Бірінші модуль. модульдің атауы 5 страница
лық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді. Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан муғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу — бұл муғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психолог иялык, — ледагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақуақыт бойы жұмыс істеуі. Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз — бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педа-гогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтар-мен жұмыс.
Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алуының мазмұндық компоненттерінің әрқайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан болып, соның нәтижесінде барлық өзбетінше білім алу қызметі көл деңгейлі білім алу ретінде көрінуі мүмкін. Қазіргі заман талаптарына сай мүгалімдерді даярлауда жаңа мақсат – міндеттер қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Мүғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау кджет: — бірінші мәселе — ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі; — екінші мәселе — дидактикалық даярлығын арттыру; Мақсатты және бағдарламалық — мақсаты тәсілдерді дамьпу педагогикалық оқу орындарының муғалімнің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі (кәсіби қажетті білім, дағды, мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту) және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажетгіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Болашақ мүғалім — тәрбиеші жүмысының, мазмүндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелігі ескеріліп, кджетгі және сьтомс маліметгерді таңдап алу негізіңде жүргізілу қажет. Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін артгыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетіддіру де осы мақсатка қызмет етуге тиісті. Дидактикалық дайындық — кәсіби – педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы. Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Мұғалімдердің дидактикалық даярлыгына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмүны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс — тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикальгқ қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. Мектсптсгі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардьгң рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Психология, педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялык, жөне әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан жақты білім беру міндеті туындайды.
1.5. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары
Жоспары:
1.Жүйелік, ғылымилық мамандыққы бейімдеу ұстанымдары.
2. Қатысымдық әдіс.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.
Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:
• Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);
• Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• Оқу - танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• Коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда, бұлардың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастыру керек. Өйткені қазіргі таңдағы жан-жақты қарастырылып отырған осы – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту. Сонымен қатар бұл мәселе тілдік қатынастың негізгі ерекшеліктерін қамти келіп, қазіргі кезеңде өзекті болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу сауалдарымен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Оладың әрқайсысы әртүрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ тілінде тілдік қатынас туралы теория мен ереже жасалмағанымен, қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда қарым-қатынастық қағидалар практикалық жағынан жүзеге асып келеді. Мұны соңғы жылдары баспадан шыққан көптеген оқулықтар дәлелдей алады.
Тілді сапалы оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру тіл білімі мен әдістеме ілімінде жаңа әдістің - қатысым әдісінің пайда болуына ықпал етті. Сондықтан тілдік қатынас құбылысына тікелей байланысты мәселенің қатарына қатысымдық әдіс, оның ерекшеліктері мен қағидалары енеді.
Қатысымдық әдіс – тілдік қатынас теорияларын іс жүзіне асырушы барлық іс-әрекеттер мен тәжірибелердің жиынтығы. Қатысым әдісі – оқыту әдісінің барлық түрлеріне қатысты ерекшеліктерді де меңгереді. Сонымен қатар оның өзіне тән ерекше белгілері де бар. Мұндай өзгешелік оның басқа әдістің түрлерінен артықшылығында немесе алатын орнының ерекше маңыздылығында емес, өмірдегі тілді оқыту жүйесінің өзі қатысымдық әдіске сай қасиеттерді саралап шығуында. Бұл қасиеттердің ең басты айырмашылығы қатысымдық әдістің екі үлкен проблеманың (тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі) басын біріктіріп отыруына байланысты. Әдістеме ілімінде әдістің қаншалықты маңызды рөл атқаратынына ешкім шүбә келтірмейді. Сол сияқты тілдік қатынастуралы мәселе соңғы жылдары тіл білімінде жеке сала ретінде бөлініп шығып, арнайы қарастырыла бастады. Тілді үйрету мен оқытуда жан-жақты пайдаланылатын қатысымдық әдістің өзіндік белгілері мыналар: 1. Қатысымдық әдіс оқыту процесінде кем дегенде екі адамның, немесе бір адам мен топтың, бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың, белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады. 2. Қатысымдық әдііс оқушы мен оқытушы, үйренуші мен үйретушінің әрқайсысының өзіне тән міндеттері бөлек болуын, ал олардың алдарына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді. 3. Қатысымдық әдіс үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның, бір ұлт пен екінші ұлттың өзара түсінісуіне жол ашады. 4. Қатысымдық әдіс оқыту процесіндегі бірнеше тиімді тәсілдерді, амалдарды біріктіреді. Олардың ішінен бәріне ортақ қасиетке ие болатын біреуі жетекші болып табылады. 5 Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі – оқыту процесін практикалық бағытта жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу жүйесі сырттай немесе жеке-дара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі іс-әрекеті үстінде ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы өтеді. 6. Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім берілмейді, белгілі бір тілдің өзін қалай қолдану керектігі жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу мәнері үйретіледі. Сонымен, қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас және әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен принциптердің жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, бір өзекке бағындыратын оқыту әдісінің түрі.
Қазақ тілін оқыту барысында айқындала бастаған қатысым әдісінің төмендегідей принциптерін атап өтуге болады: 1. Тіке байланыс. 2. Адамның жеке қабілетін ескеру. 3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау. 4. Сатылап даму принципі. 5. Динамикалық өзгеру принципі. 6. Өзектілік принципі.
Жұмыста қатысымдық әдістің үш түрлы қолданылу формалары қарастырылады. Олар: жұптық (тілді үйрету мен тілдік қатынас екі адамның арасында (оқытушы мен оқушының немесе екі оқушының) жүреді), топтық (бір адам бірнеше адамдармен (мәселен, оқытушы топтағы 3-5 оқушымен) немесе бір топтағы оқушылар екінші топтағы оқушылармен бірігіп жұмыс істеп, тілдік қарым-қатынасқа түседі), ұжымдық (оқытушы мен оқушының жалпы ұжымдағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеуара бірін-бірі үйретуі; сөйтіп, оқушылардың бірінен екіншісінің, екіншісінен үшіншісінің үйренуі, пікір алмасуы, сөйлесуі).
Қатысымдық әдіс арқылы қазақ тілін үйрету оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру ерекшеліктеріне байланысты. Қзақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үш түрлі мәселеге тікелей қатысты: біріншіден - оқытудың мақсаты (тіл үйренушілерге қазақша дұрыс сөйлеу нормаларын үйрету, қазақ тілін өмірде іс жүзінде қолдщана білу, қазақша тілдесімді іс жүзіне асыру), екіншіден - оқытудың мазмұны (тілді үйрету үшін қандай мәселелерге басты назар аудары керек, нені оқыту керек (тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен сөйлемді үйрету керек пе) соларды анықтау), үшіншіден - оқытудың кезеңдері (тілді үйрету барыснда оқытушы мен оқушының өткеретін жұмыс уақытының өлшемдері мен ерекшеліктері). Қазақ тілін үйретуге қатысты сабақта жүргізілетін кезеңдер: дайындық кезеңі, кіріспелік кезең, жаттықтыру кезеңі, игерімдік кезең, тұжырымдық кезең.
Қорыта келгенде, оқыту әдісінің мақсаты, мазмұны, кезеңдері – бәрі бір ортақ мәселеге келіп тіреледі: ол – тілдік материалдар мен құралдарды, олардың қолдану ерекшеліктерін сөйлесе білу үшін меңгеру. Ең басты тілдік материалдар – тілдесімдік қарым-қатынасты жүзеге асыратын фонетикалық, лексикалық және грамматикалық тұлғалар мен олардың сөйлеуде алатын орны, ойды жеткізу барысындағы байланысу жолдары, қолданылу амалдары.
2.Практикалық( лабораториялық) сабақ
2.1.Тілдің әлеуметтік мәні
Жоспары:
1.Тілдің ұлттық тіл ретінде танудың жолдары.
2.Қазақ тілін ұлттық рухани мұра ретінде оқыту.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер – деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі ана тілі, қос тілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.
Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады.
1-тапсырма:Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, тұжырымдама жасаңыз.
2-тапсырма: Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, кәсіби терминдер тақырыбына түсініктеме айтыңыз.
2.2. Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары
Жоспары:
1. Тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары.
2. Гендерлік лингвистиканы оқытудың мәні.
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы, қазақ халқында ат қоюдың ұлттық тарихымен, рухани тілі жіне
гендерлік сабақтастығын зерттейтін ғалымдар тіл мен гендерлікті біріктіріп қарастырған. Тіл ғылымында лингвистикалық гендерліктану – лингвистика мен гендерліктанудың бірлігі болып есептеледі.
Тілші ғалымдар лингвистикалық гендерліктану ұлттық тілді танудың да негізі екенін көрсетеді.
1-тапсырма:Мәтіннен әйелдің ұлттық бейнесін көрсететін тілдік қолданысты талдаңыз.
Ең соңынан кірген кішкене денелі қазақ әйелі ауыз үйдегі орыс жұмыскерлері мен орыс әйелдеріне қарап таңырқап тұрып қалыпты. Мойындарына дейін ашық, жалаң бас, еркектермен қатар отырған орыс әйелдері Күнзилаға, тіпті, таң көрінді. Шашын желкесіне қырыққан жас келіншек Елизавета Быкованың барлық еркектерден жоғары отырғаны ерсі де көрініп кетті. Жас әйелдің құлағы көрініп қалса, кесіп алардай тыйым салып қойған мұсылмандық күні әйелдің еркектермен қатар отырып сөйлесуі, даусын еркін шығарып күлуі деген нәрселерді білмейтін еді. Күнзила төр үйге қарай өте беріп, көз қиығымен Елизаветаға тағы бір қарап кетті... (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).
2-тапсырма: Мәтіннен қыз балаңа арналған этикеттің көрсетілуін талдаңыз. Ай, әже-ай! Жігіт киімін қанша кигенмен затың әйел болғасын қиын екен. Нәсілің жібермейтін көрінеді. Бұрын баларақ кезімде ештеңе емес еді. .. Жасың келген сайын кемді күнгі алданыштың да жолы тарыла түседі. Жігіт болсам, осы елдің бұғағынан үзілейін деп тұрған қыздарын өзім таңдар едім. Қыз болғасын кіріптарсың, жігіттің көзіне түсіп, қашан сөз айтқанша сарғайып бітесің. Ал жігіттер шалбар киген қызды қайтсін, – деп сырын да сықаққа айналдырып, кәрі әженің иығына бетін басып, сықылықтап күлді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).
3-тапсырма: Мәтіннен әйел бейнесін көрсетіп тұрған тілдік тұлғаларға тілдік талдау жасаңыз.
Ауылда өскендіктен бе, маған ер адам үстем болуға тиіс секілденеді де тұрады. Күні бүгінге дейін күйеуінің бетінен алған әйелді көрген емеспін. Ондайларды ауылда сан-саққа жүгіртіп, сырттай табалап, сырттай жерлеп жататын. Мұқамеди көрші келіншегін шырқыратып сабаса да, ол беттен алып, төске шаппай, кінәсіз бола тұра кешірім сұрап күйеуіне жалынып жүреді. Күлдәрі мықтап таяқ жесе де, оның қиянатын ертесіне-ақ ұмытып, екеуінің арасында ешқандай кикілжің болмағандай рай танытатын. Мұнысын былай қойғанда, ертесіне «Біздің Мұқаң» деп, ол кісіні аспанға көтеріп отырушы еді (Б.Мұқаев. Мазасыз маусым).