Лмембеттің үшінші баласы Шоңай. 3 страница

Әли

Бәйімбет

Алаоғылан (Алақұнан)

Жаулы екі әйел алыпты. Кішісі өзбек қызы дейді. Одан - Қосқұлақ

Ескелді

Бәйбішесі баланы кештеу көріпті. Жаулы жауға аттанып бара жатқанда, бәйбішесі былай депті: Құрсағымда бір зат кетпей бір балаға зар болып өтеміз бе депті. Сонда Жаулы оған былай депті-мыс: Бітсе біткенін, бітпесе жаулығын көріп қайтам. Қазақтың қырық батырына берген уәдем бар. Ұл туса атын Жары қой, жарыр ма екенсің. Қыз тусаң өзің біл дейді. Бәйбіше ұл бала туып, атын Жары қояды. Жарының бәйбішесінен төрт бала, кіші әйелінен төрт бала, барлығы сегіз арыс Жары деп аталады.

Жарылар мыналар, бәйбішеден - Жетімек

Дәулеталы

Мұрат (Кеще)

Мете

тоқалынан - Назар

Базар

Бектеміс

Тоқтамыс

Екінші әйелі дегенде түсінік әртүрлі, әйел үстіне алғанды тоқал деп, қасы ауып алған әйелді екінші әйел десе қандай артық-кемі болар еді.

Ескелдіден - Жақсылық

Игілік

Жақсылықтан - Мәтен

Толыбай

Кешегі Тұрамбет батыр елге хабар айтып, жаудың жолын тосып, жаудан жетім-жесірді аман алып қалатын Балуанияз бен Асар батыр өлетін сапарда, бұғанда 124 жылдай болды. Жауға көп шабылған ол тауда егін салып отырған Тобыштың Зорбайының Тоқабай деген ауылы келген жау (түркпендер) малдан гөрі адамды көбірек алады. Сонда жауға бесікте жатып кеткен Сәрсенбай атты бала аман-сау келгесін, әкесі садақа жасап, Таймас деп қояды. Сол Таймастың кіші баласы Әби әкесі Таймастың 59 жасында туады. Ол Әби қазір тірі, 63 жаста. Сол уақиғаға 124 жыл болған.

Игіліктен үш бала - Доғал

Құдайназар

Құдайсүгір

Атақты Нұрым жырау былай деп жырлайды:

Тұрмамбет кетті базарға,

Базардан мақпал аларға,

Саудагер ертіп қасына,

Елінің пайда басына.

Ол күнде Тұрмамбет жарлы болса керек. Кейін баласы Тасболат, Байболат Тұрекеңе ас берді. Тасболатқа баласы Қаражанда 1920-21 жылдары Самда Жарқұдықта ас берді. Ескелдінің Доғал атасынан Жанұзақ би шығады. Жанкелдинді Шалқарға бастап апаратын Қаражан бұда Жанұзақ тұқымынан. Мұның туған інісі Тәжі, Тасым ұлы шебер. Әртүрлі төбелі сақина тамды қарап тұрғандай салатын Тәжі еді. Балдары бар ма, жоқ па білмеймін.

Құдайназардан атақты Саназар бай шыққан. Дүниеде үш арманым болды депті: Бірінші, бай деп қызымды теңіне бердім, пара бәйбішеге бере алмадым депті (пара бәйбіше – адайша қосы ауған, қатыны өлген). Қанша бай болсамда тоқтым мың қоздаған жоқ, үшінші итті жүзден асыра алмадым.(?) Сөз бе, тек бір айтылған ба, оқушылар өздері пікірін берер. Үшінші баласы Құдайсүгір. Бұдан Баба батыр шығады.

Екі ата Ескелді аталатын елден де Совет заманында оқыған жігіттер шықты. Зорбайдың екінші баласын ұмыттым. Соңғы бір әйелінен Өтеғұл туады.

Өтеғұлдан бес бала - Үмбетай

Жанұзақ

Өмірзақ

Арап

Абат

Бары 100-205 үй. Мал баққан шаруа ауыл.

Зорбайдың Құл деген баласынан (бұда кіші әйелінен) - Қыдырәлі

Бегеш

Қыдырәліден сегіз бала.

Бегештен атақты шебер Сақи, одан - Еңсе

Қозыбақ

Ордабай

Дүйсембай

Бұлар салмаған там Маңғыстауда аз болар. Мысалы Сақидың өзі балдарына салған. Жиеналыда Байеділдің, Көдиде Құжалдың, Шатта Қарабастың, Есеннің т.б. Сақидың немерелері Шаншар, Мұқан, Ералы бармақтарынан бал тамған шеберлер.

Мұңалдан тарағандарды жалғастырамыз. Қосқұлақ, бұдан Жаналы, одан Адайдың пірі Бекет Мырзағұлұлы. Жаналы көп ауыл. Тоғызақ, Нәурізек, Шырақбай, Қадырбай қонысы бөлек, сондықтан талдау қазір ретке келмей тұр, дерек жоқ.

Жарының бәйбішесінен Жетімекдедік, бұдан - Расалы

Қасақ

Пұсырман – Ман

Қасақтан - Меңдіғұл

Кенбай

Өргешбай, бұдан Сүйінқара батыр.

Жетімек көп, іргелі ауыл. Көпшілігі жарлы 1920-30 жылдарға дейін көп отыратын қонысы Қарақұм, Ембі.

Сүйінқара туралы біреулер Адайдың көп адамының обалына қалды, ауылы шабылды, өзі тірі қалып, сонда өзі неге өлмейді деп жамандаушылар сол күнде де, осы күнде де болды. Мен үшін Сүйінқара өте ақылды және батыр. Халқы үшін күресті, Сүйінқараның ауылы шабылды, адамы жау қолында кетті. Сүйінқара ел үшін Аллақұл ханмен жауласпаса, 800 адам жаудың артынан неге қуды. Кім үшін, әлбетте Сүйінқара ешкімге айтқан жоқ. Жаудың көп екенінде білді. Абырой болса көрерміз, болмаса көнерміз деп кетті. Маңғыстаудан Сүйінқара мен екі ауыл шоңай, өте бәшкейден басқа адай шабылудан аман. Ал, Аллақұлы хан қарауымнан кетіп және Айшуақ ханнан (Кіші жүз ханы) ақыл сұрадың, орыспен шарт жасап, жүк апарып, жүк әкеліп жүрген керуеннен алым алдың дейді. Бұл жерде Сүйінқара өте ақылды, ойшыл, оқымасада алдын болжаған адам. Ол түркпендер Хиуаға барғанда Адай мен Табын, Шектіде жүз шамалы ауылды шапты.

Аллақұлы қазақты өзіне күшпен қаратып алмақ. Сүйінқара қорқау, қазан бұзар тентек болса 1838 жылдары Әлім мен Адай арасын бітіруге Исатай Тайманов, Есет Көтібаров, Шөли Кете Құдайберген батырлар адайдан өкіл шақырғанда Адайлар орталарынан Сүйінқараны, Шабай батырды, Мәмбетниязды неге жібереді. Екі жақ бітті, сақал сипар бітім болды. Алары-берері жоқ. Сүйінқара тентек болса бұл бітімге неге келіседі. Әлбетте бейбіт өмір сүруге тілекші. Сүйінқара тұқым мен туыся жекжат, жақынымда емес. Аудара қарап, ақтара сұрағанда Аллақұлы хан бейбітшілік іздесе Хиуаға дейін момын жүз ауыл қазақты неге шабады. Мен тарихшы не әдебиетші емеспін, бірақ Сүйінқара жарық көріп жүрген қазақтың Кенесары, Наурызбай Қасымовтары, Жоламан Тіленші баласынан көрі бейбітшілікке көп жақын адам.

Сүйінқара кейбір жерінде қатеде жасаған жерлері бар, ол өз арасы Жетімек-Жандай болып жандалдасады.

Төрт ата Жетімекте жас жағынан кім бар, кім жоғын білмеймін, көпшілігі Ембі ауданында. Маңғыстауда Жетімектен Пұсырман атасынан азған үйлер бар.

Жетімектен шыққан жыршы Аралбай баласы өлгендегі толғауында:

Атасы өлсе жігіттің, асқар тауы құлаған,

Ағасы өлсе жігіттің, талабынан шырмалған,

Баласы өлсе жігіттің, қанатынан қайырылып,

Оқ тиген құдай ыңыранған, дейді.

Жарының екінші баласы – Дәулеталы.

Дәулеталыдан екі бала - Тілеуберді

Тілеміс

Тілемістен - Үсен

Үсеннен бес бала - Итолы

Төлебай

Білкен

Өзенбай

Құлбарақ

Бұдан басқа Баян деген әйелінен екі-үш бала бар. Тәжиев Досан, Жалмағамбетұлы Алғи батырлар Төлебайдан шыққан адамдар. Мысалы, Қалмырза, Бекмырза Жұмалиевтер, осылардың інісі Берекет ғылым кандидаты, Алматы университетінде мұғалім (Бұлар Үсен ауылынан). Білкен атасы Ембі ауданында тұрады.

Дәулеталының Тілеубердісінен Дәуқара, Жанқара батырлар шықты. Бұл жөнінде патша әскерінің капитаны Железнов бұдан 100 жылдай бұрын жазған «Оралец» деген кітабында толық айтылған. Бұдан Өтепұлы Дихан батыр шықты, Досан Тәжиевтің қанды көйлек жолдасы. Диханнан Теңізбай туады, одан Шохарбай, оның балалары Қуаналы, Бүркітәлі, Қалау.

Жарының бәйбішесінен үшінші бала – Мұрат (Кеще).

Мұраттан төрт бала - Қожағұл

Шортық

Меңдібай

Сасықбай

Қожағұл аз ауыл, бірақ жігіттері оқыған. Бақытжан деген жігіті Небитдаг қаласында орта мектеп директоры, Түркмен ССР Жоғарғы Советіне депутат болған. Смағұл деген жігіті Красноводск қаласында аудандық комитеттің бірінші секретары. Қарамырза деген жігіт Алматыда ғылыми қызметте. Қарамырзаев деген жігіті Форт-Шевченкода милицияда.

Шортықтан үш бала - Бұқар

Сырым

Жарылғас

Бұл үш ата ауылдан оқыған жігіттер көп. Ақмола қаласында Мырзағали Әлібаев деген азамат, Алматыда Ауғанбай Қалиев, Маңғыстауда Киев Мырзабаев, Рамазан Аққұлов, Сансызбай Нұрбатыров т.б. жігіттер.

Жарылғастан төрт бала - Артай

Күнбай

Жанту

Жантуған

Өскен ауыл. Малмен басқа, Адайда маған тайталас кім бар деп, бәсеке, байлық, болмаса зорлық, семіз-семіз сөйлеген адамдары болған. Ерболат Аманқұлов деген кісі сондай адам болған. Дегенмен оқығандары көптеп табылады. Ещанов Әбдіжамал, Бердіғали Аманжолов, Төлеуіш Сейтмағанбетов, Орынбай Бәлдеков т.б.

Жарының төртінші баласы Мете. Бұл туысынан өспеген ауыл. Көбі Қарақалпақстанда.

Жарының тоқалынан туған Назарын қарайық.

Назардан төрт бала, бәйбішеден - Тастемір

тоқалынан - Құдайберген

Майлан

Шотан

Бұл жерде мынадай сөз бар. Бір тойда Назардың балалары ат қосады. Тастемірдің аты алдында, ана үшеуінің аттары кейін келе жатады. Сонда үшеулеп атты тартып, оздырып жібереді. Бір күні Назар баласы Тастемірден, балам неше тумаласың бар деп сұрапты. Сонда Тастемір төртеуміз депті. Назардың бәйбішесі Сұлтансиық Алаша қызы екен. Сонда Назар бәйбішеге Тастемір сенен жалғыз екенін білмейді, тоқалдан туған балалар ат тартқанда өз аттарын тартып, оздырып жіберді депті.

Сонда бәйбіше онда менің қартайғаным ғой деп, жарлы көршісінің қызын Назарға берем деп жүргенде, ол қыз ойнап-күліп қойып, жүкті болып қалады да, бәйбіше амалын тауып, қызды Назардың қасына жатқызып, саған қыз әпердім дейді. Айы-күні жетіп әйелі босанады. Сірә, баланы шала табады-ау деймін, баланы керегенің басына іліп, жыл басында туды деп, атын Жылкелді қояды. Бұл әйел тағы бір бала табады, оның атын Ырыскелді қояды. Назар қартайғанда Тастемірге айтады: Сен құрсақтан жалғыз едің, енді міне сенде үшеу болдың.

Тастемірден он жеті бала, бәйбішеден (аты Құмар екен) - Сейт

Сейтімбет

Балта

Қылыш

Тақырық

Ақеділ

тоқалынан - Махамберді

Таған

Қаделі

Қартайғанда алған қалмақ қызы әйелінен төрт бала, оларда Тастемірміз дейді. Қашқын татар молдасына, байға паналап, байға бала болып кетеді. Атын Сармолда қояды. Жаугершілікте бір орыс жігіті қолға түсіп, бұлда байдың малын бағады. Бай оған әйел әпереді. Жігітке Заман деп ат қояды. Әйелі екі қабат күнінде байдың жылқысын бағып жүріп, теңізде жүзіп бара жатқан кемені көріп, соған барып сөйлесіп, кетіп қалады. Жолдастарына байға айтыңдар, ренжімесін, еңбек еттім деп ақыда сұрамаймын. Екі қабат әйелім туса атын Тұяқ қойсын, соны байға жеткізіңдер дейді.

Заманның әйелі босанып, ұл бала табады. Атын Тұяқ қояды. Бұлда Тастемір болып кетеді. Тұяқ жапырағы жайылған, бай ауыл болды. Сонымен Тастемір он жеті балалы болып, өзі көп, өзі бай ауыл болып, Адайдың төменгі руының белгілі буыны болды. Оның балаларынан Сейтімбет батыр, Ақеділ сұпы және басқада жақсы адамдар шығады. Қазақ ССР халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов, Берекет, Бектұрлыбай т.б. осы атадан шыққан.

Тастемірдің Сейтінен туған Бектұрлының баласы Әуеталық, Қожыр. Бұл екеуіде өте күшті бай болыпты. әсіресе Қожырдың басқа малын былай қойғанда, жылқысының өзі 3000 бастай болған. Қожыр ат майына теңдесі жоқ мырза болады. Қожырдан ат майын сұраған адамның сағы сынбаған. Ат майы деген атты уақытша мініп, пайдалануды айтады. Оның есесіне Қожырдың баласы Бақажан ат майына өте сараң болыпты. Қожыр үлкейіп, қартайған кезінде жылқы суға келіп, күйездеп тұрғанда, құдықтың басында отырып былай деген екен: Бақажаннан ат мінген адамның бәрініңде ерін сарқасқа, көктас жасапты-ау деп жағасын ұстапты. Бұл 3000 жылқының арқасында я бауырында дақ жоқ, ат майын бергенін мысқылдап отырғаны екені.

Сол Қожырдың Жанай деген баласынан тараған Сұлтан деген кісінің баласы Тәжединнің Серікбайұлы Нұрғали деген туысы кедей болып, 1921-27 жылдары 300-400 қой бітеді. Бұл сірә 1927 жылы болса керек. Алды қоянның қысы, қонысы Шебір деген жер. Шебірден 3-4 адам қыдырып Нұрғалидың үйіне барып, түстеніп, ертесіне Шебірде отырған Тәжединге хабар айтатын көрінеді. Нұрғалидыкіне түстендік, кәрі қойлары семіз екен депті. Сонда Тәжедин өзінің бармақтарын санап, басын шайқап, өтіп бара жатқан өмір-ай деп әлде неге өкінішті болғандай рең білдіріп, біздің Нұрғалидыңда қойының қартайып қалғаны-ау депті. Күні кеше кедей Нұрғалиға 4-5 жыл ішінде қой бітіп, оның саулықтары қартайып қалды деп мысқылдап отырғаны.

Тастемірдің Сейт атасында осындай мысқылдың талайы бар. Тастемірдің Сейтімбет деген баласыныңда тұқымында осындай әңгімелер бар. Қазір тірі Құлшық Жұбаев деген жігіт, бұдан 10-15 жылдар бұрын Алаторпа мал дайындау конторының мал базасында бастық болады. Мал бағып жүрген бір қойшы Құлшыққа арыз етеді. Жап-жаңа бір семіз қойым бар еді, судан суарып шыққанда мен атыма мініп, артынан келсем қойым Боранбайдың қойына қосылып кеткен екен. Айырып түгендесем белгілі бағымымдағы бір семіз қойым жоқ. Соны Боранбайдан көрем деп Құлшықты ертіп, Боранбайдың үйіне келіп әрнемені мысалдап, соңында жоғалған қойды әңгімелейді. Боранбайдың әйелі Құлшыққа рулас елдің қызы болса керек. Балдызжан-ау, о не дегенің, ойының ба, шының ба, оразамды жаңа ашып отырмын. Олда-білде айта көрме, кісінің ала жібін аттап көрген жоқпын деп Боранбай безектейді. Сонда Құлшық былай дейді: Жездеке-ау, олда-білде, сен ала жіпті аттамайтыныңды менде білем, ала жіп бас-аяғы бір-екі метр, аттап алып не жының бар, басынан айналып аласың. Кім айтты, сен ала жіпті аттады деп десе – Боранбай былай депті: Бар сенгенім сен едің балдызжан, жездеңе қырсыққаныңды қайтейін. Ал менен бір қойды, мен бір сорлыдағы. Бөрінің аузы жеседе қан, жемеседе қан, баяғыда осы Боранбай солай еді дер, ал қойыңды менен деп қойын төлепті. Сірә, қойды ұрлап алғанын көрген адамдар барма деймін.

Сәттіғұл ақын жастау кезінде дәулеті бар бір ағайынының ауылының сыртында ат үстінен жырлап тұрады. Оны ағайыны Сәттіғұл мақтап өлең айтып тұр деп түсініпті. Сондағы өлең мынау көрінеді:

Шұрқыратып биесін,

Айғырын қостың үйірін,

Екі үзік болып шығар еді,

Үшеуін берсең киіздің.

Ағайыны құлындап жатқанда, айғырын тойға бәйгеге қосқан болуы керек. Сәттіғұл бұл өлеңмен ағайынын келемештеп тұр. Сәттіғұлдың тағы бір әзілі, Тастемірге қоныстас, әрі жиен Қанжан деген қайықшы, жарлы жігіт балық аулайтын. Сәттіғұл оған өлең шығарыпты. Сонда Қанжанға былай дейді

Қашаған жыршы байраққа,

Қырмызы шапан, ат алған,

Мен нар берсеңде қақалман,

Бірақ шығарған сөзім бар еді,

Айтысып сенен ақы алман, депті.

Назардың екінші әйелінен туғандар - Құдайберген

Майлан

Шотан батыр

Құдайбергеннен сегіз бала - Қарақұл

Қайдауыл

Бөден

Жамансары

Ақтау

Нұрым

Балбал, біреуін ұмыттым.

Майланнан он бала, Шотаннан бес бала.

Жары атаның баласында Мәтжан Тілеумағанбетов деген адам болған. Ол кісіні Адайда, тіпті Байұлыңда білмейтін я, естімеген адам кемде кем. Мәтжан Құдайбергеннің Қарағұл деген баласының- баласы Бектұрлының немересі – Тілеумағанбеттің баласы. Тілеумағанбет жастай өлген. Шамасы 40- тар шамасында. Ол өлгенде әкесі Бектұрлы тірі екен. Қарақұм жерінде Тілеумағанбет деген балшықтан салған мола тұр. Сол Мәтжанның әкесінің моласы. Тамды салып жатқанда Абыл ақын дұға етіп болып, Тілеумағамбетке былай депті:

Құдайберген,Майлан,Шотан бауырың қалды,

Тастемір қалың қара сауырың қалды.

Мәтжанның әкесі Тілеумағамбет қадірлі адам болғанға ұқсайды, Мәтжанның нағашысы Тобыштың Шегемі Көбен би,молда Көбен атанған.Көбеннің нағашысы Шектінің Көтібары дейтін аңыз бар. Майлан атаның балалары шетінен бай болып, колхоздасу кезінде тозды. Сырлыбай би осы Майланнан шыққан.Бұдан 100-150 жылдар бұрын өлген. Жастарда мен білетін тек Қаражанов бар.

Шотан батыр Маңғыстаудан Түркпенді аударуға қатысқан адам. Батырдың бірі. Маңғыстауда тұқымы аз,10-15 үйдей.Көпшілігі Қарақалпақстанда, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында, Түрікменстанның Ташауыз облысында.

Жарының екінші әйелінен туған Базар да көп ауыл емес.Бұл ата баласынан атақты спортқа еңбегі сіңген мастер, жүйрік желаяқ Әмин Тұяқов шықты.Оның әкесі Елемес совхозда малшы. Елеместің әкесі Тұяқ , оның әкесі Бабық , Әмин Алматыда тұрады, оқу іздеп барған балаларға оқуға түсуге көмектеседі.

Жарының үшінші баласы :-Тоқтамыс, одан төрт бала - Бабеке

Тілеке

Құлтығой

Қаржау

Бабекеден екі бала - Өтембет

Табай батыр

Адайда атақты Абыл ақын Тілеуұлы Өтембет немересі осы аталып отырған Та-

бай батырдың ұрпағы. Есенғараның өзі де байдың баласы. Алданның ұлы Орысбай жылқы бағып,еңбегі жанып,үкіметтен награда алды.Оның інісі Төлесінов совхозда мал маманы.

Токтамыстан Ералиев атындағы совхоздың директоры Қамысбай Қаржаубаев бар.

Құлтығой атасынан пәлеңдей белгілі кісі шыққанын білмеймін.

Қаржау атасына тоқталалық , Қаржаудан- Қаражүсіп туады.

Қаражүсіптен төрт бала туады:-Оңалбай

Мұңалбай

Игібай

Жақсыбай

Қаражүсіптен бармағынан бал тамған шеберлер шықты. Жүз жылдан бергі Адай-

дағы жаңа формада салынған тамдардың көбі Маңғыстауда болсын,мейлі Үстіртте бол-

сын, осы атаның балаларынан шыққан шеберлер салған тамдар. Мысалы: Өмірбай, Дүйсен, Игібай деген кісілердің қолынан келмейтін нәрсе болмаған.Осылардың қазір немере-шөберелері бар. Олар шеберлікпен шұғылданбайды. Нұрсұлтан Оразұлы Оңғалбаев деген кісі өтті. Бұлда осы Қаражүсіп тұқымынан, ол кісі 1924 жылы қайтыс болды.

Жарының кіші әйелінен төртінші баласы:- Бектеміс, бұдан Қамай, одан Байжігіт.

Ақжігіт, екінші әйелінен, яғни өзінен бес бала туады. Аттары жадымда жоқ. Іргелі көп ауыл, мал баққан шаруа. Кезінде Несібек, Нұр деген жақсы атаққа ие болған кісілер шығыпты.

Ақжігіт деген тұқымы балықшылықпен кәсіп еткен жарлы кедей. Кейінгі жастары Сармурзин Оңайжан, Әріпов Бисенбі, Дүйсенбі. Осымен Жарыдан тараған сегіз баланы әзірге тоқтата тұрамыз. Кейінде жалғанатын жерлері бар.

Енді Мұңалдың екінші баласы Шоғы. Бұл кейін Қырықмылтық атанып кетті. Бұларда өзіндік тарих бар, ол кейін айтылар.

Шоғы, яғни Қырықмылтықтан екі бала - Есекей

Жолай

Жолайдан екі бала - Жалмағамбет

Бұдан бұл Шоғыны осымен қоя тұрамыз. Себебі, бұлар Адайдың көпшілігі Маңғыстауда болғанда Шоғы атанатын ел қоныс жағдайы бөлек болды. Сондықтан төменгі аталарын жіктеп айтатын дерек қолда жоқ.

Енді Мұңалдың үшінші баласы - Әли. Бұда өсіп-өнген тұқымын толықтыруды керек етеді.

Төртінші баласы - Бәйімбет, бұдан төрт бала - Сабытай

Алдаберді

Рысай

Жәдігер

Сабытайдан екі бала - Жандай

Медет

Жандайдан төрт бала - Боққара

Көрпе

Сарболат (кейін Байпақ)

Сегізбай

Боққарадан - Байбоз

Жанбоз

Байбоздан - Жылгелді

Бигелді

Өте

Арықбай

Молжігіт

Шолпанғұл

Екінші әйелінен төрт бала, он бір балалы Байбоз.

Жанбоздан - Өтеулі

Матай

Мақа

Айым

Жаманқара

Бұларды бес Жанбоз дейді.

Көрпеден үш бала - Аралбай

Маңғыбай

Күйік

Аралбайдан төрт бала - Баба

Бабан

Барақат

Сырлыбай

Маңғыбайдан - Бейсеу

Қылыш

Ырғыз

Торқа

Көрпеден көптеген білімді жастар шықты. Мысалы, Әбдіхалықов Маршал Алматыда және інісі Шора, Тумышев Сайәділ, оның баласы Лазар Жақановтар, Қонысов Есболай, Оразбаев Сали және Есмағанбетов.

Күйіктен - Бекбауыл

Жанбауыл

Сарболат я Байпақ, кейін жазылады.

Сегізбайдан Күшік, ол жалғыз. Оның бәйбішесінен - Қареке

Самке

Сам

Қара

екінші әйелінен - Күміс

Алтынбек

Айғыр

үшінші әйелінен - Құлшық

Бұлардан Нұрланов я Байтілеуов, Меңдібаев Таңаш, Қонысов Ғабит, Балабаев Қонақбай деген оқыған жігіттер шыққан.

Сегізбайдың қалмақ әйелінен – Қосбармақ, одан - Матай

Төлеп

Нұрабай

тоқалынан - Өтепберген

Сабытайдың екінші баласы Медет.

Медеттен екі бала - Батыр

Байбол

Алматыда Шаңытбаев Мұхамбет, Бүркітов А, Әнесовтер – оқығандары бар.

Батырдан сегіз бала, кейін жазылады.

Байболдан екі бала - Алшынбай

Арғынбай

Сабытай бір жаугершілікте арқалаған дорбасы бар бір әйелге кездеседі. Арқаңдағы не деп сұраса, жетім қозы дейді. Дорбаның аузын ашып қараса, бір еркек бала болып шығады. әйелді еліне келген соң өзі алады. Одан тағы бір ер бала туады. Атын Атақозы қояды. Сабытай балдарына енші бергенде, Атақозыны Медетке береді. Жетім қозы Жандайда, үлкен үйде қалады.

Жандайда төрт бала дедік. Бұлар енші алысқанда Жетім қозыны Сарболатқа (Байпаққа) береді. Одан туған баланың атын Қалматай қояды. Олар кейін Байбақпыз деп кетеді. Медетке берген Атақозыны Батыр мен Байбол енші алысқанда, Байбол алады да, сол Атақозыдан екі бала туады – Жанысбай, Барақ. Бұлар Медеттің Байболы болып кетеді.

Наши рекомендации