сабақ конспектісін құру, материалдарды қолдана білу икемділігі) в)ұйымдастырушылық икемділігі г)адамдардың әлеуметтік өзара әрекеті д)зерттеушілік икемділігі   Мекемедегі практика жетекшісінің бағасы(мотивация,белсенділік,дисциплина т.б)    
Студенттің есеп құжаттарын қорғаудағықорытынды бағасы 1.материалдарды сапалық рәсімделуі 2.есебінің сапалы жүргізілуі 3.есебін сапалы қорғау 4.құжаттарды уақытылы тапсыру 5.құзіреттілік деңгейі
  Барлығы

ЖОО-ғы ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Диплом жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар

Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

· мұқаба (сыртқы беті) ( қосымша 1);

· титул беті (қосымша 2);

· диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма (қосымша 3);

· мазмұны (қосымша 4);

· кіріспе;

· негізгі бөлім;

· қорытынды;

· пайдаланылған әдебиеттер тізімі (қосымша 5);

· қосымшалар.

Мұқаба

Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

· диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы;

· студенттің тегі және инициалы;

· диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы;

· жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);

· мамандықтың атауы және шифрі;

· қала, жыл.

Титул беті

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу және іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

· диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы;

· диплом жұмысы (жоба) орындалған кафедра атауы;

· кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;

· жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);

· «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының атауы;

· мамандықтың атауы және шифрі;

· сол жағында - «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі мен инициалдары;

· бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің басқа регалилері көрсетіледі;

· қала, жыл.

Титул беті диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді. Титул бетке бет нөмірі қойылмайды.

4.Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма. Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма бастапқы материал мен көздердің сипаттамасын, студент әзірлейтін сұрақтар тізбесін, ұсынылатын әдебиеттер тізімін, графикалық материал тізбесін, диплом жұмысын (жобасын) жазудың толық күнтізбелік кестесін қамтуы тиіс. Диплом жұмысының (жобасының) тапсырмасын, жұмысты аяқтау мерзімін көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Диплом жұмысының (жобасының) тапсырмасы титул бетінен кейін нөмірлеусіз диплом жұмысына (жобасына) тігіледі.

5.Мазмұны. Диплом жұмысының (жобасының) мазмұнына кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен диплом жұмысының (жобасының) осы элементтері басталатын беттердің нөмерлері көрсетіле отырып, қосымшалардың атауы кіреді.

6.Кіріспе. Диплом жұмысы тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты белгіленіп, диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады, жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері (жинақталған түрде: сәйкес заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар, оқу әдебиеті, монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар материалдары және т.б.), зерттеу объектісі (жұмыс соның материалдары негізінде орындалған ұйымдар атауы), пәні, болжамы, жаңалығы, практикалық мәні айқындалады, аталған зерттеу объектісіне сипаттама беріледі, егер бұл мүмкін болса, қысқаша түрде (кестемен немесе мәтінде) қызметтің негізгі көрсеткіштері (жұмыста осы сұраққа арналған арнайы тарау немесе жеке параграф болмаған жағдайда) келтіріледі.

7.Бірінші тарау. Зерделейтін пәннің нормативтік-құқықтық базасы, осы пәннің мазмұны мен жіктеу сұрақтары қарастырылады; зерттеу сұрағының нақты міндеттері көрсетіледі.

8.Екінші тарау. Екінші тарау диплом жұмысындағы негізгі тарау болып саналады.

Екінші тарауда эксперимен жұмыстары толық көрсетілуі тиіс,

9.Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс. Қорытындылар мен ұсыныстарды баяндауға екі нұсқаның (тәсілдің) бірін пайдалануға кеңес беріледі, бұл жұмыстың жекелеген тарау параграфтарында олар толық ашылып көрсетілу-көрсетілмеуінен байланысты болады.Егер зерттеу пәнін зерделеу салдарынан пайда болған қорытындылар мен ұсыныстар сәйкес тарауларда жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар, тізбе түрінде, негізінен, дәлелдерсіз, бірақ та оларды толық негіздей, диплом жұмысының тиісті беттеріне сілтеме жасай отырып ұсынылады.

Егер қорытындылар мен ұсыныстар «Қорытынды» бөлімінде ғана ашып көрсетілсе, онда олардың тізбесімен қатар, әрбір ұсынысты тәжірибеде қолданудың дұрыстығына және тиімділігіне негіздемелер келтіріледі.

Зерттеу мәселесін жетілдіру бойынша, диплом жұмысы авторының енгізген ұсыныстары ерекше қолдауға лайықты. Мұндай жағдайда қорытындылар мен ұсыныстарды мына жалғастықпен баяндаған дұрыс болады: алдымен, жұмыс авторының пікірі бойынша кемшіліктер туралы қорытындылар, содан соң – зерттеу объектісі болып саналған ұйым бойынша сәйкес сипаттағы қорытындылар мен ұсыныстар.

Сонымен, қорытындылар мен ұсыныстар, толық дәлелдер келтірусіз қысқа тұжырымдалған және нөмерленген қағида – тезистер (егер ол диплом жұмысының тиісті тарауларында бар болса) немесе қысқа баяндалған, бірақ жеткілікті негізделген түрде жоғарыда айтылған жалғастықпен ресімделеді.

10.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталған тізім «Қорытынды» бөлімнен кейін диплом жұмысының соңында келтіріледі (қосымша 5). Аталған тізімге, студент нақты игерген және диплом жұмысында қандай да бір шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс. Тізімде ақпарат көздері, диплом жұмысының мәтінінде оларды пайдалану жалғастығы ретімен көрсетілуі тиіс.

11.Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған, дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.

Диплом жұмысында қабылданған шешім, барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі үшін студент – диплом жұмысының (жобасының) авторы жауапкершілік алады.

Наши рекомендации