Білім беру мазмұны туралы түсінік.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі
теориялары XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында
қалыптасты. Олар материалдық және формалдық деген атқа
ие болды. Біріншісі - дидактикалық материализм немесе
энциклопедизм теориясы деп аталған. Ол бағыттағы
ұстананымдарда білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларды
ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен
көлемде білім беру. XVII ғасырдың чех педагогі Я.А.
Коменский "Дидактика" деген еңбегінде білім мазмұнын
қарады.

XIX ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдама бүгінде құнын жоймай кейбір оқу жоспары мен оқулыққа талдау жасауда оқушылардың меңгеруі қиын жағдайда да көп көмегін тигізіп отыр. Дидактикалық формализм немесе білім мазмұнының формальдық теориясын қайта жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын және даму қабілеттілігін оқытуды қарастыруы оку пәндерін таңдауда негізгі өлшем ретінде оқу пәнінің дамытушылық қызметі болып табылады, әсіресе классикалық тілдерде, математикада.

Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс-әрекет аймағынан келесіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды. Оны жақтайтындар ерте кезден белгілі, оған Героклит оның айтуынша "Көп білім, ақылды етпейді"- деген. Цицерон да оны жақтаған. Қазіргі кезде дидактикалық немқұрайдылық теориясының қағидалар негізі - И.Кант, Песталоцци философиясы. Оның айтуынша оқтудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлауын жақсарту осы ойға жақын А.Дистервег өзінің 1850 жылғы "Неміс оқытушыларына басшылық"-деген еңбегінде өз көзқарасын білдіреді. Білім беру мазмұнын қарастырған кезде оқушылардың таным әрекетінің қызығушылығының қабілетіне, көңіл қоюы, есі, ойлау қабілетін ескеру қажет. Бұл теорияның кемшілігі оқу бағдарламасында пәннің тіліне көңіл бөлу.

Пәнді игеруде окушының ойлау қабілетін қалыптастыру. Бұл екі жақты дидактикалық тәуелділікті білім беру мазмұнында энциклопедизм өкілдері жеткілікті түсіндіре алмады. Формализмді оқытуды жақтаушылар да оқытудың субъекгивтік жағының мәнін асыра бағалады. Бұл екі теорияда К.Д. Ушинскийдің сынына ұшырады. "Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді"-деді. Оның ойынша мектеп адамды білім жағынан сусындататын және де сол терең білімді игеруге үйретуі тиіс дейді. Білім беру мазмұнын таңцағанда материалдық және формальдық әдістердің бірлігін қамтамасыз ету идеясын К.Д. Ушинский ұсынды.

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Жеке тұлға дамуы оқытумен

тығыз байланысты болғандықтан, білім беру мазмұнын анықтау қажет.

Білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тума қасиеттерге байланысты жеке тұлғаны қалыптастырады. Білімнің мазмұны мектептің негізгі мақсаты. Білім беру мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.

Педагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі мазмұны. Ғалымдардьщ пікірі бойынша білімділік сапа білім мазмұнының құндылығы.

Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднев, Б.М. Бим-Бада, А.В. Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Бірқатар елдің педагоггары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардың және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр.

Әртүрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеруі үшін оқу бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты басшылыққа алуда.

Ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім, мазмұнын анықтауда жастарды жалпыға бірдей біліммен қамтамасыз етуде оқу бағдарламасын және оқулықтарды жетілдіру міндетті.

Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім мазмұныда өзгеруде, бірақ білім мазмұнын өзгертудегі маңызды мәселе теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей білім беруде теориялық тұжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді. Азаматтың құндылықтары жоғары болуы қазіргі білім мазмұны әлеуметтік сұраныс, нақты тарихи қоғамдық экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білім мазмұнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысында терең білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген азамат тәрбиелеу.

Білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін аға ұрпақтың мол тәжірибесі кейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мәдениетінің мазмұнын одан әрі дамыту.

1)ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мамұнының негізгі теориялары, зандары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;

2)білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін көрсету;

3)оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу мүмкіндігіне сай білім мазмұнының күрделілік қарау;

4)әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмұнының көлеміне қайтадан қарау;

5)орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;

6)мектептің оқу-әдістемелік жөне материалдық базасына қарай білім мазмұнының сәйкестілік өлшемін ескеру;

Білім беру мазмұны жайында сөз айтсақ оның мақсаты қоғамның қажеттілігімен жеке тұлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік құндылықгы дамуы арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.

Білім берудегі көрсетілген мақсат білімге, дағдыға, іскерлікке деген қатынас жеке тұлғаның физикалық және ерікті-құндылық, ақылдылық жан-жақты жетілген азамат қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады. Өмірдегі қажетті мәдениетті, өнерді, ғылымды игеру әркімнің өз мақсаты түрлі әдіс - тәсілдердің көмегімен игерілуі тиіс.

Адам жеке тұлға болып қалыптасуда, қоршаған ортамен қарым-қатынас барысында өзіне жақсы өнеге, адамгершіл тағлымға үйренеді.

Сонымен қатар білім беру мазмұнының толық бейнесін мына жағдайда ғана көруге болады, егер жеке тұлға саналы өзгеріс болатын болса. Жеке тұлғаның динамикасы деп – субъектінің санасы қасиетіндегі өзгерісін атайды, ол адамның онтогенетикалық дамуын құрайды. Ол іс-әрекет нәтижесінде іске асады. Басқаша айтсақ субъектінің дамуы оның дамуы іс-әрекетінің жемісі болып табылады. Іс-әрекеттің жетекші идеясы түрінды сөз болып отырған ілім жеке тұлғаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің басқа да (ойын, еңбек, қоғамдық) түрлерімен сабақтас болып келеді. Осыдан жеке тұлғаның іс-әрекеті білім беру мазмұнының детерминанты (негізі) болып шығады. Сондай-ақ оны В.С.Ледневтің теориясы негізге ала отырып, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару. Педагогика иеорисы жалпы білім беру мазмұнының қалыптастыру ұстанымы ретінде мәдениетті, иньелектуалды, қоғамды дамыту, білім беру мазмұнының ұстанымының барлық элементтеріне барлық деңгейде талапқа сай құрастырылуы тиіс.

Дәстүрлі білім, дағды, іскерлікті қалыптастырумен бірге білім беру мазмұнына жеке тұлғаның өсуі, мәдени өміріне және көңіл аударуды талапе етеді. Жалпы білім беру мазмұнын қарастыруда оқытулың бірдей мазмұндық және процесуалдық бағытын ұстанымы ғылыми-пәндік бағдары біржақты болмауы тиіс. Білім беру мазмұны нақты оқу поцесін игерумен байланысты, онсыз болу мүмкін емес деп топшылайды, щынайы педагогикалық өлшем бойынша. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын жасағанда ұстанымдарын және технологиясын меңгерудің соңғы деңгейі әсер етуін ескеру қажеттігін көрсетеді. Білім беру мазмұнының негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізін құраушы пән, оқу материалдары педагогикалық іс-әрекет оқушының тұлға болуымен сәйкестенуін қалайды. Жалпы білім беру мазмұнының құрылымдық ұстанымдарын таңдағанда соңғы жылдары

білімдік бағдардан жеке тұлғаның бағдарлы біліиге өтуге байланысты берік гуманитарлық тенденция қалыптасты. Жалпы білім беру мазмұнының гуманитарландыру ұстанымын ең алдымен оқушыларға жалпы адамзаттық мәдениеті белсенді шығармашылық және практикалық жағынан игеруге жағдай жасауға тікелей байланысты. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдағы жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның гумандық мәдениетінің негізгі компоненті: өзін-өзі анықтау мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интелектуалдық адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениеті сияқты қалыптастыруға байланысты. Бұл ұстаным өте көп қырлы. Жалпы білім беруде гумандыққа қарсы үрдісті жеңуге оның мазмұнын фундаментализациялау. Ол гумандық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді ғылымаралық байланысты және сабақтастықты орнықтыруды талап етеді. Осылай оқыту, білім алу дағдысымен іскерлікті қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өздігінен іскерлік дағдыны меңгеруі жаңа білімді игеру әдісі болып табылады.

Білім берудің мазмұнын орнықтыру оқыту процесін жаңартуды және сонымен бірге гманитарландыруға негіз болады, яғни оқущылар артық білімді ақпараттардан босатылып, жеке өзінің шығармашылығының дамуына мүмуіндік алады. Жалпы білім беру мазмұнының барлық компоненттері және жеке тұлғаның (базалық) негізгі мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты. Білімсіз дағды мүмкін емес, шығармашылық іс-әрекет белгісі бір біліммен дағдының негізінде қалыптасады, тәрбиелік осы іс-әрекеттегі білімге байланысты, яғни біреумен қарым-қатынас жасағанда өзінің немесе басқаның білдіретін эмоциясына тәртіптілік дағдысын қалыптастьырады.

Наши рекомендации