Ежелгі Грециялық педагогикалық ойлар мен мектептер тарихы
Б.з.б. ІІІ- ІІ мың жылдықта Крит және Эгей теңізінің басқа да аралдары мен материктік Грецияда ерекше жазуы бар өзіндік мәдениет қалыптасты. Бұл жазу пиктографиядан және сына жазуынан буындық жазуға дейін эволюциялы дамуды басынан кешірді. Бұл жазуды абыздар, патша сарайының тұрғындары, ауқатты қала тұрғындары қолданды. Жазғыштарды оқыту орталығы сарайлар мен храмдар болды. Крит Микендік мәдениетта жазудың белгілі бір негізі қаланып, юасқа өркениеттер үші баға жетпес мұраға айналды.
Тәрбие мен оқытудың дамуының келесі кезеңі- б.зб. ІХ- VІІІ ғғ. архайкалық кезең. Бұл кезңнің тәрбиесі туралы мәліметтерді Гомердің «Илиада» және « Одессей» дастандары береді. Гомердің кейіпкерлері қарттардың үлгі өнегесін көріп өскен, Жазу жаз алған, музыкадан хабарлар болған, дене даму мықты, әскери өнерді шебер меңгерген адамдар ретінде сипатталады.
Архаикалық кезеңнің тәрбиесі туралы мәлімет беретін келесі еңбек- Гесиодтың «Еңбекте және күндер» дастаны. Дастанда тәрбенің идеалды мақсаты адамның еңбек сүйгіштік сезімі, еңбекқорлық қасиеті көрсетілген.
Б.з.б. VІ- ІV ғғ. Грецияда тәрбиенің дамуына қала- полистердің (мемлекеттер) пайда болуы әсер етті. Бұл кезеңде тәрбие қоғамда ерекше орынға ие болды. Мемлекет халықтың тәрбиесіне көңіл бөле бастады. Білімді болу мемлекетте жоғары бағаланды. Білім беретін арнайы мектептер ашылып, онда 20- 25 оқушы және 1 мұғалім жұмыс істеді. Сабақтар түскі үзіліспен күні бойы жүргізілді. Оқыту демалыссыз жыл бойы жүріп, тек мемлекттік меркелер мен отбасылық мейрамдарда ғана демалыс берілді. Мектептегі мұғалім жалақысы орта қолөнершінің табысы көлеміндей ғана болды. Кітаптар өте аз болғандықтан, білім ауызша берілді.
Бастауыш білім 6- 8 жыл, шамамен 14 жасқа дейін созылып, оқу, жазу, ән салуға үйретті. Санау жаттығулары үшін шақпақ тақтайша- абака қолданылды. Абаканың көмегмен 4 арифметикалық амал үйретілді. Грекия полистерінің арасынан Афины және Спарта полистерін бөліп көрсетуге болады. Бұл полистерде өзіндік білім беру жүйеі мен тәрбие қалыптасты. Олар тәрбие ісінің дамуына үлес қосты.
Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушыларды төмендегідей атады:
Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.
Педагогтар- баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.
Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер: Мусикалық мектептер және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7- 16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12- 16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби жіне музыкалық білім берілді .Негізгі оқулық Гомердің «Одессей» мен «Илиада» дастандары болды. Сонымен бірге математиканың бастаулар беріліп, 4 арифметикалық амалдарды игеру міндетті болды.
Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды.
Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға өтті. Б.з.б.V- ІV афиныда 3 гимнасия жұмыс істеді- Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16- 18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.
Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі – эфебия болды. Онда 18- 20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушылар әскери іске үйретті.
Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.
Пифагор- (VІ ғ.) – ежелгі грек ойшылы. Пифогор өзіндік ерекшелігі бар адагершілік тәләм тәртіп ережелерінің жиынтығын қалтырды.Ол ережелердің мәнін түсіну үшін белгілі бір ойлау қадает еді. Себебі ережелер нені жасау керек, нені жасамау керектігін ашық айтпай, оны астарлап жеткізді. Мысалы, «Көшеде жүрме» деген ойы жұртшылықтың пікіріне еріп кетпе, ойлан дегенді білдірді. Пифогордың тәрбие және оқытужүйесі арнайы ойластырылған, ұйымдастырылған жүйе болды. Сабақ таңертеңгілік серуеннен басталып, храмда оқыту, білім беру және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру ісі жүргізілді. Түстен кейін бірлескен оқу жүргізілп, ол талданды.
Ежелгі Грецияның алғашқы философтарының бірі- Гераклит (б.з.б 520- 460 жж.). Гераклиттің педагогикалық идеялары адамгершілікті меңгерті адамның қасиеті ретінде жүргізілуі тиіс, сана мен сезім танымның құралы, сана ақиқаттың ең негізгі өлшемі ретінде тек фактілермен қатар мәнді де танып білуі шарт болды.
Тәрбие туралы өз ойларын білдіргендердің бірі- Демокрит (б.з.б. 460-370жж.). Ежелгі грек философы, материалист. Математика, физиология, медицина, музыка теориясы, поэзия және т.б. зерттеді. Диоген Лаэртскийдің айтуынша ол 70 жуық шығарма жазған. Ол барлық заттар атомнан тұрады деген ілімнің авторы. Ол дүние танымның негізігі қайнар көзі- сезім, түйсік деп есептелгенімен, ақыл- ойды сезімнен жоғары қояды. Адамгершіліктің өзі ақылда нтуындайды дейді. Жеке адамның дамуы ақылдан басталады деген тұжырым жасайды. Этиканы ғылым саласы деп тұңғыш бөліп көрсеткен Демокрит. Ол қоғамдағы әлеуметтік қайшылық адамдардың дөрекі мінезіне туындайды деп көрсетеді. Педагогикада мінез- құлық мәдениетінңі негізін қалайды. Ойшыл ежелгі грек софистер мектебінің жұмысын жандандыруға көп үлес қосты. Олар тәрбие полистің саяси белсенді азаматтарын тәрбиелеуге көңіл бөлді. Білім беру бағдарламасының кеңеуіне ықпал етті, грамматика, диалектика, пікір талас өнеріне қоса, арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерін қосып, осылайша «жеті өнердің» негізін қалады. «Жеті өнерді» тривиум, квадривиумға бөлді.
Софистік философияның ірі өкілі- Сократ (б.з.б. 470/ 469- 399 жж.). Ол әңгімелесу арқылы ақиқатқа жетудің жолын ашып, диалектиканың негізін салушы ғұламалардың бірі болды. Сократ ұғымды философияның зерттеу пәні ете отырып, грек философиясының дамуына үлес қосты. Ол этикада рахымшылдық, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейрімді бола алады, ақиқат- шындық таза болмыс адам ақылының алғышарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Сократ адам табиғатына мейрімді болады деген ілімнің негізін салушылардың бірі. Сократ өз идеяларын кез келген ортада баяндап кең таратты. Ол тіпті көшеде, Ликей аллеяларында да өз уағыздарны халыққа таратты. Сократ жетелеуші сұрақтар арқылы ақтқатқа жетудің әдісін ашқан ойшыл. Оны сократтық әдәс деп те атайды. Сократтың педагогикалық ойларының негізгі түйіні- кез келген өмірлік мақсаттарға жету жолы адамгершіліктік өзін- өзі жетілдіру болды. Сократ ғылымда ақиқатты талмай іздеген терең ойшыл ретінде тарихта қалды.
Антика дәуірінің педагогикалық ойларын дамытуға үлес қосқандар қатарынан Плотонды (б.з.б 427- 347 жж.)ерекше атауға болады.Ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті. Афиныда өз мектебі Платон акдемиясының негізін қалаушы. Ол бүкіл халықтық тәрбиені жақтады. Мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын жақтады. Ол Афинылық және Спарталық тәрбиені үйлестіре жүргізуді мақсат етті. Мектепке дейінгі тәрбиеде ойынның ролін жоғары бағалай отырып, әңгіме әдісі балаларға ұғынықты, түсінікті формада жеткізілуіне мән берді. Плотон акдемиясы мектеп өкілдерінің ішінен сайланған схоларх басқаратын музаны қадір тұтатын философиялық қоғам ретінде қалыптасыты. Плотонның педагогикалық көзқарастары оның «Диолог», «Мемлекет», «Заңдар» трактаттарында көрініс тапқан. Ол Тәрбие адам өмірінде негізі орында алады деп жоғары бағалады. Ойшыл жан- жақты тәрбиеге баса назар аударады.
Плотонның көзқарастарын дамытушы әлемнің бірінші ұстазы- Аристотель ( б.з.б. 384- 322 жж.). Ежелгі грек философы және ғалым , көптеген ғылымдардың ,соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Аристотельдің еңбегінің жалпы сан кейбір деркетер бойынша 400 ден асады деп көрсетілсе, басқа деректерде 1000 жуық деп көрсетеді. Негізгі еңбектері «Метафизика», «Жан туралы», «Аналитика». Ол Афиныда Ликей мектебінің негізін қалаушы. Оның ойынша этикалық идеялар қоғамда іске асады. Ол адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп анықтады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесі өзара байланыста болуы тиіс деді. Адамның туғаннан мүмкіндігі болады, оны дамыту тәрбие арқылы жүзеге асады деген дұрыс тұжырым жасады. Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие туралы құнды пікірлер айтты.
Аристотель тұңғыш рет әдебиетті, геометрияны, музыканы оқыту қажеттілігін дәлелдеп берген ғалым. Ол тәрбиеде баланың жас ерекшеліктерін ескеру туралы алғаш пікір айтты. Ол граматикалық мектептерді дамытуды жақтап, грек тілі мен риториканы, әдебиет пен тарихтан білім бере отырып, шешендікке үйретуді 1 кезекке қойды. Аристотельтдің ағартушылық идеялары кейінгі педагогика ғылымының дамуына ерен үлес қосты.