Бақылау сұрақтары. 1.Геометриялық мазмұнды, пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету тәсілдерін ата.
1.Геометриялық мазмұнды, пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету тәсілдерін ата.
2.Шығармашылық іс-әрекетті көздейтін тапсырмалар түрлерғн көрсет,
Әдебиеттер:
1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.
4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
Лекция 24
Тақырыбы: «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Жоспар
1.Есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық және практикалық тәсілмен шешу.
2.Проблеманы модельдеу мен оны шешу құзыреттілігі ретіндегі есепті шешу біліктерін қалыптастыру бойынша түрлі көзқарастар мен тәсілдерге бағытталған есепті шығаруға үйрету технологиясы.
1. Алдын ала дайындық жұмысы жүргізген соң балаларды есептердің қарастырылған түрімен таныстыруға көшуге болады .
Есеппен жұмыс әдісімен мына кезеңдерден тұрады.
1 кезең – есептің мазмұнымен таныстыру.
2 кезең – есептің шешуін іздеу.
3 кезең – есепті шешу .
4 кезең – есептің шешуін тексеру.
Әр кезеңді жеке-жеке қарастырайық..
Есептің мазмұнымен таныстыру.
Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз – оны оқып шығып, онда келтірілген жайттарды көз алдына келтіру. Есепті балалар оқиды. Мұғалім есепті балаларда тексі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмайтын кезде ғана оқиды. Есепті дұрыс оқудың маңызы зор.Мысалы «бар еді» «кетіп қалды », «қалды», «бірдей болды »т.сс.сөздерді баса айту , есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту.
Есептің шешуін іздеу.
2.Оқушылар есепке кірістірілген шамаларды, берілген сандар мен ізденді сандарды айқындай түсуі, берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындауы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау, есептерді қайталау, есепті шығару жоспарын талдау және оны құру жатады.
Есепті иллюстрациялау- есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандардымүшелерге бөлу олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін, көрнекілік құралын пайдалану иллюстрация нәрсе немесе схема түрінде болады. Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1кл-н бастап схема түрінде түсіндіру пайдаланылады, ол – есепті қысқаша жазу.
1.Балықшы 10 шортан балық одан 8-і кем табан балық ұстады.Балықшы қанша шортан және табан балық ұстады?.
Ш -10 дана
Т -? одан 8-і кем
Барлығы-?
2.Трактор 6 сағат жұмыс ішінде 48 л жанар май жұмсады. Трактор сағатына сондай норма жұмсап отырғанда 12 сағат жұмыс ішінде қанша литр жанар май жұмсады ? таблицамен көрсетуге болады.
Жанар майды жұмсау нормасы | Жұмыс сағаты | Жалпы жұмсалған жанар май |
бірдей | 6 сағат 12 сағат | 48литр ? |
3.Чертеж арқылы иллюстрациялауға болады. Оқушылар оқу жылының басына қарай костюм, бәтеңке және тымақ сатып алды. Костюм 24 сом тұрады. Ол бәтеңкеден 3 есе қымбат, ал бәтеңке тымақтан 2 сом қымбат. Барлық сатып алған зат қанша тұрады.1 сомды ұзындығы 1 см кесінді түрінде кескіндеп, чертеж сызамыз.
К ______________________
Б ___________
Т _________
Есеп шартын нәрсе түрінде кескіндеуге болады. «Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр.Олардан 5 қыз бала, 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды: Барлығы қанша бала үйлеріне кетті.»
Есепті талдау.
1) есептің сұрағынан сан мәліметтерге қарай (аналитикалық).
2) сан мәліметтерден сұраққа қарай (синтетикалық).
Есепті шығару.
Есепті шығару- шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шығару ауызша және жазбаша орындалады. Бастауыш кластарда есептің шешуін жазудың мына түрлері пайдаланылады.