Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар
Курстық жұмыс мазмұнында төмендегі тараулар міндетті түрде болуы керек:
- кіріспе;
- негізгі бөлім (тараулар);
- қорытынды.
Дипломдық жұмыс- бұл кез келген студенттің ғылыми-тәжіребиелік жұмысы, оны оқуды бітіру кезінде жасайсыз.
57. Куратор-эдвайзердің қызметін ұйымдастырылуына жоспар құрастырыңыз.Куратор-эдвайзерлердің басты мақсатыжастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндетіоқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруғажәне студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерінанықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарынқалыптастырады. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыстаболады. Топ студенттерінеоқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады.Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды. Факультет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердіңмүдделері, талаптары, ұсыныстарытуралы ақпар береді. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуінұйымдастырады. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шаралардыанықтайды. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады. Құқық бұзушылықтыңжәне студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді. Студенттердің университеттің, факультеттің және кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруғаықпал етеді. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді. Бос уақытты тиімді өткізуформалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуынұйымдастырады. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шараларұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстардыжүргізеді. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.