НЛБ негізгі әдістері және техникалары

1-әдіс.

НЛБ өз-өзіңді түсініп, түсінікті болуға ғана емес, сонымен қатар, сұхбаттасушыны реттеп, өзгертуге көмектеседі. Ол үшін зәкірді қабылдау тәсілін қолданады. Оның негізгі алғышарты ол адам өзіне өзгерістер енгізуге қажетті барлық ресурстармен қамтылған болуы қажет. Бұл жердегі психологтың рөлі – ол осы ресурстарға қол жеткізуге көмектесу болып табылады. Ресурстар әрбір адамның жеке тарихында (өмірінде) болады ол – тәжірибе. Қажет жағдайларда осы ресурстарға қол жеткізу зәкір деп аталады. Зәкір – ол шартты ынталандырушы. Зәкірді орнату үшін сұхбаттасушыдан қажетті тәжірибені еске түсіретін жағдайды еске алуды сұрау керек. Сол сезімнің толық көрінісін бақылай отырып (мысалы, адам қорыққан сәтті еске алған кезде ерін жұқарып, бет жүзі бозарып, тынысы тарылады.) осы сезімді байланыстыратын ынталандыруды енгізіңіз. Ынталандыру ретінде саусақпен шерту немесе сипау әрекеттерін қолдануға болады. Егер осы сезімді зәкірлеу қолыңыздан келген болса, ынталандыруды қайталаған кезде сол жағдайға қатысты сезімді бастан кешесіз. Сол керекті ішкі жағдайды орнату, сезу үшін психолог сол ынталандыруды нақты орындап сезуге көмектесу керек.

2-әдіс.

Ассоциация (байланыс) және диссоциация.

Ассоциация (байланыс) – қосылу, бірігу процесі болып табылады. Диссоциация – бөлініп, жекелену жағдайы. Осы техниканы қолдану тәсілдерін қарастырайық.

Өмірде өте қатты, өте күшті жағдайды бастан кешірген тәжірибелер кездеседі, ондай жағдайда сондай дәрежеде күшті позитивті сезімді қарсы қою мүмкін болмайды. Бұл кезде зәкірлеу (якорь) техникасы (тәсілі) жұмыс істемейді. Сонда сол бастан кешкен жағдайдың интенсивтілігін жою әдісін табу керек. Ол егер клиент бөлектеніп (жекешеленіп, оңашаланып), психикалық травмаға байланысты сезімнен байланыс үзсе мүмкін болады. Ол үшін оған сол жағымсыз травма жасайтын жағдайды еске түсіріп, бірақ өз-өзіне сырттан қарау керек (яғни сол жағдайды іштей бастан қайтадан өткізбеу керек). Осындай эмоциялық байланыстардан арылу арқылы қорқыныш, ауыру, т.б. сезімдер жойылады. Ал ассоциацияны тек жайлы, ұнамды жағдайларға ғана байланыстыру қажет.

3-ші әдіс

Рефрейминг техникасы

дегенмен оған деген қатынасын өзгертуге болады. Оған рефрейминг техникасы көмектеседі. Яғни бұл тәсілдің мағынасы – ол мәселелердің атын өзгерту, ол үшін назарды мәселенің басқа жақтарына алмастырып, жаңа көзқарас беру жеткілікті. Мысалы, мәселені (проблеманы) тапсырма деп өзгертуге болады, сонда ол жүк болмайды. Адамдар тапсырмаға қарағанда проблемаға көп мәнмен қарайды. Мысалы, артық салмағы бар адамды ол сезім адам емес, тек денсаулығы мықты, мәдениетті, көрнекті адам деп қабылдаса болады. Рефреймингтің мәні – сол бір жағдайдың екінші жағын көрсету.

Тәжірибелік психологияның осы бағыты адамды зерттеу мен басқарудың ерекше әдісі болып табылатынын «нейролингвистикалық бағдарламалау» тәсілдері, тәжірибесі көрсетіп отыр. НЛБ әдіс-тәсілдері қазіргі таңда тәжірибелік психологияда ең эффективті бағыттардың бірі болып отыр.

Діс.

Айнамен шағылыстыру

Біз айналамызға қарағанда ғана бағалаймыз. Бұл бағалар бізге қоршаған адамдар мен заттар туралы айтады. Егер осы бағалар өзіміз жайлы ақппарат берсе, қалай болар еді! Міне, осы «айна» концепциясы деп аталады.

Оның әрекеті шамамен мынадай болады: бізді қоршаған адамдар мен заттар және өзімізге қатысты ақиқат. Өзімізден тыс баға берген кезде біз не істейміз? Біз айнаға қараймыз; айна бізге өзіміз жайлы ақппаратты қайтарады.

Бастапқыда бұл концепция шындықтан алыста сияқты көрінеді. Бірақ оны қолдана бастағанда, оның тамаша екендігіне көз жетеді. Айнадан өзіңді көру жиі жағдайда ұнамайды, кей кезде ол адамға дискомфортта әкеледі, бірақ өзіңді қаншалықты жылдам білгің келсе, өзіңді адамдар және заттар айнасында қарау – бұл үшін құнды құрал. Өзіңді алғаш рет бейнетаспадан көрген кезде, дауысыңызды естіген кезде қандай сезімде болғаныңызды еске түсіріңіз. «Менің дауысым мұндай емес!», «Мен өзімді олай ұстамаймын!». Соған қарамастан сіздің достарыңыз «Жоқ, бұл сенің дауысың. Жоқ, сен өзіңді дәл осылай ұстайсың» дейді. Бейнетаспаны қайталап көрген кезде адам өз бейнесін қабылдай бастайды және өз бейнесіне өзгертулер енгізеді (Оны жетілу деп есептейміз). Өмір айнасымен де дәл осылай. Адамға айнадан көргендері ұнамауы мүмкін, бірақ айнаға қарамасаң өзіңді білмейсің және өзгертулер енгізе алмайсың.

14.Диагносткалық әңгіме кеңес беру этаптарының қортындысы ретінде дәлелдеңіз

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру - бұл әлеуметтендіру, тұлғалық болмысын қайта қалпына келтіру және олардың әлеуметтік функцияларын, бағдарын, қарым-қатынас нормаларының қалыптасқан тәжірибелерін оптимальдандыру мақсатында адамға психологиялық ықпал ету тәсілімен әлеуметтік көмек көрсетудің ерекше формасы. «Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. «Кеңес беру» сөзі латын тіліндегі consultare – ортақ шешімге келу, қамқор болу, ақылдасу деген сөзден шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол кеңес, қандай да бір сұрақ бойынша маманның түсіндіруі, білімдер аясын кеңейту және оны тереңдету мақсатымен әңгімелесу деген мағына береді. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет барысында адамдардың тікелей әлеуметпен байланысты туындаған мәселелері төңірегінде педагогикамен байланыстырыла отырып жұмыс істелінеді. Ал әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру кезінде туындған осындай әлеуметтік-педагогикалық мәселелерге байланысты клиентке кеңес беріледі; мәселе жайлы ақпараттандыру, яғни педагогикалық тұрғыда білімдендіру; мәселені шешуде альтернативті ұсыныстары жасалады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді жүргізу мәселелері түрліше болады: жұмыс орнындағы мәселелер (жұмыс жағдайына қанағаттанбау, жұмыстың қызтырмаушылығы, жұмыс басшылығымен жіне әріптестермен кикілжіңдер, жұмыстан шығу қауіпі), отбасы мәселелері, жек тұлғалық мәселелер, мектептегі бала мәселелері, жеке тұлғаның өзіне деген сенімсіздігі және өзін бағалауының төмендігі, белгілі бір мәселелерді шешу кезінде өз шешіміне сенімсіздік, қарым-қатынас мәселелер, және т.б. Аталған мәселелер әлеуметтік-педагогикалық сипатта және ол әлеуметтік-педагогтың қатысы арқылы шешімін тауып, әлеуметтік-педагог тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл тұстағы кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:

- Адамға өз көзқарасы бойынша әрекет етіп, таңдау жасауға көмектеседі;

- Жаңа мінез-құлық пен өзін ұстауға үйретеді;

- Тұлғаның дамуына жағдай тудырады;

- Кеңес беру кезінде клиен жауапкершілігін арттыруға бағыт жасалады, яғни кеңес беруші тек клиентке мәселені шешудің жолын көрсетеді, оны бағдарлайды ал нағыз шешімді тек клиент жасайды және ол өз ісіне жауапкершілікті сезінеді.

Наши рекомендации