Педагог әдептілігін меңгеру шарттары
Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі.
Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп – мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мнез-құлқының киінуінің, балалрмен қарым-қатынасының және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант түшін музыканы ұғу қажет болса, мұғалім үшін педагогтық педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
М.Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен
құр қол қалған болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына себеп болады. М.Д. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлеміне алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шыйрайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез келген тәрбиеші, мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп – медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік белгісі. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп – мұғалімнің балалады баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері – пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық әдеп дегенің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген болатын К.Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:
1. Кәсіби педагогтық борыш.
2. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой.
3. Педагогтық беделділік.
Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі – мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты болмақ. Бұл мұғалінен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздың білімділігі жастардың моральдық қасиетін өзінен-өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез-құлқы, адамгершілік қасиеті кейбір жағдайларда оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі – мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге көз қарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Кәсіби борыш-педагогтық әдептің ең маңызды категорияларының бірі. Бұл түсінікке мұғалімнің жеке басына қоғамның қоятын талаптары мен моральдық ұйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби міндетттерді орындауы туралы, яғни анықталған еңбек функциясын жүзеге асыру, оқушылардың және олардың ата-аналарымен, әріптестерімен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, таңдаған кәсібіне деген өзінің қатынасын терең сезінуі.
44.Сендіре білу – тіл табысудың негізгі әдісі ретінде
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің қажетті шарттарының бірі – ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері – қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөздердің грамматикалық дұрыстығы – бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, күрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл – орфоэпия саласы. Екпін орфоэпия мен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу қиынңа соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысы арқылы қол жеткізуге болады. Фразеологизмдер әр түрлі құбылыстарды сипаттау үшін, сөйлеу мәнерін анық ету үшін қолданылады. Педагог «мақалсыз тіл – тұзсыз ас» екендігін үғуы тиіс.
Сөз мәнерінің жекелеген элементтерін ашып көрсету үшін, инверсия жиі қолданылады.
Педагогтың сөз мәнері тек пән жөнінде жаңа ақпараттар болған жағдайда да ойдағыдай нәтижеге жетеді.
«Сөз мәнерінің жоғары қажеттілігі» ұғымын ашып көрсету барысында С.И.Ожегов былай деп жазған: «...бұл өз ойларын тіл құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу. Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманға сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады».
Мұғалімдік мамандақтың ең маңыздысы – сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағұлматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшіннегізінен екінші сигнальды қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алу керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония болса, сөйлеу ажарын келтіреді, мақал-мәтелдерді ойды ажарлайды. «Мақал – сөздің мәйегі» - деген қазақ даналығы.
Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақаулары таза болуы шарт. Бірсарынды, жалаң көңілсіз сөзлер оқушыларды жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа немқұрайлық пен қалай болса, солай қарауды туғызады.
45. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі жанжалдар, олардың түрлері мен себептері.Дауларды шешу жолдары.Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі. (Л.Козер)
Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз әр түрлі адамдар арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен сезімдердің болмауы.
Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:
- Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;
- Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие;
- Өмір тәжірибесі әр түрлі;
- Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;
- Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;
- Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін.
Конфликтінің түрлері:
- Тұлға ішілік
- Тұлға аралық
- Топ аралық
- Тұлғалық-топтық
Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын конфликтерімен сипатталады.
Топ аралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт – тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.
Конфликтінің туындау себептері(М.М.Рыбакова бойынша):
Іс-әрекет конфлитілері;
Қарым-қатынас конфликтілері;
Әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері:мұғалім мен оқушы арасында туындайтын және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.