Taқыpыбы: ДОСТАСА БІЛЕЙІК
Мақсаты: «Достық» кұндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:
- достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарынддаштар.
Сөздік жұмыс:Дос бәрінен де қымбат. Мақал
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері Педагог балалардың сабаққа қызыгушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту мақсатында «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтуды ұсынады. Дос болайық бәріміз Сөзін жазған X. Талғаров Әнін жазған И.Нүсіпбаев Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер. Қайырмасы: Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп тақымыз. | Балалар қайталап өлеңге қосылады. |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Әңгімелесу Педагог балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында балалардың түйген ойларын жеткізеді. Әңгімелеу Досты қалай табу туралы ертегі Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты. Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құлақ түрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұл ісің дұрыс емес деп айтпапты. Бір күні ол үйіне ренжіп келіп: «Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар», - деп ойлайды. Бір уақытта: - Ендеше, мен сенің досың болайын, - деген біреудің дауысы естіледі. «Бұл кім? - деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады. Жаңағы кіп-кішкентай бала қарапайым адамға мүлде ұқсамайтын еді. Ол сарғыш түсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын. - Сен қай елден келдің? - деп бала одан сұрайды. Кішкентай бала өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жерде бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол Жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді. - Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ? Бәрі менен неге теріс айналады? Көмектесші маған, - дейді бала. - Бұл өте оқай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсы көріп, олардың айтқаңдары саған қызықты болмаса да сөзіне кұлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет. Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіп отырады. Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне әрқашан разы еді. - Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымда болғаның қандай жақсы. Сен менің нағыз досымсың! Осылай уақыт өте береді. Бір күні бала үйіне қуанып келеді. - Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты күн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме дос таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы. Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген кұпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірім баланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті. Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты. Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейіріммен ақылдасып, жүрегін тыңдайтын болыпты. • Қалай ойлайсыңдар, бұл баланың неге достары болмады? • Дос табу үшін не істеу керек? • Достар қандай болулары керек? Балалардың жауаптары тыңдалған соң педагог олардың жауаптары негізінде қорытындылайды. Достық - адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар, сендер бір топтың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар. Сергіту сәті | «Досты қалай табу туралы ертегісімен» жалғастырады. Ертегіні тыңдап, талдау кезінде педагог дос адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, жарасымы, татулығы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады. «Балалар, біз өткен сабақта өзіміздің отбасы туралы, отбасы мүшелері арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық туралы сөйлестік. Бүгін жанымызға тағы бір жақын адамдар - достарымыз жайлы әңгімелесеміз. Дос адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және «Достық» ұғымымен танысамыз». • «Дос» және «достық» деген сөзді қалай түсінуге болады? • Жақсы дос деп кімді айта аламыз? Балалардың жауаптарын, педагог қорытындылайды. - Балалар, достарың туралы жақсы, жылы сөз айтқаңдарын қандай әсерлі. Достар бір-біріне қашанда көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншіліктері мол, бір-бірін сыйлайтын жаңдар. Енді сендермен достық туралы шығарманы тыңдап көрелік Ойын. «Менің досым». Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагог допты лақтырып, кезек-кезек балаларға сұрақ қояды. Педагог ойын барысында қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындап қояды. Ойынға арналған сұрақтар: • Сенің досың кім? • Сен досынды жақсы көресің бе? • Досыңа қалай көмектесесің? • Досыңды қалай сыйлайсың? • Досыңды сағынасың ба? • Досыңмен нені бөлісесің? • Досың туралы қандай жылы сөз айтасың? • Досың саған не үйретеді? • Достар бір-біріне қалай көмектеседі? • Үлкендер арасында досың бар ма? • Кішкентай достарың бар ма, оларға нелер жатады? • Өзімізге досты қалай таба аламыз? • Досыңа қандай тілек айтасың? т.с.с. Дәптермен жұмыс Дәптерде төмендегідей тапсырма берілген: Досыңа сыйлайтын сыйлығыңның суретін сал және сол туралы әңгімелеп бер. Педагог балалардан салған суреттері туралы әңгімелетеді. Олардың бұл сыйлықтың суретін неліктен салғанын және не үшін осы сыйлықты таңдағанын айтып берулеріне жағдай туғызуы тиіс. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қөзғалыстар жасалады. Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға сөзу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары сөзу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз. Дәйексөз Педагог «Дос - бәрінен де қымбат» деген мақалды бүгінгі сабақтық дәйек сөзіретінде түсіндіреді. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | - Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік. Достар қашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік. «Дос» және «Достық» ұғымымен таныстық. Адамдар үшін достықтың қандай қымбат екенін білдік. | Жүректен жүрекке Балалар ұнтаспадан «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдап, қосылып айтады. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:«Достық» кұндылығы туралы.
Tүciнiгi:Достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы Kөpceтe бiлyi: Достаса білуі.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.
Бiлiм бөлімдері: Өзін-өзі тану
Taқыpыбы: МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ. Сәбиіңмін сенің, Балабақшам менің.
Е.Ашықбаев
Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
- үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету;
- балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту;
- айналасындағы адамдарды жақсы көруге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс:
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері Педагог балалармен бірге Е.Өтетілеуұлының «Ізгі сөздер» өлеңін қайталайды>-~ Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөзді қолданасыңдар ма? Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз? Қане, бәріміз бірге қайталайықшы. - «Қайырлы таң!». Тағы қандай әдепті сөздер қолданамыз? - «Сәлеметсізбе!». Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек? -«Қайырлы күн!» Ал, кешке ше? - «Кеш жарық!» | Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жаңдарға, Ертемен ақ пейілмен: "Қайырлы таң Г - деймін мен. Күндіз де елді елеймін: "Қайырлы күн Г - тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: "Кеш жарық Г - деп кіремін. |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Шығармашылық жұмыс Педагог ұжымдықжұмыс арқылы балаларды балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету маңсатында «өз үйім - менің бірінші үйім, балабаңшам - екінші үйім» деген тақырыпта әңгіме жүргізеді. • Балалар, үйімізде бізге кім қарап-күтіп, қамкорлық көрсетеді? • Неліктен өз үйім - менің бірінші үйім деп айтамыз? • Ал балабақшаны екінші үйіміз деп атай аламыз ба? • Бұл үлкен үйімізде бізге кім камқорлық көрсетіп аялайды? Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді. Қане, олар кімдер және не істейді екен? • Біздің балабақшамыздың іші, сыртқы ауласы, тобымызда сүртінетін сүлгілеріміз әрдайым тап-таза, аппақ болып тұрады. Ол кімнің еңбегі деп ойлайсыңдар? • Балабақшамызда бізге дәмді тағамдарды кімдер әзірлейді? • Ән, би, дене шынықтыру жетекшілеріміз бізге не үйретеді? Дәрігер апайымыз не істейді екен? Ал күні бойы сендердің жаңдарыңда жүретін апайларың кім? • Тобымыздағы көмекші апайымыз не жасайды? Екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза, бізге сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, жақсылыққа үйрететін мейірімді жан көп екен. Олардың еңбегіне не деп айтуымыз керек? Әңгімелеу Педагог М. Әлімбайдың «Біздің балабақшада»өлеңін қып беріп, балалармен бірге қайталайды. Балабақша есігін Сәби болып ашқанбыз. Балапандай мәпелеп Өсіреді бақшамыз. Бұл екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз — осы үйдің гүліміз, Біз - осы үйдің сәніміз. Дәптермен жұмыс. «Балабақшамды гүлдендіремін» Балалар дәптерде салынған балабақша үйін түрлі түсті қарынддаштармен безендіріп, ауласын гүлдендіреді. Жұмыс соңында өздерінің балабақшаға деген жылы тілектерін білдіреді. Сергіту сәті Балалар педагогпен Е. Өтетілеуұлының «Бала, бала, баламыз» өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қөзғалыс жасайды. Дәйексөз Педагог балаларға Е.Ашықбаевтың «Сәбиіңмін сенің, балабақшам менің» деген өлең жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Ғажайып сөздер Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Сәлеметсіз бе? Рахмет! Бала, бала, баламыз Бала, бала, баламыз, | Әңгіме барысында балалар ватманға немесе альбомға балабақша қызметкерлерінің суретін (алдын ала дайындалған мазмұнды немесе фотосуреттерін) жапсырады. Балалардың жауаптары. - Тамаша, балалар! Әр адам, әр бала өз үйін жақсы көреді. Үйде сені жақсы көретін ең жақын адамдар тұрады. Үлкендер кішілерге қамқор болады. Оларды киіндіреді, тамақтандырады. Кішілер үлкендерді сыйлайды. Ал балабақшада тура үйдегідей жылы, онда мейірімді адамдар көп екен. Аспаздар сендер үшін дәмді тамақ әзірлейді екен. Аула сыпырушы ағай ауланы тазалайды. Кір жуатын апай біздің сүлгілерімізді жуып береді. Дәрігер апайларың сендердін дендеріңнің сау болуын қадағалайды. Сонымен қатар ән, би жетекшілеріміз бізге ән салуды, би билеуді үйретеді, көңіл күйімізді көтереді. Сендердің жаңдарыңда күні бойы тәрбиеші апайларың жүреді. Олар сендердің жақсы адам болып өсулерің үшін, бәрін үйретеді. Бәрі де бізге қамқор. Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді. Балабақша- біздің екінші үйіміз сияқты екен. Балалар педагогпен Е. Өтетілеуұлының «Бала, бала, баламыз» өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қөзғалыс жасайды. Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналып, ойыншық жүрекшелерді алып, балабақшада жұмыс істейтін апайларына өздерінің жылы тілектерін айтады. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:Балабақша мүшелерін атай білулері керек.
Tүciнiгi:Үлкендердің еңбегін бағалауды.
Kөpceтe бiлyi: Бақша ережелерін көрсете біледі.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.
Бiлiм бөлімдері: Өзін-өзі тану
Taқыpыбы: МЕНІҢ ТӘРБИЕШІМ .
Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
балалардың тәрбиеші апайларына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
- балабақшадағы үлкендердің еңбегі туралы түсінік беру;
- тәрбиешіге деген құрмет сезімдерін дамыту;
- өзара сыйласымдылық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Шуағына бөленген, аялаған, демеген,
Тәрбиеші апайлар, мейірімді не деген!
Қ.Мыңжан.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері. «Тілек шоғы» Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назарларын аударады. - Көп рахмет сендерге, балалар. Егер біреуге жақсылық тілесеңдер, жақсылық жасасаңдар ол осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өзіңе одан да үлкен жақсылық болып оралады. | Балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлі «Тілек шоғына» айналып, тәрбиешінің өзіне оралады. |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Балалар үнтаспаға қосылып, М.Дауылбаевтың «Біз бақытты балдырған» әнін орындайды. - Тәрбиеші апайымыз біздің ең жақын адамдарымыздың бірі екенін, олар бізге тек қана жақсылық тілейтінін білдік, сондықтанда тәрбиеші апайларымызды тыңдап,сыйлауымыз керектігін түсіндік. | Біз бақытты балдырған Біз бақшаға келгенде, Ақ пейілмен қарсы алған. Өлең айтып үйретіп, Би билеткен, ән салған. Риза әже, атай да, Риза ағай, апай да. Рахмет деп айтамыз, Тәрбиеші апайға. М. Дауылбаев Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналып, қолдарын жүрек тұсына қойып, тәрбиеші апайларына жылы сөздер, тілектерін айтады. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналып, ойыншық жүрекшелерді алып, балабақшада жұмыс істейтін апайларына өздерінің жылы тілектерін айтады. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:Балабақша қызыметкерлерін атай білулері керек.
Tүciнiгi:Үлкендердің еңбегін бағалауды.
Kөpceтe бiлyi: Тәрбиешіні тыңдап, сыйлайды.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.
Бiлiм бөлімдері: Өзін-өзі тану