Дәріс. . Қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылым саласы
Жоспары:
Азақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу обьектісі мен пәні, мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
Азақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық – теориялық негіздері.
Азақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
ҚТОӘ педагогика ғылымының бір саласына жатады. Методология – гректің metodos – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин. Жер бетіндегі ғылымдар өзінің негізгі қарастыратын обьектісіне қарай екіге жіктеледі: 1. Жаратылыстану ғылымдары; 2. Қоғамдық ғылымдар. (Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (фиизка, математика, химия, биология т.б.) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары, педагогика және тіл ғылымдары ) зерттейді). ҚТОӘ мына мәселелрді зерттейді:1. Мақсаттары (не үшін оқыту керек?);2. Мазмұны (нені оқыту керек?);3. Ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);4. Құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);5. Оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Әдістеменің міндеттері мыналар: бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, еркшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір –бірімен ұштасу мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді (мұғалім мен оқушының күшін, уақытын үнемдеу) және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс –тәсіл варианттарын) зертеу және сипаттау және т.бОқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты. Қазақ тілінің оқыту методикасының зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады.
ҚТОӘ педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Тіл білімімен байланысы. Методиканың негізгі тірегі - қазақ тілінің фактілері. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Мысалы тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары
Жоспары:
Азақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары.
Дістемелік мұра және оны талдап – талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері және әдістеменің дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орны.
Біздің дәуірімізге дейінгі заманда-ақ ұлы Конфуций (б.д.д. 551-479) былай деген екен: «Өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін түсінген кісі ғана, мұғалім бола алады». Ұлы философтың бұл тұжырымы қашанда өзекті деп ойлаймыз. Себебі, әдістеме ғылымының даму тарихында, оның ғылыми тереңдігін ашуда ғалым - әдіскерлердің алатын орны ерекше. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымын дамытуда, оның ғылыми тереңдігін, мән-маңызын айқындауда, қазіргі күні де өзекті мәселелерін көрсетуде, тың теориялардың негізін қалауда жеке тұлғалардың - ұстаздардың қосқан үлесі айрықша. Елімізде қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” және “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бстауыш құралы” оқулықтарын жазды.
Ол қазақ тілі мен әдебеитін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы адам. Осы күнгі қолданылып жүрген терминдердің баршасы, сөз таптары лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтыкі.
А. Байтұрсынұлы алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарды дүниеге келтірумен бірге, осы оқу құралдарын практикада қалай пайдалануға болады, әліппе, тіл құралдарындағы материалдарды шәкіртке қалай ғылыми тұрғыда меңгертуге тиіспіз деген мәселе жөнінде де ойланған. Бұл бағыттағы мол жазбаларынан «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» (қай жылы жазылғаны белгісіз), «Тіл жұмсар» секілді әдістемелік еңбектерінжәне «Баулу мектеп», «Жалқылау»(айырыңқы) әдіс, «Қай әдіс жақсы?», «Дыбыстарды жіктеу туралы» мақалаларын атауға болады.
Сейіл Жиенбайұлының көрнекті ғалым әдіскер ретінде қалыптасуына, орта мектепке, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін оқулықтар мен оқу құралдарын кешенді түрде жазуына қазақтың ұлы ұстаздары Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынұлының еңбектері мен тәжірибелік мол ықпалын тигізді. Сейіл Жиенбайұлы - Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектеріне алғаш әдістемелік тұрғыда талдау жасап, өз тұжырымдамаларын түзеген ғалым - әдіскер.
Түйін. Үшінші мыңжылдықтың табалдырығына таяп тұрған шақта Қазақстан Республиксы білім беру саласы, оның ішінде оқыту технологиясы саласы түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Жаңа әлеуметтік қоғам жағдайында қазақ тілін оқыту әдістемесіне ерекше талаптар қойылуда.