Реттік санау және реттік сан есімдерді оқып үйрену.
Ересек балалар тобымен жұмыс жасағанда тәрбиеші естиярлар тобында қолданған санау тәсілдерін пайдаланады. Ересек балалар тобындағы жаңа міндет реттік және есептік сан есімдерді пайдаланады, бірақ олардың есептік сан есімнен айырмашылығы жөнінде айқын түсінігі болмайды.І класының өзінде тәрбиешінің: «Қайсы сан үлкен, жеті ме әлде алты ма?» -«Жеті» -«алтыдан нешеуі артық?» -«Жетеуі», -деп жауап береді бала, ал іс жүзінде жеті заттан тұратын жиынның бірзаты артық екенін дұрыс көрсетеді. «Жетеуі артық», -дегенімен, бала жеті затты ол жетінші деп түсінеді де, ал атағанда «жетеуі», -дейді.
Сондықтан есептік және реттік сан есімдердің мәнін балаларға түсіндіру өте қажет. Арифметика теориясында «есептік (мөлшерлік) сан бір -бірімен тең қуатты жиындардың кейбір класы жөніндегі ұғым»... екендігі атап көрсетіледі. «Реттік натурал сан белгілі бір типті орналасқан жиынтықтардағы (тізбектердегі) элементтің реттік орны жөніндегі жалпы дерексіз ұғым». Тәрбиеші осы айырмашылықты айқын біліп және балаларға оңай түсіндіре алуы тиіс.
Осы мақсатпен әр түрлі сабақтар өткізуге болады. Солардың бірі мынадай.
Тәрбиеші үстелге түсі әр түрлі 10 жалауша қояды, ең алдымен әр жалаушаның түсін анықтайды, олардың жалпы санын қайта санап шығады (небары 10 жалауша). Тәрбиеші бір, екі, үш т.с.с деп санағанда біз барлық жалаушалар санын анықтайтынымызды айтады. Бірақ әр жалауша жөнінде не білуге болады? Ол басқа жалаушалардың арасында нешінші орында тұрғанын қалайша білеміз? Ол үшінде сана керек, бірақ басқаша: «бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші т.с.с.» мысалы, соңғы қызғылт жалаушанешінші орында тұрғанын санайды. Басқа жалаушалар арасында оныншы орында тұрған ол жалауша оныншы деп аталатынын балалар біліп алады. Соңғы жалаушаның түсі бірнеше рет өзгертіледі және балалар санағанда реттік сан есімдерді қоданып үйренеді.
Тәрбиеші «қанша?» және «нешінші?» деген сұрақтарға берілетін жауаптардың айырмашылығын атап айтады. «Қанша» деген сұрақты қойғанда жалаушалардың жалпы санын, ал «нешінші» деген сұрақты қойғанда, бір жалауша бар екеніе бірақ санағанда басқалардың арасында ол нешінші орында тұрғанын білгісі келеді.
Балаларды төсендіру үшін тәрбиеші әртүрлі сұрақтар қояды, «солдан оіға қарай санағанда қоңыр жалауша нешінші орында тұр? Қызыл жалауша нешінші брлып тұр? Қатарда не бары неше жалаушу бар? Үшінші жалаушаның түсі қандай?» т.с.с. Балалар әр түрлі сұрақтардың мәнін айыра білуге және оларға дұрыс жауап беруге үйренеді.
Бір сабақта алынған білім методикалық әдістерін немесе материалы жөнінен өзгеше басқа сабақтарда бекітіліп отыруы тиіс.
Мысалы, балалар бір қатарға түсі бірдей 10 дөңгелекшені тізіп қояды. Тәрбиеші бір дөңгелекшені басқа түсті дөңгелекшемен алмастыруды ұсынады, ол үшін балаларға сол дөңгелекшені береді. «Не бары неше дөңгелекше», - деп сұрайды тәрбиеші. Балалар: «он», - деп жауап береді. «Сол жақтағы үшінші қызыл дөңгелекшені жасыл дөңгелекшемен алмастырыңдар. Енді нешінші дөңгелекше жасыл екенін айтындар». Кез келген қызыл дөңгелекшелерді жасыл дөңгелекшелермен (мысалы, үшінші, бесінші, жетінші) алмастырып, бұл сабақты күрделендіруге болады. Содан соң жасыл және қызыл дөңгелекшелерді санайды, қызыл немесе жасыл болып алмасқан дөңгелекшелерді атайды. Осылайша «қанша» деген сұрақ қойылғанда сөз оның саны жөнінде, ал «нешінші» деген сұрақ қойылғанда оның реттік саны жөнінде болып отырғанын балалар бірте бірте түсініп алады. Сұрақтың қойылуына қарай санау сипатыда өзгереді. «Нешінші» деген сұраққа жауап бергенде балалар реттік сан есімдерді, ал «қанша» - деген сұраққа – есептік сан есімдерді қолданып санайды.
«Қандай?» және «нешінші?», «санағанда қандай?» - деген сұрақтардың мәнін дифференциялар (ажыратып) отыру қажет. «Қандай» деген сұрақ заттың сапасын, ал «нешінші» - заттың қатардағы орнын табу үшін қойылады.
Тәрбиеші сонымен бірге заттың қатардағы орнын табу үшін әр қашан санау бағыты, мысалы, солдан оңға қарай немесе оңнан солға қарай санау керектігі көрсетіліп отыруы тиіс екеніне балалардың назарын аударады. Осыған байланысты реттік сан өзгереді; мысалы, егер 10 дөңгелекщенің ішінде солдан оңға қарай санағанда сегізінші болған дөңгелекше, оңнан солға қарай санағанда үшінші болады. Ал заттардың жалпы санын білу керек болғанда қайсы бағытта: оңнан солға қарай, солдан оңға қарай немесе ортасынан екі жаққа қарай санаса да бәрі бір.
Біраз уақытқа диін реттік санау апта сайын өткізілетін сабақтардың негізгі, басты міндеті болып келеді, ал оны негізінен меңгеріп алған соң оған біраз пысықтау сабақтарын арнауға болады. Бір тақырыпты қайталауға арналған сабақтар арасындағы уақыт барған сайын алшақтай бергенменле басқада кез келген программалық материял сияқты, реттік санауды бүкіл жыл бойы қайталап отыру керек.