Тақырыбы:Бейіндік оқытуды ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Мақсаты: Қазақстанның білім және ғылым Министрілігінің бейіндік оқыту жөніндегі нормативтік құжаттарына талдау, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының негіздемесін талқылау.
Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Қазақстанның білім және ғылым Министрілігінің бейіндік оқыту жөніндегі нормативтік құжаттарын, бейін ұғымын толық білуі керек.
Жоспары:
1. Қазақстанның білім және ғылым Министрілігінің бейіндік оқыту жөніндегі нормативтік құжаттары. Бейін ұғымы.
2. Бейіндік оқыту мектептеріндегі оқу пәндерінің үлгілері: негізгі пәндер, бейіндік пәндер, элективтік курстар.
3. 12 жылдық білім беруге және бейіндік оқытуға ауысу.
Қазақстанда бейіндік мектептер қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы:
1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-IV Заңы;
2) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;
3) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-ІІ Заңы;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№1684 Қаулысымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
8) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 14.12.). Қазақстанның инновациялық мектептерінде бейіндік саралап оқытудың даму кезеңдері
Кезеңдері
Уақыты
Сипаты
1990 – 1993 жж.
Инновациялық мектептердің қалыптасуы. Бейіндік (бағыттары) оқутудың негізі қаланды. Саралап оқытудың құқықтық алғы шарттары құрылды. Шетел тәжірибесін қолданылу.
1994 – 2002 жж.
Бейіндіктің мазмұны анықталды. Қосымша білім беру бағдарламалары бейімделді. Саралап оқытуда жүзеге асыруда инновациялық мектептердің қосымша нормативті-құқықтық ерекшеліктері. Базистік оқу жоспары негізінде саралап бейінді оқытуды кеңейту, оқу жоспарын ның вариативтік бөлімін ұлғайту.
2002 – 2005 жж.
МЖБС негізінде бейіндік оқытуды енгізу.
Вариативтік білім беру бағдарламасын құру.
Жаңа оқу мекемесінің моделінің мен саралап бейінді оқыту негізінде оқушылардың болуы.
2012 г
Қазақстан Республикасының 23 тамыз 2012 ж. №1080 қаулысында мемлекеттік жалпы міндетті орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) стандартында бейіндік оқытудың идеясын жүзеге асыру жалғасын тапты.
Бейіндік оқытуды енгізу жалпы білім беру ұйымдары әр түрлерінің жиынтығын анықтауды және қолданыстағы жалпы білім беру ұйымдары туралы типтік ережені өзгертуді талап етеді.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйесі бірнеше нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындауды қажет етеді, әсіресе: «Жалпы білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру туралы ережемен қамтамасыз ету».
12 жылдық мектеп жағдайында концептуальдық және нормативтік негізін дамыту және бейіндік оқытудың механизмін жүзеге асыру:
Азақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.
Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
1) 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
2) 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
3) осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.