Педагог шығармашылығының құрылымдық компоненттері.

Мұғалім үшін ең басты құндылық - кәсіби шеберлік, оған жетудің әдіс, тәсіл, құралдарын меңгеру болып табылады.

1. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық – мұғалімдердің оқушыларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі – педагогтардың шәкірттермен ынтымақтастық, демократиялық бағыттағы ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.

2. Педагогикалық кәсіби шеберліктің фундаменттік негізі – ғылымның тиісті саласындағы кәсіптік білімі, құзырлылығы, шығармашылық қабілеті. Кәсіби білім, құзырлылығы - педагогикалық шеберліктің фунда-менттік негізін жасайды және үш блокты оқу пәндерінен тұрады: арнайы пәндер, психологиялық-педагогикалық пәндер және әлеуметтік-мәдени пәндер. Болашақ оқытушының кәсіби білгірлігі, біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден, сол пәнді тани білетін оқушыларға арналады.

Кәсіптік білімнің ерекшелігі – оның кешенділігінде:

- біріншіден, оған білім мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру ұстаным дары жатады;

- екіншіден, ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптасты рады;

- үшіншіден, теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагог өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі. Кәсіби білімді мұғалім үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет.

3. Педагогикалық қабілеттер - педагогикалық шеберліктің жедел жетілуіне ықпал жасайды. Педагогикалық іс-әрекетке қажетті мынадай жетекші қабілет-терді атауға болады: коммуникативтік, шығармашылық, перцептивтік (эмпа-тия, интуиция, көрегенді), интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, конструк-тивтік, гностикалық, экспрессивтік қабілеттер. Педагогикалық қабілеттері жетілген педагог педагогикалық процесті жылдамдатып, оның өнімділігін арт-тыра алады. Іскерлік қасиеттері: өзінің пәнін жетік білуі, қызықтыра білуі, түсінікті, қызықты түсіндіре білуі.

Педагогикалық қабілеттер мен білімі арқылы мұғалімде педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімі қалыптасады.

73.Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлікПедагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің маңызы зор. Бұл болашақ маман қызметінің негізінде жатқан заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарты болып табылады.Өмір мұғалімнің нақты ғылыми білімдердің және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұстанушысы болуын ғана емес, сондай-ақ өзінің жұмысында жоғары шеберліктің маңызды қайнары болуын, яғни педагогтың бойында актер және режиссерге тән қасиеттердің болуын, ол нені дұрыс, шабытты және сенімді, қызықты және жөн айтуды білуін ғана емес, сонымен бірге қалай айтуды білуін талап етеді.

Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің болуы, мұғалім көпшілікпен, яғни балалармен жұмыс алып барады. Мұғалімнің бала үшін әлеуметтік нормалар мен қатынастардың қайнар көзі болып табылуы оның тұлғасының ерекшеліктерін арттыратыны сөзсіз. Бала мұғалімді қабылдай отырып, қоршаған әлемге деген оның қатынастарымен бірге қоғамды қабылдайды. Басқа адамдардың ерекшеліктері балаға аса күшті әсер етпейді, олардың ықпалы эпизодты ал мұғалімнің ерекшеліктері күнделікті бала көзімен бақыланады және оқушылар үшін тұрақты болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби қызметі үшін маңызды ерекшеліктерін жіктеген кезде қызмет ететін педагогтар мен болашақ мұғалімдер, педагогтың өз пәнінің материалдарының білімін, педагогикалық ықпалдың әдістемесін меңгеруін, дамыған психологиялық-педагогикалық ойлауды шамасы бірінші орынға қоятын болса керек. Мұндайда әртістіктің педагогқа қажет ерекшеліктердің тізіміне енбейтіндігін былай қойғанда, тіпті педагогикалық қызметке негативті ықпал ететін факторлар қатарына да қосылуы мүмкінМұғалімге актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтерін меңгерту қажет деген мақсатқа күмәнданатын мұғалімдер (ал бұл, ережеге сай, білім беруде өзгерістерге қинала күйзеліп жүрген мұғалімдер, яғни өзінің түсініктерінің, дүниені сезінуінің жиі-жиі ауысуына дайын болу сияқты заманауилықтың білім талабы) педагогикалық әртістікке қарсы балалар ойынды қабылдамайды деген жаңсақ пікірге келіп жүр.

Біздің ойымызша, бұл әртістік пен актерлік ету, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техника ұғымдарының шектелмеуінің нәтижесі, сондықтан мұнда терминологиялық нақтылық қажет. Егер де әңгіме шынайы әртістік жөнінде болса, онда ойында тәрбиеленушінің шеберлігінің, педагогикалық мақсаты мен психологиялық иімділігінің элементі бар. Ал актерлік етуді балалар жеңіл тауып алады.

Мұғалімнің шығармашылық, эмоциялық қабілеттерін, белгілі актерлік-режиссерлік икемділіктерін дамытатын, аудиторияға тиімді сөз және демонстрациялық әсер бойынша білім беретін, көңіл бөлу, өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеру бойынша өзіндік жеке және топтық сабақтар үшін мұғалімді жаттығулар жүйесімен қаруландыратын театр педагогикасының элементтерін біз, студенттің кәсіби дайындығын және толығымен мұғалім тұлғасының қалыптасу үрдісін міндетті түрде құрайтын бөлік ретінде қарастырамыз. Егер де болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында әртістікке дейін көтерілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі болып табылады.Мұғалімнің ғылыми, абстрактілі материалда өмірлік құбылыстарды, ал ғылыми шешімде қоғамдық мағына мәселелерін көру, оның оқытылатын объектіге әлеуметтік құнды қатынастың құру шеберлігі педагогикалық әртістіктің танылуына, оқушыларға өнегелі әсерін ұйымдастыруға себепші болады.

Міне, осы педагогика режиссурасы, яғни өнер жағдайында адамдардың өзара әрекетінің логикасын құрудың өнері деп аталады.Өйткені әрбір педагогикалық жағдай – ол “егер де” деген жағдай. Мәселелік ойын жағдай жүйесінде әрбір оқытушы және тәрбиеленуші субъектіге таңдау еркіндігі – жеке мағыналарды таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Сонда оқыту білімге, шеберлікке, дағдыға баулу құралы ретінде ғана емес, білімнің, шеберліктің, дағдының көмегімен субъектінің жеке ерекшеліктерін дамыту құралы ретінде қызмет етеді.

Мұндайда педагогтың басты режиссерлік міндеті – эмоциялық әсердің ойы мен күшіне қарай сабақтың негізгі бөліктерін бөлуден және оларды педагогикалық жағдайлардың режиссерлік шығармасына құрудан тұрады. Мұғалім сабақтың шығармасын танымдық шығармашылықтың негізі, оқу материалының мазмұнына өзінің қатынасын білдірудің құралы етеді.Украин зерттеушісі В.Ф.Моргун осы жөнінде былай дейді: “Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік; екіншіден - өмірлік; үшіншіде ғана театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады.Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден, өнегелілік; екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.”Бельгиялық психолог Ж.Нютеннің бақылауын келтірейік: өмір – бұл маскалар театры деп болжасақ та, масканың бетке қосыла өсетін ерекшілігі барын да ұмытпаған жөн.

Наши рекомендации