Пайдаланған әдебиеттер. 3- тақырып. Халықтық педагогикадағы кемелденген адам идеалы

  1. Народная педагогика и ее место в учебно-воспитательном процессе.- Казань,1992.
  2. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изучения народной педагогики.- М., 1980.
  3. Суханов И.В. Обычаи, традиции и преемственность поколений. - М., 1976.
  4. Тайчинов М.Г. Народные традиции и религиозная культура в воспитании учащихся. - М., 1992.
  5. С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смайлова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы «Рауан» 1994.


3- тақырып. Халықтық педагогикадағы кемелденген адам идеалы

Жоспар

1.Кемел адам – халықтық тәрбиенің мақсаты

2.Кемел адамның этникалық сипаты

3. Бүгінгі адам – халық педагогикасының үлгісінде

1. Кемел адам – халықтық тәрбиенің мақсаты.Кезінде қазақтың ақыны Абай Құнанбаев та «Адам» ұғымына сипаттама беріп, оның қалыптасу және даму сатыларына тоқталған болатын. Онда ақын өзінің 11- қара сөзінде «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деп сипаттама береді. Сонымен қатар адамдық сипаттар немесе қасиеттер ретінде өзі үшін емес халық мүддесі үшін өмір сүрудің маңызын «өзі үшін өмір сүрген адам өз бетінше оттаған хайуанмен тең, ал көпшілік үшін тіршілік ететін адам «нағыз адам» дегенді келтіреді."Адам кемелдігі неде? Бақытқа қалай жетуге болады? деген сұраққа әл- Фараби білім мен іс-әрекет арқылы жетуге болатындығын айтады. Бақытқа жеткізетін барлық іс-әрекеттер мен қызмет әрқашан қайырымды. Әрекетшіл жанның мақсаты - әдейі көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен көрегендікті, яғни дүниені тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы ұйытқы болады. "Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол жеткізеді". Қайырымды жан—ақыл-парасаттың, адам бақыты мен бақ-дәулетінің күрескері.Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-әрекетпен ұштасуы, маңызды міндет-мұрат үшін жігер мен табандылық көрсету. Ғалым Б.Кiшiбеков қазақ халқының мінез - құлқы оны қоршаған ортаға – кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасты, - деп тұжырым жасайды.

2. Кемел адамның этникалық мінезі.Қай заманда болмасын заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Бүгінгі күнді алып қарасақ, елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын, сондай - ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу немесе кемел адамды тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет болып отыр. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды бақытты болашаққа жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық. Мұндай пайымдаулар мен ой - тұжырымдардың бастау алар көзі сонау орта ғасырдағы көне түрік ғұламалары көзқарастарында туындаған болатын. Олардың өкілдері әл - Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауи, Қорқыт ата, «Қабуснама» кітабының авторы Кейкаус және т.б. мұндай қоғам талаптарына жауап бере алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын ортаға салады.

3. Бүгінгі адам – халық педагогикасының үлгісінде.Этнология сөзінің бүгінгі күнде үш түрлі мəні бар. Олар: грекше – «көзқарас», «гүлденген ой-пікір», индогерманша «ойшыл», «ой шырмауына берілген жан», иудейше (еврейше) – «адам». Еврейлер жерінің ұрпағы. Əр халық бұл сөздердің түсініктемесіне өзінше ерекше мəн беріп, қоғам дамуының əр кезеңіне сай өзінше өзгеріс енгізді. Ғасырлар бойы гуманистік көзқарастардың əрқашанда өзгеріп, жаңарып отыруымен байланысты тəрбие мəселесі жөніндегі көзқарастардың да жаңарып, өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Балалардың үлкендермен бірге қоғам өзгерген сайын өмірге деген тұрмыстық көзқарастары да өзгеріп, жаңарып отырды. Олардың: бірлесе еңбек етуі, бірлесе қуаныш я күйінішке бөленуі, бірлесе іс-əрекет жасауы, айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасы, үлкендердің өзінен кейінгілерді қамқорлыққа алуы, өзара көмек, өзара бір-біріне тигізер қолқабысы əдеттегі құбылыс болды. Адамдардың осылайша бір-біріне қайырымдылық көмегін орыс мақалы «Өмір дегеніміз адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасауы» деп тұжырымдайды. Халық педагогикасында отбасылық тəрбиеге гуманистік тұрғыдан қарап ерекше мəн берген. Отбасындағы жандардың бір-бірімен тату-тəтті өмір сүруі халық педагогикасының ежелгі қағидасы. Ол халықтың мына мақал-мəтелдерінен көрініс тапқан:

- Сүйіспеншілік пен ақыл-кеңесте уайымға орын жоқ;

- Отбасындағы бірлік, қоймаға қойған байлықпен тең;

- Отбасындағы бірлік, жандағы бірлік;

- Рухани туыстық теңіздегі достықтан да артық.

- Орыс адамы ағайын-туыссыз өмір сүре алмайды.

Барлық халықтардың педагогикалық мұрасы бізді бала күніміздегідей достыққа бөлейді. Оны мəңгі сақтау, аялау халықтық педагогиканың мəңгілік ұстанымы. Халықтық идеология біздің

алдымызға логикалық терең жүйемен адамгершілік қасиетті ұрпақ бойына мəңгі қалыптастырады. Еркіндік, өткірлік, жауынгерлік, адалдық т.б. адамгершілік жоғарғы қасиеттер біздің түр-түсімізге,

діни сенімімізге қарамастан тəрбие арқылы біздің қанымызға беріледі. Біздің бойымызға күн санап берілетін педагогикалық түсінік ол өткен қоғамның бізге қалдырып кеткен мəдени асыл мұрасы. Ол ғасырлар қойнауынан халық санасында сан ғасырлар бойы сақталып бүгінгі дəуірге жеткен сыл қазынасы. Оны көздің қарашығындай сақтау, келер ұрпақты сол арқылы бауырмал, отаншыл, адал азамат етіп тəрбиелеу халық педагогикасының баға жетпес байлығы. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский өзінің «Адам тəрбиенің пəрменді құралы» (1869) деген еңбегінде, сондай-ақ өзінің «Педагогикалық антропологиялық тəжірибе» (1867) атты еңбегінде «Тəрбиенің пəрменді құралының басты принципі оның халықшылдығында. Ол қоғамдық ортаның тəрбиесіне негізделген» дейді. Бұл принцип ғасырлар бойы заман өзгерсе де, заң өзгерсе де ескірмейтін, өзгермейтін аксиома.

Наши рекомендации