Акме ұғымының мазмұны

Акме – (грек тілінен аударғанда – шың, кемелдену кезеңі) – бұл жоғарғы нүкте, тұлғаның кемелденуі, оның жоғарғы жетістіктерге қол жеткізудегі кезеңі, оның барысында әр түрлі салалар бойынша тұлға жетілуінің кӛрініс беруі, оның қабілеттері мен даралығының барынша дамуы байқалады. «Акме» ұғымы кәсібиліктің шыңына шығу сол арқылы ӛмірде табыстарға жету, шығармашылық әлеуеттің дамуы мен адамның шығармашылық әрекет жағдайында ұзақ болуымен түсіндіріледі. Маманның кәсіби тұрғыдағы жетілуі және оның шыңына жетуі оның кенеттен әрі бірден қалыптаса салмайтын полифункционалды жағдайы. Оған индивидтің алдыңғы сатыда алған білімдері мен жинаған тәжірибелері «жұмыс жасайды». Тек солар ғана маманның қандай тұлғалық бағдарлары мен кәсіби қабілеттері, қаншалықты білім қоры мен білік, дағдылары оны жасампаз субъект деңгейіне жетелейтінін кӛрсетеді.

Тұлғалық-кәсіби дамуды акмеологиялық зерттеу

Психологияда даму принципі көп қырлы, сондықтан ол арнайы психологиялық білім аймағы болды. Акмеология психологиялық дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды.Олар:

— дамушылық жетілдіру, өсуіне, жоғары деңгейдегі барысы;

— даму сипатының субьектілігін тану;

— даму процесі мен талдау процесі қарама – қайшылықсыз болмайды, субъектісі болмаса;

— акмеологияда даму принципі жекешілік даму сипатын анықтайды;

— акмеологияда дамуды өмірлік дамуында және іс-әрекетте, өмір жолындағы дамуының байланысы;

— акмеология бірізділік кезеңдерін анықтамайды, тұлғалық кезеңі идеямен және болашақпен байланысты.

Акмеологиядағы дамушылық ол: сапалық, мәдениеттілік.

Акмеологияға сүйенсек – тұлғаның мәдениет қасиеті өз-өзіндік бейнелеушілігі, өз-өзін жүзеге асыруы, бұның бәрі кәмелеттік дейді.

Арым-қатынас стильдері

Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделіпроцесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті,коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.

Қарым-қатынастың түрлерi:

1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.

4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:

1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.

2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.

3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.

4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Наши рекомендации