Төрт жастағы балаларға кеңістік пен уақытты бағдарлау ұғымдарын қалыптастыру.

Жоспар

1. Балаларды кеңістік түсінігімен таныстыру әдістемесі.

2. Балаларды уақыт түсінігімен таныстыру әдістемесі.

Кеңістік пен уақытты бағдарлау жөнінен өткізілетін сабақтар төменгі жағында не тұрғанын анықтауы тиіс. «Ненін қайда тұрғанын» тап типтес ойын іспеттес болуы тиіс. Мәселен, үстел жанына шақырылған бір бала өзінің алдында, артында ,оң жағында, жоғарғы жағында, Басқалары оның жауаптарының дұрыстығын тексереді.

Сонан соң баланың көзін жұмғызып, оның тұрған қалпын өзгертеді. Көзін ашып, ол енді өзінің әр тұсында не тұрғанын атап шығуы тиіс.

Бұдан әрі балалар бөлменің әр жеріне : біреуі, мысалы, бір бұрышына барып тұрады да өзінің алдында, артында, оң жағында, сол жағында не тұрғанын айтып береді, екіншісі терезенің алдына барып тұрады т.с.с. Осы жағдайлардың бәрінде де баланың өз денесі санақ нүктесі болып табылады.

Физкультура сабақтарында балаларды кеңістікте бағдарлауда жаттықтыру үшін мүмкіндік көп: жалаушаны көтеру, алға, артқа, оңға,солға қарайғы бағытты көрсету, допты белгіленген сызықтан жақынырақ - алысырақ лақтыру т.б.

Сондай –ақ басқа сабақтарда балаларды кеңістікте бағдарлай білуге жаттықтыру қажет, мысалы: парақ қағазға геометриялық фигураларды центрінде-ортасында дөңгелек, оң жағында – ұшбұрыш, ал сол жағында.

Кеңістік пен уақытты бағдарлау жөнінен өткізілетін сабақтар «Ненің қайда тұрғанын»тап типтес ойын іспеттес болуы тиіс. Мәселен, үстел жанына шақырылған бір бала өзінің алдында, артында, оң жағында, жоғары жағында, төменгі жағында не тұрғанын анықтауы тиіс. Басқалары оның жауаптарының дұрыстығын тексереді. Сонан соң баланың көзін жұмғызып оның тұрған қалпын өзгертеді. Көзін ашып ол енді өзінің әр тұсында не тұрғанын атап шығуы тиіс. Бұдан әрі балалар бөлменің әр жеріне: біреуі, мысалы, бір бұрышына, барып тұрады да өзінің алдында, артында, оң жағында, жоғары жағында не тұрғанын айтып береді, екіншісі терезенің алдына барып тұрады.т.с.с.Осы жағдайлардың бәрінде де баланың өз денесі санақ нүктесі болып табылады.

Физкультура сабақтарында балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру үшін мүмкіндік көп: жалаушаны көтеру, алға, артқа, оңға, солға қарайғы бағытты көрсету, допты белгіленген сызықтан жақынырақ – алысырақ лақтыру т.б.

Сондай-ақ басқа сабақтарда балаларды кеңістікте бағдарлай білуге жаттықтыру қажет, мысалы: парақ қағазға геометриялық фигураларды центірінде – ортасында дөңгелек, оң жағында – ұшбұрыш, ал сол жағында – квадрат болатындай етіп жайып қою, көмекші құралдарды белгілі бір ретпен орналастыру, санау материалы бар қорапты өзінің оң жағына, ал екі жолағы бар карточканы өзінің алдына қою. Білімді бекіту және оны сөзбен айта білуі үшін, өзінің оқу құралдарын (бұйымдарын) қалай жайып қойғанын балалардан сұрауға болады.Мұндай нұсқаулар балалардың мінез-құлқын ретке салады және сонымен бірге оларды кеңістікте бағдарлай алуын бекітеді, ал тұрмыста, өмірде бұл үшін қолайлы жағдайлар көп-ақ, тек оларды пайдалана білуі қажет (баланың киімін шешкенде олардың әр қайсысын өз орнына қоюы, бөлмені жинастырғанда заттарды, дастарқанға ыдыс-аяқты орын-орнына қойып шығуы т.с.с.)

Уақытты бағдарлауға да күнделікті өмірде үйренуге болады. Бірақ әр түрлі уақыт аралықтарымен таныстыруға кітап оқумен қоса өткізілетін арнайы әңгімелерді бағыштаған жөн.Мысалы, тәрбиеші әр балаға бақшаға келуден бұрын не істегендерін айтқызады ( ұқыдан ояндым, киіндім, жуындым, ертеңгі асымды іштім т.с.с ). Бірнеше баланың жауабын тыңдап алып, тәрбиеші қортындылайды: «Сірә, барлық балалар солай істеген болар.Бұл кез таңертең еді». Осыдан кейін таңертең балалар бақшасында кешке балалар бақшасы мен үйде балалар не істейді деген сұрақ қоюға болады т.б. Балалар өз іс- әрекеттерін тәуліктің бөліктерімен сәйкестей естеріне түсіреді. «Таңертең, күндіз, кешке және түн – тәуліктің төрт бөлігі. Әр тәулікте әрқашан осы төрт бөлік болады»,-деп атап айтады тәрбиеші. «Тәулік айналып келіп отырады»,- дейді бір сәби . «Дұрыс бір тәуліктің орнына екінші тәулік, ол біткен соң, келесі тәулік келеді. Тәулік Кремль куранттары соқаннан кейін, түнде ауысады», - дейді де тәрбиеші әңгіме немесе тақпақ оқумен өз әңгімесін аяқтайды.

Тәулікпен танысудың арқасында балаларға куранттардың соғуымен аяқталған тәулік «кеше» деп аталатын, түнде басталған және таңертеңі, күндізі, кеші, түні бар тәулік «бүгін» деп аталады, ал біз күтіп отырған, куранттар соққанан кейін басталатын тәулікті «ертең» деп атайды.Ертең – алдағы келетін уақыт, ертеңде – тәулік, ол да төрт бөліктен тұрады ал ол басталғанда біз оны басқаша – бүгін деп атаймыз, өйткені ол тәулік келді және біз ертең істейміз дегенімізді енді орындай аламыз; біздің бүгін деп атайтын тәулігіміз өткенде, біз оны кеше деген сөзбен атайтын боламыз деп түсіндіреді тәрбиеші. «Бүгін біз экскурсияға нарққа бардық, ал түнде тәулік өткенде біз оны ертең бардық дейміз бе?» -деп қазбалап қоймайды бала. «Ал ертең ешуақытта бүгін бола алмайды: оны біз тек күтеміз, ертең ол басталғанда – бүгін болады, солай емеспе?» - дейді екінші бала.

Егер тәулікпен, оның құрамымен және ауысып отыратындығымен балаларды алдын ала таныстырса, олар бүгін, кешке, ертең деген ұғымдарды меңгеруде қиналмайды.

Уақыт ұғымдарымен балаларды таныстырғанда оларды практикалық мысалдар арқылы оларға тез (шапшаң) және баяу деген не екенін түсіндіру керек. Келесі топтарда, балалар уақыт аралықтарының ұзақтығын білген соң, бұл ұғым айқындала түседі.Бұл кезде болса тездік дәрежесі жөніндегі түсінікті қарама -қарсы мысалдар ғана келтіріп: автомобиль мен аттың жылдамдықтарын салыстыртып түсіндірген жөн. Шапшаңдық дәрежесін анықтау балалардың тезірек-баяуырақ деген сөздердің жалпы мәніне бағдар жасай білуіне мүмкіндік береді: «Алматы түскі асқада дастарқанды Алмастан тезірек әзірледі»т.с.с. да санап шығуға болады. Жиынды бөліктерге ажыратып бөлу және бұл бөліктерді бір бүтін етіп біріктіру балаларды бөлік пен бүтін арасындағы қатынастармен де таныстырады. Осының бәрі балалардың ойлау қабілетін дамытып, олардың тапқырлығын машықтандырады, бірлік ұғымын тереңдете түседі, арифметикалық амалдардың мәнісіне жете түсінуге дайындайды.

Наши рекомендации