Жоғары мектепте оқытудың заңдылықтары және ұстанымдарын жіктеңіз.

Оқыту процесі бес элементтен тұрады:

1.Оқытудың мақсаты

2. Оқытудың мазмұны

3.Оқыту әдісі

4.Оқытушы

5.Оқушы

Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.

Оқытудың білім беру функциясы- оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың тәрбиелік функциясы-оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Жеке тұлғаға тәрбие мен оқуды жан-жақты қалыптастыру.Тәрбиелеу арқылы оқушының байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, еңбек әрекетіне дайындау.

Оқытудың дамыту функциясы-шәкірттің таным әрекетін дамыту, ой-өрісін, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға, еркін игеруге үйрету.

Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.

Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.

Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.

Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:

оқытудың мақсаттылық принципі;

оқытудың ғылымилық принципі;

саналылық пен белсенділік принципі;

жүйелілік пен бірізділік принципі;

оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;

түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;

білімнің берік болу принципі;

көрнекілік принципі;

оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.

ынталандыру принципі;

ізгілендіру принципі;

проблемалық принцип

Көрнекілік принцип-оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.

Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.

Ынталандыру принципі- оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.

Ізгілендіру принципі-оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.

Оқыту процесiнiң жалпы заңдылықтары:

1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерi қоғам талабына,

мүмкiндiктерiне, педагогика ғылымының даму деңгейiне тəуелдi.

2. Бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту өзара байланысты.

3. Оқушының таным белсендiлiгi артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

4. Оқытудың тиiмдiлiгi керi байланысқа, қайталауға, түзету iс-əрекеттерiне тəуелдi.

5. Əрбiр тұлғаның жас жəне дара ерекшелiктерiне байланысты таным əрекетiн

ұйымдастыру.

6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерiнiң өзгерiп, жаңарып,

толықтырылуы.

Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.

Оқытудың негiзгi заңдары:

- Қоғамдық қатынастар, əлеуметтiк құрылыс пен əлеуметтiк тапсырыс тəрбие мен оқыту

жүйесiн қалып-тастыруға ықпал етуi туралы заң.

-Бiлiм алу, iс-əрекет жолдарын меңгеру жəне тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы

заң.

- Педагогикалық процестiң бөлiктерiнiң бiрлiгi жəне бiртұтастығы туралы заң.

- Оқытуда теория мен тəжiрибе бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.

- Оқу iс-əрекетiнiң жеке жəне ұжымдық түрлерiнiң бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.

Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негiзгi бөлiктерi болып келедi. Кейбiр зерттеушiлер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пiкiрдi бiлдiредi. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар терiс пiкiрлердi жоққа шығарады.

Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық

принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен

заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың

категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн

сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принцип-терiн, негiзгi

қағидаларды белгiлеуге көп күш салды.

Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты.

Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп

(табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).

Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi

ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына,

мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға,

ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.

Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып

оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн

жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды

дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.

Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына

сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген

қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде

бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар

бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:

- ғылымилық,

- саналылық пен белсендiлiк,

- көрнекiлiк,

- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,

- берiктiлiк,

- тиiмдiлiк,

- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.

Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық.

Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы

педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк

жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен,

принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты

шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.

Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап

қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм

дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық

жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына

жетерi сөзсiз.

Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер

педагогтық тəжiрибе-нiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады.

Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп

мақсат-мiндеттерiн iске асырады.

Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық

ролi; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас

жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.

Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.

Ылымилық принципi

Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi

меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады,

адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне

мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн

қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистiк

көзқарас қалыптастырады.

Аталмыш принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар:

- Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазiргi даму дəрежесiне

сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану.

- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде

тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу.

-Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану,

қолдану, iске асыру.

- Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды

iзденушiлiкке, шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен,

анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру.

- Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым

ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi.

- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм

деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану.

- Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру.

Наши рекомендации