Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері

Оқыту ғылым қабылдау қабілетін дамыту сияқты эстетикалық білім анықтайды, сезінеді өмірде сұлулықты түсіну және білім беру өнер заңдарына сәйкес әлемнің өзгеру қатысуға ниет Көркем қызметіне енгізу және шығармашылық дамуына сияқты Сұлулық, қабілеттері.

эстетикалық білім - мақсатында жеке тұлғалардың мақсатты жүйелі әсер эстетикалық дамыту, яғни, эстетикалық қабылдау, сот қалыптастыру болып табылады, талғамын, сезім, эстетикалық сана, сұлулық дұрыс түсіну шындық және өнер; эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін дамыту, сұлулық заңдарына сәйкес өмір шығармашылық трансформация қатысуға мүмкіндігі. Эстетикалық дамыту - эстетикалық қалыптасуы мен жетілдіру ұзақ процесс сана, көзқарас, жеке адамның эстетикалық қызметі. Мәселелері G. Рошаль, V. сияқты ғалымдардың айналысатын мектепке дейінгі балалардың эстетикалық білім Shack, М. Roemer, Н. Преображенский, Н. Dolomanova және басқалар.

Фон. Эстетикалық білім тығыз білім берудің барлық жағынан байланысты. Ол нығайтады эстетикалық қалыптастыру арқылы білім беру әсер басқа да аспектілері сезім, эстетикалық жауап, бастапқы, эстетикалық және этикалық ұғымдар мен бағалаулар. Бұл үйлесімді дамуы үшін кешенді көзқарас қамтамасыз балалар.

барлық түрлері алдында Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, оның ішінде білім беру, ол тұр міндет насихаттау, ұялатуға олардың оқушы білім, дағдылар мен қабілеттерін беру мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбие беру.

55,Әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру

1. Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
2. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

56, Шығармашылық ойындары: сюжетті-рольдік ойындар, театр ойыны, кұрылыс ойыны, режиссерлік ойындар

Ойын – оқуүрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретіндедербес дидактикалық категория. Сонымен біргеойынды мұғаліммен оқушылардың бірлескен оқуәрекетінің өзарабайланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақтілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өтезор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгіәрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Олсабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылыжүзеге асады. Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің біртүрі, яғнитәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тарағандамыту ойынының қызметі:ойынғатарту, рақатберу, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Заманталабы екітілде сөйлеуді одан әріорнықтыру, қазақ тілінүйренгісі келетінбасқа ұлтөкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сондықтан балабақшамызда қазақтілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттерін қойдық.
Ойынның мақсаты - Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеутілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру .
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерінарттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейдіжәне нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты ескетүсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді,ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақтаалған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын –оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық
сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға
пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп
отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ,
сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс.
Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері
бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың
тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын
іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға
ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи
бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.
Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын
салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету
мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының
құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының
ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда
пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.
Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді
формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін,
қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік
нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері,тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау
белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен
қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың
қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек.
Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесежарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз
жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу
түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір
ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда
бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала
отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды
көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуғажіберілген уақытты есепке алу.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балаларойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен.
Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо,
И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың
теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын,
ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін
Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар
өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала
дамуындағы қажетті шарт болады.
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістерәлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің
дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға
бағытталған.
Инновациялық оқу оқудыңтүсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса
отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді.
Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарынүлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері:
іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік
ойындар.
«Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
Келесі ойынның түрі – ұлттық ойындар. Ұлтойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында,
қосымша материал үшін баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады. Сабақ үрдістерінде ұлттық ойындарды ойнату - баланың тілін ширатады,
ойын дамытады, зейінділікке, ұстамдылыққа, ойлылыққа, зерделілікке, мергендікке
баулиды.
«Сиқырлы қоржын», «орамал тастамау», «асықойыны», «сақина», «ақ серек, көк серек», «бәйге», ойындар балалардың ширақтық,
қозғалғыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, және
физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймын. Мектепалды даярлық сыныпта
қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны
да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Оқушылардың психологиялық-физиологиялықерекшеліктеріне сәйкес, мінез құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылықтары да
әр түрлі. Баланың дамуына отбасының әлеуметтік жағдайлары да әсер етеді және
балалардың даму процестері де әр түрлі болады
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буындысөздерді айту, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық
ойынын жүргіздім. Мен бір оқушының алдына сақина қоямын да «дәп» - деп
дауыстаймын. Сақинаны алған оқушы «тер»- деп дауыстайды. Сонымен дәптер сөзі
шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы:те-резе.
«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушыларауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші
келесі буынын тауып сөз құрауы керек.
Ойын –оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық
категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу
әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.Сонымен
қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті
тақтаны қолданудың маңызы өте зор.
Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгііс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп
өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында
ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы
зор.
Балалармен болған әр кездесу,қоштасу жылулықшеңберінен басталады
Жылулық шеңбері-бұл балалардың зейінінбелсендендіретін және топта
Жағымды психологиялық жағдай қалыптастыратынтамаша әдістемелік тәсіл.
Балаларға шеңберге тұрып, бір-бірімен қолұстасып амандасу,қоштасу бір-біріне сәттілік тілеу,хормен тақпақтар
жаттау,қайталау,шағын әңдерді айту,музыка ырғағымен билеу,саусақ жаттығуларын
ойнау сәті өте ұнайды.
Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жасжәне психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде,
өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни
сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек
ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.
Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды
дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды
жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын
әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы
сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы
жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша,мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол,
теңізшілер;
2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көксерек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы
мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта,қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке
келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторлардыпайдалану.
5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелердіролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісіндепайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың
қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-
дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай,
бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып,
тапсырманың мәнін ашады.

Наши рекомендации