З бетімен іздену әдістері
Өз бетімен ізденіп білім алу әдістеріне мына әдістер жатқызылады:
а) дәстүрлі проблемалық әдіс;
б) кездейсоқтық әдіс;
в) ситуациялық әдіс;
г) оқушылардың сабақ бере білу әдісі;
д) дидактикалық ойын әдісі;
е) эвристикалық әдіс.
Дәстүрлі проблемалық әдістің құрылымы мынадай үлгіде келеді:
а) мұғалімнің проблемалық ситуация жасауы;
б) проблеманы жүйелеп таныстыру және оның шешімінің болжамын ұсынуы;
в) шешімнің болжамдарын тексеріп көруі;
г) алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп, олардың қолдану жолдарын анықтау;
Бұл әдістің ерекшелігі мынада: оқытудан гөрі оқушылардың қызметіне зор мән беріледі.
Кездейсоқтық әдістің ерекшелігі сонда, оқушыларға белгілі бір мазмұндағы мәлімет беріліп, соның себебін анықтау тапсырылады. Себебін анықтау барысында оқушыларда қандай да бір сұрақтар туындайды. Ал мұғалім сол сұрақтарға жауап беруі тиіс болады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызметі барысында сабақтың тақырыбына кездейсоқтық яғни белгілі бір нәтиженің шығу көзі іздестіріліп, басты ойлар анықталады. Шешімі бірнешеу болуы мүмкін, бірақ оқушылардың өзара талқылауы мен келісімі нәтижесінде соның біреуі қабылданады. Бұл жерде оқушылардың танымдық белсенділігі рөл а тқармайды, сонымен бірге мұғалімнің де қатысуының үлкен мәні бар. Оқушылардың жинақьалған сұрақтарына мұғалім жауап беріп отырады, соның нәтижесінде ақиқатты тануға жетелейді.
Ситуациялық әдіс жоғарыдағы кездейсоқтық әдіске ұқсас болып келеді. Мұнда мұғалім белгілі бір жағдаяттар (ситуациялар) туғызып, оның шешімін табуды оқушылардың өздеріне жүктейді. Оқушылар шешімінің біреуін немесе бірнешеуін тауып, соның ішіндегі дұрысын табуға тырысады. Мысалы, сөз тіркесі мен күрделі сөздердің, қабысу мен жанасудың ерекшеліктерін анықтауда ситуациялық әдіс тиімді болмақ.
Дидактикалық ойындар әдісі көп түрлі болып келеді. Олардың ортақ қасиеттері ойын элементтері қолданылуымен сипатталады. Ойын дегеніміз оқушылардың шабытына негізделген, олардың эмоциялық сезімін дамытатын іс - әрекет жүйесі екені белгілі. Сабақ барысындағы ойын оқушылардың тақырыпты игеру ынтасын жарыск, бәсеке түрінде дамытуды көздейтін дидактикалық мақсат болып табылады.
Оқушыларға шағын сабақ бергізу әдісі сабақты жақсы үлгеретін оқушылардың теориялық ойлауын дамыиу мақсатында қолданылады. Мақсаты – оқушы тақырыптың негізгі белгілерін айқын танып, оны жолдастарына түсінікті де ұғынықты етіп жеткізу әдістерін іздеп табуы болып саналады. Мысалы сан есімнің септелуін тақырып етіп алып, мұғалім өзі түсіндірген сабақтан соң оқушыға шағын сабақ беруді тапсырады. Шағын сабақ 10-20 минуттан аспайды. Шағын сабақ беру оқушылардың шығармашылық ойлауының қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Эвристикалық әдіс баланың оқу моитвтерін, оның ішінде танымдық қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда қолданылады. Эвристикалық әдіс оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып саналады. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта – ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. Мысалы, грамматикалық ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын оқушы өзіндік ой қорытындылары арқылы түйіндейді. Мұндай әдіспен сабақ өткізуді мұғалім алдын – ала жоспарлап, мынадай міндеттерді белгілейді:
- грамматикалық материалдарды түсіндіру жолын ықшамдап, әр баланың қабылдауына, ақыл – ойына қонымды болу жағын көздеу;
- меңгерілуге тиісті материалдардың түйінді мәселелерін оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру;
Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдстыру, оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу болып табылады. Оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл – ой белсенділігін дамытуға бағытталады.
Азақ тілін теориялық – практикалық жақтан үйрету әдістері.
Бұл әдіс қазақ тілі материалдарының бір – бірінен айырмашылығы, бірімен – бірінің байланысын, жасалу жолдарын, өзіндік ішкі белгілерін, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін қолданылады.