Пәннің тақырыптық жоспары
Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Болашақ» университеті
Педагогика, филология және тарих» факультеті
Азақстан тарихы, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы
«Бекітемін»
«Педагогика, филология және тарих»
факультетінің деканы, ф.ғ.к.
_______________ Байдаулетова А.Ө.
«____»_________________2015 жыл
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бакалавриат
«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»
В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған
Қызылорда, 2015 ж.
I. ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕГЕН
«Қазақстан тарихы, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы ________________ Ақышова Н.М
II. КАФЕДРА МӘЖІЛІСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кафедра меңгерушісі _______________ п.ғ.к. Серікбаев Ғ.Ө
Хаттама № _________ «___» _____________ 2015 ж.
ІІІ. ФАКУЛЬТЕТТІҢ ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ЖӘНЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ КОМИТЕТІНІҢОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛІП, ЕНГІЗІЛДІ
Комитет төрайымы _______________ ф.ғ.к. А.Ө. Байдаулетова
Хаттама № _________, «___» _____________ 2015 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы үшін
2 кредит
Алғы сөз
1. Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университетінің «5В010200- Бастауышоқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығы үшін бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ДАЙЫНДАҒАН және ҰСЫНҒАН.
2. Типтік оқу бағдарламасы ««5В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығы үшін» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес кұрастырылған.
3. Републикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. Хаттама № 18,15.05.2012 ж.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен КЕЛІСІЛГЕН және ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.
Түсінік хат
Қазақстандық қоғамның дамуының қазіргі кезеңі ізгілендіру, орталықтандыру және субъектілік идеяларына негізделген тұлғаның тәрбиесіне жоғары назар аудару бағытымен сипатталады. Жан-жакты дамыған тұлғаға, оның кабілеттіліктері мен дарьндылығына, тұлғалык қасиеттерін тәрбиелеу мен жетілдіруге қамқорлык мемлекет дамуының міндетті шарты болып табылады. Осы басымдылықтар отандық білім беру жүйесінде өзекті болып табылады және базалық педагогикалық пәндер бағдарламасының мазмұнында беріледі.
«Бастауыш сыныпта тәрбие жүмысының теориясы мен әдістемесі» типтік оку бағдарламасы «5В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартарына сәйкес және 12 жылдық мектептің мұғалімін даярлауға бағдарланып жасалған.
Бағдарлама білім саласындағы мемлекет саясатының Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білімалушылар тәрбиесінін, тұтастығына және оның конституциялық қүқығын қамтамасыз етуге бағыттылығын ашып көрсетеді.
Бағдарламаның нормативті негізін білім беру саласындағы жетекші құжаттар ҚР «Білім» туралы Заңы (2007 ж.), Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің 2006 - 2011 жж. арналған кешенді бағдарламасы, Қазақстанда білім беру деңгейінің әлемдік стандартына сәйкестігін, тәрбиелік үдерістің көпқырлылығы мен интегративтілігін қамтамасыз ететін халықаралық мәндегі және отандық дәстүрлі әрі қазіргі әлемдік тәжірибе негізінде тәрбиенін мазмұны мен кұрылымын жаңартуға бағдарланған құжаттар құрайды.
Ресми құжаттарда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің міндеттері білім беру мекемелерінде тәрбиелік жүйенің жаңа моделін дайыңдаудан және стратегиялық басымдылықтарын анықтаудан, жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық кұндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және онын кәсіби жетілуі үшін кажетті жағдайлар жасаудан; баланың ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтауынан, тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асырудан кө-рінеді.
Осыған байланысты болашақ мұғалімнің маңызды міндеті – рухани және дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін кепілдік жағдай құру, тәрбие технологиясын, тәрбие жұмысының әр түрлі бағыттарын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын меңгеру. Қазіргі білім беру кеңістігінің стратегиялык мақсатын шешу мұ-ғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттегі құзыреттілігіне байланысты болады.
«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқу курсының типтік бағдарламасының кұрылымы мен мазмұнында ізгілендіру идеясын негіздеу ескерілген, теориялық және әдістемелік кешенде құрылған және тәрбие үдерісінде жалпыадамзаттық ізгілік құндылықтар басымдылығында, тұлғалык-бағдарлық, тұлғалық-іс-әрекеттік, аксиологиялық тұрғылар жүйесінде жүзеге асырылған.
«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының териясы мен әдістемесі» курсының мақсаты -тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілікгігін қалыптастыру болып табылады.
Курстың міндеттері:
- студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;
- тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
- студенттерде жалпыпедагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылык, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б қалыптастыру;
- студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз
креативтілігін дамытуға ынталандыру.
«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының териясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студент төмендегідей:
■ тәрбие жұмысының мәні, мақсаты мен міндеттері;
■ мектеп мен социумның тәрбиелік жүйесі;
■сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттары;
■ педагогикалық ынтымақтастық әдістері;
■ балалар ұжымы;
■ тәрбие жұмысының формалары, әдістері, құралдары;
■ тәрбие технологиялары;
■ тәрбие жұмысының және ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ) технологиялары;
■ оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеруі тиіс.
«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқьггу барысында студентге келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:
■ сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
■ педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
■ балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын диагностикалау;
■ балалармен тәрбие жұмысында ҰШІ-ті ұйымдастыру және тәрбиенің инновациялық технологияларын пайдалану;
■қиынбалаларменжұмыс және оның диагностикасы;
■ ата-аналармен және қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік;
■ оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;
■ ата-аналар жиналысын дайындау және өткізу;
■ дарынды балалармен жұмыс;
■ мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Пәннің тақырыптық жоспары
№ | Тақырыптары |
Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістіңқұрамды бөлігі | |
Мектеп пенсыныптың тәрбиелік жүйесі | |
Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық колдау | |
Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі. | |
Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау | |
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі | |
Бастауыш сынып оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері | |
Сынып жетекшісінің қиын балаларменжұмыстарының жүйесі | |
Дарындыбалаларменжүргізілетін тәрбиежұмыстарының жүйесі | |
Бастауыш сынып оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына кұндылық қатынасын калыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті | |
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беружұмыстарының әдіс-темесі | |
Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы | |
Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары | |
Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы | |
Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру |
«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту үдерісінде студент педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялык әрі практикалық дайындығын және оның кәсібилігін сипаттайтын көрсеткіштерінің бірлігі ретінде құзыреттіліктерді меңгеруі қажет:
- болашақ мұғалімнің кұнды түсініктерімен, оның коршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін және арналғандығын саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;
- мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты қалыптасатын оқу-танымдық құзыреттілік;
- болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен камтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;
- айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзыреттілік;
- физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.
Курстың пререквизиттері:«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқытудан бұрын төмендегі педагогикалық пәндер: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы» оқытылып, бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика студенттерде тұтас педагогикалық үдерісте оқушы тұлғасын дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалайды.
Курстың постреквизиттері:«Бастауыш сыныпта тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін» оқыту студенттердің әдістемелік пәндерді жетік меңгеруіне, педагогикалық практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.