Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Құқық қорғау органдары

  пәннің атауы:        
Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада   %
Негізгі
Х628.10(2К)я73 А23     Ибрагимов Х.Ю. Алматы-Данекер, 2001г. Правоохранитель ные органы.  
Х628.10(2К)я73 А23   «Сот мәртебесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конс.Заңы 25.12.2000ж.  
Х628 (2К) К63   «Сот мәртебесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конс. Заңы 25.12.2000ж.  
Х628(2К)-324 Қ18   «Сот мәртебесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конс. Заңы 25.12.2000ж.  
Х628.10(2К) - я73 Қ18 «Прокуратура туралы» ҚР Заңы 21.12.1995ж  
Х628.10(2К)-3 Қ18 «ҚР Ұлттық қауіпсіз дік органдары туралы» ҚР Заңы 21.12.1995ж.  
Х628.10(2К) - я73 Н28 ҚР Президентінің «Ішкі Істер органда ры туралы» Заң күші бар Жарлығы 21.12.1995ж.  
  Х628.10 - 3я73 А39     «ҚР Әділет органдары туралы» ҚР Заңы 18.03.2002ж.  
Қосымша
Х628.10 1 (2К) Ә67 «Нотариат туралы» ҚР Заңы 14.04.1997ж. (өзг.мен тол.2001ж.)  
Х628.10 1 (2К) Ә67 Ибрагимов Х.Ю. Алматы-Данекер, 2001г. Правоохранитель ные органы  
Демонстрациялық материалдар (оның ішінде Интернет)
    1.http://www.twirpx.com/ 2.http://sudexp.ru/ 3.http://194.67.188.12/PDF/00597634_89_5_18_20.PDF 4.www.ceur.ru        

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

№ 1,2 дәріс. «ҚР құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы, жүйесі және құқық қорғау қызметi.

Жоспары:

1. Құқыққорғау органдары” пәнінің ұғымы.

2. Құқыққорғау органдары” пәнінің жүйесі.

3. Құқыққорғау органдары” құқық қорғау қызметi.

Негізгі ұғымдары: Құқық қорғау органдары, Конституциялық Сот, Конституциялық Кеңеске, Конституция, ҚК, ҚІЖК, АІЖК, Сот билігі.

«Құқық қорғау органдары» оқу пәнiне жататын органдар шеңберi әлi де өзгеруде. Себебi, жаңа құрылымдар (қаржы полициясы, сот әкiмшiлiгi бойынша комитет, экономикалық соттар) құрылуда немесе бұрынғы құрылымдар қысқартылуда (тергеу комитетi, салық полициясы), кейбiр органдар қайта құрылып, реформалануда (кеден комитетi қазiр кеден бақылау агенттiгiне, Конституциялық Сот Конституциялық Кеңеске). Бұл өзгерiстердiң барлығы нақты кезеңнiң және уақыттың талабы. Осыған сәйкес оларды оқып-бiлудiң дәстүрлi әдiс-тәсiлдерi де өзгередi.

Жалпы, «Құқық қорғау органдары» пәнi салалық құқықтық қылым емес, сала аралық құқық болып табылады. құқық саласы деп — бiртектi қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы және жүйесiн айтамыз, ал бұл пән әртүрлi құқық саласындағы құқық қорғау органдарына, нормативтiк--құқықтық актiлерiне негiзделедi.

«ҚР құқық қорғау органдары» оқу пәні ретінде соттар, прокуратура, алдын-ала тергеу, әділет органдары, адвокатура туралы және азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, құқық тәртібімен заңдылықты нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты өзге де мекемелер туралы негiзгі мағлұматтар береді. «Құқыққорғау органдары» пәні заң ғылымының бірі болып табылатындықтан басқа да заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, Конституциялық құқықпен, қылмыстық іс-жүргізу және азаматтық іс-жүргізу құқықтарымен, әкімшілік құқықпен және т.б.

Конституциялық құқықта барлық мемлекеттік органдар жүйесіндегі құқыққорғау органдарының ролі мен орны, олардың ара-қатынасы жалпы түрде көрсетіледі, олардың құрылымы мен қызметі негізгі қағидалары анықталады. «құқық қорғау органдары» пәні өз кезегінде аталған органдарды кең тұрғыдан мәнін ашып көрсетеді.

Қылмыстық іс-жүргізу құқығы- қылмыстық істер өндірісімен байланысты түсіндіреді, ал «құқық қорғау органдары» пәнi қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдардың жүйесiн, құқықтық мәртебесiн анықтайды.

«Құқыққорғау органдары» оқу пәні құқық қорғау қызметі және оны жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелер туралы негізгі мәліметтерді беретін заң ғылымы болып табылады.

«ҚР құқық қорғау органдары» пәнінің қайнар көздері болып мемлекет тарапынан қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Ол құқықтық актлер құқыққорғау органдарының жүйесiн ұйымдастырады.

Құқық қорғау органдары туралы, олардың қызметі туралы көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданған. Сондықтан құқыққорғау органдарының ұйымдастыруының және қызметтерінің негіздерін оқып білу көптеген құқықтық актілерді қарастыруды талап етеді.

Құқық қорғау органдары қызметiн реттейтiн нормативтік құқықтық актілерді мазмұнына байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады:

v Жалпы сипаттағы актілер (Конституция, ҚК, ҚІЖК, АІЖК )

v Сот билігі, сот әділдігі туралы актілер

v Прокурорлық қадағалау және прокуратура органдары туралы актілер

v Ішкі істер органдары және қылмыстарды тергеу туралы актілер

v Заң көмегі және оны ұйымдастыру туралы актілер.

Мемлекеттiң және оның органдарының қызметi қоғам және мемлекет өмiрiнiң көптеген салаларын қамтиды. Оның iшiнде адам және азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелермен ұйымдардың құқықтарымен заңды мүдделерiн қорғауға және құқық тәртiптi қамтамасыз етуге байланысты мәселелер маңызды мiндеттердiң қатарына жатады. Бұл мiндеттер Қазақстан Республикасы Конституциясының 11,31,39 баптарында және т.б. баптарында көрсетiлген.

Құқық қорғау қызметiнiң өзiне тән ерекшелiктерi бар. Бұл қызмет түрi конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Құқық қорғау қызметiнiң қағидалары деп--құқық қорғау қызметiнiң мәнi мен мазмұнын анықтайтын және жалпы басшылыққа алынатын тұжырымдармен ережелердi айтамыз.

№ 3 дәріс. Сот әдiлдiгiнiң конституциялық қағидалары

Жоспары:

1.Сот әдiлдiгi.

2.Судьялардың тәуелсiздiгi.

3. Сот әдiлдiгi қағидалары.

Негізгі ұғымдары: қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк және өзге де iстердi қарастыру, сот әдiлдiгi, Судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек Конституцияға және заңға бағынуы, Сот әдiлдiгi қағидалары.

Сот әдiлдiгi- мемлекеттiң құқыққорғау қызметiнiң бiр бағыты. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде сотқа мемлекеттiк мәжбүрлеу құқығы берiлген. Сот шешiмдерi мен судьяның талаптарын орындамау немесе өзгедей құрметтемеу заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Жалпы алғанда, сот әдiлдiгi дегенiмiз - қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк және өзге де iстердi қарастыруды және шешудi заңда бекiтiлген тәртiптi сақтай отырып және мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын қолдану негiзiнде соттардың жүзеге асыратын құқыққорғау қызметi. Сот әдiлдiгiнiң мақсаты - соттардың құзiретiне жатқызылған барлық iстер бойынша әдiл талқылауды қамтамасыз ету.

Судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек Конституцияға және заңға бағынуы сот төрелiгiн жүзеге асырудың қажеттi шарты, iстiң ақиқаттығын ашудың кепiлi болып табылады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде судьялар сот әдiлдiгiнiң конституциялық қағидаларын басшылыққа алулары қажет. Республиканың 1995 жылғы Конституциясының 77 бабында сот әдiлдiгiнiң мәнi мен негiзiн құрайтын аса маңызды қағидалары бiрiншi рет нысандалып, бекiтiлдi.

Сот әдiлдiгi қағидалары - Қазақстанда бiрегей сот жүйесiн ұйымдастыру мен оның қызметiн тiкелей реттейтiн жалпы құқықтық нормалар болып табылады.Сот әдiлдiгiнiң қағидалары сот және сот құрылысы туралы заңдарды дамытуда, Қазақстан Республикасында заңдылықтың сақталуын, адамдар мен азаматтардың құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде конституциялық қағидаларды бұзу әдiл төрелiкке қайшы сот қаулыларын шығаруға әкеп соқтырады және сот әдiлдiгiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келедi.

№4 дәріс. Сот жүйесiнiң ұғымы және оны ұйымдастыру.

Жоспары:

1. Сот жүйесiнiң ұғымы.

2. Сот жүйесiнiң ұғымы және оны ұйымдастыру.

3. Сот инстанцияларының мынандай түрлерi.

Негізгі ұғымдары: Сот жүйесi, жергiлiктi соттар, сот жүйесiндегi ұйымдастыру құрылымы қағидасы, сот инстанциялары.

1.Сот жүйесi – сот әдiлдiгiн жүзеге асыру бойынша өзара нақты мiндеттермен, мақсаттарымен байланысты және өз құзiреттерiне сәйкес құрылған мемлекеттiң барлық соттарының жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабының 3 және 4 тармағына және “Қазақстан Республикасы сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” Конституциялық заңының 3 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Сот жүйесiн Жоғарғы Сот және жергiлiктi соттар құрайды.

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1.Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандырылған сот -- Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң әскери соты және басқалар)

2.Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот – гарнизонның әскери соты және басқалар).

2.Бiрдей өкiлеттiктер берiлген бiркелкi құрылымды соттар сот буындарына бөлiнедi.

Сот жүйесiн шартты түрде 3 деңгейге (буын) бөлуге болады:

1.Негiзгi буын (аудандық, қалалық және ауданаралық соттар, гарнизонның әскери соты)

2.Орта буын (облыстық және оларға теңестiрiлген соттар)

3.Жоғарғы буын (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)

Сот жүйесiндегi ұйымдастыру құрылымы қағидасымен, юрисдикцияларының айырмашылығымен және әкiмшiлiк аумақтық мәртебесiнiң ортақтылығымен сипатталатын соттардың жағдайларын бiлдiрiтiн ұғымды сот деңгейi (буыны) деп атаймыз.Соттардың iстердi қарастыру кезеңдерiн, шешетiн мәселерiнiң шеңберiн, атқаратын функцияларын сипаттайтын түсiнiк сот инстанциясы деп аталады.

Сот инстанцияларының мынандай түрлерi бар:

1.Бiрiншi инстанция соты.

2.Аппеляциялық (екiншi) инстанция соты.

3.Қадағалау инстанция соты.

Сот жүйесiндегi сот әдiлдiгiн жүзеге асыру барысында негiзгi салмақ негiзгi буын соттарына - аудандық және оған теңестiрiлген соттарға түседi. Бұл соттар азаматтық және қылмыстық iстердiң, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы мәселелердiң көп бөлiгiн қарастырады.

№ 5 дәріс. Қазақстан Республикасының сот жүйесi

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының сот жүйесi.

2.Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы.

3.Аудандық сот бiрiншi инстанция соты.

4.Облыстық соттар және оның құрамы.

Негізгі ұғымдары: Жоғарғы Соты, аудандық сот бiрiншi инстанция соты, Облыстық соттар және оның құрамы.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” Конституциялық заңға сәйкес құралатын жергiлiктi соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар жатады.

Сот жүйелерiнiң негiзгi буынын—аудандық және оған теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар) құрайды.

“Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” 25.12.2000 жылғы Конституциялық заңының 6-бабына сәйкес аудандық және оған теңестiрiлген соттарды уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк – аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк –аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық соттар құруы мүмкiн.Аудандық сот құрамы төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.Аудандық сот үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Бұл соттардың судьяларын және төрағасын қызметке әдiлет министрiнiң әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

Аудандық сот бiрiншi инстанция соты болып табылады және өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды, сот статистикасын жүргiзедi, заңда көзделген басқада өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Аудандық сот төрағасы судья қызметiн және сот төрағасы қызметiн бiрге тқарады. Соттың қалыпты қызметiн қамтамасыз ету үшiн және сот тәжiрибесiн зерделеу мақсатында аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе отырып, облыс бойынша сот әкiмшiсi белгiлейдi. Сот қызметiнiң бекiтiлген тәртiбiн жүзеге асыру үшiн соттар жанында сот приставтары болады.Орта буын соттары болып облыстық және оған теңестiрiлген соттар (республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, Қазақстан Республикасы әскерiнiң әскери соты) табылады. Облыстық соттарды уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады. Бұл соттар бiрiншi, апелляция және қадағалау инстанция соттары ретiнде болады. Бiрiншi инстанция соты ретiнде облыстық соттар:

1.Ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтiру бойынша, геноцид, мемлекеттiк опасыздық, терроризм, бандитизм және тағы басқа қылмыстық iстердi қарастырады.

2.Талап арызы суммасы 25 мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын мүлiктiк дауларға байланысты азаматтық iстердi және тағы басқаларды қарастырады.

Өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарауды жүзеге асырудан басқа да iстердi, атап айтқанда сот статистикасын жүргiзедi, сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды және басқа да заңда көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыстық соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 82 бабының 2 тармағына сәйкес әр облыста құрылады. Жалпы облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қазiргi саны-17

Облыстық сот құрамы – төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. Бұл соттардың органдары:

1. қадағалау алқасы

2. азаматтық iстер жөнiндегi алқа

3. қылмыстық iстер жөнiндегi алқа

4. соттың жалпы отырысы

Сот алқаларын алқа төрағалары, ал қадағалау алқасы сот төрағасы басқарады. әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы (пленарлық) отырыста белгiлейдi. Облыстық соттың жалпы (пленарлық) отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi және де облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi (2/3) қатысқан жадайда заңды болады. Облыстық соттың жалпы отырысын облыстық сот төрағасы шақырады және оған төрағалық етедi.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң жоғарғы буыны болып Жоғарғы Сот табылады.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс-жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. Ол өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдары бойынша бiрiншi, апелляциялық және қадағалау инстанция соттары қызметiн атқарады, сонымен қатар заңда көрсетiлген жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық және азаматтық iстердi қарастырады.

Жоғарғы Сот құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Жоғарғы Сот органдарына:

-қадағалау алқасы

-азаматтық iстер бойынша алқа

-қылмыстық iстер бойынша алқа

-соттың жалпы отырысы жатады.

Жоғарғы Соттың қадағалау алқасын Жоғарғы Сот төрағасы басқарады және алқа судьялары соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы сайланады.Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгiленедi.

Наши рекомендации