Тақырыбы:Бейіндік оқытуды басқару жүйесін құрудың теориялық негіздері.

Мақсаты:12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды басқару жүйесін құрудың теориялық негіздерін, ұйымдастырудың жолдарын меңгерту.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды және алдыңғы кезеңдегі бейіндік даярлауды білулері қажеті.

Жоспары:

1.Ұйымдастыру және басқару құрылымының және функцияларының ұғымы.

2. Білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды және алдыңғы кезеңдегі бейіндік даярлауды басқару ұйымдары.

Жалпы орта білім берудің мақсаты мен мазмұнына қойылатын талаптар білім салалары пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуде басты бағыттауыш болып табылады. Жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары оқушылардың оқу және тәжірибелік қызметке деген жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға, өз бетімен білім алу және өзіндік даму дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, білім алудың келесі сатыларында оқуды жалғастыруға бағытталған.

Құрылымдық жағынан кең ауқымды дағдыларға (білімді шығармашылық түрғыда қолдануға, сыни ойлауға, зерттеу жұмыстарын орындауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдануға, топта немесе өз бетінше коммуникация тәсілдерін, оның ішінде тіл дағдыларын, тиімді жұмыс ұйымдастыру амалдарын қолдануға) сүйенетін түйінді құзыреттіліктер оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында көрініс табуға тиіс.

Оқу бағдарламасы үш бөліктен тұрады: біріншісі оқу пәні мазмұнын меңгерудің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, осы нәтижелерге жету әдістерн, оқу бағдарламаларын меңгеру нәтижелерін бағалау жүйесін анықтайды; екінші бөлігі метапәндік және пәндік нәтижелерге жетуге бағытталған оқу пәнінің мазмұнын көрсетеді; үшінші бөлігі нақты пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруына жасалатын жағдайды анықтайды.

Оқу бағдарламаларында құрылымы, білім берудің базалық және тереңдетілген мазмұны, сағат көлемінің бөлінуі көрініс табу керек.

Оқу бағдарламаларында барлық оқу пәндерінің мазмұнына міндетті компонент түрінде енгізілген экология және қалыптасқан (тұрақты даму) даму, өмір қауіпсіздігі және апат тәуекелділігін төмендету негіздері бойынша материалдары қамтылуы керек.

Жалпы орта білім беру деңгейінде оқушылардың типтік оқу жоспарындағы баламасыз компонентінің және оқу курстарының баламалы компонентінің бейіндік дайындық пәндерінің жеке білім беру траекториясы жүзеге асырылуы керек.

Жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық білімдерін өз бетінше меңгеруге және оларды практикалық іс әрекетте қолдануға бағытталуы керек. Оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі қоғамда табысты бейімделуіне, өміргі деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруғы, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, кәсіби бағдарын және бейіндік дайындығын қамтамасыз етуі керек.

Оқу бағдарламаларында пәндер бойынша білім беру мазмұнын меңгерудің базалық және жалғастырушы деңгейі көрініс табу керек.

Техникалық және кәсіби білім берудің бейіндік пәндерінің мазмұны алты бейінді қамтиды:

1) техникалық-технологиялық;

2) әлеуметтік-экономикалық;

3) медициналық;

4) көркем-технологиялық;

5) аграрлық-техникалық;

6) «Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика».

Техникалық-технологиялық бейін келесі пәндер кіреді «Физика және электротехника негіздері»; «Графика және жобалау»; «Информатика және АКТ».

Техникалық-технологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

1) физика, математика, информатика және коммуникациондық технологиялар курсының практикалық маңызы туралы түсінік;

2) оқушылардың физика заңдары, математика есептері, есептеу және талдау әдістері, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу бойынша білімдері мен жалпы теория дағдыларын қалыптастыру;

3) электротехника, информатика және коммуникациялық технологиялар негіздерін нәтижелі және сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, математикалық үдерістерінің мазмұнын түсіну;

4) оқытылатын пәндер бойынша практикалық есептерді шешу үшін оған дейін оқыған пәндерінің негізгі әдістері туралы түсінігі;

5) электроэнергетикалық пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;

6) электртізбектері көмегімен өндірістік, зерттеулік сипаттағы практикалық есеп шығару дағдыларын үйрену;

7) бейіндік бағыт бойынша үзіліссіз, жүйелі білім беру;

8) оқушылардың өндірістік және технологиялық үдерістерінің модельдеу математикалық аппаратын игеру барысында кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

9) математикалық модельдеу есеп әдістерін түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, технологиялық үдерісіне мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;

10) технологиялық үдеріс моделін жасауға қолданатын кеңінен тараған математикалық әдістер туралы түсінік;

11) зерттелетін объекті математикалық моделін есеп техникасы арқылы жасау және талдау сияқты есеп эксперименті арқылы технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

12) есептеу техникасы арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (Excel, Mathlab, Statistika және т.б. бағдарламалық пакеттерді қолдану).

Әлеуметтік-экономикалық бейін келесі пәндерді қамтиды «Қазақстанның қазіргі геоэкономикасы»; «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»; «Информатика және АКТ».

Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

1) әлеуметтік өмірдің әртүрлі салалары, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтары мен перспективалары туралы түсініктері; 56

2) оқушылардың кәсіби бағдарын және экономика және кәсіпкерлік саласындағы өнімдік әрекетіне деген қабілеттерін дамыту;

3) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңарту және индустриялдық-жаңашыл даму жолдары туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

4) адамзатының жаһандану жағдайында тұрақты даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы білімдерін игеру;

5) оқушылардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпаратты талдау, түсіну және игеру дағдыларын қалыптастыру;

6) экономикалық мәдениетін, экономикалық ойлау, шығармашылық тұрғыдан ой ерекшелігін білдіру және практикалық мәселелердің шешімін табу қабілеттерін қалыптастыру;

7) білімдерін жетілдіру, өз бетімен білім алу, негізгі білім беру модульдері бойынша жобалық зерттеулерді орындау, олардың нәтижелерін талдау және растау қабілеттерін дамыту;

8) кәсіби іс әрекетінде экономикалық ақпаратты қолданудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

9) таңдалған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Медициналық бейін келесі пәндерді қамтиды: «Салалар бойынша қазіргі технологиялар»; «Информатика және АКТ»; «Этика және қарым-қатынас психологиясы».

Медициналық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

1) пайдаланушының сұранысы бойынша медициналық ақпаратты іздеп табу және беруге арналған ақпараттық-анықтамалық жүйелерді қолдану қабілеттері;

2) патологиялық жағдайларға диагностика жасау үшін консультациялық-диагностикалық жүйелерді қолдану қабілеттері;

3) ақпараттық қолданыс көрсету үшін және/немесе диагностикалық және емдеу үдерісін автоматтау үшін аурудың ағзамен тікелей байланыста іске асырылатын приборлық-компьютерлік жүйелерді қолдану қабілеттері;

4) дәрігердің барлық технологиялық үдерісін автоматтау барысында мамандардың жұмыс орындарын автоматтау қабілеттері;

5) дәрігердің диагностикалық және тактикалық шешім қабылдау барысында ақпараттық қолданысты қамтамасыз ету қабілеті.

Көркем-технологиялық бейін: «Информатика және АКТ»; «Графика және жобалау»; «Халық қолданбалы өнері».

Көркем-технологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

1) өмір заңдылықтарын танып түсінудің ғылыми әдістерінің бірі ретінде компьютерлік модельдеудің практикалық маңызы туралы түсінік;

2) технологиялық үдерістерін модельдеу барысында компьютерлік апаратты қолдануда оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

3) компьютерлік модельдеу есеп әдістерін концептуалды түрде түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, технологиялық үдерісіне мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;

4) технологиялық үдеріс моделін жасауға қолданатын кеңінен тараған компьютерлік әдістер туралы түсінік;

5) бақылауға алынған кіріс және шығыс параметрлері бар объекті ретінде технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

6) компьютерлік технологиялар арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (AdobeIllustrator, CorelDRAW, PhotoShoh, 3dsMaXDesign 2012 және т.б. компьютерлік бағдарламалық пакеттерді қолдану);

7) таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Аграрлық-техникалық бейін келесі пәндерді қамтиды: «Физика және электротехника негіздері»; «Салалар бойынша қазіргі технологиялар»; «Информатика және АКТ».

Аграрлық-техникалық бейін пәндерінің мазмұныкелесіні қамтамасыз етуі керек:

1) электротехника негіздерін нәтижелі және сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, математикалық үдерістерінің мазмұнын түсіну;

2) электроэнергетикалық пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;

3) бейіндік бағыт бойынша жүйелі білім беру;

4) ҚР экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің мағынасын және маңыздылығын тану үдерісіндегі озық ғылыми әдістерінің бірі ретінде қазіргі технологиялардың практикалық маңызы туралы түсінік;

5) ауылшаруашылық ұйымдарында өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, білімі мен дағдыларын қалыптастыру;

6) ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі технологиялық үдеріс элементтеріне мазмұнды талдау жасау білу тиіс;

7) өсімдіктер, малшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдіру және сақтаудағы өндірістік-технологиялық қызметі туралы түсінігі;

8) өнімдерін өндіру, қайта өндіру, сақтау кезінде машиналар мен олардың кешеңдерін таңдау, ауылшаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтауды жоғары тиімді қолдану;

9) агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндірудегі технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

10) техникалық құралдар және компьютерлік технологиялар арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

11) таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Педагогикалық бейіні келесі пәндерді қамтиды: «Әлем көркем мәдениеті»; «Информатика және АКТ»; «Педагогикалық шығармашылық».

«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

1) өз бетімен мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табу, танымдық әрекетті жоспарлау және оны іске асыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыру;

2) ақпаратты өз бетімен математикалық әдістер және қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы табу, талдау, сұрыптау, өзгерту сақтау, интерпретациялау, көшіруді іске асыру қабілеттерін қалыптастыру;

3) математикалық әдістердің логикалық операцияларын қолдана отырып ақпаратты өндеу (талдау, жинақтау, жалпылау, құрастыру, тікелей және косвенное дәлелдеме, аналогия бойынша дәлелдеме, модельдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қабілеттерін қалыптастыру;

4) математикалық әдістерін концептуалды түрде түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, ақпараттық технологиялға мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;

5) ақпараттық технологияларды қолданатын кеңінен тараған математикалық әдістер туралы түсінік;

6) білім саласында өз әрекетін жоспарлап іске асыру үшін математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану;

7) әлем мәдениетіннің даму тарихы туралы түсінігін қалыптастыру;

8) көркем мәдениет туралы рухани мәдениеттің бөлігі ретінде түсінік қалыптастыру;

9) көркем әдебиетінің әртүрлі саласындағы жалпы адами және ұлттық құндылықтарымен таныстыру;

10) өткен заман және қазіргі уақытың көркем тәжірибесін меңгеру;

11) эстетикалық қажеттіліктерді қалыптастыру;

12) әлемге деген толеранттық көзқарастың дамуын қалыптастыру;

13) іс әрекеттегі шығармашылық рөлінің практикалық маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

14) педагогикалық қызметтегі модельдеудің шығармашылық әдістерін концептуалды түрде түсінуді қалыптастыру;

15) педагогикалық үдеріс моделін жасау үшін қолданатын кеңінен тараған шығармашылық әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру;

16) таңдаған мамандық бойынша тұлғаның кәсіби қалыптасуы және өз бетімен білімін жетілдіру;

17) таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Техникалық және кәсіби білім беру оқу бағдарламалары оқушылардың бейіндік пәндерді өз бетімен меңгеруге және алған білімін практикада 59

қолдануға бағытталуы керек. Оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі қоғамда табысты бейімделуіне, өз қабілеттерін іске асыруға, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, кәсіби бағдарын және бейіндік дайындығын қамтамасыз етуі керек.

Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде оқушылардың бейіндік дайындық және практикалық оқыту мазмұны арқылы жеке білім беру траекториясының мақсатты педагогикалық қолданысы жүзеге асырылуы керек.

Оқу бағдарламаларында бірыңғай, сонымен қатар бейіндік дайындықтың кәсіби бағдарлау мақсатында – бейіндік пәндер бойынша тереңдетілген және кеңейтілген білім берудің базалық мазмұны көрініс табуы қажет.

3. Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сыныпқа (мектепке) қабылдау Ережесі 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР Заңына 24.10. 2011 № 487-IV ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар) әзірленеді және бейіндік бағыттарға сәйкес білім берудің жалпы орта деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын, білім беру оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жүзеге асыратын бейіндік мектептерге таратылады.

Бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматын интелектуальды, рухани және физикалық дене дамуын қалыптастыруын қамтамасыз етеді. Жалпы орта білім беру бейіндік оқытудың: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және техникалық үш бағытының негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың танымдық қажеттілігін және саралап оқытуды жүзеге асыру үшін бейіндік оқытудың үш бағытының негізінде шектес (тектес) пәндерден бейіндік оқытуға енгізіледі.

Жалпы білім беру деңгейінде бейіндік оқыту:

а) жалпы білім берудің 11-12 сыныптарында, лицейлерде, гимназияларда, зияткерлік мектептерде, дарынды балалрға арналған арнаулы мектептерде, жеке бейіндік мектептерде жүзеге асырылады.

ә) білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес бейіндік оқыту сыныптары (мектептері) білім басқармасының бұйрығымен ашылады.

11 сыныпқа негізгі орта білім бағдарламасын меңгерген және осы деңгейді бітіргендігі туралы растайтын куәлігі бар оқушылар қабылданады.

Бейіндік сыныптар (мектептер) қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бір бейіндік және көпбейіндік болуы мүмкін.

Бейінді дайындық бір бағыт негізінде жүргізілсе, бір бейінді сынып (мектеп) болып табылады. Бейіндік дайындық 2-3 бағыт бойынша жүргізілсе, көпбейінді сынып (мектеп) болып табылады.

Негізгі орта мектепті бітірушілер бейіндік сыныптарға (мектепке) алған білімін және біліктілігін бағалау мақсатында ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша алынады.

Ашылатын бейіндік 11-сыныптардың (мектептердің) саны және бейіндік білім беру мазмұны:

- негізгі орта білім бағдарламасын меңгерген және жалпы орта білім алып білімін жалғастырғысы келетін барлық 10 сынып түлектерінің қызығушылығына сәйкес болуы керек;

- білім басқармасымен келісімімен, мектеп бітірушілердің берген өтінішіне сәйкес және білім беру процесін санитарлық ережелер мен нормаларды ескеріп жүзеге асырылады;

Бейінді сыныптарға (мектептерге) тіркелу үшін өтініштер 10 маусымнан 25 тамызға дейін қабылданады және келесі құжаттарды тапсырады:

- негізгі орта мектеп бітірушісінің өтініші;

- үлгі бойынша берілген медициналық карта;

- негізгі орта білімі жөніндегі куәлік;

- бейіналды дайындық қорытындысы бойынша алған сертификаттары (бар болған жағдайда);

- білім саласындағы жеке жетістіктері бойынша портфолиосы

Құжаттар білім ұйымдарының қабылдау ережесіне сәйкес тіркеледі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Астана, 2010.

2. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.

3. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2009, 2012. 2015.

Лекция.

Наши рекомендации