Мұғалімдер үшін сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы
Сыни тұрғыдан ойлаумәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.
Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен талқылауға қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатаным үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.
Лекция ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕНУ
Заманауи түсінік
Зерттеу көрсетіп отырғандай, оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
• жүйелі ойлануға үйрету;
• өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;
• оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
«Қалай оқу керектігін үйренудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілетбар да, сол сияқты танымды тануда бар. «Метатануды» индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау қабілеті ретінде сипаттайды. Бейресми түрде, қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын ойлау және мұндай ойлаудың нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
• білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
• жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
• міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан қалай оқу керектігін үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Негізгі алғышарт мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың метакогнитивті немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады. Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік көлемі «Жақын арадағы даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). Қолдау көрсететін ересек адам «рефлективті агент» ретінде жұмыс істей отырып, оқушының әрекетіне жауап береді және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. Бұл үрдісті Жером Брунер «саты құру» деп тауып айтқан. «Саты құру» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады.
Өздігінен реттелетін оқудың үш элементіаса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002):
• тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
• оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
• проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.