Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
Мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс - әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.
Міндеттері:
а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы ұғым беру;
б) педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету;
в) педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын
көрсету;
г) педагогиканың және педагогикалық пәндердің
әдістемесінің мәнін ашып көрсету.
Жоспар
1.Педагогика тәрбие туралы ғылымның
2.Педагогикалық ғылымдар және оның мазмұны.
3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. 4.Педагогикалықжүйелердің әдіснамасы.
Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогиканың категориялары, педагогика пәні, педагогиканың әдіснамасы, педагогикалық зерттеулердің әдістері.
Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, психология, саясаттану, мәдениеттану.
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің "раіdagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде калды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби і-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін — делдал-ұстаз, мүғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты , белгілі бір
ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана — ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән —бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогика пәні — индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл "ұстаздар — оқушылар" жүйесі,ол сол жетекші бөлігі (элементі) (ұстаздар) бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.
Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. "Ұстаздар (педагогтар) - оқушылар" жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде (процестің қызметінде) тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық (реальность) педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. "Білім беру "деген сөзді" орыс тілінде 'образование" түбірі -"образ" деген (бет-лиц, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік - экономикалық және мәдени — тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын
меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды (распредмечивание) ғылыми білім мазмұнында (опредмечиванияланған), іс-әрекеттер тәсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс - әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушыларды оқуға үйрету арқылы ғана (А. Дистервег, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская), тек осы жағдайда ғана мұғалім өзінің қызметін орындайды. Оқушылар іс - әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға үйренеді, оку пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрекет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады (опредмечивание), окушы тұлғасының өзгеруі жүзеге асады.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс - әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін - өзі сезінуі, "меннен" басқа "менге" қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену процесі стихиялы (ұйымдаспаған) түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін зияңды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, ынтымақтастық біздің иелену үшін кажетті байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге көмектесе алады және өзіндік "менді" оқу, оқудан тыс іс -әрекеттері арқылы қамтамасыз ете алады.
Педагогика категорияларының құрамында жоғарыдағы айтылғандардан (тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру) басқа мынадай: - тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар педагогиканың әртүрлі тарауларын оқығанда қарастырылады.