Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.

Арнайы педагогика жалпы педагогикадағы ғылыми-зерттеудің барлық әдістерін белсенді пайдаланады. Ал өзгешелігіне сәйкес ғылыми-зерттеулер жүргізе отырып жалпы педагогиканың принциптерін басшылыққа ұстанады, олар:

- педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттасқандығын ескеру;

- құбылыстар мен процестерді даму барысында зерттеу;

- құбылыстар мен процестерді өзара қатынастар байланысында зерттеу;

- зерттеуде ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтыру үшін зерттеу әдістерді кешенді түрде пайдалану қажеттілігін ескеру;

- зерттеу әдістерді зерттелінің нысан мен пәннің мән-мағынасына сай келуін қадағалау;

- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму себебі саналатын оның қарама-қайшылығына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;

- сынақталушыға, білім-тәрбие процесіне зиян келтірмейтін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаның намысына тиетін зерттеулерді өткізбеу.

Арнайы білім беру саласында зерттеулер арнайы білім беру заңдылықтарды, мазмұны, принциптері, оқыту технологиялары мен әдістерін, арнайы оқытуды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған педагогикалық жүйелер жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс, күрделі процесс.

Арнайы педагогиканың ғылыми әдістер мен әдістемелерін келесін принциптер бойынша топтастыруға болады.

1. Ғылыми таным деңгейі бойынша теориялық эәне эмпирикалық әдістер.

Теориялық таным әдістері – модель құрастыру, экстраполяция т.б.

Эмпирикалық әдістер – бақылау, әңгімелесу, эксперимент (табиғи, зертханалық, қалыптастырушы және оқытушы), психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеттеу, социометрия, сұхбаттасу).

Арнайы педагогика көбінесе эмпирикалық әдістер пайдаланады.

Бақылау – зерттеу барысында нақты деректерді жинақтау үшін қажетті педагогикалық құбылысты назарға алу. Бақылау әдісін жүзеге асыру үшін алдын ала жоспар дайындау қажет және бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталуы тиіс. Бақылаудың міндетті деректерді жинақтау мен жүйелеу және ғылыми тұрғыдан педагогикалық талдау. Арнайы білім беру ұйымдарында зерттеуші сабақ пен сабақтан тыс уақытында мұғалім мен оқушылардың әрекеттерін бақылайды. Білім – тәрбие жұмыс толыққанды зерттеу үшін дәстүрлі стенограммадан басқа да әдістерді пайдалануға болады.

Әңгімелесу әдісі арнайы педагогтар, мүмкіндіктері шектеулі оқушылар және олардың ата-аналарынан қажетті деректер жинау үшін жүргізіледі. Әңгімелесудің сапалы нәтижесін сенімділік қарым-қатынаста жетуге болады. талаптың бірі алдын ала койылатын сұрақтарды кемтар балалардың ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу кажет (жас, даму деңгейін ескеруі тиіс. Сөздер түсінікті болуы тиіс, жауап беруге уакытты ескеру қажет т.с.с. ). Әңгімелесу барысында жауаптарды және өзгеше жағдайларды міндетті түрде хаттап талдап, кейін жауаптарды арнайы педагогтар талдап, кажетті әрекет жүргізеді.

Эксперимент. Арнайы педагогикада окыту әдіс, тәсілдердің педагогикалык тиімділігін аныктау үшін арнайы ұйымдастырылған тексерудің түрі - эксперимент. Педагогикалық эксперимент окыту, тәрбиелеу немесе түзетушілік, дамыту барысында ғылыми тұрғыда ұйымдастырылган тәжірибе. Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оку-тәрбис процесі жағдайында) және зертханалық қандай да әдісгің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдай ұйымдастыру. Бұл әдістің ерекшелігі зерттеуші қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық процестің шарттарын өзгертуі мүмкін. Педагогикалық эксперименттің негізгі мақсаты – ғылыми болжамды тексеру, міндеттерді шешу. Деректеуші эксперимент Педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған. Ал үйретушілік эксперимент нақты бала немесе ұжымдағы балалар дамуындағы, оқыту мен тәрбиелеу, түзету жұмысындағы өзгерістерді бақылау, салыстыру мақсатында жүргізіледі. Экспериментті жүзеге асыру, ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етуді және алынған деректерді хаттау талап (жазбаша хаттама, бейнетаспаға түсіру т.б.).

Арнайы әдебиеттерді оқу. Бұл әдіс арнайы педагогиканың проблемаларын шешудің ең алғаш кезеңінде пайдаланады. Арнайы әдебиеттер тізіміне жатады:

Арнайы педагогикалық әдебиеттер (монографиялар, оқу және әдістемелік құралдар, оқулықтар).

- периодикалық басылымдар (ғылыми мақалалар).

- Басқа байланыс ғылымдар білім жөнінде ғылыми әдебиеттер (психология, жалпы педагогика, арнайы педагогиканың пәндік салалары, психодиагностика т.б.);

- Анықтама әдебиеттер мен сөздіктер (дефектологиялық, логопедиялық, сөздіктер, педагогикалық энциклопедиялар т.б.).

Арнайы әдебиеттерді зерттеу арнайы педагогиканың тарихи дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесін, арнайы педагогтардың ізденіс пен жетістіктерімен танысуға жол ашады.

Арнайы әдебиеттерді зерттеу барасында келесі жұмыс түрлері жүзеге асады:

- кітапдерек – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі;

- реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;

- конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;

- аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша қорытынды мазмұнын жазу.

Педагогикалық құжаттармеи танысу. Педагогикалық құжаттармен (сабақ конспектілері, оқу-тәрбие жүмыс жоспарлары, хаттамалар мен педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестіктің есептерімен) танысу зерттеушіге білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен оқытудағы нәтижелер жөнінде мәлімет береді. Арнайы мектеп окушыларының жеке ісімен, психологиялық-педагогикалық мінездеме мен бақылау күнделігімен танысу зерттеушіні оқушылардың ерекшеліктерін біліп, түсінуге көмектеседі, сонымен қатар қажетті объективті деректер алуға жол ашады.

2. Ғылыми зерттеу нысанымен әрекет жасау негізі бойынша: нысанды зерттеу (теориялық және әмпирикалық әдістер), зерттеу нәтижесін өңдеу (саны мен сапасын талдау), нәтижесін көркемдеу, ұсыну (презентациялау, кесте, сурет, гастограммалар түрінде т.б.)

3. Ғылыми зерттеу максатты мен мерзімі бойынша қысқа мерзімді тексеру және лонгитюдті тексеру (ұзак уақыт бойы үйрету, бақылау). Мысалы, ұзақ мерзімді әксперимент С.А.Зыковтың жетекшілігімен 1964-1972 жылдар аралығында өткізілді. Бұл әксперимент, естімейтін балаларға арналған мектептерге заттық-тәжірибелік оқыту сабақтарын енгізу бағытында жүзеге асып, нәтижесінде естімейтіндерді оқытудың жана дидактикалық жүйесі әзірленген.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі. Зерттеуге арнайы білім берудегі озат тәжірибе, яғни танымал ұстаздар мен қатардағы тәлімгерлер кызметтері де бірдсй алынады. Сол мұғалімдердің жұмыстарында кездесетін оқу қиындықтардың себептерімен қатар жетістіктерін талдауға болады. Педагогикалық тәжірибені зерттеу жоспар бойынша, белгіленгсн уақыт мерзімінде, үздіксіз жүргізілуі тиіс. Аталмыш әдістің нәтижесінде арнайы мектеп мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі баллдарды оқыту, тәрбиелеу, түзетушілік көмек көрсету жұмысын жетілдіруге, өз шеберліктерін жоғарлатуға мүмкіндік алады.

Ал, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерттеу барысында келесі әдістер пайдаланылады, олар: бақылау; әңгімелесу, педагогикалық құжаттармен танысу, оқу әрекет өнімдерін зерттеу; арнайы әдебиеттерді оқу, эксперимент, әлеуметтік әдістер (сұрақ, сұрақ-сауал, рейтинг, интервью, т.б.), педагогикалық диагностикадағы тесттілеу.

4. Ғылыми зерттеу субъектісінің ерекшеліктеріне негізделу бойынша: бақылау, анкететтеу, сұхбаттасу, тестілеу. Бұл жерде нақты ерекшеліктерін ажырату қажет, баланың өзі, оның білім, икем, дағдылары, әрекет өнімдері, таным процестері т.б. Осыған байланысты келесі әдістерді ажыратамыз: оқу әрекет өнімдерін зерттеу, сұхбат әдісі, анкеттеу т.б.

Оқу әрекет өнімдерін зерттеу. Бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму деңгейін анықтау үшін маңызы зор. Зерттеуші балалар салған суреттер, түрлі материалдардан жасалған өмімдерді талдау арқылы

бала дамуы туралы мәлімет алады. Талдау барысында накты нәтижесінен

басқа, сол өнімнің қалай орындалғаны зерттеуші үшін қажет. Ал, оқушылар дәптерін зерттеу мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастыру жөнінде мәліметтерді толықтырады.

Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіз болған құбылыстың мәнін ашу мақсатымен қосымша пайдаланатын зерттеу әдісі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша алдын-ала әзірленген жоспармен орындалады.

Анкеттеу - ауқымды мәлімет жинақтау әдісі. Анкетаның сұрақ пен жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сухбаттасу бетпе-бет әңгімесумен жүргізілсе, анкетаны сырттай орындауға болады. Анкетаның сұрақтары нақты тақырында болуы тиіс және орындаушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.

Мониторинг (қадағалау) – білім саласында нақты бір процестін алдын ала қойылған мақсат пен нәтижелердің сәйкестігін қадағалау әдісі. Бұл әдіс арнайы оқытуда өте маңызды мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқудағы қиындықтарын дер уақытында байқауға, оқыту мен түзету-дамыту жұмысының сапасын көтеруге жол ашады.

Арнайы педагогика осы әдістерді пайдалануда кемтар және қалыпты дамыған балаларды салыстыруды кең қолданылады.

Сонымен арнайы пндагогика, ғылыми зерттеудің принциптерін басшылыққа алып, мақсат міндеттерін шешуде зерттеу әдістерін кешенді пайдаланды.

Әдебиеттер:

1. Еременко и.т. Олигофренопедагогика. – М, 1985г.

2. Сурдопедагогика/ Под ред Е.Г.РечицкойМ. – 2004.

3. В.П.Ермаков, Т.А.Якунин. Основы тифлопедагогики /Учебное пособие М. 2000.

4. Обучение детей с нарушениями интелектуального развития (Олигофренопедагогика) под ред. Б.П. Пузанов. Учебное пособие. – М, 2001.

5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы. – Астана. – 2002.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1. Арнайы педагогикаға анықтама беріңіз.

2. Арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуымен қалыптасу заңдылықтары қандай?

3. Қазіргі жағдайда арнайы педагогиканың қандай терминдерін қолдану қолайсыз?

4. Арнайы педагогиканың мақсат-міндеттерің атаңыз.

5. Қазіргі арнайы педагогиканың құрамы қалай ұйымдастырылған?

6. Арнайы педагогика қандай эмпирикалық ғылыми-зерттеу әдістерін пайдаланады?

Дәріс №5-8

Наши рекомендации