Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқытудың әдістемесі
Үштілділіктің саясатын тіршілікке жүзеге асыру, үштілділік құндылықтарын қабылдау сияқты және көптілділік тұлғаны шағын жинақты мектептердің жағдайында ғылыми жобалардың өзектілігін көрсетеді және тәжірибелік іс-шаралардың айқындауын талап етеді.
Оқыту процесінің ұйымдастыруы белгілі болғанда ғана мазмұнын ерекше іріктеген жағдайда ғана, оқыту қағидаларының, арнайы технологияны әзірлегенде, сәйкес жоспарлауды қарастырғанда, оқыту және осы оқытудың қорытындыларын бақылағанда полилигвалық тұлғаны қалыптастыру мүмкін.
ШЖМ жағдайында көптілділік білімді ұйымдастыруға когнитивті – коммуникативтік технологияларды қолдану тілдік және тілдік емес пәндерді оқыту жағдайында билингвалық (орысша-қазақша, орысша-ағылшынша) тұлғаның тиімді қалыптасуына әсер етеді.
ШЖМ жағдайында оқыту көптілді тұлғаны қалыптастыру процесі оқу жоспарына күрт өзгерістерді еңгізуді талап етеді. Ол қазақ тілінде оқытатын мектептер орыс және шет тілдерінің сағаттарын арттыру немесе қазақ тілінде оқыту топтарында, қазақ және ағылшын/неміс тілдерін орыс тілінде оқытатын мектептерінде немесе орыс тілінде оқыту топтарында, біріктіріліген тілдік курстарын құру, оған бірыңғай тақырыптық минимумын анықтау, бірыңғай жағдайлық минимумын, бірыңғай сөйлеу талабы минимумын, үш тіл бойынша лексико-фразеологиялық және грамматикалық минимумдардың сематикалық белгілері бойынша сәйкес құрастыру.
Когнитивті-коммуникативтік және функционалды-коммуникативтік оқыту технологияларын қолдану, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Булатбаева құрастырған [5] тілдік және тілдік емес пәндерді оқыту жағдайында билингвалық тұлғаны (ағылшынша-қазақша) тиімді қалыптастыру ықпалын тигізеді.
Көрсетілген байланысу технологиямен қазақ және ағылшын тілдерінде қалыптастыру және жетілдіру процесінде пәндік құзыреттілік арқылы жүзеге асады:
- зерттеу тақырыптары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөздік қорды байыту лексикалық минимумның тақырыптық ұсынымы негізінде;
- белсенді типтік құрылымы минимумының негізінде сөйлеудің грамматикалық құрылысының арттыруы, кіші тақырыптар бойынша сөйлеу интенциясының негізін құрау үшін;
- зерттелген тақырып шеңберінде диалогтік және монологтік түрде қатынасын дамыту.
Тұжырымдамалық тәсіл, ШМЖ-да көптілділікке үйретуге негізделген, п.ғ.д. К.Н. Булатбаева [5] ұсынған:
- мұғалімге нақты біліп және барлық оқу жылдарына оқу үдерісін жоспарлауды көмек көрсетеді, белгілі сыныпта бір оқу жылына, бір тоқсанға, сабақтардың тақырыптық циклына, белгілі бір сыныпта белгілі бір сабаққа;
- жүйелеу және пәндік, тілдік, сөйлеу, коммуникативтік, этномәдениеттік құзыреттілікті арабайланыстық қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
- осы өмірде кездесетін тақырыптарға және тілдік емес барлық пәндерге байланысты оқушыларды барлық тақырыптарға сөйлеуге үйрету;
- қатынас жағдайына сәйкес тілдік құралдарды ұғынып таңдай ала біліп және мақсатты түрде үйрету;
- оқытудың қорытындыларын бақылап отыру (ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау).
Оқу үдерісінде кітаптағы дүниетанымы мен сөйлеу қабілеттері назар аударылатын болып табылады. Функционалды-коммуникативтік технологияларға сәйкес тілдік қорды байытқан белгілі тақырыптар щеңберінде, грамматикалық құралдары жаңаланады, синтаксистік синоним негізінде сөйлеудің грамматикалық құрылымы кеңейеді, диалогтік қатынастың шеберлігі дамиды. Әр тақырып бойынша курстың құрылымын іріктегенде когнитивтік құрылымды ескеру қажет, сөйлеу ниетін әлеуетті үлгісі және белгілі тақырып шеңберіндегі жағдайлар, олардың лексикалық және грамматикалық қызмет ететін құралдары. Орташа жалпы білім беру деңгейінде кешенді тілдік, сөйлеу, коммуникативтік, елтану құзыреттілікті қарастырады. Осы мақсатта әрбір тақырып бойынша лексикалық минимум, белсенді грамматикалық құрылымдар, мәтідердің түрлері, қатынас типтік жағдайлары құрастырылады.
Экстралингвалық құралдарды азайту тілдік материалдарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, дәстүрлі тілдік жүйенің абстракциялық бейнелеуіне қарағанда, тілдік жүйеге ұсынымына функционалдық тәсілді қолдану қажет.
Экстралингвалық және лингвистикалық материалдарды азайту теориялық тәртіптің негізін аламыз. Құралдардың ішінде барлық тілдерге ерекше негіз болатын экстралингвалық материал (тақырып – сөйлесу ынтасы – сөйлесу жағдайлары тақырыптар шеңберінде – диалогтың типтік сызбасы – монологтың типтік құрылымы).
Біріктілірген сабақтарда коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті компоненті сияқты когнитивті құзыреттілікті қалыптастырудағыдай болады.
Солай сияқты, когнитивті-коммуникативті жағдайында, функционалды-коммуникативтік тәсілдеме көптілділікті үйретуде шағын жинақты мектептерінде экстралингвистикалық материалдар мақсатты бағытталған, жүйелік, оқу үдерісінің нәтижелі, оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктің жеткілікті деңгейі мақсатқа жету үшін, шет тілінің пайдалану дағдыларын өзінше дамытатын және мәдениаралық коммуникацияларда қатыса алатын және қатысуға ынталары бар.
Үш тілдік пәндердің құрылымы шеңберінде: Қазақ тілі – Орыс тілі – Ағылшын тілі оқыту келесі бір құрылады:
1. Әр бір сыныпқа бірыңғай тақырыптық минимумы.
2. Әр бір сыныпқа бірыңғай сөйлеу талаптық минимумы.
3. Әр бір сыныпқа бірыңғай сөйлеу жағдайы минимумы.
4. Әр бір сыныпқа бірыңғай диалогтің типтік құрылымы минимумы (мысалы, амандасу → амандасуға жауап беру → денсаулығы, жағдайы туралы айтым беру →өтініш→ өтініштен бас тарту→бас тартудың себебін білу→ бас тартуды негіздеу және т.б. );
5. Әр бір сыныпқа бірыңғай монологтің типтік құрылымы минимумы.
Экстралингвистикалық материалды ғылыми жинау үшін келесідей принциптерді басшылыққа алу керек:
§ адам өміріне маңызды және қажеттілікті есепке алу принципі;
§ тематикалық шеңбердегі мүмкін болатын сөздік ойды есепке алу принципі;
§ Екі адамның қарым-қатынасы мен көп адамдардың сөз сөйлеуінің құрылымдық-мазмұндық типін есепке алу принципі;
§ Тілі зерттелетін халықтың өмір сүру ерекшеліктерін есепке алу принципі;
§ Тілдің қозғаушы күштерінің сөздік емес ұлттық мінез-құлық нормаларын есепке алу принципі.
Мысал ретінде «Біз қызмет көрсету саласында» бөлімі бойынша экстралингвистикалық материалмен жұмысты келтіруге болады:
Сөздік тақырыптардың мазмұны:
1. Дүкендерден тауар туралы ақпарат алу;
2. Тауарға мінездеме;
3. Киімдерге тапсырыс;
4. Киімді шығару, жөндеу бойынша, сағаттарды, аяқ-киімді жөндеу бойынша тапсырыс;
5. Химиялық тазартуға;
6. Фотоательеге;
7. Шаштаразға тапсырыс.
Сөздік ой:
§ Күн тәртібі, жұмыс кестесі, заттар жайлы, жағдайлар жайлы ақпарат алу;
§ Алынған ақпарат, сауатты орындалған жұмыс үшін алғыс білдіру;
§ Өтініш білдіру, беру, көрсету, орау, сипаттау, тапсырысты орындау, беріп жіберу, беру, тазарту, жөндеу және т.б.
§ Ұсынылған шарттар бойынша келісім (келімпеу) білдіру;
§ Қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне сапасыз орындалған жұмысы бойынша шағымдану;
§ «Пікір жазу туралы кітапқа» пікір жазу (жағымды және жағымсыз);
§ Кәсіби мейраммен құттықтап, құттықтау сөздер арнау;
§ Сапасыз орындалған жұмыс үшін кешірім сұрау;
§ Жұмыстағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға уәде беру;
§ Дүкенге әрдайым келіп тұруға өтініш білдіру, бөлім...
Қарым-қатынас саласында жағдайлар:
1. Оқу (сөйлеу этикасы, тәртіп жайлы сабақта әңгіме жүргізу);
2. Отбасылық (отбасы мүшелерімен қызмет көрсету орындарына бару);
Екі тілді жаттығулар, біздің ойымызша, алға қойған мақсатқа жету үшін мүмкіншілігі, маңызы өте зор: мәдениет аралық қарым-қатынасқа үйрену.
Мұғалімнің өзінің мақсатына екітілді жаттығуды бірнеше топқа бөлуге болады. Біз келесі топтарды атап көрсете аламыз: салыстыру-іздену, аудару, жалпылау. Бұл топтардан тұратын жаттығу өзіне тілдік жүйені қосуы мүмкін:сөйлеу ырғағы, фонетика, кесте, орфография, морфология және т.б.
Бірінші топтағы салыстыру-іздену жаттығулары тілдерді салыстыру арқылы оқытады. Элективті курс сабақтарында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерін салыстырмау мүмкін емес. Қазақ тілі мен ағылшын тілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарынан басқа, ұқсастықтары да көп. Осы салыстыру жаттығулары сол айырмашылықтар мен ұқсастықтарды іздеуге бағытталған. Бұл жаттығудың түрлерінің бірі, сөйлемді дұрыс құруға үйрету.
Оқушылар бұл жаттығуды орындау барысында мынаны ескеруі керек: ағылшын және қазақ тілдерінде сөйлемдер жүйелі құрылу керек, егер ол жүйесіз құрылса, онда сөйлемнің мағынасы өзгеріп кетеді, ал орыс тілінде сөздерді сөйлемде әр нұсқада қолдануға болады және ол өз мағынасын жоғалтпайды.
Салыстыру-іздеу жаттығуында оқушылар сонымен қатар, тілдің фонетикалық құрылымына, сөздің ырғағына және тілдердің грамматикалық ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Екінші жаттығу тобы – аудару. Олар оқушылардың басқа тілді түсіну деңгейін анықтауға көмектеседі. Аудару жаттығуларының нұсқалары көп болуы мүмкін (Қосымша А). Жалпылау және бақылау жаттығуларына грамматикалық материалдарды жақсы меңгеруге көмектесетін жаттығуларды жатқызуға болады.
Жалпылау жаттығуларына тақырыпты жалпылама айтқан кезде қолданылатын екітілді жаттығудың барлық түрлері кіреді. Мұндай жаттығулар әдетте, оқылған мәтіннің негізінде құрылады. Бұл жаттығулар тақырыпты жақсы меңгеруге көмектеседі (Қосымша А).
Осылайша, екітілді жаттығуларды шет тілін үйрету курсының басынан бастап қолданып, курс бойы жалғастыруға болады. Жаттығулар жеңіл түрінен басталып, одан әрі күрделене береді. Олар оқушыларды дамытады, ойлауға, ізденуге, есте сақтау мен қарым-қатынас мәдениетіне үйретеді. Оқыту процесінде екі тіл қолданылғандықтан, бұл қарым-қатынас мәдениетін әртүрлі тілде танып білуге көмектеседі.
Л.М. Лузинаның айтуы бойынша «Диалогтық ойлауды білетін адам ғана басқа мәдениетті танып, қабылдай алады». Диалогтың мақсаты – ұстаным әртүрлі болған жағдайда өзара түсінушілікке қол жеткізу. Әртүрлі тілді мәдениеттің ерекшелігі біртілді сөздің көпқызметтілігі басқа тілдегі сөздердің көп мағыналылығымен байланысады. Диалогты қарым-қатынасты үйретудің өзі жүйелі жұмыс. Үйрету диалогтарының құрылымды-мазмұндық типтері бастапқы жеке-сұрақ әрекеттерінен диалогқа дейін сұхбаттасушының әрекетін бағалаумен, өтініш-диалогтарымен, шақырумен, ұсыныстармен ерекшеленеді. Оқушылар жағдаят бойынша берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындайды (Қосымша А).
«Қазақ тілде оқытатын мектептердегі ағылшын тілі» пәнінің лингвистикалық және экстралингвистикалық құрамдас бөліктерінің өзара байланысы төмендегідей жүзеге асырылуы тиіс (1-сурет):
1-сурет – Лингвистикалық және экстралингвистикалық материалдардың
өзара байланысы
Мұндай өзара байланысты іске асыру үшін функционалды-коммуникативтік деп атауға болатын оқыту технологиясын ұсынауға болады, себебі ол оқытудың екі негізгі функционалдық және коммуникативтік принциптеріне негізделеді. Қазақ мектебіндегі ағылшын тілі бойынша оқу үдерісін жоспарлау технологиясы оқыту үдерісін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрі және оқыту нәтижелерін қадағалау сияқты әдістеменің негізгі категорияларынан тұрады.
Оқыту мақсаты – «оқыту тәсілдері, әдістері мен құралдарын жинау көмегімен қол жеткізілген ерте жоспарланған қызмет нәтижесі», «оқыту ортасының әсерінен қалыптасатын және оқыту мазмұны, түрі, әдістері, құралдарын таңдауға әсер ететін оқыту жүйесінің жетекші құрамдас бөлігі» [6]. «Шет тілдерін оқытудың жетекші мақсаты ретінде қоғамды оқуға және қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеруге нұсқауға бағытталған тәжірибелік мақсат қабылданады [6].
Оқыту міндеттері – «оқытудың нақты бір шарттарына және кезеңіне қолданылатын оқыту мақсаттарының объективтік көрінісі». Олар білім, дағды және қабілет түріндегі оқыту мақсаттарына қарай адекватты түрде қалыптасады [6].
Оқыту мазмұны – «оқыту үдерісінде оқушының меңгерген қабілеттерін жиынтығы». Шет тіліне оқыту мазмұны оқыту мазмұнынан негізді ерекшеленеді, ұғымдарды меңгеру, білім алудан тұрады, және де шет тілін оқытуда ең бастысы – тілді тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін сөйлеу дағдысы мен қабілетіне ие болу» [6]. Осы орайда, «оқыту мазмұны проблемаларын қарастыру кезінде коммуникативті тәсілді оқу материалдарын жүйелендіру арқылы оқыту тәсіліне үйлестіруге мүмкіндік беретіндей материалды әдістемелік ұйымдастыруды қамту мәселесі өзектірек болып қалады» [6]. Е.И.Пассовтың коммуникативтік әдістемесіне сүйене отырып [7], оқу үдерісін ұйымдастырудың дәстүрлі және коммуникативті тәсілдерін біріктіретін ОФКТ (оқытудың функционалды-коммуникативтік технологиясы) ұсынамыз (2-сурет).
Жоспарлау технологиясы сызба түрінде ұсынылып отыр.
Жоспарлаудың бұл технологиясы оқыту нәтижелерін - қазақ мектебінің оқушылары үшін маңызды саналатын төмендегі дағдылар мен қабілеттерді қадағалауды алға қояды:
- орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық;
- сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы;
- сөздік қорының қажетті көлемін меңгеру;
- стилистикалық дағдылар мен қабілеттер;
- диалогтық сөйлеу деңгейі;
- монологтық сөйлеу деңгейі.
Оқу үдерісін жоспарлау технологиясының негізінде оқыту әдістері (дидактикалық түсінік), тәсілдері, құралдары, түрлері сияқты әдістің негізгі санатын өзіне қосатын тар мағынадағы оқыту технологиясы құрылуда. Егер жоспарлау технологиясы материалды (оқу минимумдары, оқу құралдары, сөздіктер, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар) әзірлеудің «оқуға дейінгі» деңгейін қамтамасыз етсе, оқыту технологиясы сабақ типіне сәйкес оқытудың белгілі тәсілдерін, әдістерін, құралдарын, түрлерін пайдалануды қарастырады.
Сондықтан жоғарыда аталған құзырет түрлерін оқушылардың бойында мақсатты және өзара байланысты қалыптастыруға арналған ОФКТ іске асыруды максималды қамтамасыз ететін сабақтардың өзара байланысқан жүйесін анықтауды келесі қадам деп санау қажет.
| |||||
| |||||
|
|
2-сурет – Оқытудың функционалды-коммуникативтік тәсілі кезіндегі оқу үдерісін жоспарлау технологиясы
ОТ ҚМ ОФКТ кезіндегі сабақ түрлерінің (бір тоқсан аясында) өзара байланысын сызба түрінде береміз (3-сурет).
|
|
|
| ||||||||
| |||||||||||
3-сурет – ОФКТ кезіндегі оқу үдерісін жоспарлау технологиясы
Қабілет пен дағды анықтамаларын тұжырымдау үшін (сөйлесу пәні туралы білім, лингвистикалық білім, сөйлеу және коммуникативтік қабілеттер мен дағдылар, этномәденитанымдық білім), оқулықтардың, бағдарламалардың мазмұндары мен құрылымын ұйымдастыруда және оқу үдерісін жоспарлауда жүйелік қажет. Түрліаспектілі құбылыстарды оқу пәні спецификасын есепке алатын дұрыс анықталған оқыту технологиясы кезінде қамтуға болады. Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің қалыптасуы бойынша жұмыс жүйесін түсінікті етіп ұсыну үшін, сабақтарды жалпыдидактикалық жіктеу (білімді жеткізу, білімді бекіту және қабілет пен дағдыны қалыптастыру) жеткіліксіз.
Е.И.Пассовтың коммуникативтік әдістемесіне сүйене отырып, және қазақ-ағылшын қостілдігі жағдайында ағылшын тілін оқыту ерекшеліктерін есепке ала отырып, жүйелі және тұтас күнтізбелік-тақырыптық және сабақ бойынша жоспарлауға әсер етуге бағытталған қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың жаңа типологиясын ұсынамыз. Бұған қоса, әр сабақтың түрі бойыншабілім нәтижесін бақылау үшін қабілет пен білімді және түрлі деңгейдегі тапсырмаларды тексеретін, сөздік және коммуникативтік қабілеттерін дамытатын және тілдік материалдарға қатысты жұмыс түрлерінің ара-қатынасы, негізгі және ілеспелі мақсаттар анықталды.
Біз келесі сабақ түрлерін атап өтеміз (4-сурет):
1) Аспектілік сабақ (сол немесе басқа тілде білімін жеткізу және сәйкес тілдік қабілеттер мен дағдыларын дамыту сабағы).
2) Лексикалық сөйлеу дағдысын қалыптастыру сабағы (сөздік қорын байыту).
3) Лексикалық сөйлеу дағдысын жетілдіру сабағы (тақырыптық лексиканы белсендіру).
4) Грамматикалық сөйлеу дағдысын қалыпастыру сабағы.
5) Грамматикалық сөйлеу дағдысын жетілдіру.
6) Стилистикалық сөйлеу қабілеті мен дағдысын қалыптастыру сабағы.
7) Стилистикалық сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру сабағы.
8) Диалогтық қарым-қатынас түрін оқыту сабағы.
9) Топтық қарым-қатынас түріне оқыту сабағы.
10) Қарым-қатынас үдерісіндегі монологтық сөйлеуге оқыту сабағы.
11) Орфографиялық және пуктуациялық сауаттылықты қалыптастыру және жетілдіру сабағы.
12) Жеке коммуникативтік қабілетті жетілдіру сабағы.
4-сурет – ОФКТ кезіндегі сабақ түрлерінің өзара байланысы
Мұндай типология оқушы қазақ баласының өміріне қажетті орыс тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттер мен дағдыларынмен сәйкеседі.
Аспектілік сабақ сөйлеу қызметінде, қарым-қатынас жасау кезінде сол немесе басқа тілдік құралды қалыптастыру ерекшеліктерін ашуға бағытталған. Сабақтың мұндай түрінде мұғалім сол немесе басқа бөлімді блогтық әдіспен ұсынып, ағылшын тілінің спецификалық құралдарына (мысалы, етістіктің аяқталған және аяқталмаған түрлері, оларды сөйлеу кезінде қолдану) толығырақ тоқтап, сөйлеудегі қандай да бір лексикалық, грамматикалық қателерді түзете алады (сөздер мен фразеологизмдерді дұрыс қолданбау, жалғауларды шатыстыру, сөздерді дұрыс байланыстырмау, басқару кезінде грамматикалық формаларды қате таңдау, етістік формалары түрлерін ажырата алмау және т.с.с.).
Тілдік материалды беру кезінде функционалдық принциптерді іске асыру міндетті болып табылады, яғни оқытылатын материалды әрекет арқылы (сөйлеу кезінде) ұсыну, ереже-нұсқаулықтар орын алуы мүмкін. Тілдік даярлық, сөздік жаттығулар ара-қатынасы мынадай: 10%; 50-60%; 25-30%. Көріп отырғанымыздай, сөйлемде сол немесе басқа грамматикалық түрлерді табудағы дәстүрлі тілдік жаттығулар, әртүрлі сөйлем типтерін құру минимумға дейін жеткізілген. «Келесі сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып айтыңдар», «Аяқталған етістік түрін қолданып өтініш жасаңдар» сияқты дайындайтын сөйлем типтері көп болуы тиіс, себебі мұндай сабақтағы басты міндет оқылып жатқан материалды сөйлеу кезінде қолдана білу болып табылады. Нақты тілдік құралды пайдалануға бағытталмаған сөйлеу жаттығулары алдыңғы жаттығулар негізіне алынған дағдыларды автоматтыққа дейін жеткізеді (А атынан Б-ға өтініш білдіріңіз; нақты оқиға сипатталады). Осындай сабақ түріндегі тексерілетін қабілет пен дағды білім стандарты мазмұнымен анықталады (қабілеттер мен дағдылар: фонетика мен орфоэпия бойынша; лексика мен фразеология бойынша; сөз құрамы мен сөз жасам бойынша; грамматика бойынша).
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда аспектілік сабақтар көп орын алмауы тиіс (оқу жылына осындай сегіз сабақтан келеді). Талданып отырған типтегі сабақта тұтас бөлімнің тілдік материалын бөліп беруге болады (мысалы «Тіл жүйе ретінде», «Ағылшын тілінің лексикасы», «Ағылшын тілі фонетикасы», «Ағылшын тіліндегі сөздер неден тұруы мүмкін», «Ағылшын тіліндегі сөз түбірлерін сауатты жазуға үйренейік», «Ағылшын тіліндегі сөз жалғауларын сауатты жазайық», «Ағылшын тіліндегі сөздердің жұрнағын сауатты жазуға үйренейік», «Ағылшын тілінің морфологиясы», «Ағылшын тілі синтаксисі», және т.б.).
1-кесте – Аспектілік сабақтарда оқыту бірліктері
№ | Сабақ түрі | Оқыту бірліктері |
Фонетика, лексика, фразеология жөніндегі аспектілік сабақ | Дыбыс және әріп; Әріптер мен дыбыстардың үйлесуі; лексема, фразеологизм, морфема | |
Сөз құрамы және сөз жасам жөніндегі аспектілік сабақ | Сөз құрылымы; сөз жасалым түрі; біртүбірлі сөздер ұясы | |
Морфология жөнінде аспектілік сабақ | Сөз сөйлем бөлігі ретінде; сөзформа | |
Синтаксис жөнінде аспектілік сабақ | Синтаксема, сөйлем, ССЦ, мәтін |
Әр сыныпта тілдің әр деңгейі бойынша концентрлер анықталған. Осылайша, 5-сыныпқа енгізілген материалды біртіндеп көбейту қарастырылған. Концентризмнің көрсетілген принципі 5-9-сыныптарда оқыту тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Аспектілік сабақ қажетті түр саналады, біріншіден, оқушыларға орыс тілін тұтас жүйе ретінде ұсынуды қамтамасыз етсе, екіншіден, әрбір тілдік деңгей ұғымдарын (бірліктер, санаттар, бірліктердің өзгеру ерекшеліктері) жекелей меңгеруге мүмкіндік береді. Соңғысы сөйлеудегі лексикалық, грамматикалық, стилистикалық қабілеттер мен дағдылардың қалыптасуы мен жетілдірілуі кезіндегі сабақтардың тақырыптық бөлінісі шегіндегі түсініктерді ашуға қажет (бір семантикалық түсінік шеңберіндегі ссы тілдік бірліктердің функционалдық аспектісін түсіну кезінде). Тақырыптық минимумда 5-9-сыныптардың тақырыптық концентрлері анықталған. Яғни, 5-сыныптағы «Адам» тақырыбының бөлігіне «Дене және адам ағзасы» мазмұны кіреді. «Дене саулығы, көңіл-күй», 6-сыныпта – «Адам өмірі. Дене саулығы, көңіл-күй. Сыртқы түр, адамның сырт», 7-сыныпты «Адам өмірі. Адамның жағдайы, ішкі әлемі және сапасы. Адамның эмоционалды әлемі. Сөйлеу әсері», 8-сыныпта – «Адам өмірі. Қабілеттіліктер, бейімдіктер, қызығушылықтар. Адам тұрмысы». Оқушылар сыныптан сыныпқа көшкен сайын адам туралы білімдерін тереңдетеді, нақты тақырыптар бойынша сөйлеудің сөздік қоры мен синтаксистік қатарын байытады, грамматикалық дұрыс сөйлеуді, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылықты жетілдіреді, тақырып бойынша диалогты жүргізу, берілген стиль бойынша әлеуметтік бағдарланған монологтық сөзді продуциялау дағдысына ие болады.
Сабақтардың тақырыптық циклі аясында сабақтың әр типін оқытудың спецификалық бірліктері бар. Оларды келесі кестеде ұсынамыз: