Енді Бабыққа келеміз.
Бабықтан уш бала – Ұлғай
Құлбай ( бұдан кім тарайды білмеймін)
Есен, я Осан, я Үмен
Ұлғайдан төрт бала - Әжібай
Сарман
Тарак
Ботан
Есен бе, Осан ба, әлде Үменде бәрі бір деген адамнан Қаратай, Тайлақ, Байғар деген балалар туады.
Бабық Мыңбай батыр өтіпті ғой, сол кісі Жүзбай, Селбайлар осы Әжібайдан тарайды.
1930 жылға дейін 10-15 мыңдап қой, бернеше мыңдап түйе, жылқы айдаған ірі байлар. Бұрын Жыршығұл ұлы (Кете Оразбай байдың) қыз ұзатқан тойында қызға берген батасында, қызылын кеуекке үй үйіп, көше алмаған Адайда Досжан мен Шәбіктей бол, Бабықта Мыңбай менен Селбайдай бол деп дәріптеуіне қарағанда Адайда бұдан 40 жыл бұрын талай байлар болды. Мына аталғандар өз дәуірінде шетінен асқан бай болуы керек. Мыңбай туралы кейіндеу айтамыз.
Жаубасардан екі бала туады - Қаржау
Төлеген
Кеңес заманында өткен Қаңғабай мерген, бұдан бұрынырақ өткен Шоң батыр сол Қаржаудан шыққандар.
Ожаудан екі бала туады - Қызыл
Қоңыр
Момын, қойдан жуас қоңыр дегендей өте қайырымды ел болады. Алматы қаласындағы Ыссық ресторанының директоры Ибулла Сариев Қызылдан шыққан жігіт.
ЕДІЛ (ҚАРАШ туралы)
Қараштан екі бала - Елтүзер
Жәдік
Елтүзерден үш бала - Елбақ
Жайлы
Меңдібай
Елбақтан үш бала - Жәнібек
Толыбай
Кенжебай
Жайлыдан үш бала - Дүйсенбай
Шәуен
Бақатай
Қараштың екінші баласы Жәдіктен екі бала - Отыршы
Қалматай
Отыршыдан екі бала - Қарағұл
Ыбыраш
Қалматайдан төрт бала - Төлеген
Тоқшара
Атағұл
Өтеғұл
Төлегеннен екі бала - Сеңгірбай
Мәмбет
Мәмбеттен төрт бала - Есболай
Есен
Досмамбет
Қосай
Атағұлдан кешегі атақты палуандар Домбай, Абат, Тарғын, Қараш руынан да елге белгілі, қадірлі адамдар көп шыққан. Атақты Батанияз, Байқұлмырза жауырыны жерге тимеген палуандар. Құлбай, Домбай, бұл тұқымнан қалған Көшенғара балалары Икенбай, Бисембай (Бөкен руынан шыққан палуандар) 100 метр шымырау қазған Өтеалы бұдан 100 жыл бұрын Ұзын деген шымырауды Тобыштың Бегей деген руына қазып жатқанда, төбеден тас түсіп, содан қаза болған. Сол Ұзында төбелі там бар, Өтеалыға салынды. 80-90 жылдар шамасында. 1930 жылдарға дейін сол Қараштан Бейнеубай, оның баласы Әлпейіс т.б. шыққан. Қонысбайлар қандай шымырау болсада қазып, су шығарып берген. Солардың қазған шымырауларын ел бүгінге дейін пайдаланып келеді.
Қараштан там салатын шеберлер де шыққан. Сыңғырлаудағы Шоңай Омар баласы, Бейнеу немересі Тұрдың тамын салған. Қараштың шөберелері Назар Шырбасұлы, тағы Өтесін деген адамдар Самдағы молаларды зерттеген. Бәшеновтер Омардың тамын салған Дүйсенқара Жүсіп баласы деген. Ол қате, басында отырған малшылар айта салған болу керек.
Алматыдағы филармонияның домбырашысы Самиғулла Айдарбаев жоғарыда айтылған Байқұлмырзаның бел немересі.
Жасыратыны жоқ, баукеспе атақты Қараман өзі және балалары, бұрынырақта Өтеу деген ұрылары да болған.
Енді Тобыштың Бегей деген руына кідірейік:
Бегейден үш бала туады – Қосақ
Қозыбақ
Малай
Малайдан атақты батыр Өмір, Темір, кешегі Қорабайдың ұлы Қайып. Атақты Сәлдір мырза бұл атаны бек сауытты Бегей деп атаған. Қосақтан Есен, Қосаяқ-Тақал деп аталатын ауыл бар. Бұлар, яғни Қосақтар көп, өскен ру.
Қозыбақ онша көп ауыл емес. Дәулет біткен момын шаруа. Жігіттері мысалы: Нұржан балалары Еңсеген, Демегендер.
Бегей ауылынан шебер етікшілер көп шыққан. Бегейдің бес тақасы атанған, соның бірі кәдімгі Қорабайдың Қайыбы.
Маңғыстаудан түркпендерді қонысынан аударған әуелде Өмір, Темір деп атайды. Бегейден Қалнияз, Қалым сияқты жыршылар мен ақындарда көп шыққан.
Тобыштың баласы Ораз, Ораздың баласы Жайық. Жайықтың баласы Әлмембет, оның баласы Табынай. Табынайдан Арыстанбай, Табылды, Дауылбай. Дауылбай өлген соң әйелін арыстанбай алған. Одан Теңелбай.
Арыстанбайдан екі бала - Алқулы
Айбас
Айбастың бәйбішесінен төрт бала - Қараменді
Таған
Ындыбай, тағы біреуін ұмыттым
тоқалдан - Қадыр
Надыр
Бастыбай
қалмақ қызы әйелінен екі бала - Жәнібек
Тінібек
Сонда Айбас батырдан тоғыз бала болған. Табынайдан шыққан Бектұрған Балжанұлы Шалғымбаев өз заманында белгілі білгіш, тарихта аты бар адам болған.
Медетбай жыршы Табынайдың Айбасынан шыққан адам. Бектұрған өлгенде ол былай дейді:
Біздің ауыл төрт еді,
Бектұрған елдің көркі еді,
Қара сулар қаптаса,
Табаны жалпақ кедедей,
Аударылмайтын берік еді.
Маңғыстау ауданында жұмыс жасайтын Мұқаш Қыдыров сол Бектұрғанның немересі.
Табынайдың Бастыбайынан Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алған, ұзақ жылдар бойы Пахтарал ауданының «Коммунизм» колхозында төраға болған. Қазір дербес пенсионер Маңғыстаудың Ақшұқыр деп аталатын ауылында тұратын Тәңірберген Жайлыбаев деген ақсақал бар. Сондай-ақ 1937 жылы тұтқындалған, бұл күнде ақталған (өлген) Аққозы Избанов деген азамат болды. Оның артында баласы қалды, аты Марат Избанов өзі Ералиев мұнай кәсіпшілігінде жұмыс жасайды, жоғары білімді мұнай маманы.
Жаңай Баймағамбетов 1937 жылы Семей қаласында обкомның 2 секретары болып тұрғанда хабарсыз кетті, орны жоқ.
Табынайдың Нәдір атасынан Небитдаг қаласында көп жылдан бері заң қызметкері болып жасайтын Ахат Сандыбаев деген белгілі азамат бар.
Сүйінқара батырдың ауылын түркпендер шапқанда батырдың Бүркітәлі деген баласы өлгенде Абыл ақын былай деп жырлаған:
Нағашың ер Табынай, Алқұлы, Айбас,
Қайының Байбақты батыр Шолан, тапа тайлас.
Байбақты Шолан батыр Сырымның әкесі Даттың әкесі. Сырымның кәрі әкесі.
Шолан батырды Нұралы өлтірген, ал Нұралының баласы Есім төрені Сырымның өлтіруі осының кегі болуы керек.
Айбастың Кәдірінің немересі Жігітекұлы Көбек батырды Адайда білмейтін адам аз болар.