Тақырып Негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық форма).
Сөз-болмыс құбылыстарын, заттарын, олардың қасиеттерін атайтын негізгі морфологиялық- семантикалық тіл бірлігі. Мофологиялық құрылысы жағынан сөз морфемалардан құралады. Ал морфема-морфология ілімінің зерттеу нысаны. Сөз формаларының лексикалылқне грамматикалық мағынаға ие ең кішкене бөлшектері тілдік құрылымыда морфема деп аталады. Морфема, морф гректің morphe форма терминінен қалыптасқан. Морфема-тілдің негізгі бірлігі. Морфема термині мен түсінікті И.А.Бодуэн де Куртенэ түбір мен аффикс түсінігіне пара-пар деп ұсынған болатын. Мұндай түсінік Прага лингвистикалық мектебі өкілдерініңі Л.Блумфельдтің және дескрептивті лингвистика өкілдерінің еңбектерінде де кездеседі. Морфемаға мынандай қасиеттер тән:
1.морфема сөздің материалдық-мағыналық бөлігі деп есептелінеді, яғни морфема белгілі бір дыбыстардың бірлігінен тұрады. Демек, морфемалардың өзіне тән дыбыстық формасы болады, әрі дыбыстардың бірлгінен құралған морфемада мағына болуы шарт. Морфема сөздің ең кіші мағыналы бөлігі. Сөз тұлғаларының ерекшелігіне қарай морфема лексикалық, грамматикалық мағынаға ие. Морфеманың негізгі мағынасы әр түрлі сөздің қай жерінде келгеніне қармастан, өзінің бастапқы қалпын сақтайды.
2.Морфеманың тұлғасы тұрақты болып кледі. Тілдегі заңдылық бойынша морфема әрі қарай бөлшектенбейді, тұтастығын сақтайды. Оны бөлшектерге бөлсең, жеке-жеке дыбыс қана қалады. Ал жеке дыбыс айтылмақшы мағынаны, яғни заттың іс-әрекеттің материалдық мағынасын білдіре алмайды.
Кей лингвистикалық әдебиеттерде морфема терминіне әр алуан түсініктеме беріп жүр. А.Ысқақов «сөздің лесикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді морфема» (24бет), Н.И.Кондаков морф-сөз формасының ең қысқа бөлігі, ал морфема әр түрлі сөз формаларында кездесетін морфтар жиынтығы дей келе «рука, руки, ручка» сөздеріндегі рук, руч, рук үш түрлі морф немесе бір морфема варианттары деп анықтайды.
«Морф» терминін 1947 жылы Ч.Ф.Хоккет ұсынған. Бір морфеманың әр түрлі морфтар оның алломорфтары деп аталады. Көрші, көрме, көрді сөздеріндегі көр үш түрлі морфтың жиынтығынан тұратын бір морфема. Морфемалардың құрылысын, сөздердегі морфемалар бірлігі мен олардың түрлерін қарастыратын морфологияның бір саласы-морфемика. Морфемиканың негізгі зрттеу обьектісі морфемалар, олардың өзгеруі. Морфемика грамматиканың бөлігі ретінде. Сөзжасам мен морфология саласында қарастырылады. Морфемика мынандай мәселелерді сөз етеді.
1.морфемалар, олардың орны, қызметі, түбір, көмекші морфема, аффикстер туралы ілім.
2.морфемаларға тән лексиаклық, грамматикалық, сөзжасамдық мағына;
3.сөзтұлғаларын ең кіші мағынасы бар бірліктерге (морфтарға бөлшектейді);
4. әр түрлі топтарға жататын морфтар мен сөзтұлғалардың фонологиялық құрылыстарын анықтайды;
5.морфемалық деңгейдегі синтагматикалық (белгілі ырғақ, екпінге біріккен сөз, сөз тіркесі, сөйлем) не парадигматикалық (ортақ белгісі, ұқсастығы бар сөзтұлғаларының жүйесі) тіл бірліктерінетоптастырады.
Қазақ тілінде морфема А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, А.Қалыбаева, М.Томанов еңбектерінде сөз болады. «Морфема» деген термин сөздің морфологиялық құрылымындағы морфемалар мағынасы мен құрылысы, қызметіне қарай түбір морфема және қосымша морфема болып екіге бөлінеді. Түбір морфема-сөздің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік. Түбр морфологиялық деривация кезінде өзгермейді. Түркі тілдерінде түбір негізінен бір буынды, кейде екі буынды болады. Ат, сүт, шаруа, сиыр т.б. Түбір морфеманың ерекшелігі-толық мағыналылығы, тұлғалық сипатын өзгермейтіні, ары қарай бөлшектеуге келмейтіндігі, жаңа сөз жасауға ұйтқы, негіз болатын түп қазығы екендігі. Түбір морфема ең негізгі морфема болып саналады, өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады.
Түбір құрмына қарай жалаң және күрделі, негізгі түбір және туынды түбір болып сараланады. Егер түбір сөз өздігінен қосымшасыз жеке тұрып белгілі мағынаға ие болса, негізгі түбір болады да, түбірге қосымша қосылып, жаңа түбір сөз жасалса туынды түбір болады. Ал осы туынды түбр сөзден әрі қарай тағы жаңа сөз жасалса, ол туынды сөз деп аталады. Егінші деген сөздің түбірі-ек, егін-туынды түбір, егінші туынды түбірлердің өрбіген сөздер.
Түбір сөздер сөзжасамдық қабілетіне, мағына дербестігіне қарай тірі түбірлер және көнерген түбірлер болып келеді. Туынды сөздердің мағынасына ұйытқы болғанымен, формасы жағынан дербес сөз ретінде қолданылмайтын, құрамына қарай түбір және қосымша деп бөлшектеуге келмейтін түбірлерді А.Ысқақов өлі түбір немесе көнеленген түбір деп атап, момын, момақан дегендегі қа-; бұғаз (бұ-ғаз), бұғақ (бұ-ғақ) дегендегі бұ т.б. Міне, осылай етіп жігі белгілі морфемдік тұлғаларды біртіндеп тұлғалап бөліп алу жүйесімен тарихи тұрғыдан ғана анықтауға болатын түп тұлғалар түркі түбірлер деп аталады.
Жеке қолданылатын, дербес лексикалық мағынасы айқын, жаңа сөз жасауға негіз болатын түбірлер тірі түбір деп аталады. Мысалы, оқы, ал, үй т.б.
Қосымша морфемаға жалғанып, оған қосымша мағына үстейді. Қосымша морфеманың түбір морфемадан басты ерекшелігі лексикалық мағынасы болмайды, тек грамматикалық мән береді. Өзі жалғанған сөзге жаңа мағына береді немесе сөзтұлға жасайды; сөзді түрлендіреді; байланыстырушының қызмет атқарады. Қазақ тілі зерттеулері не қатысты зерттеулерде қосымшаларды сөз өзгертуші және сөз түрлендіруші деп бөлу кең қанат жайған.
Жеке қолданылатын, дербес лексикалық мағынасы айқын, жаңа сөз жасауға негіз болатын көр, біл, айт сынды түбірлер тірі түбір дейді. Күрделі сөздер ішінде:
1.өзара тіркесіп келіп күрделі бір ұғымды білдіретін сөз тіркесін құрайды; алтын сағат, кйіз үй.
2.бірнеше ұғымдық атаулардың мағына жағынан бірлесіп, тұлға жағына тұрақталуы нәтижесінде біріккен сөздер; көкқұтан, таспақа,; көріккен сөздер: әкет, биыл;
3.түбір тұлғалардың пайдалануы я қосарлануы нәтижесінде көптік, жинақтық, топтау мағынасын білдіреді. Қос сөздер:бақа-шаян, үсті-үстіне.
4.әр алуан экспрессивтік, эмоцианалды мәнді, сондай-ақ тілдегі көп қолданысқа ие, тұлғасы жағынан қалыптасқан қысқарған сөздерге; Бақ, Бәке т.б.
Қосымша морфема түбір морфемаға жалғанып, оған қосымша үстейді.Қосымша морфеманың түбір морфемадан басты ерекшелігі-лексикалық мағынасы болмайды, тек грамматикалық мән береді. Өзі жалғанған сөзге жаңа жаңа мағына береді. Немесе сөзтұлға жасайды; сөзді түрлендіреді, байланыстырушылық қызмет атқарады.
Аффикс латын тілінен енген термин жалғанған деген ұғымды береді. Грамматикалық немесе сөзжасамдық мақсатпен түбірді өзгерту үшін жалғанатын көмекші морфема. Әр тілдің грамматикалық сипатында бір парадигмаға кіретін аффикстер жүйесі міндетті түрде көрсетіледі.
Дүние жүзі тілдерінде аффиксация морфологиялық маңызды бөлігіне кіреді. Кей тілдерде көбіне байланысу процесінде суффиксация не префиксация пайдаланады. Аффикстің түбірге жалғануына байланысты бірнеше түрін ажыратады.
1)Префтикс немесе приставка-сөз түбірінің алдына қосылатын қосымша: анти-научный.
2)Постфикс, кейде прилепдер аталады түбірден соң жалғанатын қосымша; жалғау және жұрнақ.
3) Инфекс-түбір мен негіз ортасына қосылатын қосымша: das Tagebych, самовар.
4)интерфекс-түбір мен суфикс арасына қосылатын қосымша: пе-в-ец.
5)Трансфикс-дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірді бөлшектейтін дауысты, яғни сөз ішіне дауыстының кірігуі: Ktb-kataba.
6)Конфикс немесе циркумфикс-қатар қызмет атқаратын префикс пен постфикстің комбинациясы: префикс-сөз түбірі-посфикс: Сөзжасамды екі әртүрлі суффиксті қолданатын мұнды тәсіл парасинтез деп аталады.
Аффикстердің мұндай ерекшелігі екі категорияға; бірі, жаңа туынды сөз жасайтын лексика грамматикалық категория; екіншісі, форма тудыратын функционалды-грамматикалық категорияға бөлінуі себепші болады.
1)сіңісу құбылысы.
Тілде құрамындағы түбір морфемалар мен аффикстік морфемалар бір-бірінен ажырап, шегі-ашық-айқын көрініп тұратын сөздерде, құрамындағы негізгі морфема мен аффикстік морфема өзара кірігіп, бір-біріне сіңісіп кеткен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан морфемаларға бөлшектеуге келмейтін түбірлер немесе негіздер де кздсе береді.
Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөздің морфемалық жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесісіңісу құбылысы деп аталады. Морфологиялық сіңісу процесінде сөздің түбірлес, төркіндес сөздерімен байланысы көмескіленіп, ол байланыс бірте-бірте кірігіп кеткен сөздер өзімен түбірлес сөздерден оқшауланып алшақтайды. Мысалы, жақ, жан, жалын, жарық деген сөздер этимологиялық тұрғыдан түбірлес сөздер болғанымен,қазір бір-бірінен алшақтаған.
2)жылысу құбылысы.
Тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардыңбірінің элементі екіншісіне ауысып, ол морфемалардың бұрыңғы жігі мен ара қатысының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады. Морфологиялық жылысу процесінің нәтижесінде аффикстік морфеманың дыбыстық құрамы ұлғая түседі, әрі сөз құрамындағы алдыңғы жұрнақ соңғы жұрнаққа жылжып, құранды жұрнақтар жасалады. Мысалы, менің, оның, сенің, соның деген есімдіктердің құрамындағы ілік септік жалғауы о баста –ың, -ің түрнде қолданылған. Морфологиялық жылысу процесінің нәтижесінде есімдіктердің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да, ілік септіктің жалғауы ұлғайып –ны, -нің түрінде айтылып қалыптасқан.
3)декорреляция құбылыс.
Сөздің о бастағы морфемалық құрамы да, морфемалардың ара қатысы да, саны да, орны да өзгермей, олардың сипаты мен мағынасының өзгеруін декорреляция құбылысы деп атайды.
4)диффузия құбылысы.
Сөз құрамындағы морфемалардың арасындағы біркелкі дауыстылардың немесе біркелкі дауыссыздардың өзгеріске ұшырау құбылысы. Диффузия сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу жағынан көрініп, жазба түріне әсер етілуі мүмкін. Мысалы, қара ат, қара ала ат дегендер ауызекі тілде қарат, қаралат түрінде айтылады.