Taқыpыбы: ТУҒАН ЖЕРІМДІ СҮЙЕМІН
Мақсаты:«Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» кұндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. Міндеттері:
- Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
- туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Туған жер- алтын бесік. Мақал
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Тәрбиеші Е.Ерботиннің «Туған жер» өлеңінің бір шумағын балалармен бірге қайталайды. Туған жер Е.Ерботин Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін Көк майсасын төседі. | |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Өзіммен-өзім Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғаттың дыбыстарын тыңдайды және көз алдарына елестетеді. - Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдер хош иісін аңқытып, биік, биік ағаштар мейірімді анадай көлеңкесін тосып түр. Туған жердің әрбір шөбі, әр гүлі, әр ағашы, салқын самалы, қасиетті топырағы көзіңе оттай ыстық. Оның қызыл-жасыл көбелегі, құстарының құйқылжыта салған үні, жан-жануардың дыбысы құлағыңа жағымды естіледі. Жақын маңнан тау бұлағынан бастау алған өзеннің сарқыраған дауысы естіледі„ Туған жердің таза ауасымен дем алып, көңілдерің көтеріліп, жаңдарың жайланып қалды. Енді, туған жерімізге қандай жақсылық жасай алатынымызды ойлап, көз алдымызға елестетіп көрейік. Ал енді көзімізді ашып, өз ойларымызбен бөлісейік. Балалар алған әсерлерін, ойлаған ойларын ортаға салады. Әңгімелесу • Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. Әңгімелеу Тәрбиеші балаларға Р.Әбілқадырованың «Туған жер туы» әңгімесінен үзінді оқып береді, әңгіме желісі бойынша сұрақтар қояды. Туған жер туы (Үзінді) Р. Әбілқадырова Біз ауылда тұрамыз. Атам, әжем, мамам, папам, кіш-кентай інім - Ербол және мен - Асылзат - бәріміз бір отбасынанбыз. Биыл наурыз айының соңғы күндері көп тал көшеттері әкелініп, бүкіл ауыл адамдары бірде-бірі сырт қалмай жексенбілік жасады. Сол күні атам, мамам, папам, Ербол ертелетіп қалаға базарлап кетіп, үйде әжем екеуіміз ғана қалғанбыз. Әжем дәу орамалмен белін буынып алып, қолына күрек ұстап, аулаға шықты. Көп кісілердің: «Әже, қайтесіз, сіздің көшетіңізді өзіміз-ақ отырғызамыз ғой», дегендеріне: «Қарақтарым, туған жерге туың тік» деген және тағы «Еңбек түбі - береке, көптің түбі - мереке» деген де бар. Мерекеден немерем екеуміз қалай қалыс қалмақпыз,- деп көнбеді. Әжем көшетке арналған шұқанақты тереңірек қазды. «Саяз қазып, талымыз желге ұшып кетіп масқара болармыз»,-деп қояды. Әжем қазған шұқанақ тіпті өзгелердікінен тереңірек көрінді маған. Жан-жаққа тамыры жайылған жіңішке тал көшетін шұқанаққа түсіріп: - Асылзат, ұста, түзу ұста,- деді. Мен талды титтей де қисайтпай ұстауға тырысып-ақ тұрмын. Сөйтіп, біздің де көшетіміз егілді. • Әжесі мен Асылзат туған жерге сүйіспеншіліктерін қалай білдірді? • Өздерің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды: - Дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жерді, ауылды, қаланы көркейтуіміз, оған қамқорлық жасауға өз үлесімізді қосуымыз туған жерге деген сүйіспеншілігімізді білдіреді. | Дәйексөз Тәрбиеші балаларға «Туған жер - алтпын бесік» деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түстдіреді. - Әркімге өзінің туып-өскен жері, оның сылдырап аққан суы, биік таулары, ағаштары, хош иісті гүлдері де ыстық. Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін, мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді. Ақын-жазушыларымыз туған жердің сүлу табиғатын, байлығын жырласа, суретшілеріміз суретін салады. Дәптермен жұмыс - Туған жерлеріңнің суретін салыңдар. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сбқаііталап айтады. - Туған жерімді сүйемін. - Туған жерге камкөрмын. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | - Дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жер бұл біздің туып өскен жеріміз. Біз бүгін Туған жер туралы әңгімелестік. Отанды, туған жерді кадірлеу керектігін түсіндік. Жүректен жүрекке. Балалар үнтаспаға қосылып, Е.Өтетілеуұлының «Жас дәуірдің түлегіміз» өлеңін айтады. | Жас дәуірдін түлегіміз Сөзін жазған Е. Өтетілеуұлы, Әнін жазған И. Нүсіпбаев Бау-бақша белдер, Орман-тау көлдер – Көрікті шексіз даламыз. Дәулеті таскан, Сәулеті аскан Көңілді ауыл, қаламыз. Қайырмасы Жадырап күндей, Жайнаған гүлдей -Бақытты біздер баламыз! Өзіміз туған, Көбелек куған Өлкеде өсіп, толамыз. Жалықпай оқып, Көңілге тоқып Білімді адам боламыз. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:«Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» кұндылықтарын
Tүciнiгi:туған жерге деген сүйіспеншілікті.
Kөpceтe бiлyi: Туған жерін қадірлейді.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.