Білімді бекіту әдістері
Білім тексеру негізгі биологиялық ұйымдарды қалыптастырып білімді, іскерлікті және дағдыны баянды ету мақсатын атқарады. Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың білім жағдайын анықтау – оқу процесін жетілдіріп, оның сапасын өте қажет жағдайға жеткізу мектеп оқушылары неғұрлым көбірек есепке алынып отырса, соғұрлым оқу процесін басқару жүйесінде кең мүмкіндікте болады. Білімді үнемі тексеріп тұрса мектеп оқушылары оны ұзақ есте сақтап, ондағы кемшіліктерін толықтыруға мүмкіндік алады.
Тіршіліктану курсында мына әдістер мен білім тексеру формалары көбірек таралған:
- әрбір сабақтарда қолданатын жеке және жаппай ауызша сұрау;
- сынып оқушыларын толық қамтып сұрау,
- білімді мезгіл-мезгіл және жинақтап тексеру үшін жазбаша жұмыс жүргізу;
- сынақ (зачет) алу, семинар мен конференциялар өткізу;
- сарамандық (практикалық) тексеру.
Мектеп оқушыларының сабаққа әзірлігін, үй тапсырмаларын орындауын, ұғымдарының дамуын ауызша тексеру үнемі бақылап отыруға тура келеді. Сабақтың басында немесе жаңа материалды түсіндіруге байланысты сұрақ қою мектеп оқушыларының жаңа оқу информациясын меңгеруге негіз болатын білімді жүйеге келтіруіне көмектеседі.
Әдетте ауызша тексеру сабақтың басында өткізіледі де, мектеп оқушыларының өткен материалды қаншалықты игергендігін айқындауға мүмкіндік береді. Ауызша сұраққа оқушылардың әрқайсысына 4-5 мин-тан, 15-18 мин мөлшерінен артық уақыт бөліндейді.
Жеке сұрау берген кезде бүкіл сыныпқа сұрақ әзірлеп, мектеп оқушыларына жауап қайтаруға жоспар жасауына уақыт беру қажет. Жауабы дұрыс болмаған жағдайда оқушының сыпайы ғана кідіртіп, сынып оқушыларының жіберілген кемшілікті түзетуіне мүмкіндік жасау қажет.
Тақырыпты аяқтағаннан кейін осы барлық оқушыларының қалай меңгергендігін тексеру қажет. Бұл үшін не семинарлық сабақтар, не конференция ұйымдастырылып, бүкіл бөлімдер бойынша қорытындылау және бөлімдер тұтастығын сақтауға бағытталған оқушылардың баяндамалары, сөйлеген сөздері тыңдалады.
Ауызша тексерудің басқа формасы – курстағы ірі бөлімдерді: дарвинизм, цитология, генетика және селекция, экология негіздері және биосфера туралы ілімді үйренгеннен кейін сабақтан тыс уақытша жеке сынақ (зачет) алу қажет. Мектеп оқушыларына сынақ алардың алдында сұрақтар қажетті кітаптар тізімі беріледі.
Жазбаша жұмыстар:
Сыныптағы бүкіл оқушыларды бір – мезгілде қамтып, білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сабақ үстінде 15-20 мин. ішінде мектеп оқушылары курс мазмұны бойынша сұраққа жазбаша жауап қайтарады, сынақ тестінде жауап қайтарып, терминологиялық диктанттар жазады, сызба нұсқалар (схемалар), кестелер (таблицалар) жасайды.
Диктант өткізген кезде қатар отырған мектеп оқушылары бір-бірінен анықтамасын немесе сипаттамасын көшіріп алмау үшін кем дегенде терминдерді екі түрлі жасау қажет.
Бақылау және эксперимент.
Мектеп оқушыларының топсеруенде, зертханалық (лабороториялық) сабақтарда өздігінен тексеру жұмыстарын орындау барысында, сабақта толық қамтып сұрау кезінде, мына типтегі тапсырмаларды:
- клеткалардың препараттарын, ұлпаларды (тканьдерді), қарапайым жәндіктер культурасын дайындап объектілерді таный білуді;
- тірі клеткалардың ферменттердің әсерімен хлорофилдың оптикалық қасиеттерін көрсететін тәжірибе жасауды;
- қарапайымдардың қозғалыс реакциясының бейімділік маңызын эксперимент жәрдемімен дәлелдей беруді; орындаған кезде іскерлік пен білімді тексереді.
Мектеп оқушыларының топсеруен, зертханалық (лабороториялық) сабақтар өздігінен жұмыс істеу кезінде білімді, іскерлігі мен дағдысы берген есептер бойынша бағаланады.
Есептерді салыстырып, бағалай білу үшін оқушыларға жоспар жасап беру қажет, мысалы: «қандай сұрақтар мәдени формалар эволюциясының қозғаушы күші» тақырыбындағы топсеруен бойынша жоспар.
1. Бір түрдің 2-3 сортын салыстыру. Олардың ұқсастық пен айырмашылық себептерін түсіндіру.
2. Әрбір сорттардың халық шаруашылығындағы маңызын ашу. Оны адамның өсіруі үшін қажетті белгілерін сипаттау.
3. Сол түр сорттарының пайда болуындағы сұрыптау мен тұқым қуалау өзгергіштігінің ролін суреттеу.
Мұғалім дәстүрлі сабақ жоспарын жазады. Ол былай іске асады.
І. Сабақтың тақырыбы:
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі:
Б) тәрбиелігі:
В) дамытушылығы
ІІІ. Сабақта пайдаланатын әдіс – тәсілдер:
А) сұрақ – жауап
Б) жүйелеу
В) баяндау
Г) проблемалық жағдай туғызу
Д) аралас түсіндіру
Е) әңгімелеу
Ж) ойын арқылы дамыту.
IV. Сабақтың көрнекілігі: оқу кестесі, плакат, сурет, кеппешөп т.б.
V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үйге берілген тапсырманы қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру (15-20 мин.)
4. Бекіту кезеңі
5. Үйге тапсырма беру, тексеру (5 мин.)