Taқыpыбы: БӘРІН ЖАҚСЫ КӨРЕМІН
Мақсаты: «жақсы көру» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;
- айнала қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көру сезімдерін дамыту;
- айнала қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс:Жақсы көру жақсы қасиет.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шенбері Педагог шаттық шеңбері арқылы сабақтың бас кезінде балалар үшін жайлы жағдай туғызып, өзіндік қажеттігін сезінулерін қамтамасыз етіп, өздерін жақсы сезініп, жай-сыздықты сейілтіп, балалардың бір-бірін жақсы көруге, өзін жақсы көруге мүмкіндік туғыза алуы тиіс. Бұл сабақтағы шаттық шеқберді тәрбиеші музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен Е. Елубаевтың «Достық» өлеқін балалармен бірге қосылып орындай отырып ұйымдастыруына болады. | Достық Сөзін жазған Е.Елубаев Әні жазған И.Нүсіпбаев Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. (2 рет) Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы. (2 рет) Туыспыз біз бәріміз. Бір Отанды сүйеміз. Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз. (2 рет) |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Әңгімелесу Педагог балалардъщ айнала қоршаған ортаны, барлық адамдарды жақсы көру жөніндегі ой-ниетімен, көз-қарасымен танысу мақсатында сабақта әңгімелесу әдістемелік тәсілін пайдаланып, төмендегідей сұрақтар қоюына болады. • Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер? • Оларды неліктен жақсы көресіңдер? • Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді? Қалай жақсы көреді? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. Әнгімелеу Алғыс М. Төрежанов Помидорға тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне: - Апа, дәмді помидор бергеніңіз үшін рақмет! - деді. Ол алғысты маған айтпаңдар, жақсы помидор өсіргені үшін бақшаға айтыңдар! Балалар бақшаға жүгіріп келеді де, помидор өсіп түрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырады. Помидор жапырақтары былай деп сыбырлайды: Ол алғыстарынды бізге айтпаңдар, қара топырақты жерге айтыңдар! Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты: -Мейірімді жер, дәмді помидор өсіргенің үшін көп-көп рақмет! Ал жер болса: - Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді. - Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы тауға келіп, таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде: - Рақмет, саған жомарт бұл! Сенің мейіріңе сусындаған помидорды жеп, бір рақаттандық! - деп айқайлады. Бұлт игі еңбекті бағалай білетін балаларға былай деді: - Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар! Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспен: - Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған помидор қандай тәтті еді. Сол үшін саған көп-көп рақмет! - десті. - Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді күн күлімдеп тұрып. - Помидорды отырғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар! Оны дәмді еткен адамның еңбегі! Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып: -Менің еңбегімді бағалағаңдарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп, өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді. Педагог балаларға өзін жақсы көретін жақын адам-дардың қаншалықты қымбат екендерін сезінтіп, қадірін ұғындыра түсумақсатында балаларға төмендегідей мәтіндерді қосымшы оқып беруіне болады. | Бәрінен де жақсы Л. Н. Толстой Бір кішкене қыз көшеде, топты адамның арасында шешесінен адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп, бақырып жылапты. Оны көрген адамдар жұбатып: - Сен жылама! Біз сені қазір шешеңе алып барамыз. Сенің шешең қандай еді? - деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып: - Сіз білмеуші ме едіңіз? Менің шешем - ең жақсы адам. Ол бәрінен де жақсы, - депті. Педагог балаларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады: • Өздерің осындай жағдайда қалай жауап берер едіңдер? • Сендердің аналарың қандай? Көже А. Флеров - Мен бұл көжені ішпеймін, дәмсіз, - деп, қызы қасығын тастай салды. - Дәмді болмаса, ішпей-ақ қой, - деді шешесі. - Басқа көже жоқ. Мүмкін, кешкі асқа дейін дәмдірегі табылып қалар. Сөйтіп, анасы асты жалғыз ішті. Астан соң олар бауға барып, кешке дейін жұмыс істеді. Кешкі асқа анасы тағы көже әкелді. - Міне, мына көже дәмді! - деп, қызы қомағайлана іше бастады. Мұны көріп күлген анасы: -Қызым, әлгі ішкенің де түскі астағы көже еді ғой, -деді. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Жақсы көру. Сүйіспеншілікпен қарау. Сыйлау. Кешіре білу. Түсіне білу. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | - Балалар, біз бүгін айнала қоршаған ортаны, барлық адамдарды жақсы көру керектігі жайлы әңгімелестік. Жақсы көру дегеніміз - басқалардың ой-ниетімен, көз-қарасымен және сезімдерімен санаса білу. Бір-біріңің қателігіңді кешіріп, кешірімшіл болуға үйрену екендігін түсіндік. Айналаңдағы жақын адамдарыңның жақсылығын, қамқорлығын сезініп, біліп, бағалап жүру керектігін ұғындық. | Жүректен жүрекке Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, «Мен барлығын жақсы көремін, өйткені...» деп өз ойларын айтады. - Мен анамды жақсы көремін, өйткені ол мейірімді. - Мен әкемді жақсы көремін, өйткені ол менің ең жақын адамым... деп өз ойларымен жалғастыра береді. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:«жақсы көру» ұғымы туралы.
Tүciнiгi:Айнала қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауды.
Kөpceтe бiлyi: Жақсы қасиеттер көрсете біледі.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.