Дәріс №12. Оқыту технологиясы.

Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы ақиқатты меңгеру,ойлауды

қалыптастыру, қабілетті дамыту;

Негізгі ұғымдар:технология, бағдар, педагогикалық технология, оқыту технологиясы;

Жоспар:

1.Технология және педагогикалық технология ұғымы.

2. Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары.

3. Оқытудың жаңа технологиялары ұсынған қағидалар.

Технология – белгілі бір іске, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы.Технология – бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).Технология жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал. Технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі, қойылған міндеттерді шешу тәсілі, құралы ғылым ұсынған алгоритм жүйесі .

«Педагогикалық технология - оқыту процесінде техникалық оқу құралдары мен компьютерді пайдалану аясындағы ғана зерттеу емес, бұл пайда болған факторларға анализ жасау арқылы білім беру процесін оңтайландыру тәсілдері мен принциптерін жасау және білім беру сапасын жетілдіру мақсатында материал мен әдіс-тәсілдер түрін таңдап алып, оларды пайдалану, сонымен қатар әдіс-тәсілдерге баға беру.Педагогикалық технология– практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба. Педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы. Педагогикалық технология– оқу процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (Беспалько В.П.).

Педагогикалық технология- педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық жеке тұлғалық, аспаптық және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті (Кларин М.В.).Педагогикалық технология - барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам мен олардың әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).Педагогикалық технология– дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі (Чошанов М.). Педагогикалық технология - тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт (Воронов В.В.).

Педагогикалық технология - қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елес.

Педагогикалық технология- мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құрулар болады (Құсайынов Г.М.).Педагогикалық технология- оқытушының әрекетін жаңартатын технологиялық құрылым жәнесоңғы жоспарланған нәтиженің кепілдік беруі (Қараев Ж.А.).

Педагогикалық технология -оқытудың форма, әдіс-тәсіл, құралдарын біріктіре әлеуметтік жинақтауын анықтайтын бағыт бірлестігі; ол педагогикалық процестің ұйымдастырушылық-әдістемелік құралы (Лихачев Б.Т.).Педагогикалық технология -жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесін сипаттау (Волков И.П.).Педагогикалық технология- білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті (ФрадкинФ.А.).

Оқыту технологиясы дегеніміз бағдарламаларда көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру мен қойылған мақсаттарға жетудің ең тиімді жолмен қамтамасыз етілуі (Шепель В.М.).Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі (М.Чошанов).Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламаларында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі.

Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары (В.П.Беспалько бойынша):

1. педагогикалық технология оқытудағы бей-берекетсіздік пен дайындықсыздықты, тосыннан жасалған әрекетті жою;

2. оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделу;

3. оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау;

4. практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз ету.

Педагогикалық технологияға тән белгілер:

1. Құндылық-бағдарлық негізінде автордың немесе ұжымның мақсат-міндеттеріне сәйкес нақты күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі нақты педагогикалық ой-пікірлер;

2. Қатаң түрде қойылған мақсатқа сәйкес оқушыларға мемлекеттік білім беру стандарты деңгейін берік меңгертуге кепілдік бере алатындай педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегін құру;

3. Әрбір оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сәйкес оның білім беру қажеттілігін қамтамасыздандыруда оқытушы мен оқушының өзара байланысты әрекеттерін алдын ала білу;

4. Оқытушылардың педагогикалық технология элементтерін кезеңдеп және жүйелі түрде меңгеруі;

5. Критерий мен көрсеткіштерден тұратын диагностикалық процедуралар, іс-әрекет нәтижесін өлшеу жолдары.

Оқытудың жаңа технологиялары ұсынғанқағидалар:

1. Оқуға шығармашылықтың енуі;

2. Оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы;

3. Жеке тұлғаның дамуына жағдайдың жасалуы, яки жеке тұлғаға бағытталған оқу тұлға дамуына сыртқы әсермен бірге (оқыту, тәрбиелеу) оқушының ішкі түрткісі негізінде жүргізілуі;

4. Тұлғаның даму жолын болжау.

Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Білім беру барысындағы педагогикалық технология деген не?

2.Оқыту технологиясы қандай қағидаларға сүйенеді?

3. Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары қандай?

4. Педагогикалық технологияға тән белгілер?

Дебиеттер

1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.

2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.

3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.

5. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.

Наши рекомендации