ПедагогикалыҚ практика Өткізу жӘне Ұйымдастыру

Магистранттардың педагогикалық практикасы мамандықтың оқу жоспарларына сәйкес (2 немесе 3 семестр) жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясын теориялық оқып болғаннан кейін 6 апта өткізіледі.

Магистранттардың оқу жүктемесі келесі жұмыстар түрінен құрастырылады: дәрістерді өңдеу әрі өткізу — 2 сағат; семинарлық сабақтар — 3 сағат; лабораторлы-практикалық сабақтар — 3 сағат; МӨЗ, МҒЗЖ жетекшілік ету, институттың, кафедраның қоғамдық және тәрбиелік жұмыстарына қатысу.

Магистрант-студенттердің педагогикалық практикаларын әдістемелік басқаруды «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының профессорлары немесе доценттері жүзеге асырады.

Бастапқы 1 апта ішінде магистрант:

- берілген магистрантқа бекітілген курста жұмыс жасайтын, өзінің мамандығы бойынша беретін оқытушылардың сабақтарына қатысады;

- курсты жүргізетін оқытушы басшылығымен магистрант тақырып бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспарын құрады және келешекте өткізетін сабақтардың жоспарын дайындайды;

- тәрбиелік сынақ іс-шаралар тақырыбын дайындап және белгіленген топпен өткізуді жоспарлайды.

Магистрант педагогикалық практиканың екінші аптасында:

- басқа магистранттармен жүргізілген сабақтарға талдау жасауға қатысады;

- өзінің 5В070400 «ЕТжПҚ» мамандығының пәні бойынша жоспарланатын жобаға байланысты қазіргі заман білім беру технологияларын (эвристиклаық және т.б.) қолдана отырып оқу және аудитория ішілік жұмыстарды жүргізеді;

- «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының қоғамдық және тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес аудиториядан тыс іс-шараларды ұйымдастыру (эдвайзерлік сағат);

- жеке тапсырмалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

- дәрістердің, практикалық және зертханалық сабақтардың психология-педагогикалық талдауын жүргізеді;

Педагогикалық практиканың үшінші аптасында кафедра меңгерушісі және практика жетекшісінің қатысуымен магистрант жұмысының нәтижелерін талқылау үшін қорытынды талқылау өткізіледі.

Магистрант практиканы өту барысында кафедра барлық жұмыс моменттерін бейнелейтін күнделік жүргізеді.

Үшінші апта соңында магистрант кафедра оқытушыларынан құралған комиссия (комиссия құрамы «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедра отырысында бекітіледі) алдында қорғайды.

педагогикалыҚ практика Өткізу жӘне Ұйымдастыру - student2.ru педагогикалыҚ практика Өткізу жӘне Ұйымдастыру - student2.ru педагогикалыҚ практика Өткізу жӘне Ұйымдастыру - student2.ru Қорғау кезінде магистранттар оқытушылардың жұмыстары негізінде үйренген тәжірибелері, сонымен қатар өздерінің студенттермен бірге ғылыми-әдістемелік жұмыстарының нәтижелері бойынша дайындаған есеп берулері мен презентацияларын ұсынады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БОЙЫНША

Наши рекомендации