Физиканы оқытуда инновациялық технологияны қолдану әдістері» пәнін оқытудың мақсаты
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Бекітемін»
Жұмысшы бағдарламалар
комитетінің төрайымы
М.Р.Көшербаева _________
“ ” 2016ж.
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ» ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСШЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кафедра: «Физика»
Оқу жылы: 2016-2017
Курс-3
Кредиттер саны: 3
Оқу түрі: күндізгі
Cеместр: 5
Барлық сағат: 135 сағат
Лекция: 30 сағат
Практикалық: 30 сағат
БӨЖ: 45 сағат
БОӨЖ: 45 сағат
Емтихан: 5 семестр
Оқытушының аты-жөні: С.Ш. Егембердиева
Қосымша сабақ: кесте бойынша
Тараз 2016
Жұмысшы оқу бағдарламасы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалынды.
Бағдарлама «Физика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
« » 2016 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Б.Ж.Көшкімбаева
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің жұмысшы бағдарламалар комитетінің мәжілісінде талқыланды.
« » 2016ж. № хаттама
Физиканы оқытуда инновациялық технологияны қолдану әдістері» пәнін оқытудың қажеттілігі мен өзектілігі
Физиканы оқытуда инновациялық технологияны қолдану әдістері» пәнін оқытудың мақсаты
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды- машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздептабу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғарғы білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады.
Мұғалімдерді даярлау – қай уақытта да өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық- педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастығы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам
дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігі көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетеміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда төмендегідей жұмыстар атқарылуы тиіс:
· Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім
алуға, өмір сүруге бейімдеу;
· Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға
бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
· Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігінде орта білім беру
жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
· Білім берудің иллюстративтік-түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту
жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парагдимасының өзгеруімен қатар жүреді.
2. «Физиканы оқытуда инновациялық технологияны қолдану әдістері» пәнін оқытудыңмақсаты.
Қазіргі педагогикалық ғылымның бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталаған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар-бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдамалары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытып оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық жаңа технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
3. Студенттердің білімі мен дағдылануына қойылатын талаптар:
Студент таныс болу керек:
Орта мектеп физика курсының барлық бөлімдерінің құрылымы және мазмұнымен, оны оқытудың әдістемелерімен.
Студент білу керек:
Мектеп физика курсының құрылымы мен мазмұны, оның беру және
тәрбиелеу мүмкіндіктерін, курстың негізгі мәселелерін оқытуда дамыту әдістемелерін жүзеге асыру жолдарын.
Студент үйренуі керек:
Тақырыптың ғылыми-әдістемелік талдауын, физиканың барлық бөлімдеріндегі тақырыптарына инновациялық технологияларды қолданып өтуді, физикалық экспериментті жүргізуді, техникалық оқу құралдары мен ЭЕМ пайдалануды, әдістемелік мәселелерді келешек дамытуға белсенді қатысуға үйрену керек.