Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері.
Арнайы психология – психологиялыұқ білімнің өзіндік, дамуында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кем және психикалық дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешелігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығы байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психологияның пәні – тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кемтар балалардың психикасын зерттейді. Осыға байланысты келесі қажеттіліктер туындайды:
- қалыпты дамыған және сол сияқты дамуында ауытқушылығы бар баланың психикасының пайда болуын және негізгі заңдылықтың дамуын ашу қажет.
- әр түрлі дәрежедегі кемтар балалардың психикалық дамуы ерекше негізімен ашылуы қажет.
Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Кезкелген кемістік психологиялық жағынан - әлеуметтік мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерін түзетуде әлеуметтік факторлар биологиялық факторларға қарағанда маңызды.
Кемтар баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлу, психикасының дамуына жағымсыз. Сондай-ақ баланы «жынды» немесе «кеміс» деп айтып намысына тиіп, теріс бағдарға ауып кетуіне себепші болады. Бала кемістігі әлеуметтік ортада айқын байқалады.
Сол үшін қоғамда қалыптасқан мүмкіндіктері шектеул тұлғаларға деген көзқарасты өзгерту маңынзы міндет. Оларды қоғамнан шектемей дөрекі сөздерді қолдануға тиым салу қажет. Бұл ұғымдар тұлғаның ауытқуларын бетке басу болып табылады, әлемдік адамгершілік бағытымен үйлеспейді. Тұлға өзін қоғамнан кем санамау үшін ең алдымен жанұясын, қоршаған ортаны психологиялық кеңес беру және балалардың өзіне деген сенімділігін тудыру. Ең алдымен түзету жұмыстарын дер кезінде жүргізуде ұмытпау керек.
Біз сөзбен айтқанда мүмкіндігі шектеулі тұлғаның ақыл-ой өрісін дамытып отыру дені сау балалардың тіршілік бейнесіне қарай барынша бейімдеп отыруды талап етеді. Ол соқырды соқыр бала жетектесе, онда олардың екеуі де бірдей құлап түсуі мүмкін. Сондықтан кеміс балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың өмір тіршілігіне барынша көмектесу адамға деген адамгершіліктің айқын көрінісі.
Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев Семенович выготский еңбегі.
Лев Семенович Выготский 1896 жылы 5-ші қарашада Белорус қаласы Оршада туылды. Бір жылдан кейін семьясымен Гомиль қаласына көшіп келді. Мұнда ғалымның жастық шағы мен ғалым ретінде қалыптасу өмірі өтті. Мәскеу университетін заң факультетін бітіріп, психология институтында білім алу жолын жалғастырған. Л.С.Выготскийдің белсенді ғылыми және ұйымдастыру жұмыстары 20-ғасырдың ортасында Мәскеуде басталады. Осы кезеңде Л.С.Выготскийдің ерекше ғалым-педагог ретінде қабілеттілігі көрінді. Ол дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесімен айналысып, олардың даму заңдылықтарын зерттеген. Бұл ғалым ең алғаш ғылыми мекеменің іргетасын қалаған, және ғылыми-тәжірибелік орталығын кейін Дефектология институтын ашуға белсенді қатысқан.
Қазіргі арнайы педагогикада Л.С.Выготскийдің фундаментальды-экспериментальды және теориялық зерттеулер бойынша бағытталған бірден бір басқа бағыт жоқ.
Қалыпты және кемтар баланың дамуындағы негізгі заңдылықтары туралы теориясы түзетідң әдіснамалық негізіретінде. Бұл жерде бала дамуындағы негізгі заңдылықтар мәселесінің негізінде биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлін дұрыс түсіну қажет. Өйткені биологиялық теория ағзаның барлық қасиеттері дүниеге келгенге дейін дайын түрде қалыптасады, дейді. Бұл механистикалық теория қоршаған орта мен тәрбиелеудің ролін теріске шығарады. Бала дамуына әсер ететін педагогикалық ықпалдың маңызын бағаламайды. Л.С.Выготский дәлелдегендей дамуында кемістігі бар балалар өз онтогенезінде қалыпты балалар сияқты негізгі даму кезеңдерінен өтеді, барқ өте баяу өтеді.
Сонымен бірге дамудың жақын аймағы мен өзекті аймағы туралы ілімді әзірлеген. Дамудың жақын аймағы баланың ерексектердің басшылығымен, көмегімен шешетін міндеттерінің қиындылығының деңгейі. Мысалы: Біздің алдымызда 2 бала, екеуі де 7 жаста, бірақ біреуіне кішкене көмек көрсетсең, тапсырманы 9-жастағы балаға лайық деңгейде орындай алады, ал екіншісі 7-жасқа сәйкес орындайды. Екеуінің ақыл-ойының дамуы бірдей ма? Өздерінің іс-әрекеті бойынша бірдей, бірақ дамуына байланысты әртүрлі. Баланың үлкендердің көмегімен ғана тапсырманы орындай алуы, бірге дамудың жақын аймағын көрсетеді. Бұл дегеніміз осы әдістеменің көмегімен біз қазіргі күнгі даму процесін қарастырамыз, сонымен қатар аяқталған айналымын ғана емес, қазір қалыптасып жатқан процестерді де қарастырамыз.
Ересектердің көмегімен бүгін бала не жасаса, оны ертең өзі жасайтын болады. Осылайша дамудың жақын аймағы ертеңгі күнгі баланың динамикалық даму жағдайын анықтауға көмектеседі. Мысалы, көрсетілген 2-баланың жасы бірдей аяқталған айналымы бойынша, бірақ дамуының динамикасы екі түрлі. Осындан оның 2 деңгейін дамудың актуальды, яғни өзекті деңгейі мен дамудың жақын аймағын анықтадық.
Л.С.Выготский кемтар баланы әлеуметтік тәрбиелеу, оның табиғи кемістігін әлеуметтік коменсациялау әдісіне негізделеді. Жеке тұлғаға, педагогикалық ықпал ету жүйесі кемістіктің ерекшелігіне бағыттауы тиіс.
Арнай психологиялық, сондай-ақ арнай педагогикалық негізгі мәселесі зақымдалған анализаторлардың орнын толықтыру (компенсация). Психикалық дамуы тежелген балаларды арнайы ұйымдастырып оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – зақымдалған ағза мүшелерін неғұрлым тиімді орнын толықтыру жолдарын табу. Психикалық функцияларды толықтыру (теңестіру, яғни компенсация) дегеніміз – бұзылған немесе дамымай қалған психикалық функцияларды сақталған немесе жартылай зақымдалған функциялар арқылы орнын толықтыруд білдіреді. Зақымдалған ағза мүшелерінің қызметін толықтырудың 2 жолы бар.
Біріншісі – ішкі жүйелік толықтыру (компенсация): мысалы; есту қабілетін сақталған қалдық есту арқылы қабылдауын дамыту арқылы;
Екіншісі – жүйе аралық толықтыру (компенсация, теңестіру) мысалы: көру қабілеті зақымдалған баланың көру анализаторларының қызметінің сипат-сезуді дамыту арқылы толықтыру.
Толықтыру формалары тұлғаның толықтай дамуына мүмкіндік береді. Толықтыру теориясы арнайы білім беру тарихымен тығыз байланыста ұзақ уақыт өтті.
Толықтыру мәселесінде ерекше орын алатын Австрия психологы және есихиатры А.Адлердің жоғары толықтыру теориясы ерекше орын алады. Бұл ғалым тұлғаның ішкі бірлігін сақтауды жетекші қағида ретінде белгілеп, психика дамуына әлеуметтік ортаның биологиялық факторларға қарағанда маңызды деген. З.Фрейд сияқты, А.Адлер да тұлғаның қалыптасуы негізінен баланың алғашқы 5-жыл өмірінде болады. Бұл кезде оның мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы пайда болады. А.Адлердің пікірінше, адам табиғатта биологиялық тұрғыдан ең бейімделмеген жәндік, сондықтан даол бастапқы кезден-ақ өзін толықққанды тұлға ретінде сезінбейді, сол себептен бала дамуында қандай да денелік немесе сенсорикалық кемістік пайда болса сол сезімді күшейтеді. Өзін толыққанды емес болып сезіну арқылы сол кемістікті жоюға, орнын толықтыруға тырысады, күш салады. Осы сезіммен күресу арқылы адамдар өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін артады.
Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлар арқылы қарастырған. Бұл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады.
Біріншіден, Л.С.Выготский кемтар балаларды әртүрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның орнын толықтырады. Есту қабілеті зақымдалған адамда көру қабілеті, сипат сезуі, сезім мүшелері қалыпты емес, өзгеше қызмет етеді, себебі, олар көптеген ақпаратты ерекше жол арқылы қабылдап, өңдеулері керек. Сондықтан дамыту емес, белсенді әрекетті ұйымдастыру бағытында жүргізілуі тиіс.
Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы, есту, көру қабілетінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Әр түрлі біріншілік себептерге байланысты сәбилік, ерте және мектепке дейінгі кезеңде екіншілік кемістіктер ұқсас болып келеді. Екіншілікте ауытқулар баланың психикалық дамуын өзгертеді.
Сөйлеу тілі дамуындағы кемістіктер барлық кемтар балаларды кездеседі. Естуінде, зиятында ауытқушылығы бар және бала жасындағы сал ауру балаларда сөйлеу тілі болмауы мүмкін. Сонымен қатар, кемтар баланың дамуы қалыпты баланың даму заңдлылықтары бірдей болғандықтан, кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін дәлелдейді. Ол үшін бала бойындағы кемістіктің түрін, деңгейін ескере отырып, арнайы педагогикалық әрекетті ұйымдастыру керек. Педагогикалық әрекеттің ең басты бағыты екіншілік кемістіктердің алдын алу және түзету мен кемістікті азайту. Педагогикалық құралдар арқылы зақымдалған анализаторлардың орнын нәтижелі толықтыруға мүмкіндік әрқашан бар.
Психикалық даму құрылымының өзгешелігін, мысалы, есту қабілеті зақымдалған баланың дамуы арқылы көрсетуге болады.
Біріншілік кемістік – естудің зақымдалуы, оның сладарынан екіншілік кемістік пайда болады, ол – сөйлеу тілі дамуының бұзылысы, үшінші ретті кемістік – барлық танымдық процестердің өзіндік дамуы. Біріншілік кемістікті түзету үшін медициналық әрекеттерге тәуелді. Неғұрлым екіншілік ауытқуы біріншілік кемістікке тәуелді, сондықтан дыбыс айтуды түзету ауыр мәселе. Ал сөйлеу тілінің басқа жақтарын, сөздік қорын молауты сияқты жеңіл жүреді.
Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелді, олардың бір-бірімен байланысы да тәуелді. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі. Мысалы, естуінде ауытқуы бар баланы оқытуда, ең алғашында сол бала үшін сөйлеуді қажет ететін жағдайдарды арнайы қамтамасыз ету керек, сонда бала сөйлеу тілінің қажеттілігін түсініп үйренуге ұмтылады.
Төртіншіден, Л.С.Выготский әртүрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту, сауықтыру мен кемістіктің орнын толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетін қарастырған. Еңбек әрекеті жоғары таным процестерін қалыптастыру мен дамытуға жол ашады және болашақта толыққанды өмір сүруге, қоғамға бейімделіп қосулға мүмкіндік береді.
Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарылайды деген. Бұл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгейі және сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей тигізеді.
Кейіннен озат психологтарп өз зерттеулерінде психикалық функциялардың орнын толықтыру мәселелері қарастырылған (А.Р.Лурия, Б.В.Зейнгарник, Р.Е.Левина, И.М.Соловьев, В.В.Лебединский).