Леуметтік педагогиканың мақсаты, негізгі қызметтері мен міндеттері
Әлеуметтік педагогиканың мақсаты. Әлеуметтік педагогика жеке тұлғаның өзгешеліктері мен ол өмір сүретін мемлекеттің (қоғамның) әлеуметтік мәдениетін ескере отырып, әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына жағдай жасауы қажет. Бұл ортаның және адамның жасы мен басқалардан өзгешеліктеріне қарай өзара әрекетін үйлестіруді жолға қояды. Басқалардан өзгешелік – бұл бір адамның басқа адамнан айырмашылығы. Бұл адамның ерік күші ерекшеліктерінен, жеке мүмкіндіктерінен (мысалы, мүмкіндіктері шектеулі, ерекше күтім қажет адамдар), қалыптасқан ұстанымдарынан, өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға деген көзқарастарынан көрінеді. Мұндай міндеттерді әлеуметтік педагогика топтар деңгейінде де шешеді.
Әлеуметтік педагогика әлеуметтік-мәдени ортаның жеке тұлғаға және топқа жасайтын ықпалын зерделеуге және ол ықпалдың оң және теріс салдарларын анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік педагогикадағы бұл бағыт орта педагогикасы деп аталады.
Әлеуметтік педагогика объектісі. Зерттеуші-педагогтар мыналарды анықтайды:
- әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі (әлеуметтік педагог жұмысының объектісі) – адам, жасына (балалар, жасөспірімдер, жастық, ересек, егде адамдар), сондай-ақ, тобына, отбасына тәуелсіз түрде;
- нақты әлеуметтік педагогика объектісі (әлеуметтік педагогика тікелей зерттейтін) – тиісті құбылыстар немесе үдерістер.
Әлеуметтік педагогиканың оқу пәні әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді, оны іске асырудың шарттарын, сондай-ақ, адамның, топтың, тұтастай қоғамның әлеуметтік қалыптасуына елеулі түрде әсер ететін ортаның (қауымның) факторларын анықтайтын зерттеудің мазмұны, нысаны мен әдістері болып табылады. Пәннің мазмұнды құрауышы әлеуметтік-педагогиканың бөлімімен анықталады.
Әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын оның міндеттері анықтайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нақтылы бағыттағы мазмұнына сәйкес ерекшелігін көрсетеді. Әлеуметтік-педагогиканың міндеттері оның мақсатын сипаттайды, мазмұнын түсінуге көмектеседі.
Зерттеушілер әлеуметтік-педагогиканың жалпыпедагогикалық (әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын білдіретін) және әлеуметтік-педагогиканың нақты әлеуметтік-педагогикалық міндеттерін айқындайды.
- Жалпы педагогикалық міндеттерге мыналар кіреді:
- танымдық - әлеуметтік-педагогикалық қызметтің практикасын оның өкілетті өкілдерінің (әлеуметтік-педагогтардың, әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқарушы тұлғалардың) немесе арнаулы даярланған адамдардың (зерттеушілердің, аспиранттардың, докторанттардың) зерттеуі;
- түсіндіруші - әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды, олардың пайда болуы және қайта құрылу мүмкіндігін сипаттау және түсіндіру;
- ғылыми - әлеуметтік дамудың, адамның әлеуметтенуінің, оған орта (қауым) факторлары ықпалының заңдылықтарын зерттеу, әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың теориялық негіздерін жасау;
- диагностикалық (бағалаушы) – жеке тұлғаның әлеуметтенуіне, топтың әлеуметтік өзгешелігіне, диагностика жүргізу, сондай-ақ, мекеменің, жеке мамандардың құжаттарына, қызметіне, әлеуметтік социум факторларына және онда өтіп жатқан үдерістерге әлеуметтік-педагогикалық бағалауды (сараптаманы) іске асыру;
- болжалдаушы – ортаның (таяудағы және алыстағы) әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің даму келешегін, ондағы адамның, оның жеке қасиеттерінің танылуын, сондай-ақ, оларға (ортаға және адамға) мақсатқа сәйкес ықпал ету мүмкіндіктерін анықтау;
- қайта құрушы - әлеуметтік-педагогика нақтылы адамға, топқа, отбасына қатысты әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жетуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық болмысты, әлеуметтік-педагогикалық қатынастар мен оқу-тәрбие үдерісін қайта құруды көздейді;
- жұмылдырушы – мамандардың (әлеуметтік педагогтардың) адамның, топтың күшін әлеуметтік-педагогикалық мақсаттарға жету үшін белгілі бір әрекеттер мен қылықтарға белсенді жұмылдыруға бағытталған мақсатты қызмет;
- алдын алушы (сақтандырушы – алдын алушы) - әлеуметтік педагогика мамандарының қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның, отбасының түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан алдын-алу және жеңуіне мақсатты түрде бағытталған қызмет;
- басқарушы – жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, ұжымдағы, топтағы әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар үдерісін басқару бойынша мамандардың бағытты қызметі;
- білім беруші - әлеуметтік салаға арналған кадрларды даярлаудың мазмұнын, әдістемесі мен қамтамасыз етілуін зерттеу;
Әлеуметтік-педагогикалық функцияларына нақты мыналар жатады:
- бейімдеуші – адамның ортаға немесе ортаның адамға бейімделуін оның жеке қасиеттерін (өзгешеліктерін) ескере отырып ынталандыруға бағытталған қызмет;
- әлеуметтік дамытушы – адамның әлеуметтік дамуын, оның әлеуметтік бейімділігі мен өзгешеліктерін, сондай-ақ, ортаның (әлеуметтік қауымның) жағдайларын ескере отырып, ынталандыру бойынша мақсатты әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
- әлеуметтендіруші – адамның әлеуметтік қалыптасуын, әлеуметтік құндылықтарды және рөлдерді, әлеуметтік мінез-құлық тәжірибесін меңгеруін, жасын, психикалық және әлеуметтік дамуын ескере отырып, ынталандыруға мақсатты бағытталған қызмет;
- түзетуші – балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму және тәрбиелену үдерістерін, ата-аналар мен тәрбиешілердің тәрбиелеу үдерістерін түзету бойынша мамандардың бағытталған қызметі;
- құқықтарын қалпына келтіруші – адамның дамуына, тәрбиеленуіне, кәсіптік қызметіне индивидуалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру бойынша мамандардың бағытты қызметі.
Әлеуметтік педагогиканың негізгі топтары – бұл оның маңызды құбылыстарын бейнелейтін неғұрлым жалпы және іргелі ұғымдар. Оған мыналар жатады: әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, әлеуметтік-педагогикалық қызмет, әлеуметтік даму, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік бейімделу және бейімсіздену, әлеуметтену және әлеуметсіздену – педагогикалық оңалту, әлеуметтік-педагогикалық түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету және басқалары (категорияның мәні оқулықтың тиісті тарауларында қаралады).
Әлеуметтік педагогиканың міндеттері жалпы (жалпытеориялық және практикалық) және жекеше (практикалық қызмет салалары бойынша) болып бөлінеді. Оларды әлеуметтік педагогиканы құрайтын негізгі топтамаларға бөліп, былайша қысқаша тізімдейміз:
Әлеуметтік педагогикадан туындайтын міндеттер:
- мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың, партиялардың, сондай-ақ, мекемелер мен ұжымдардың қызметіне әлеуметтік-педагогикалық баға (сараптама) жасау;
- ортаның өсу үстіндегі жеке адамға, топқа ықпалын зерттеу;
- адамның әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінде белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үшін ортаның факторларын пайдалану мүмкіндігі;
- жеке фактордың жеке тұлғаға (мысалы, отбасының, бұқаралық байланыс құралдарының) ықпалын зерттеу.
Әлеуметтік тәрбиеден туындайтын міндеттер:
- халықтың түрлі топтарының, адамдардың жеке топтарының, жекелеген тұлғалардың әлеуметтік тәрбиесін оңтайлы түрде қамтамасыз етудің мазмұны мен әдістерінің проблемаларын зерттеу;
- жеке тұлғаны отбасы, білім беру және арнаулы мекемелер жағдайында әлеуметтік тәрбиелеу проблемаларын зерттеу;
- түрлі үлгідегі отбасыларындағы, мекемелердегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесін зерттеу;
- әлеуметтік тәрбиенің шетелдік тәжірибесін және оны отандық жағдайларға т.б. бейімдеуді зерттеу.
Адамды әлеуметтік бірлік ретінде зерттеуден туындайтын міндеттер:
- адамның жеке тұлға ретінде әлеуметтік дамуының, әлеуметтенуінің ерекшеліктерін зерттеу;
- басқалардан өзгеше адамдардың әлеуметтік даму ерекшеліктерін зерттеу;
- адамның дамуы мен тәрбиеленуі үдерісіндегі әлеуметтік ауытқушылықтардың себептерін, олардың алдын алу мен жеңудің мүмкіндіктерін анықтау.
Адамның әлеуметтік жақтан өзін-өзі жетілдіруде жеке ұстанымы мен белсенділігінен туындайтын міндеттер:
- әлеуметтік тұрғыда адамның өзін-өзі жетілдірудегі рөлін анықтау;
- адамның түрлі жас сатыларында әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруін жандандыру мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеуші-педагогтардың жарияланымдарында «Әлеуметтік педагогика» және «Әлеуметтік жұмыс» ұғымдарының араласып кетуі кездеседі (В.Г. Бочарова, Ф.А. Мустаева және т.б.).
Мұның басты себептері мынадай:
Біріншіден, Еуропа мен Америкада әлеуметтік педагогика институты кеңінен даму алған жоқ. Шетелде оған - әлеуметтік жұмыстардың бір бөлігі ретінде, сол сияқты, Копенгагендегі (Дания) Халықаралық әлеуметтік педагогика ассоциациясы педагогикаға әлеуметтік қауым жағдайындағы (нашақорлармен, маскүнемдермен, көше балаларымен және т.б.) адаммен жүргізілетін теориялық және практикалық жұмыстар ретінде қарайды. Ресейде әлеуметтік жұмыстар теориясы шетел тәжірибесін қайта қорыту негізінде даму үстінде.
Екіншіден, Ресейде әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік педагогика институттары бір мезгілде құрылды. Әлеуметтік жұмыстар теоретигі (Валентина Георгиевна Бочарова) отандық әлеуметтік жұмыстардың американдықтардан айырмашылығы оның адамның өзінің әлеуметтік проблемаларын шешуі үшін өзін белсенді қатыстыруына маңыз беретіндігінде деп санады. Бұл ретте, әлеуметтік жұмыстардың педагогикасы - әлеуметтік педагогика болып табылады.
Үшіншіден, әлеуметтік педагогикаға әлеуметтік жұмыс ретінде қарайтын көзқарасты шетелдік мамандар қолдайды. Бұл - оларға түсінікті.
Алайда, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогиканың мақсаты, объектісі мен пәні жөнінен әлеуметтік айырмашылықтары бар екенін атап айтқанымыз жөн (1-кесте).
1-кесте Әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік педагогиканың ерекшеліктері
Әлеуметтік жұмыс | Әлеуметтік педагогика | |
Мақсаты | Әлеуметтік қорғау, Әлеуметтік көмек, Әлеуметтік қолдау, Әлеуметтік қызмет көрсету | Әлеуметтік-педагогикалық бағалау (сараптама), әлеуметтік даму, әлеуметтік тәрбие, оларды түзету және оңалту, түзеу және қайта тәрбиелеу |
Жұмыс объектісі | Әлеуметтік проблемасы бар және оны өзі шеше алмайтын адам | Тәрбиенің әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру Адамды, топты белсенді ету, жұмылдыру Әлеуметтік-педагогикалық көмекті қажетсінетін адам Әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау, бағалау (сараптама) |
Нысана | Материалдық көмек көрсету, адамды әлеуметтік қорғау, кеңес беру үдерісі, ерекше мұқтаждығы бар адамға әлеуметтік қызмет көрсету үдерісі | Әлеуметтік-педагогикалық даму, тәрбиелеу, түзеу немесе оңалту үдерісі әлеуметтік педагогикалық болжам жасау бағалау әдістері мен әдістемесі (сараптама) |
Әлеуметтік педагог өз қызметінде әлеуметтік жұмыстар проблемаларын жиі шешеді. Олай етпеген жағдайда әлеуметтік педагогикалық қызметтің ұтымдылығына қол жеткізу мүлдем қиын. Мысалы, балада мазмұны жағынан әлеуметтік қызметкер шешуге тиісті проблема туындаса, әлеуметтік педагог та оны дербес шешуге құқылы.
Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогика қайсыбір жағдайларда өзара түйісіп, ұштасуы, қайсыбірінде ұштаспауы мүмкін. Олар өз мақсаттарын өз әдістері және құралдары арқылы іске асырады. Нақ сондықтан, оған әлеуметтік жұмыстар функциялары кіреді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар..............................................................................................
1. Әлеуметтік педагогика деген не?
2. Әлеуметтік педагогика дамуының негізгі бағыттарын атаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз,
3. Орта педагогикасына сипаттама беріңіз.
4. Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы деген не?
5. Әлеуметтік ауытқушылықтар педагогикасына сипаттама беріңіз.
6. Әлеуметтік қалыптасудағы адамның өз орны мен рөлі қандай?
7. Әлеуметтік педагогикаға теория ретінде сипаттама беріңіз.
8. Әлеуметтік педагогикаға практика ретінде сипаттама беріңіз.
9. Әлеуметтік педагогиканың негізгі функциялары қандай?
10. Әлеуметтік педагогиканың негізгі міндеттері қандай?
Әдебиет...................................................................... Ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік педагогика адамдардың және социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-танымдық қызметін көрсетеді. Ол педагогикалық ғылымның да және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі осы заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімнің де дербес бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, оған тән мынадай сипаттық белгілерді атап көрсетуге болады: а) білімнің пәндік саласының тобы бойынша бұл – гуманитарлық ғылым; ә) білімнің мәнін көрсету тәсілі бойынша – феноменалистік; б) ойлау нысаны бойынша – эмпиристік.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың объектісі – жеке тұлғаны оны практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін танып-білудің және қайта құрудың пәндік саласы болған қоғаммен өзара әрекетінде әлеуметтік қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады. Пәні - әлеуметтік-педагогикалық білімдер, жеке тұлға мен әлеуметтің өзара әрекетінің жалпы заңдылықтары.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың мақсаты адам мен әлеуметтік ортаның өзара әрекетін үйлестіру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді ғылыми-педагогикалық негіздеу болып табылады. Осы мақсатқа жету ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың: аналитикалық талдау жасау, сипаттау, түсіндіру, бағдарлау, ұсыным жасау, танымдық, біріктіруші функцияларымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың міндеттері мынадай топтарға біріктірілген:
- практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметті зерттеу: социумның, ондағы әлеуметтік қатынастардың, субъектілер мен социум институттарының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің даму заңдылықтарын анықтау; қайшылықтарды іздеу және үдерістерді анықтау, оларды оның әрқилы түрлері мен тұрпаттарында, әлеуметтік орта салаларында және оларды талдаудың түрлі деңгейлерінде шешу; әлеуметтік педагог қызметінің қағидаларын, мазмұнын, тәсілдерін, әдістері мен нысандарын әзірлеу; бір түрлі немесе басқа түрлі әлеуметтің әлеуметтік институттар мен әлеуметтік қызметтерді құру және қолдануды ұйымдастырудың негіздерін және олардың өзара әрекет бағыттарын құрып, қалыптастыру; әлеуметтік педагогиканың бастауларын анықтау; шетелдердегі кадрлардың, ұйымдар мен институттардың әлеуметтік-педагогикалық қызметіне талдау жасау және тәжірибесін бағалау;
- әлеуметтік педагогиканың өзін дамыту: ғылымның әдіснамалық, теориялық-әдіснамалық және теориялық негіздерін құрып-қалыптастыру; ғылымтанудың әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын (объектіні, пәнді, мақсаттарын, міндеттерін, қызметтерін, технологиялары мен әдістерін) анықтау; ғылыми білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың процессуалдық, функционалдық, ғылыми-мазмұндық, ғылыми-пәндік құрылымын кешендеу; әлеуметтік педагогиканың технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық практиканы ғылыми зерттеудің технологияларын және әдістерін жасау;
- әлеуметтік сала кадрларын даярлау үшін өзіндік білім беру кешенін теориялық негіздеу.
Білім беру кешені ретінде әлеуметтік-педагогика адамдар мен социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-білім беру қызметін көрсетеді.
Оның объектісі әлеуметтік сала мамандарын даярлаудың білім беру кешені болып табылады. Пәні – білім берудің түрлі деңгейіндегі кадрларды даярлау саласындағы ғылыми-теориялық (теориялық зерттеулердің нәтижелері) және ғылыми-эмпирикалық (әлеуметтік–білім беру қызметінің тәжірибесін қорытып-жинақтау нәтижелері) білімдер мен әлеуметтік-педагогикалық саладағы кәсіби қызмет бағыттары.
2-семинар.Әлеуметтік педагогика - адам мен әлеуметтік ортаны үйлесімдендіру ғылымы мен практикасы.
3-семинар. Әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды зерттеу парадигмалары: классикалық пен мәдениеттанушылық парадигмалар. Жалпы ғылым әдістемесінің және жекелей педагогикалық ғылым әдістемесінің тенденциялары мен ерекшеліктерінің дамуын ескере отырып, зерттеулерде әлемдік ғылымда және қазіргі кезде қолданылатын теориялық-әдістемелік білім,тұғырлар, ұстаным және әдіс, жүйлеріне сүйену керек. Жалпы ғылыми сипаттамасында біздің көз-қарасымызша, диалетикалық әдісті қолданған дұрыс. Ол тарихи-педагогикалық әрекетті, оның қайта түрлендіру үрдісі және дамуы зерттеулерінің шарттары мен құралдарын анықтауға, зерттеулердің объективтілігі және қорытындының шындылығын қамтамасыз ететін шарттар мен тетіктерді сипаттауға көмектеседі. Диалетикалық әдіс зерттеулерде түрлі әдістер топтарын қолдану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді: жалпы ғылыми, әлеуметтік, тарихи, педагогикалық және т.б. Сонымен қатар, әрбір тарихи-педагогикалық үрдістерде, құбылыстарда, фактілерде ол мыналарды зерттеуді талап етеді: сыртқы әлеуметтік-тарихи және педагогикалық шарттар және тәрбиелеу, оқыту, білім беру жүйесінің қызметі факторлары; осы жүйелер қызметінің ішкі ерекшеліктері мен заңдылықтары нақты тарихи шарттарда; оқу-тәрбие әрекетінің түрлі білім беру мекемелері түрлерінің педагогикалық нәтижелерін қадағалау және т.б.
Зерттеулерді жүргізген кезде әдіснамалық тұғырлар наменклатурасы анықтамасына ерекше көңіл бөлу қажет. Тұғыр – қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. Ертеде әдістемелік тұғырлар санына келесілерді есептеген: нақты және абстракты, аналитикалық және синтетикалық, индуктивті және дедуктивті, динамикалық және статистикалық және т.б. Соңғы жылдары әлемдік ғылымда жаңа жалпығылымдық тұғырлар тізімі құрастырылған: жүйелі – құрылымдық, қызметтік, ақпараттық, үлгілік және т.б. Осылардың кейбіреулері барлық ғылымда, ал қалғандары жеке ғылымдарда қолданылады.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерде тарихи-мәдениеттік, жүйелі-құрылымдық, әлеуметтік-формациялық (формациялық-таптық), тұтастық, кешендік және басқа да тұғырларды кеңінен қолданған жөн.
Зерттеулердің басқа әдістемелік компоненттеріне тұғырлар сәйкестігіне тән, ұстанымдар жатады. Зерттеулік тәжірибелер ұстаным гносеологиялық-әдістемелік ұғым болып табылатынын көрсетеді. Ұстаным белгілі бір ғылыми мәселелерді шешудің негізін құрушы бастамасын білдіреді, оның мазмұны нормативті-реттеуші сипаттамасын білдіретін белгілі қажеттіліктен көрінеді. Осы қажеттілікті сақтау – сәйкес әдістерді ойдағыдай қолданудың шарты болып табылады. Әдістерде өзінің қызметтік орны бойынша ұстаным – белгілі тұғырларды жүзеге асырудың құралы. Зерттеудің базалық әдіснамалық ұстанымдары, партиялық, объективті, тарихи болып табылады.
Жарамсыз партиялық ұстанымдар. Бүгінгі таңда бұл ұстаным одиозттық ретінде қабылданатынын, оны тікелей өткен пратиялық конъюктуралық пен апологетикамен байланысатынын, кез-келген ғылыми фактілер, шешімдер Маркс, Энгельс, Ленин туындыларындағы цитаталарымен, ЦК КПСС және одақтас республикалар ЦК-сының хатшыларының мақаласы мен баяндамаларында расталатынын ескере отырып, біз біраз айқындаулар беріп өткіміз келеді. Ғылым тарихында терең ежелгі және бүгінгі күнге дейінгі партиялық ұстаным жалпы-тарихи (сәйкес педагогикалық-тарихи) танымның әлеуметтік мазмұнын көрсетеді және құнды әлеуметтік-педагогикалық аспектілер, аксиологияларды қосады. Бұл мемлекеттегі білім берудің дамуына арналған мемлекет саясатының белгілі критерийлер ұғымындағы қатаң белгіленген әлеуметтік-саяси бағыт. Кез-келген мемлекеттік бағыт, әрбір қоғамдық тап, әлеуметтік топ өзінің тамырлы қызығушылығын және азаматтық-өнегелік құндылығын тиімді бейнелейтін, олардың барлық өмірлік саладағы іске асырылу мүмкіндігін беретін партиялық формасының өзгешелігін дамытады . Үстемдік ететін таптар, мемлекеттік машиналар арқылы билік ететін олигархия олардың әлеуметтік топтарына тиімді білім беру жүйесін, мектеп типологиясын, олардағы оқыту мазмұнын, технологиясын және т.б. дамытады. Партиялық ұстаным ұғымын ғылыми зерттеу, қайнар-көздің әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын, ғалымдардың дүниетанымдық, саяси ұстанымдарын және олардың әдісте өзгеше бейнеленуінің ашылуын талап етеді. Осындай жоспар ұғымындағы партиялық, ежелгі және орта ғасырлық тарихшылардың зерттеулерінде орын алған.. Шовинизм немесе ұлттық радикализм, партиялық ұстанымдардың негізі ретінде, қазіргі кезде тарихи және тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін фальсификациялауға әкеліп соғуы мүмкін.
Объективтілік ұстанымы.Әлеуметтану және басқа да қоғамдық ғылымдарда біраз ғалымдар бұл ұстанымды қабылдамайды және оларды зерттеулерде қолдану міндетті емес деп ойлайды. Ғылыми-әдіснамалық ұстаным ретінде объективтілік, тарихи-педагогикалық фактілер, құбылыстар, үрдістердің жан-жақты жүйелі талдауын талап етеді. Ұстаным екі қызметті жүзеге асырады: а) зерттеу пәнін, оның педагогикалық теория және тәжірибесіндегі орнын нақты анықтау. б) зерттеу объектісін біртұтас ретінде оның өткенін, болашағын және осы шағын жаңалау. Біз бұл ұстанымды тарихи-педагогикалық зерттеулерде қазіргі кезде қолдану орынды және үлкен пайда әкеледі деп ойлаймыз.
Тарихи ұстаным тарихи – педагогикалық құбылыстардың (олардың пайда болуы, даму динамикасы) нақты-тарихи жағдайлардың тіршілігі және қызметіне байланысты зерттеулерін ұйғарады. Тарихшылдық тарихи-педагогикалық құбылыстардың дамуы мен пайда болуындағы жалпылық пен ерекшелікті ғылыми-объективті бейнеленуін талап етеді, бұл тарихи кезеңдердің өзгешелігі есебімен өткеннің сипаттамасын қамтамасыз етеді. Тарихи уақыт нақты педагогикалық құбылыстардың және фактілердің объективті ашылуын, дамушы тарихи-педагогикалық әрекеттердің танымдылығын талап етеді. Тарихи уақыт статика да динамика бойынша да қарастырылады. Бұл адам қоғамының, оның білім беру институттарының ерекшеліктерімен өзгешеліктерімен шартталады. Бұл тарихи-педагогикалық құбылысты нақтылауға, ғылыми объективті суреттеуге мүмкіндік береді.
Тарихи педагогикалық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдарды қолдану, біржағынан тарихи құбылыстардың шиеленісуін, екінші жағынан, тарихи-педагогикалық үрдістерді әлеуметтендіруден қорғайды. Осы екі жағымсыздық соңғы кездері жалпы тарихи және тарихи-педагогикалық зерттеулерде ерекше сипатты болып отыр.
Әдістемелік тұғырлар мен ұстанымдар зерттеу міндеттерінің стратегиясын, бағыты мен шешу жолдарын ашады, зерттелетін объектілердің зерттеу әдістерін және жалпы әдістерді анықтайды.
Тарихи материализмнің каноны және детерминанты тірегі, түрлі педагогикалық фактілерді зерттеудегі таптық күрестің ізділігі, олардың өткені мен қазіргі үрдістері мен көрінісі, айтарлықтай күтілген нәтижелер берді: "прогрессивті - реакциялық" ұстанымдарға бөлу зерттеу ізденістерін жеңілдетті. Бірақ та осымен қатар оның қоғамдық тұрмысының формаларын құрайтын , адамның және мәдениеттің өзінің тарихы оның тасушысы ретінде шарасыз соңғы кезекке ығыстырылды. Тарихи-педагогикалық ізденісте, монографиялық талдаулада атамұра мәнеріне біржақты келіс ерекше біліне бастады, өйткені тәрбиелеуші қарым-қатынас мәдениеті ретінде педагогикалық практиканың мәніне қарама қарсылық көрсетті. Ол жылдары педагогика - бұл өсуші буынды тәрбиелеу туралы ғылым" , ал советік педагогика - "оның дамуының сапалы жаңа, жоғары кезеңі" деген ұғым жалпы танылған, бұндай біржақтылық бекімділік жетіспеушілік болып көрінбеді.
Соңғы кездері тарихи-педагогикалық шындықты талдауға арналған, мәдиниеттанымдық, аксиологиялық, өркениеттік, инновациялық бұрыннан белгілі концепцияларға негізделген жұмыстар пайда бола бастады. Бүгін олардың көзінше "қатаң партиялық" жолды алған ұғым қалай көрінеді? Оларды қолдану жаңа білім бере ме? Жақсы белгіліден белгісіз нәрсе ашыла ма? Ертеде жасалынған бағалар түзетулер немесе толық алып тастауды талап етеді ме?
Осы сұрақтардың кейбіреулеріне қазіргі кезде жиналған педагогика тарихында белгілі көрініс болып табылатын шығармашылық мирастарды зертеулердің нәтижесін қолдана отырып жауап беруге тырысамыз.
Бірінші аталған мәдинеттанулық концепцияның мәні келесіде – мәдениеттік әлеуметтік-антропологиялық және жеке педагогикалық көрніс ретінде қарастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекеттерді жалпы мәдени бейнеде зертеуге, педагогика мен мәдениеттің ынтымақтастығы негізінде көріністер мен фактілерді зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғысы әлеуметтік-құнды дәстүрлерді қолдау және қайта өндіру мен жүзеге асыру шарттары оларды жақсарту және бейімдеуге тырысатын, адамдар әрекеті және оның нәтижесі ретінде қызығушылық тудырады. Және бұл мағынада мәдениеттің қоғамды жақсартудың қазіргі заман үрдісімен байланысты ұғым ретінде бастапқы мағынасы қайта құрылады. Ол динамикалық үрдіс түрінде негізінде шығармашылық әрекет және бұл әрекеттің субъектісі – адам өмір және еңбектің өркендеу шарттары ретінде көрінеді. (Злобин Н.С. Культура и общественный прогресс. М., 1980. С. 27)
Қазіргі заманғы ғылым мәдениетті жас буынға білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мен мазмұнын, тұлғаның мағыналық күшін дамытудың негізі болып табылатын қайта білім беру әрекетінің нәтижесі мен үрдісін, материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырады. Мәдениет қоғамның барлық өмір әрекетіне ене отырып, нақты-тарихи тұрмыстың жалпы өлшемдерін құрушы болып табылады. Және бұл мағынада оның ең жарамды анықтамасын А.Швейцер көрсетті: "Мәдениетті – бұл прогрессшіл жеке тұлғаның рухани жетілдіруінің шарты ретінде қарастырсақ, адам және адамзаттың барлық жақтары мен бағыттарының жалпы прогесі " (Культура и этика. М., 1973.с.10) .
Бұдан білім мен мәдениеттің жанасуының басты нүктесі көрінеді. Осыған орай білім беру мәдениетті қайта өндірудің қажетті шарты ретінде қарастырылады, бұл оның сәйкесті оқытылуын талап етеді. Білім беру және тәрбиелеу үрдісінде адам мәдениеттің мұрагері болады: халықтың әлеуметтік мәдени феноменін игере отырып, ол ұлттық діл сипаттамасы мен қоғамның әлеуметтік бірлік тұлғасы статусына ие болады.
Мәдениет – тарихи өңделген формаларды біріктіру және көп түрлендірудегі өмір сүрудің өзіндік әдісі. Бұл шығармашылық жасампаздық әрекет олардың "адамдандыру (очеловечование)" және әркімнің дамуы және өзіндік дамуы деңгейін сипаттайды және бейнелейді. Бұл – көрініс синкретикалық, адамның табиғатпен, қоғаммен және өзімен, гармониялық қатынасының көрінісі, материалды және рухани құндылықтар синтезі, қоршаған әлем мен гармониялық қарым-қатынас және өркениетті болашақты қамтамасыз етудің қажетті шарттары.
Біз үшін мәдениет мәселелерін зерттеу және құрастыруға жалпы философиялық тұғыры өте маңызды мәнге ие, өйткені ол мәдениетті әлеуметтік фактілермен, көріністермен органикалық қарым-қатынасын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, тарихи-педагогикалық мәселелерді зерттеуде келесі ойды ескеру қажет, мәдениет ұйытқысын бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтар жиынтығы құрайды, оларды игеру және өндіру тарихи зерттелген. Философия және мәдениеттанудағы жиналған материалдар мәдениетті тұлғаны шығармашылық өзіндік реттеу үрдісі – тұлға субъектісі және біртумалықты көрсететін әрекеттің өзіндік әдісі тұрғысында қарастыруға мүмкіндік береді. (А.Н. Леонтьев, В.С. Давидович, В.П. Зинченко, М.С. Коган және т.б.).
4-семинар. Әлеуметтік-педагогикалық ғылыми танымдағы диалектикалық және сыни бағалау тұғырларыҒылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңалықтарын бағалау критериі мен әдістері
Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды принциптері, білім жүйесін басқару формаларының заңдылықтары жөнінде жаңа тағылым алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отыра, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен жүйелілігімен мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жағынан сипаттауға болады.
Зерттеулердің сапалылығы ғылым өнімінің тұтыну құндылығымен тығыз байланысты. Барлық тұтыну құндылықтарының пайдалы жағын бағалау үшін зерттеу нәтижесінде алынған теориялық және практикалық жағдайлар жиынтығына, оның сапасына сүйенеміз. Зерттеу сапасы оның нәтижесінің жаңалықтарымен өзектілігімен теориялық және практикалық маңыздылығымен анықталады.
Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының басты сапасы жаңа тұжырымдамалар, идеялар, оқу-тәрбие саласындағы амал-тәсілдер мен келешекте қолданбалы зерттеулерді дамыту үшін жол көрсететін мәнділігінен көрінеді.
Қолданбалы ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының қасиеті оның практикалық маңыздылығында, оқыту мен тәрбие процесіне ықпал етуінде, алынған білімнің өзектілігінде. Зерттеу нәтижелері типтік, нақтылы-ғылыми критерилер көмегімен бағаланады.
«Ғылым және ғылымдағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жөніндегі» федералді заңда ғылыми зерттеу жұмыстарын жаңа білім алу әрекеттері ретінде қарастырылады.
Ғылыми немесе ғылыми техникалық көрсеткіштер дегенде кез-келген ақпарат таратушы айқындаған шешімдер мен жаңа мағлұматтар қамтылған ғылыми техникалық әрекеттер өнімдері түсіндіріледі.
Ғылыми құндылықты тек нәтижесінде қоғамдық жаңа хабарламалар алуға болатын зерттеулер ғана білдіреді. Педагогика саласында бұрыннан белгілі нәрселерді біле тұра қайталау зерттеу жұмысы болып саналмайды. Мұндай жағдайда жаңа нәтижелердің ескіден айырмашылығы тек терминологиялық жағынан ғана байқалады.
Педагогикалық зерттеулер сапасын талдаудың негізгі бірлігі оның нәтижесі болып табылады. Оны бағалау үшін мазмұны ашылып, ішкі байланыстарының құндылық жақтары көрсетілуі тиіс. Оның мазмұнын жаңашыл критерилер сипаттаса, құндылығын теориялық және практикалық маңыздылығы мен өзектілігі анықтайды.
Жаңашылдық жағынан критерийлер бұрын ғылым мен практикада қолданылмаған жаңа теориялық жайлар мен практикалық ұсыныстардан тұрады.
Жаңашылдықты суреттеу үшін төмендегідей сипаттамаларды қолдануды ұсынамыз. Түрлері жағынан оны теориылық ( тұжырымдама, болжам, терминология т.б.) және практикалық (ереже, ұсыныс, құралдар, талап, әдістемелік жүйе т.б.) деп бөлуге болады. Жұмыс түрімен зерттеу саласына байланысты 1-ші орынға оның теориялық немесе практикалық жаңалығы қойылады.
Жаңашылдық деңгейі – алған білімдерінің орнын, оның сабақтастығын сипаттайды. Ол нақтылау, толықтыру, жаңару деңгейлерінің көмегімен бағаланады.
Нақтылау деңгейі – алынған нәтиже белгіліні дәлелдейді, оқыту мен тәрбие, оқыту әдістері, педагогика тарихы, мектеп ісін жүргізуге қатысты кейбір теориялық немесе практикалық жағдайларды нақтылайды. Мысалы: Білімді тексеру жүйесі түрде өтуі керек. Материалдың көлеміне байланысты саны анықталады.
Толықтыру деңгейі – алынған нәтиже бұрыннан белгілі теориялық және практикалық жағдайларды кеңейтіп, белгілі емес жаңа элементтерді қамтиды. Жалпы, жаңашылдық ештеңені өзгертпейді, оны толықтырады. Мысалы, ғылымилық принципін дидактикада 50 – жылдары М.Н.Скаткин тұжырымдаған ол төмендегідей жағдайларды қамтиған: оқушыларға берілген мәліметтердің ғылыми растығы, суреттеп отырған құбылыстардың мәнінің ашылуына, оқушыларды маңызды деген материалистік теориялармен таныстыру, дүниені танып-білу туралы оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, абсалюттік және салыстырмалы ақиқат жөнініде, ғылыми таным әдістерімен танысу.
80- жылдары Л.Я. Зорина жүргізілген зерттеулерді негізге ала отыра бұл принципті бұрыннан белгілі емес үш жаңа қағидамен толықтырды: білімнің заманауи ғылым деңгейіне сәйкестігі; ғылыми таным әдістері жөнініде оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, таным процессінің басты заңдылықтарын ашу; Жаңару деңгейі теорияда бұрын болмаған оқыту мен тәрбиелеу саласындағы амал-тәсілдер, жаңа идеялармен сипатталады. Аталамыш саладағы белгілі ұғымдардан түбегейлі ерекшеленіп тұратын жаңа көзқарас ұсынылады.
Теориялық мәнділік критерия зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құндылық жағын, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы теориялық ұғымдар, идеялар, көзқарас, тұжырымдамаларға әсерін көрсетеді, педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды.
Өзектілік критеринен айырмашылығы зерттеу жұмыстарының дайын өнімін сипаттайды, өзектілікпен сәйкес келмеуі мүмкін.
Дәрежесі мен ауқымдылығы бойынша теорияға әсер етуі жағынан теориялық мәнділіктің бірнеше деңгейі бар: жалпы педагогикалық, салалық, жалпыға бірдей жағдай, жекелей мәселелі.Аталған деңгейлер шартты олардың арасындағы шек қозғалмалы, дегенмен, көпшілік жағдайда оларды анықтауға болады.
Зерттеу жұмыстарының теориялық мәнділігі оның жаңашылдығымен, теориялық күйінің қалыптасу дәрежесімен, яғни тұжырымдамалықпен қортындылардың дәлелділігімен, қолданбалы тақырыптармен жұмыс жасау үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігімен тығыз байланысты. Фундаменттік зертеулерде тұжырымдамалық автордың теориялық ұстанымын бейнелейді. Тұжырымдамасыз зерттеулер түрлі идеяларды дәйексіз пайдаланатын эклектик сипат алып, теориялық жағынан дәлелсіз болып қалады.
Жаңашылдықты бейнелейтін ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің теориялық мәнділік пен көп жұмыстарда толық сәйкес келетінін айта кету керек. Оған мысал ретінде Т.С. Базарованың докторлық диссертациясы дәлел.
Зерттеу жұмыстарының ғылыми жаңашылдығында:
· жоғары оқу орындарында (философиялық, әлеуметі мәдени, білім) әлеуметтік қызметтеркердің кәсіби даярлық процесінің мәні мен маңызын құрайтын жағдайлар жиынтығы анықталады;
· білім берудің барлық құрамдас бөліктері арасындағы қарама-қайшлықтың орны талданып, ашылады;
· жоғары оқу орындарында кәсіби даярлық жүйесі және зерттеу жұмыстарының әдістемелік жинақтары ретінде салалық көзқарас қалыптасады;
· полиэтникалық сала ерешеліктерінен тұратын кәсіби шеберлікті қалыптастыратын болашақтағы әлеуметтік қызеткердің жеке басының субъектілік мәні артып, өзектілік идеясы алға қойылады;
· полиэтникалық салада кәсіби шеберліктің (арнайы, әлеуметтік, жеке басылық) компонентерінің жинақтығын көрсететін кәсіптік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің авторлық үлгісі жасалады.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызында:
· полиэтникалық саладағы (көзқарастар, ұстанымдар, шарттар мен әдістер) кәсіби іс-әрекеті жүзеге асыратын майталман әлеуметтік қызметкер даярлаудың теориясы- әдістемелік негіздері анықталады;
· аймақтық жоғары білім беру жағдайларында кәсіби даярлық жүйесін дамытудың алғы шартарын айқындайтын регионалдық көзқарас ұғымы қалыптасады;
· полиэтникалық салада кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің үлгісі жасалады;
· әлеуметтік қызметкердің жеке басының жүйелік сипаттамасы ретінде «әлеуметтік творчество» ұғымы қалыптасады;
· жеке басы әрекетінің феномені ретінде әлеуметтік қызметкердің кәсіби шеберлігінің сипатамасы мен құрылымы жасалады;
· болашақ маманның әлеуметтік креативтілігінің даму процесінде әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар кешенін қолдану логикасы мен мазмұнының негізі қаланады.