Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев/1912-1993 ж

Мәтін.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев/1912-1993 ж. ж./

Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері, 1952 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ал 1968-ші жылдан техника ғылымының докторы.

1936-шы жылы Мәскеудегі түсті металдар мен алтын институтын бітіріп, тау-кен инженері деген мамандық алды. Институтты бітіргеннен кейін "Прибалхашстройға" жіберілді, бұрғылау станогы машинисінен Қоңырат руднигінің директорына дейінгі жолдан өтеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында "Алтай полиметалл " комбинатының бас инженерінің орынбасары және техника бөлімінің бастығы, сондай-ақ Ленинагор кен басқармасының Риддер кенінің директоры болды.

1942-ші жылдан 1952- ші жылға дейінгі аралықта Қазақ социалистік республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

1952- ші жылы Қазақ Ғылым академиясының Президенті болып сайланды.

Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып екі рет тағайындалды.

1964-1986-шы жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.

Қазақстанның қуатты мемлекет ретінде қалыптасуына Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше.

Оның ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.

1. Түбір сөздерді тауып жазыңыздар.

2. Мәтіннен сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтарды табыңыздар.

3. Мәтіннен түбір морфема мен қосымша морфемаларды ажыратып, талдау жасаңыздар.

СӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары:

Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар. Омоним жұрнақтар. Жалғаулар, олардың түрлері.

10. Сөз тұлғасы.

Сөз құрамы.Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Олар төмендегідей:

1.Мал, су, төбе, бар сөздерінің өздерінің мағыналары болумен қатар, сыртқы тұлға-тұрпаттары ешқандай қосымшасыз, түбір тұлғалы сөздер.

2.Мал-шы, су-ла, төбе-шік, бар-ғыз сөздері мағыналық жақтан әрқайсысы туынды сөздер, тұлғалық жақтан бұлардың әрқайсысы түбір мен қосымшадан құралған.

3.Демелыс, шекара, тасбақа белбеу сөздерінің әрқайсысының өзіне тән мағыналары бар, ал тұлғалық жақтан бұлардың құамында екі түбір тұлғалы сөздер бірігіп келген.

4.Ата-ана, тау-тау, сап-сары сөздерінің де өздеріне тән жеке мағыналары бар, тұлғалық жақтан екі түбір тұлғалы сөздердің қосарлануы арқылы жасалған.

5.ҚР, пединститут, ҚазҰУ деген сөздердің де өздеріне тән арнаулы мағыналары бар, ал тұлғалық жақтан келетін болсақ, бірнеше сөздердің айтуға ықшамырақ болу үшін түрлі жолдармен қысқартылып алынған.

6.Темір жол, бала бақша, сары май сөздерінің әрқайсысы екі сөзден тіркесіп, бір мағынаға ие болып тұр. Сыртқы тұлғасы екі сөздің тіркесуі арқылы жасалып тұр.

Қос сөздер. Тілімізде күрделі сөз жасаудың бір тәсілі - қос сөздер.

Қос сөздер бір сөздің қайталану мен екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады.

  1. Бір сөздің қайталануы: қора-қора, мая-мая, төбе-төбе (көптік мағына).
  2. екі түрлі сөздің қайталануы: ата-ана, жақсы-жаман, бес-алты (жалпылық мағына).
  3. 1-сі мағыналы, 2-сі мағынасыз сөзден: бала-шаға, көйлек-көншек, ескі-құсқы (қомсыну, менсінбеу)
  4. мағынасыз екі сөзден: анда-санда, зым-зия (мезгілдік, тездік)
  5. Күшейткіш буындардан: әп-әдемі, жап-жақсы (күшейткіш мағына)
  6. Еліктеу сөздерден: сарт-сұрт, жылт-жылт (күшейткіш)
  7. Екі компонентінің де мағынасы бар: ағайын-туған, ата-ана (жинақтық ұғым).

Біріккен сөздер.Сөзден сөз тудырудың енді бір тәсілі сөз бен сөзді біріктіру. Тілімізде екі не одан да көп түбір сөздерден бірігіп, жаңа ұғымды тудыратын жаңа сөздер бар. Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөздер:

  1. зоологиялық атаулар: тасбақа, қырқаяқ
  2. ботаникалық атаулар: қырықбуын, қозықұйрық
  3. ойын атаулары: ақсүйек. Алтыбақан
  4. географиялық атаулар: Сарыағаш, Жезқазған, Ақтау
  5. кісі аттары: Айгүл, Бақытжан
  6. жұлдыз, планета атаулары: Жетіқарақшы, Темірқазық
  7. есімдіктер: кейбір, әлдекім, әлдеқашан
  8. Екібастұз, Мұратбайұлы –үш сөзден біріккен

Түбір тұлғасын сақтамай дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөздер: бүгін, биыл, әпер, әкел, қарлығаш, білезік, ағайын

Тіркескен сөздер. Екі немесе көп сөздердің тіркесіп келіп, біртұтас тұлға ретінде қызмет етуін құрама сөздер дейміз.

Қысқарған сөздер. Тіліміздегі күрделі сөздер тобына жататын қысқарған сөздер қазан рев-нан кейінгі дәуірде орыс тілінің әсерінен келіп туды.Әр алуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің атауларын бірнеше сөз арқылы айтып жатпай-ақ, қысқартып айту әрі қысқартып жазу дәстүрге айналды. Қысқарған сөздер түрлі жолдармен қысқарады.

1.Күрделі атаулардың басқы әріптерінен қысқарады: ҚР, ҚМБИ, АТУ

2.Күрделі атаулардың бірінші сөзінің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбысынан қысқарады: ҚазМИ, ҚазҰПУ

3.Күрделі атаулардың бас буындарынан қысқарады: кеңшар, хозмаг, колхоз

4.Алғашқы сөздің бас буыны мен соңғы сөзден: медколледж, партбилет

5.Өлшем бірліктер: кг, вт, км/сағ

Наши рекомендации