Тақырып №11: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
Тапсырмалар:
1. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз.
2. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысын ашыңыз.
3. «Педагогика ғылымдарының қазіргі қоғамның даму жағдайындағы міндеттері» тақырыбына баяндама дайындаңыз.
4. Педагогиканың төмендегі ғылымдармен байланыс формаларын көрсететін құрылымдық-логикалық схема құрыңыз:
· философия;
· психология;
· биология;
· антропология;
· медицина;
· экономика;
· социология;
· политология;
5. Төмендегі кестені толтырыңыз:
Педагогиканың функциялары
Атауы | Мәні | |
Теориялық функциясы (сипаттау, диагностикалық, прогностикалық деңгейлері) | ||
Технологиялық функциясы (жобалау, өзгерту, рефлексивтік деңгейлер) | ||
Болжаушылық функциясы |
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [9-17, 25, 39, 49, 51, 52, 61, 64 ].
Тақырып №12: Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әртүрлі жастағы топтарды көрінуі
Тапсырмалар:
1. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.
2. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Осы типтердің сипаттамасын беру арқылы кестені толтырыңыз.
3. Әр жас оқушысына мінездеме беріңіз:
а) Бастауыш сынып оқушысы
ә) Орта буын оқушысы және оның дамуы
б) Жоғары сынып оқушысы
4. Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық туралы баяндама дайындау.
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44, 51-60].
Тақырып №13: Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты
Тапсырмалар:
1. «Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі» шағын шығарма жазыңыз.
2. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі жайлы конспект жазыңыз.
3. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің әдістерін сипаттаңыз.
4. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау.
5. Мұғалімнің инновациялық, зерттеушілік іс-әрекетінің мәнін ашыңыз.
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].
Тақырып №14: Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Тапсырмалар:
1. Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастырыңыз.
2. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарасыныңызды дәлелдеңіз.
3. ТПҮ-тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру.
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44, 55-60].
Тақырып №15: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тапсырмалар:
1. Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие мақсаты қалай берілгенін жазып, талдап көрсетіңіз.
2. Сипаттама беріңіз:
Негізгі ұғымдар:
Тәрбие | |
Мақсат | |
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру | |
Жеке тұлғаның даралануы | |
Тәрбие әсері |
3.Тәрбие мақсатын анықтауға әсер ететін факторларды ашып көрсетіңіз.
4. Қазақстан Республикасы білім ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасымен танысып, мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.
5. Жалпы білім беретін мектептің тәрбие мазмұнының тәрбие мақсаты мен міндеттері арасындағы диалектикалық байланысты нақты мысалмен дәлелдеңіз.
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 25-36, 42-44].
Тақырып №16: Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
Тапсырмалар:
1. Дүниетанымның әлеуметтік-аксиологиялық қызмет сипаттаңыз.
2. Оқушы дүниетанымын қалыптастыруға өзіндік сызба-нұсқасын құру.
3. Педагогикалық әдебиеттерді пайдалана отырып келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: көзқарастар, принциптер, сенімдер, идеалдар.
4.Кестені толтырыңыз:
Ортақтығы | Ерекшеліктер | |
Дүниетаным | ||
Дүниені қабылдау | ||
Дүниені сезіну | ||
Дүниені көру | ||
Менталитет | ||
Дүние картасы | ||
Құндылық бағыттылықтар жүйесі |
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].
Тақырып №17: Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Тапсырмалар:
1. Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін негіздеңіз.
2. Тәрбие - біртұтас құбылыс екенін сипаттаңыз.
3. Тәрбиенің көпжақты процесс екеніне дәлелді мысалдар келтіріңіз.
4. 2009 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының „Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын“ оқыңыз, талдау жасаңыз, жүзеге асырудың жобасын құрыңыз.
5. Тәрбие үрдісінің мәнін ашыңыз, тәрбиенің заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].