Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыптық жоспары № Тақырыбы Жүктемесі Мерзімі Білім еліне саяхат 02.09 Жомарт
Тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы | Жүктемесі | Мерзімі |
Білім еліне саяхат | 02.09 | ||
Жомарт күз | 09.09 | ||
Бау-бақшада | 16.09 | ||
«Нан қайдан келеді?» ертегісі | 23.09 | ||
Менің отбасым | 30.09 | ||
Біздің үй | 07.10 | ||
«Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі | 14.10 | ||
Үй құстары және үй жануарлары | 21.10 | ||
Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян» ертегісі | 28.10 | ||
Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы | 11.11 | ||
Елордасы - Астана | 18.11 | ||
«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі | 25.11 | ||
Қысқы киімдер (сюжетті рөлдік ойындар) | 02.12 | ||
Көңілді қыс және қысқы ойындар | 09.12 | ||
Тәуелсіздік төрімде | 16.12 | ||
Қош келдің, Жаңа жыл | 23.12 | ||
Құстардың тіршілігі | |||
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі | |||
Көшедегі көліктер | |||
«Жеті қазынаның бірі» ертегісі | |||
Мамандықтың бәрі жақсы | |||
«Бір уыс мақта» әңгімесі | |||
Көктем | |||
Аналар мерекесі | |||
Хайуанттар бағындағы қызықтар | |||
Наурызға шашу. Наурыз мерекесі | |||
«Алтын сақа» ертегісі | |||
Ынтымақ мерекесі | |||
Жеңіс мерекесі | |||
Біз мектепке барамыз | |||
Жаз | |||
Балалар күні | |||
Барлығы | 32 сағат |
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Білім еліне саяхат.
Мақсаты:
1. Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 қыркүйек-Білім күні» екенін айтып,білім алу мақсатында алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.
2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып,қиялдарын дамыту.
3. Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мектепке кетіп бара жатқан балалардың суреттері
Қос тілдік компонент:
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері -Балалар,біз дөңгелене тұрып,бір-біріміздің жүзімізді көреміз,бірі-бірімізге жымиямыз,жылы лебіздер айтамыз. Осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін мереке. Еліміздің түкпір түкпірінде білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуанышқа сыйлайық. Армысың асыл күн, Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, Міне,менің қолым. -Балалар,бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып,нені сезіндіңдер? Балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын хабарлаймын. | Қызығушылық білдіреді. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді Өлеңді қайталап айтады. Жылылық,қуаныш |
Ұйымдастыру-іздестіру | «Әдебиет әлемінде» аялдамасы. -Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер? 2 «Әріптер әлемінде» аялдамасы Балалардың жауаптары тыңдалып,болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме,ертегілерді оқып,өлең тақпақ,жаңылтпаштар жаттайтындарын айтамын. -Дыбысты айтамыз,естиміз. -Әріп дыбыстың таңбасы -Балалар,әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын білесіңдер ме? «Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетемін. 1.Дәрігерге келген бала аузын кең ашып «А-а-а»,-деп айтады. 2.Қыз бала: «А-а-а»,-деп әндетеді. 3.Анасы сәбиін: «А-а-а», деп әлдилейді. Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз,сөйлем, буын,дыбыс,әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіремін. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен,таңбалармен,геометриялық пішіндермен танысады 1.Онға дейін санау. 2.Геометриялық фигуралардың суретін көрсетемін 3.Математикалық есеп шығаруды ұсынамын. Мысалы: Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып,бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін үйренеміз. | Сұрақтарға жауап береді. Өздері білетін өлең,тақпақ, ертегі әңгімелерді айтады. Өз есімдерінің қай дыбыстан басталатынын айтады. Балалар қайталайды. Санайды. Геометриялық пішіндерді атайды. Есеп шығарады. |
Рефлексивті – түзетушілік | -Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім –сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес,қайырымды,мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады. | Жаңадан не біліп, үйренгендері жайлы айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
-мектеп,білім туралы;
Нені игереді:
-жаңа сөздердің мағынасын:
Нені біледі:
-өздері білетін өлең, ертегі, әңгімелерді баяндайды;
-санайды
-қойылған сұрақтарды дұрыс жауап беруді.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Бау-бақшада.
Мақсаты:
1. Жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру.
2. Олардың аталуы,құрамындағы кездесетін дәрумендері,оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Қос тілдік компонент:
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынамын. | Қызығушылық білдіреді. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Мақтау сөздер айтып, жылы лебіздерін білдіреді |
Ұйымдастыру-іздестіру | Бір ыдысқа көкөністердің,бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келемін. -Ыдыстағы заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? -Көкністерге не жатады? -Көкөністер қайда өседі? -Жемістерге не жатады? -Олар қайда өседі? -Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп атаймыз. Бау-бақша – жеміс-жидек,көкөніс егілген жер. Бау-бақша әр үйдің айналасында болады. Осы жерде орамжапырақ және қызанақ сөздеріне сөздік жұмыс жүргізіледі. Суретпен жұмыс. Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау-бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру. Жұмбақтар шешу. Көк ала лағым Көгенде жатып семіреді. Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні, Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні. -Жұмбақтың шешуі болған қарбыз,сәбіз жеміске жата ма,әлде көкөніске жата ма? -Әрі қызыл,әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. -Тағы қандай жемістерді білесіңдер? Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны. Дәптермен жұмыс. А) екі тарелкедегі жемістерді атау -Бірінші тәрелкеде неше алмұрт неше алма және өрік бар? -Екінші суретте не жетпей тұр? -Алмұрт туралы не білесіңдер? Әңгімелеңдер. -Дәл осындай етіп екі тарелкаға қияр мен қызанақтың суретін салыңдар. Ә) «теңестір» жаттығуын орындау. Жаңылтпаш жаттау. | Көкөністер,жемістер Қауын,қарбыз,сәбіз т.б Бақшада өседі. Алма,алмұрт,өрік т.б Бақта өседі. Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Жұмбақ шешеді Қарбыз. Сәбіз. Көкөніске жатады. Алма. Алмұрт,өрік,шабдалы т.б Көкөніс пен жемістерді түсіне,дәміне,пішініне қарай ажыратады. Алма,алмұрт,өрік Санайды. Алмұрт туралы әңгімелейді. Көкөністерді теңестіреді. Жаңылтпаш жаттайды. |
Рефлексивті – түзетушілік | .Бүгінгі тақырып бойынша не білгендері туралы қорытындылауды ұсынамын. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтаймын. | Жаңадан не біліп, үйренгендері жайлы айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
-көкөніс пен жемістер туралы;
Нені игереді:
-жаңа сөздердің мағынасын:
Нені біледі:
-сурет бойынша әңгіме құрайды, жұбақ шешеді, қойлған сұрақтарға дұрыс жауап береді.