Тақырыбы: Биологияны оқуытудың материалдық базасы. Биология кабинеті.

Жоспар:

1. Биология кабинетінің жабдықталуы.

2. Препараторлық бөлме.

3. Жасыл мүйіс.

Кілт сөздер:Бөлме өсімдіктер, өсімдіктердің паспорты.

Материалдық базалардың өзіндік алатын орын да, айырмашылығыда әртүрлі және өзіндік ерекшеліктері бар.

Орта мектепте биология пәнін оқыту үшін міндетті түрде материалдық базалар керек. Мұндай материалдық базаларға мектепте мыналар жатады: биологиялық кабинет, тірі табиғат мүйісі, мектеп жанындағы участок және табиғат.

Көрнекі құралдарды сабақтың мазмұнына сай дұрыс пайдалану, мұғалім үшін өте тиәмді және әдіс – тәсілдерді орынды пайдалануға мүмкіншілік туғызады.

Сонымен қатар, көрнекілік принціпін дұрыс пайдалану және өз беттерінше оқушылардың жұмыс істеуіне тәжірибелерді жасай білуге, табиғатта экскурсияға шығуға, ұжымда жұмыс істей білуге, техниканың тиегін игеруге, еңбекке үйретеді.

Мысалға, табиғатта – оқушылар табиғаттың құпия сырын әрбір жыл мерзімдеріне байланысты табиғи түрде білім алса, ерекшеліктерінен танысса, тірі табиғат мүйісінде – қолдан сұрыптау факторлардың әсерінен өзгеруімен танысады.

Биологиялық кабинетте жыл бойына оқиды және тәжірибелер жасайды, факультативтік сабақ ой өрісін дамытады.

Оқушылардың оқитын және көрнекі құралдардың сабақтарын орын немесе оны бір сөзбен – биологиялық кабинет деп атаймыз.

Сабаққа керекті – оқу құралдары: жануарлар, өсімдіктер, ыдыс – аяқ, реактивтер, натуралды колекциялар, гербарилер, аспаптар, техникалық құралдар, модельдер, таблицалар, диапозитивтер тағы басқалар.

Билогогиялық кабинеттердің де ұйымдастыру және жабдықтау туралы өзіндік тарихы бар. (Ол жөнінде 1918-1930 жылдардың аралығында және 1931-1932 жылдардағы Орталық комитеттің тарихи қауларын өткенде айтылған, соны еске түсіндірсендер болғаны).

1977– жылы СССР–дың Орталық комитетімен министірлер Советтің 22– Желтоқсанында қабылдаған қаулысы бойынша, 1980–1981 оқу жылында ССРО-да барлық мектептерде биологиялық кабинет толық ұйымдастырылып бітуі тиіс делінген.

Соған байланысты, сіздер баратын жаңа немесе басқадай мектептерде биологиялық кабинет төмендегі тұрғыдай ұйымдастырылуы және жабдықталуы тиіс, онда мынандай жұмыстардың түрлері істелуі керек.

Биологиялық кабинет

Биологиялық кабинетті ұйымдастыру мәселесін мектеп дирекциясы және пән мұғалімі жаңа мектепті салу проектісін құра бастаған кезеңінен бастап ойластырғаны жөн. Биологиялық кабинет мектептің шығыс немесе оңтүстік шығыс жағында орналасуы тиіс. Себебі оған жарық жақсы түсуі керек. Сонымен қатар, қанша бөлме керек, олардың площадтарын (көлемін) анықтап, архитекторлармен келісе отырып жасауы тиіс.

Егер орта мектеп 30 – 32 комплекті сыныбы бар, болған жағдайда биология пәнін жүргізу үшін биологиялық кабинетке мынандай бөлмелер болуцы тиіс:

1.сынып – лабораториясы

2.Тірі табиғат мүйісіне керекті бөлме.

3.Препарат бөлмесі немесе лаборант бөлмесі. Бұл бөлме мұғалімнің жұмыс істейтін бөлмесі де болуы тиіс.

Сонымен катар мектептің төбесінде метералогиялық алаң және кішігірім қосымша бөлме болса (онда мектептің жанындағы участокке керекті құрал - жабдықтарды сақтайтын) жаман болмас еді.

1 Биологиялық кабинеттің сынып – лабораториясы, кәдімгі кластан айырмашылығы болуы тиіс. Онда партаның орнына стол (оқушы және мұғалім үшінде) орындық болу керек. Проекциялық фонарлар, техникалық құралдар қоятын (тығырық) астынақойылатын қосымша орындық тағы басқа.

2 Сыныптың көлемі орта мектепте оқушылардың санына байланысты болуы тиіс. Егер де сыныпта 40 – 42 өқушы болған жағдайда , кластың ұзындығы 12м, ені 9 – 10м, биіктігі 3,5м – 4м яғни аумақ мөлшері 300 – 380м³, ал көлемі 100м² болуы жөн. Мұндай жағдай таза ауамен қамтамастырып тұруға, лабораториялық жұмысты дұрыс орындауға мүмкіншілік туғызады. Сонымен қатар, әртүрлі жылу, газ шығаратын аспаптармен приборлармен жұмыс істеген кезде себебі тиеді.

3 Сыныптың жарықтығы. Сынып лабораториясы өте жарық болуы керек. Жарықтығы кәдімгі күндізгі жарықтай, яғни бөлменің жарықтық коэфицент мөлшері 1/5 бөлігіндей болуы (еденді есептегенде) тиіс.

Әрбір столда абапсурлы электр шамы болуы тиіс. Тақтаның, мұғалімнің столында да жарық жақсы түсуі тиіс. Терезенің биіктігі – 3,2м немесе 3,5м.

4 Сумен жабдықтау. Сынып лабораториясында су құбыры жүргізілуі тиіс. Онда қол жуғыш (раквина) орамал 3 – 4 шөлмегі бар болу керек.

5 Оқушының столы мен орындығы жөнінде. Столдың ұзындығы 140см, ені 60 – 70см биіктігі 75 – 80см. Столдың астында палкалар бар, беті көлбеу горизонтальды болуы тиіс. Сынып – лабораториясында столды 3 қатар орналастырып, қабырғадан ара қашықтығы 2м, ал аралығы 1м болу керек. Бұның барлығы столдың аралығымен мұғалімнің немесе ассистенттің, оқушылардың жүруіне өте қолайлы.

Орындықтың биіктігі 40 – 45см , ені 35см – 35см, айнамалы немесе торт бұрыш болғаны жөн.

6 Демонстрациялық столда қол жуатын раквина, лампа және терезе пердені (штор) экранды төмен түсіріп немесе жоғары көтеріп тұратын автоматты электр жаққыштары мен өзгергіштері болғаны жөн. Кадоскоптың орналасуы – екінші сөзбен клас тақтасы.

Наши рекомендации