Бірінші модуль. модульдің атауы 3 страница

16. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан да ... (інінен шығады).

19. Басқа пәле - ... (тілден).

20. Білім кілті - ... (тіл).

Поэзиялық үзіліс. Студенттер өлең оқиды.

2. Тапсырма: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» сайысы. Екі топқа сөздер таратылады, сол сөздермен өлең құрастыру керек.

1- Топқа

Ана тілім

Дана

Құдіретті

Мақтаныш

2- Топқа

Тіл

Қазына

Білім

Сыйлау

3. Тапсырма: «Бұл кімнің сөзі?» ойыны.

«Ана тілім- ардағым» тақырыбына дайындалған бейнежазбалар мен слайдтарды тамашалау, қорытындылау.

4. Тапсырма: Көркем мәтін – айрықша тілдік код, сондықтан оқырман санасында мәтіндегі тілдік кодты аша алатындай тілдік білімнің болуы шарт, өйткені автор айтпақ ой-сезімін тілдік бірліктер арқылы кодқа салады. Ал тілдік білім дегеніміз сөзді, оның мағыналарын, сөйлем оның мағыналары мен құрылымдарын білу дегенге саяды. “Оқырман-тілдік тұлға” мен “суреткер- тілдік тұлға” – нақты бір тілдің субъектісі. Тілдің дыбыстық, лексика-семантикалық, грамматикалық бірліктерінің мән-мағынасы мен қызметі, нормасы екеуіне де ортақ.

Төмендегі мәтіннен тілдің дыбыстық қызметін анықтаңыз:

Қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде сапалы да нәтижелі, әрі ауқымды білім беруді, студент белсенділігін арттыруды, сол арқылы шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді.

Кез келген іс-әрекет нәтижелі болу үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Білім беру мақсаты айқын болғаннан кейін білім беру жүйесінің алдында “Қалай оқытамын” деген сұрақ пайда болады. ҚО технологиясы негізгі мақсаттарын жобалаудан бастайды. Оқудың қарқындылығы ол мақсаттардың нақты, күшті болуымен тікелей байланысты. Мақсаттың әлсіздігі оқытушы мен студенттердің жауапсыздықтарына, оқудың шашыранды, бос, тәртіпсіз жүйеде өтуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс қойылған мақсат – оқу әрекетінің дұрыс өтуінің бірден-бір кепілі.

2.2. Сөз мағыналарының лексика- семантикалық жүйесі.

Жоспары:

1. Семантикалық өріс.

2. Сөз мағыналарының дамуы.

Кәсіби тілде стильдік нышаны бар сөздер (эмоционалды, экспресоид сөздер) мүлде кездеспейді деуге болмайды. Эмоционалды бағалауыш сөздердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі. Олар деңгейі жоғары, көлемі тым үлкен, сирек кездесетін, ұшырасатын жайтты, аса ірі, тым ұсақ, қызғылықты көрініс т.б. Сондай-ақ айқын, анық, бұлдыр, құнды, құнсыз, тұрақты, тұрақсыз, мүмкін, мүмкін емес, жеткілікті, жеткіліксіз т.б. тәрізді субъективті бағалауыштар. Бұлар арнаулы емес, жалпылама лексикаға жатады. Қызметі жағынан полифункционалды элементтер деп аталады. Бұлардың қайсыбірі белгілі бір кәсіптік салада терминдік мағынада да қолданылуы мүмкін.

Ғылыми дискурс негізінен қарым-қатынастың жазба түрінде жүзеге асады, ал ғылым-білім саласындағы жаңалықтар негізінен алдымен, ғылыми мақалаларда жарияланады. Қазіргі кезде ғылыми дискурстың ауызша түрі жиналыстардың ғылыми конференция, семинар, дөңгелек үстел, симпозиум тәрізді түрлерін өтуімен байланысты бұрынғыдан гөрі жанданып, ғылымдағы ауызша сөздің рөлі арта түсті. Ғылыми мәтіннің лексика-фразеологиялық жүйесі терминдер, ғылыми атаулардан, бейтарап лексикалық бірліктерден тұрады. Жалпылама тілдегі бейтарап, көпмағыналы лексикалық бірліктер дара мәнде қолданылады. Мұндай бірмәнділікке түптеп келгенде, есептейміз, есептеймін, болып табылады, бірінен саналады, санаймыз, нәтижеге қол жеткізуге болады т.б. тәрізді штамптардың қолданылуын жатқызуға болады. Бұларды реципиент бір нәрсенің “санын”, “есебін”, “болжамын”, “табылғанын” көрсету мағынасында емес, белгілі бір нәрсе жайында тұжырымға, қорытындыға келу деген мағынада түсінеді. Осымен байланысты рецепиент ғылым саласында болмаса да, мәтіннің ғылыми сөзге жататынын ажырата алады.

Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның өзі ғылыми дискурстың мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.

1. тапсырма: «Тіл дамуының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелдің жоспарын құрыңыз.

2. Дөңгелек үстелді жоспарға сай ұйымдастырып, жүргізіңіз.

3. Дөңгелек үстелді қортындылауы.

4. Келесі сабаққа «Оқытудың жаңа технологиясы» тақырыбындағы семинарға дайындалып келу.

2.3.Сөздердің морфологиялық құрамы.

Жоспары:

1.Сөз таптарының семантикасы.

2.Сөйлемдердің семантикасы.

Белгісіздік мағынаны барлық сөз таптарына қатысты да айқындауға болады деп есептейміз. Мысалы, зат есім болатын ағаш деген сөзде жалпылық, көптік ұғымдармен қатар, белгісіздік ұғым болса, сын есімнің заттанған түрінде ғана белгісіздік ұғым бар (Белсенділер алдыға шықты). Сан есімнің болжалды түрінде (екілер, бестер шамасы) белгісіздік мағына болса, бұл ұғым есімдіктің бірнеше түріне тән.

Сөз таптарының ішінде грамматикалық категорияға бай, күрделісі – етістік екені белгілі. Белгісіздік мағына түбір етістіктерде де кездеседі. Белгісіздік ұғымы етсітіктің шақ формаларында (келер ме екен, барар еді), сыпат категориясында, аналитикалық етістіктерде де кездеседі.

Жалпы алғанда бұл категория туралы мәселе жеке зерттеуді қажет етеді.

Ы.Е.Мамановтың етістік теориясы: тұжырымдамалары мен көзқарастары деп аталатын еңбегінде түбір етістіктер, күрделі етістіктер және көмекші етістіктер, сондай-ақ етіс, есімше, көсемше, рай, шақ категорияларының зерттелуіндегі Ы.Е.Мамановтың үлесі көрсетіліп, оларға мағыналық-құрылымдық талдау жасалды.

Түбір етістіктердің мағыналық ерекшеліктері. Тілдің сөздік қорының баюы, молаюы түрлі тәсілдер арқылы болса, солардың көне түріне семантикалық даму жатады. Семантикалық даму бойынша сөз дыбыстық, морфемдік құрамын өзгертпей-ақ бірте-бірте өзіне жаңа мағыналарды қосып отырады. Соның нәтижесінде тілде бір сөз бірнеше лексикалық мағына білдіреді, тілдегі қызметі артады. Семантикалық даму арқылы сөз саны көбеймегенімен, сөздердің мағыналық мүмкіндігі әлдеқайда өседі.

Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған. Етістікті әрі сөз табы ретінде, әрі мағыналық сипатын қоса талдаған зерттеулерден А.Қалыбаева (Хасенова), Ы.Е.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева еңбектерін ерекше атаған жөн.

А.Хасенова «Қазақ тілі грамматикасында» түбір етістік дейтін межеге сыйдыруға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан қарастырып, оларды бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлуге болатынын атап көрсетеді. Ұйымдастыру, жорғала, мияула, шырылда сиқты туынды етістіктер де лексика-семантикалық топтардың құрамына енгізілген. Жұмыста басқа түркі тілдерінде қалыптаспаған жаңа үлгіде топтастыру да ұсынылған, алайда бөлудің принциптері ашып көрсетілмеген.

М.Оразов 1983 жылы «Семантика казахского глагола» тақырыбында жазылған докторлық диссертациясында етістіктің 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлгенімен, морфологиялық белгілерін де негізге алып отырған.

А.Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық топтарға жіктелгенімен, оларды бөлудің ғылыми принциптері көрсетілмеген (1991).

Ы.Мамановтың етістіктерді басты ерекшеліктері жағынан бірнеше топқа бөлуінде басқа ғалымдармен салыстырғанда алшақтықтар бар. Ғалым түбір етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанған принципі Г.А.Золотова, А.В.Бондарко, З.Ахметжанованың функционалды грамматика теориясына байланысты теорияларымен үйлесіп жатыр. Әсіресе, ғалымның «негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді, морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады» деген тұжырымы қазіргі функционалды семантиканың негізгі принципі. Ы.Маманов қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Қазіргі кезде етістіктің жекелеген лексика-семантикалық тобы арнайы зерттелуде.

1. тапсырма: «Оқытудың жаңа технологиясы» тақырыбындағы семинарды өткізу.

2. тапсырма: Жоғарыдағы тілші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау.

3. тапсырма: Төмендегі мәтіннен етістіктерді тауып, лексика-семантикалық топқа жіктеңіз.

Ұжымдық оқытудың негізін А.Г. Ривин салды. Ол 1918 жылдың басында Киев жанындағы Корнин деген жерге бала оқыту үшін ата-аналардың шақыртуымен келген. Оның педагогикалық білімі болмаған, политехникалық институтты бітіріп, инженер мамандығын игерген. 1911 жылдың өзінде-ақ, оны өндіріс салаларының барлығы автоматтандырылған, механикаландырылған деңгейге көтерілген де, ал оқу еңбегі сол бұрынғы күйінде қалып қойған деген мәселе толғандыра бастайды. Оның ойынша, оқу еңбегі оқушы мен оқытушының аз уақыт пен күш жұмсап, көп білім алуы керек және ол өте саналы түрде жүруі тиіс. Сондықтан ол өзінің бар өмірін оқытуда тиімді әдістер іздеп, бала оқытуға арнаған.

2.4.Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары.

Жоспары:

1.Синтагматикалық байланысу тәсілдері

2.Сөз мағынасының дамуы

Лексикалық синтагматиканың мағынаның жеке компоненттері арқылы ғана байланысып, сөз-синтагма ретінде қолданылуын да осы жағдайлармен байланысты түсіндіреді. Сондықтан семасиология саласында сөз мағынасымен бірге мағынаның құрылымдық бөліктері, атап айтқанда семалар мен олардың жиынтығы да семантикалық бірлік ретінде зерттеу нысанына алынады. Сөздердің лексикалық семантика негізіндегі синтагматикалық байланысы А.А.Уфимцеваның еңбегінде нақты сипатталады.Зерттеуші лексикалық бірліктердің түрлі контекстегі тіркесімділік қабілетіне талдау жасап, сөздердің семантикалық варианттарына байланысты семантикалық контекст түрлерін көрсетеді. Семантикалық қатынастардың лексемалардың семантикалық валенттілігіне әсері үнемі бір қалыпта болмайды. Мәселен, бір семантикалық қатынастар үнемі лексемалардың валенттілігі болып табылса, екіншілері бір лексемада валенттілік, ал басқаларында сирконстанттарды байланыстырушы құрал ретінде қолданылады. Семантикалық қатынастардың екінші түріне қатысты Ю.Д. Апресян: «Бастапқы, соңғы нүктелер мен зат пен құралдың мағыналары таза грамматикалық тәуелділіктен гөрі көп жағдайда семантикалық валенттіліктің мазмұны, ал қалған мағыналар таза грамматикалық тәуелділіктің мазмұны болып табылады» деп жазады.

1 - тапсырма. Мәтіндегі синтагматикалық байланыс тәсілдерін табыңыз, талдаңыз.

Ұжымдық әдістің ең басты ерекшелігі – топтағы студенттердің жұп болып жұмыс атқарып және ол жұптардың үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Көбіне ұжымдық оқыту әдісін топтық және жұптық оқыту әдістерімен шатастырады. Жұптық оқыту ешқашан ұжымдық бола алмайды. Себебі жұп тұрақты, мұнда тілдік қатынас тек оқытушы мен студент немесе студент пен студент арасында ғана жүргізіледі. Сол сияқты топтық оқыту да ұжымдық бола алмайды. Екеуінде де студент саны екеуден көп болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары бар.

3 – тапсырма. Мәтіндегі зат есімдерді тауып, семантикасына тоқталыңыз.

2.5. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар

Жоспары:

1.Тілдің коммуникативті – танымдық аспектілері

2.Сөйлеу процессіндегі психологиялық жағдайлар.

Коммуникация кезінде тілдік конфликт көбіне “маман” – “маман еместің” арасында жиірек кездеседі. Мысалы, “маман” (дәрігер) мен “маман еместің” (науқастың), “сатушы мен сатып алушының” арасындағы коммуникацияда түсініспестік жағдай көбіне тілмен байланысты болады. Бұл қауіптің алдын алу үшін “коммуникатор-маман” “коммуникант-маман еместің” когнитивтік санасымен, яғни оның тілдік, тілдік емес білім қорымен санасып, сөйлеген (жазған) сөзін маман емес коммуниканттың санасына қарай бейімдеуі қажет. Мысалы, дәрігер мамандар арасындағы тарөрісті емес, жұртшылыққа танымал медицина терминдерін қолдануға тиіс. Сөз ыңғайы “дәрігер – науқас” формуласына қарай құрылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда науқасқа берілуге тиісті ақпараттың көлемі толық болмай шығады. Дәрігердің “маман – маман” арасындағы қолданатын терминдер тізбегі мен номенклатуралық атаулар легінің бәрін науқас түсіне бермейді.

1-тапсырма: «Мұғалім-оқушы» формуласына мәтін құрыңыз.

2-тапсырма: Мәтіндегі педагогика саласындағы терминдерге түсініктеме беріңіз.

ХХ ғасырдың 30 жылдары неміс психологі О.Зельц оқыту үрдісінің баланың ақыл-ой дамуына тигізетін әсерін анықтау мақсатында эксперимент жүргізді. Ол кезеңде аталған мәселе бойынша үш түрлі көзқарас қалыптасқан болатын. Бірінші көзқарасты жақтаушылар А.Гезелла, З.Фрейда, Ж.Пиаже адам дамуының оқытумен еш байланысы жоқ деп есептесе, екінші көзқарас бойынша оқыту мен дамыту тең дәрежеде қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес кез келген оқыту үрдісі арқылы даму үрдісін іске асыруға болады. Үшінші теорияда (К.Коффка) даму үрдісі оқытудың қатысынсыз жүретін үрдіс ретінде қарастырылғанымен, оқыту мен даму арасында бірін-бірі толықтыратын теңдік бар деп есептейді.

ОСӨЖ

3.1. Тілдің ұлттық әуезділігі және фонетикалық ережелер.

Жоспары:

1.Ілгерінді ықпал

2.Кейінді, тоғыспалы ықпалдар

Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ. Сөздің соңғы дыбысы дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейді. 1. Сөз дауысты дыбысқа, үнді және ұяң дауыссыздарға аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымша не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардан басталады: ана + ны, әке + де, қар + лы, әжем + де, қыз + дар.

Ескерту: Ілгерінді ықпалға бағынбайтын қосымшалар бар, олар: -шыл, -шіл, -шақ, -шең, -шық, -шік, -ші, -ша, -ше, -шылық, -шілік, -сыз, -сіз, -са, -се, -сық, -сің, -сыздар, -сіздер, -паз, -қор, -қой, -хана, -кеш: ұйқы+шыл, күлкі+шіл, ашу+шаң, мәсі+шең, ойын+шық, үй+шік, бала+ша, менің+ше, оқу+шы, ән+ші, шаруа+шы-лық, кәсіп+шілік, қалам+сыз, әл+сіз, бар+са, кел+се, қала+сың, кере+сің, ала+сыз, біле+сіз, ұға+сыздар, жүре+сіздер, өнер+паз, бәле+қор, сән+қой, ем+хана, ар-ба+кеш.

Сөз қатаң дыбысқа және б, в, г, д дыбыстарына аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысы қатаң дыбыстан басталады: халық+қа, бесік+ті, завод+та, кооператив+тің, штаб+та, педагог+тер, архив+тен, геолог+ке.

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ. Қазақ тіліңде түбір мен қосымша және біріккен сөз сыңарларының аралығында, сөз тіркестері сыңарларының арасында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер ететін жағдайы жиі кездеседі. Кейінгі дыбыстын алдыңғы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады. Мысалы: кітап — кітабы, күрек — күрегі, басшы — башшы, Оразжан — Оражжан, ақ лақ — ақ лақ, он бес — ом бес, боз жирен — бож жирен т. б. Кейінді ықпалдың жазуда ескерілетін де, ескерілмейтін жері де бар. Егер қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша қосылса, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяң болып ғ, г, 6, (у) болып өзгерген қалпында жазылады. Мысалы, тік — тігеді, кеп — кебеді, жүрек — жүрегі, жап — жауып т. б. Бірақ қазақы (дәстүр), қалмақы (ер) және орыс тілінен енген п дыбысына аяқталатын сөздерде ұяңдамайды. Көбінесе кейінді ықпал бойынша ықпалдасатын қ, к, п, с, з, ш, ж, н дыбыстары болып келеді, тек айтылуда ғана өзгеріске ұшырайды, мысалы, қос шелек (қош шелек), саз жол (саж жол), Бозжан (Божжан), қосшы (қошшы), жұмысшы (жұмысшы), Боранбай (Борамбай) т. б.

ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Қазақ тілінде көрші дыбыстар бір-біріне түрліше ықпал етеді. Кейде сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп, алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдай кездеседі. Дыбыстардың осылайша өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Мысалы, Ырысжан .(Ырышшан), Есжан (Ешшан), Жанқожа (Жаңқожа), тас жол (таш шол) т. б.

Әдістемелік нұсқау: Ықпал түрлеріне көркем әдебиеттен мәтіндер алып, талдау жасаңыз (конспект).

3.2. Сөз мағыналарының топтары мен типтері.

Жоспары:

1.Лексикалық мағынаның типтері.

2.Табу және эвфемизм.

Жалпы тіл білімінде түркі тілдеріндегі эвфемизм мен табуды соның ішінде қазақ тіліндегі эвфемия құбылысын ғалым Ә. Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің нысанына алып жан-жақты қарастырған. Ғалым табу мен эвфемизмді этнографиялық лексикаға жатқызады: «Кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты табу мен эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады» [2,176]. Ғалым бұл сөздердің қыр-сырын ашуда этнография мен лингвистика ғылымдарының біртұтас нысаны ретінде зерттелінуінің тиімділігін айтып, эвфемизмдердің этнолингвистикалық бағытта айқындалуына жол ашады. Олардың пайда болуын этнолингвистикалық жүйе және этномәдени негіздер арқылы айқындап түсіндіреді, дәстүрлі моральдық-этикалық қатынастарға байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдерді топтастырып көрсетеді, яғни өлімге, анатомия мен физиологиялық процестерге, саяси эвфемизмдерге, сондай-ақ эвфемизмдердің жасалу жолдары: эвфемистік метафора, эвфемистік метонимия, эвфемистік синекдоха, эвфемистік символ, эвфемистік ирония түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Қазіргі таңда тіл, тіл мәдениеті, ғылымға деген талап, жауапкершілік, ықылас, мүдделілік шынында да күн сайын артуда.

Әдістемелік нұсқау: Ғылыми еңбектерден эвфемистік символ, эвфемистік ирония түрлерін тауып, ерекшеліктерін көрсетіңіз.

3.3. Грамматикалық категориялар семантикасы.

Жоспары:

1.Күрделі синтаксистік тұтастық.

2.Мәтін синтаксисі.

Көркем мәтін – айрықша тілдік код, сондықтан оқырман санасында мәтіндегі тілдік кодты аша алатындай тілдік білімнің болуы шарт, өйткені автор айтпақ ой-сезімін тілдік бірліктер арқылы кодқа салады. Ал тілдік білім дегеніміз сөзді, оның мағыналарын, сөйлем оның мағыналары мен құрылымдарын білу дегенге саяды. “Оқырман-тілдік тұлға” мен “суреткер- тілдік тұлға” – нақты бір тілдің субъектісі. Тілдің дыбыстық, лексика-семантикалық, грамматикалық бірліктерінің мән-мағынасы мен қызметі, нормасы екеуіне де ортақ.

Әдістемелік нұсқау: Педагогика саласына тін мәтінді тауып, лингвистикалық талдау жасаңыз.

Екінші модуль. Модульдің атауы «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі»

1.1.Кәсіби бағыт және стилистикалық заңдылықтар

Жоспары:

1. Стильдік қолданыстың ерекшеліктері

2. Әдеби тілдің стильдік тармақтары

Ендігі жерде автор өзінің діттемін, коммуникативтік стратегиясын жүзеге асыру үшін алдымен фактуалды ақпараттарды таңдап, талғау арқылы адресаттың интеллектуалдық санасына әсер етуге тырысады: зауыт салынбай қалды, өнім жоқ, газ құбыры іске қосылмады, жол жөнделмеді т.б. Автор сонымен бірге әртүрлі цифрлар, беделді тұлғалардан дерек сөздер келтіруді ойластырады. Осылайша автор болашақ мәтіннің қаңқасына фактуалды ақпараттарды орналастыра бастайды. Мұндай фактуалды ақпараттар оқырманды интеллектуалдық жақтан иландырудың аса күшті тәсілі болып табылады. Бірақ фактуалды деректер адресатқа әсер етудің бірден-бір тәсілі емес. Сондықтан автор өзінің коммуникативтік діттемін жүзеге асыру үшін адресаттың сезімдік (эмоциялық) санасына әсер ету жағын көздейді. Ол үшін автор:

1) тілдік бірліктердің парадигмалық межедегі бағалауыштық мәнге ие түрлерін талғап, таңдай бастайды: уәдеде тұрмады, жұмыс алға баспай жатыр, жұртты алдаусырату, былық, кадр саясатын қожыратты т.б.;

2) автор стильдік эффект тудыру үшін синтагмалық межедегі тілдік (яғни тілдік парадигмада жоқ, автордың өзіндік сөз қолданысына тән) бірліктерді ұйымдастыра бастайды: сергелдеңде жүрген халықтың жүйкесіне ши жүгіртті; әкім екі жыл, тоғыз ай қызметінде бізді небір тәтті арманға батырды т.б.;

3) сөздің әсер, ықпал жағын күшейту үшін прецедентті мәтіндерді, феномендерді пайдалану жағын да қарастырады: Әкім болғаннан гөрі тазша бала рөлін сомдаған үйлесетін тәрізді. Мұндағы тазша бала адресатқа күллі оқырмандарға белгілі прецедентті феномен;

4) автор адресатпен байланысты күшейту үшін күнделікті өмірдегідей әсер тудыру үшін сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі элементтерін де пайдалану жағын қарастырады: әкесінен қалған мұрадай, мәз қылып қойды, бәлду-бәлду бәрі өтірік, әкімнің пысқырмайтын болғаны-ау шамасы т.б.;

5) кітаби мәндегі сөздерді, кәсіби сөздер мен салалық терминдерді талғап, таңдайды: зауыттың қызығын көру бақыты бұйырмады.

Міне, бұл талдаудан біз БАҚ-тың коммуникативтік стратегиясында, әсіресе оппозициялық басылымдар мен теле, радио арналарда, адресатты басты тұлға етіп алғанын байқаймыз. Жаңа пайда болған білімді атау үшін тұрмыста танылған ұғымды білдіретін сөз ғылыми дискурста ғылымда танылған ұғымды білдіретін арнайы қызмет атқарады. Сөйтіп, қазақ тілінің негізінде ғылым тілі қалыптасып, жұмыс істей бастады, ал тілдік бірліктердің (лексика, фразеология, сөзжасамдық бірліктердің) ғылыми дискурста мамандануы ғылыми стильдің пайда болуында негізгі факторлардың бірі болды.

Наши рекомендации