Т Дыбысы бар сөздерді айтқызу
Бірінші жағдайда жаттығуды әртүрлі өткізуге болады. Мысалы: тақтаға суреттер қойылады, олардың саны көп болады, ал еске сақтауға 3-4 сөз баріледі. Логопед шақырылған баланы теріс қаратып қояды да , 3-4 суретті әр жүйелігінде айтады. Бетімен тақтаға бұрылып бала сол жүйелігін бұзбай, логопед айтқан суреттерді көрсетеді. Сонан соң бала суреттерді айтады. Осылай бірнеше бала сұралады.
Логопед балаларға зейін қойып тыңдап 3-4 сөзді есте сақтауды ұсынады. Содан кейін балалар кезекпен жүйелігін сол түрде сақтап бір сөзбен айтады, мысалы, бір бала ат деп айтса, келесі тауық, ал үшіншісі мақта дейді. Бұл жаттығуды «Телефон» ойыны сияқты өткізуге болады.
Екінші жағдайда жаттығуларды келесі түрінде өткізуге болады. Тақтаға бірқатар 4-5 суреттер қойылады. Логопед оларды есте сақтауға ұсыныс жасайды. Суреттердің атауын хормен және бөлек балаларға айтқызады. Содан кейін суреттер аударылады. Бұл сурет көрсетіліп, логопед суретте не бар екенін болжап білуді ұсынады. Дұрыс шешкен және керек сөзді анық айтқан балаға мәтін немесе сурет беру. Ең көп жауап берген бала (топ) жеңеді. Тақтаға 4-5 сурет қойылады. Балаларға суреттерді зейін қойып қарап және жүйелігіне есте сақтауға ұсыныс жасалады.Сосын суреттер жабылады. Шақырылған бала барлық суреттерді атауы керек. Сосын басқа суреттер беріледі және т.б.
III.Т әріпі таңбасымен таныстыру. Т әріпін жазу.
IV. Балалармен бірге «Шалқан» ертегісін айтып, бармақпен көрсету.
V.Сабаққа қорытынды.
Логопед сұрақ қояды: Қандай дыбысты бүгін дұрыс және анық айтып үйрендік? (әр бала сөздер ойлап айтады).
П, Т дыбыстары мен әріптері
Сабақтың мақсаты:
--өтілген дауыссыз п мен т дыбыстарын қайталау;
--п,т дыбыстарын сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтқызу;
--текшелермен таныстыру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Қайталау.
Тілген п, т дауыссыз дыбыстарды қайталау
Бүгін біз өтілген дауыссыз дыбыстарды қайталаймыз. Ол қандай дыбыстар, оны сендер жұмбақты шешіп,өздерің айтасыңдар (жауаптың бірінші дыбысын анықтау)
Бөрене тұмсық, Жеке өзін жей алмайсың,
Емен аяқ . Онсыз асты аузыңа алмайсың.
Жануар бар, (тұз)
Некен-саяқ
(піл)
Дұрыс, піл деген сөздің бірінші дыбысы (п), тұз (т)
III. Балалар әр түрлі текшемен сөз құрауды және оны оқуды уйрену ушін келесі жаттығулар өткізіледі.
1.Дауысты дыбыстарды қайталау. Енді барлық дауысты дыбыстарды мынандай қызыл текшемен белгілейміз.
2.Ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.
Сендер қандай дауыссыз дыбыстарды білесіңдер?(өлеңдетіп созып айта алмаймыз, аузымызда кедергі кездеседі.(п,т).
Балалармен бірге ат буынын текшелермен құрамыз.
Текшелерді сол жақтан қойамыз о-ат.
Екі бала шақырылады,екеуі жақындамай тұрады бұл ат буыны.қалған балалар үстел үстінде текшелермен жұмыс жасайды. Ут деген буынға талдау жасайды.Уп деген буынға талдау жасау. Балалар көрсеткішпен текшелерді көрсетіп буындарды оқиды.
IV. Тыңдау қабілетін дамыту.
Логопедтің соңынан дұрыс қайталау.
Піл-тіл тыныс-пысық
Паң-таң тілші-пішен
Піс-тіс тігу-пішу
Пайда-тайлақ тірі-пікір
V. Үстел үстінде себет тұр. Себеттің ішінде саңырауқұлақтар жатыр.Саңырауқұлаұтарға п,т дыбысы бар сөзднрдің суреттері жабыстырылған. Балалар бір-бірден себеттен саңырауқұлаұты алады да, суретін атап қандай дыбыс естіледі п,т айтады. Сосын бұл сөзді көпше түрінде айтады.
Піл-пілдер пышақ-пышақтар
Үстел-үстелдер тәрелке-тәрелкелер
Тауық-тауықтар түйе-түйелер
Сыпырғыш-сыпырғыштар тиін-тиіндер
VI. Ырғақты жаттығу.
Сол қолдарыңды көтеріңдер
Оң қолдарыңды көтеріңдер
Сол аяғыңды көрсет
Оң аяғыңды көрсет
Отыр, тұр
VII. Келесі сөздерді пайдаланып сөйлем құраңдар
1-топ піл тіл
2-топ тіс, пышақ
Дұрыс және көп сөйлем құраған бала жеңеді.
VIII. Сабақты қорыту.
Қандай дауысты дыбыстарды білесіңдер?
Дауысты деп неге айтылады?(өлеңдетіп, созып айтамыз,аузымызда кедергі кездеспейді)
П, Т дыбыстарымкен сөз ойлап айтқызу.
К дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
- К дыбысын сөз, сөйлем ішінде анық айтылуына дағдыландыру
- Сөздерді буынға бөлу
- Сөздің бірінші дыбысын ажырату.
- К әріпі таңбасымен таныстыру.
ІІ. Сабақтың барысы:
1. Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қайталау (а, у, ә,п,т)
2. К дыбысымен таныстыру, к дыбысымен буын, сөз айтқызу.
а) бүгін біз тағыда бір дыбыспен танысып, дұрыс айтуға үйренеміз. Ал қандай дыбыс екенін келесі тақпақты тыңдап айтасыңдар:
Күз, көз, көз,
Күш, кеш, кеш,
Кір, кер, кер,
Күл, кел, кел,
Кілең қысқа сөз.
Кім оқиды тез?
Дұрыс балалар. Бұл тақырыпта әр сөздің басында К дыбысы естіледі.
Бүгінгі танысатын дыбысымыз К дыбысы , балалармен бірге айту (хормен бірге және жеке айтқызу).
К дыбысы дауыссыз дыбыс, өлеңдетіп, созылып айтылмайды, аузымызда кедергі кездеседі. К дыбысын айтқанда ерніміз ашық, тісіміз- алшақ салынған, тіл ұшы төменгі тістің жанында, бірақ тісте тірелмейді, алдыңғы және ортаңғы тістің жанында, бірақ тіске тірелмейді, алдыңғы және ортаңғы тілдің арқасы төмен, артқы жағы сол жоғары көтеріліп жұмсақ таңдайға тіреледі.(Балалар өз ойларынына қарап К дыбысын айтады).
Б) Ойын. « Қандай дыбыс шығарады?»
Логопед: Балалар серуенге шыққанда ( суреттерді көрсетіп тұрады) алдарынантауық шығып дауыстады. Кім біледі тауық қандай дыбыс шығарады? ( балалар; ко-ко-ко). Балалар әрі қарай кетті, ол тауық қытқылықтады ( қыт-қыт), осылай әтеш кездесті. Бізді көріп қалай айқайлайды ( ку-ка-ре-ку) Балалар орманға дейін жетті, онда көкектің даусын естіді. Кім біледі көкек қалай дыбыстайды? (ку-ку). Жидек теріп жүргенде, балалар көлбақаның даусын естіді ( ква-ква).
Балалар серуендеп, үйге келді.
Балалармен қайталап, қандай дауыстар естігенін ( ко-ко, қыт- қыт, ку-ка-ре-ку, ку-ку-ква ) еске түсіру.
В) К дыбысын басқа дауыссыз дыбыстардың арасынан танып алу.
Сендердің құлақтардың тыңдай біле ме? К дыбысын естісеңдер қолдарыңды көтеріңдер к,п, т,л,д,м,х.
Г) К дыбысымен сөз айту. « Не өзгерді» ойынын ойнайды, тақтада мынау сөздердің ( көбелек, кірпі, күрек, көйлек, кітап) суреттері тұр.
Логопед суреттерді қарап еске сақтауын өтінді. Сосын балалар көздерін жұмады. Логопед суреттердің орын ауыстырады.
ІІІ. Дем алу кезеңі. Ырғақты жаттығу.
Тербеледі ағаштар,
Алдынан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
IV. Ойын « Сөзді аяқта »
Балалар шеңберге тұрады, логопед шеңбердің ортасына сөздің 1-ші буынын айтады, ол бала сөзге 2-ші буынды қосып сөзді аяқтайды. ( көйлек, кі-тап, кем-пір, кө-пір, ки-но).
V. Сюжет бойынша сөйлем құрастыру.
- Мынау көл. Көл жағасында көк шөп осіп тұр. Күләш пен Кәмилә көбелек қуып жүр.
Сөйлем неше сөзден құралғанын талдау. Сөйлемдердің әр түрлі болатынына назар аудару ( ұзын-қысқа)
VI. К әріп таңбасымен таныстыру
К әраін жаздыру
VII. Сабақты қорыту
- Бүгін қандай дыбыспеп таныстық ?( К дыбысы)
К дыбысы бар қандай сөздерді айттық?
К дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Дыбысы мен әрпі
1. Сабақтың мақсаты:
- Қ дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем ішінде анық айтқызу.
- Қ әріп таңбасымен таныстыру және жазғызу.
- Қ дыбысына сөздер ойлатып, талдату.
- Сөйлем құрастыру